№17 (8470) 28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл Газет 1939 жылдың 19 наурызынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.03.2017
өлшемі1,2 Mb.
#10844
1   2   3   4

Бас редактор

Нұрболат ПІРІМБЕТ

ÀÉÍÀ


4

Osken_onir@mail.ru

№17 (8470) 28 ақпан, сейсенбі, 2017 жыл

ÀÓÄÀÍÄÛҚ ÒÅÀÒÐÄÛҢ ÆҰÌÛÑÛ ÆÀÍÄÀÍÑÀ...

ӨҢІÐÄІҢ ӨÐÊÅÍÄÅÏ, ÄÀÌÓÛÍÀ

 

áàð êүøіìäі ñàëûï қûçìåò åòåìіí



С а й ы с т ы   І   а й м а қ 

жетекшісі  Ш.Төлегенова 

ашып,  қатысушыларға 

сәттілік  тіледі.  Бидайкөл 

ауылдық мәдениет үйінде 

өткізілген сайысты «Жан-

сая»  балабақшасының 

қызметкерлері «Күлбикеш» 

ертегісімен ашты. Ертегі-

лер қойылымы бір-бірінен 

асып тұрғандықтан қазы-

л а р   а л қ а с ы н а   ш е ш і м 

шығару  оңайға  соқпады. 

Нәтижесінде бас жүлдені  

«Айсұлу-Ұ» балабақшасы 

иеленсе, І орынды «Абы-

л а й »   б а л а б а қ ш а с ы 

алды. ІІ орынды «Сәлем» 

балабақшасы  мен  №9 

«Жансая»  балабақшасы 

иеленді. ІІІ орын «Бегай-

на»,  «Ай-Ару»,  «Бала-

пан»  балабақшаларына 

бұйырды. Қалған «Айми-

ра», «Үш батыр», «Бота-

қан», «Ақтоты», «Ақбөпе», 

« Н ұ р т і ле к » ,   « С а м а т » 

бала бақ шалары белсенді 

қатысқандары үшін алғыс 

хаттармен марапатталды. 



Б.БӘЙІМБЕТ

ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫММЕН 

АСТАССЫН

Жуырда, ауданымыздағы І аймаққа қарасты 14 

балабақша  арасында №9 «Жансая» балабақшасының 

ұйымдастыруымен «Ертегі айта білемін» атты сайыс 

өткізілді. 

Біздің ауданда да «Халықтық театрдың» 

жұмыс  жасап  келе  жатқанына  біршама 

уақыт болды. Белгіленген норматив бой-

ынша бұл ұжым жылына бір рет қойылым 

дайындап,  оны  аудан  сахналарында, 

түрлі деңгейлердегі байқауларда орын-

дайды. «Биыл да 27 наурыз – театр күніне 

орай  Қ.Бекпейісовтың  «Діннен  шыққан 

дүрбелең» спектаклін қоймақшымыз. Қазір 

қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр», 

– дейді мәдениет үйі директорының орын-

басары Айжан Әлішер. 

Негізінде, аудандық «мәдениет және 

тілдерді дамыту»  бөлімінің ережесінде 

«Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық 

орталығы»  мемлекеттік  коммуналдық 

қазыналық кәсіпорны» деп көрсетілген. Яғни, 

пайда табу мақсатында жұмыс жасауға 

толық құқылы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, 

аудандық мәдениет үйінде жұртшылыққа 

рухани тәрбие беретін спектакльдер ақылы 

қойылып тұрса, қандай жақсы. Бұл тура-

лы  мәдениет үйі директорының орынба-

сарынан сұрағанымызда: «Бізде «актер» 

деген арнайы кадр жоқ. Сондықтан, жиі 

қойылым қою үшін қиындықтар туындай-

ды», – деп жауап берді. Сөз арасында бір 

спектакльді жарыққа шығаруға 2 ай уақыт 

дайындық жүргізілетінін де айтты. Енді 

қараңыз, нормативте көрсетілген жылы-

на бір рет қойылуы тиіс қойылымды 2 айда 

дайындап шығарады дейік. Ал, қалған 10 

ай ішінде 5 қойылым әзірлеп, мемлекет-

ке де, өздеріне де қаржы түсіруге болады 

ғой. Өйткені, ондағы кез келген маманның 

әртістік қабілеті жоқ дегенге сену қиын. 

Бойында өнері жоқ қызметкер мәдениет 

бөлімінің есігін қақпайтын болар. «Ел ішінде 

өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді 

дана халқымыз. Оның үстіне қазір ауданда 

тозығы жеткен мәдени ошақ жоқтың қасы. 

Кейбірінің  ғимараты  жаңадан  соғылып, 

біршамасына күрделі жөндеу жұмыстары 

жасалды. Оған қаншама миллиондаған 

қаржы  кеткенін  ел  біледі.  Музыкалық 

аспаптар мәселесі де оң шешішімін табу-

да. Қарап отырсақ, мемлекет мәдениет 

саласынан қаржыны аяп қалып жатқан 

жоқ. Неге сол қаржының аз ғана мөлшерін 

болса  да  ақтамасқа?  Осыдан  бірнеше 

жыл  бұрын  ауылдық  клуб  үйлерінің  өзі 

мектеп  оқушыларын,  ауыл  жастарын 

ұйымдастырып ұдайы түрлі шараларды 

өткізіп тұратын. Қазір бұл нәрсе мүлде жа-

салмайды деуден аулақпыз. Алайда, баяу-

лап бара жатқандай көрінеді бізге. 

Сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, 

театр мәдениетінің орны бір төбе. Бүгінде 

халықтың өнерге, театрға сусап жүргенін 

жиі байқаймыз. «Театр – өмірлік сұрақтарға 

шешім табатын жоғары интенция» деген екен 

орыс философы Александр Герцен. Мұндағы 

«интенция» деп отырғанымыз зат бейнесінің 

ойда сақталуын сипаттайтын ұғым. Рас-

ау, кейде адам қоғамда тапшы мейірім 

мен махаббаттың керемет үлгісін көріп,                                                                                                                           

рухани  азық  алып  қайтатын  орынды 

қалайды. Сол себепті де, халық театрға 

қойылым көру үшін ғана емес, өзін-өзі іздеп 

барады. 

Сан түрлі өнердің ішінен тек театрды 

қозғап отырған себебіміз, театр – адамның 

рухани серігі, тұлғаның өзін сахнадан көріп, 

түсінетін орны осы ошақ. Сәкен Сейфул-

лин қазақ театрын ашқан кезде: «Театрға 

құлағы естімейтін адам келсе, ол сахна-

да болып жатқан іс-әрекетті көзімен көріп, 

түсініп, содан ләззат алуы керек. Ал, егер 

көзі көрмейтін зағип кісі келсе, ол тыңдап 

ләззат алуы керек» – деген екен. Біздің 

«Халық театры да» өз көрерменіне руха-

ни мол дүние бере алатынына сенімдіміз. 

Қазір ауданда дәстүрлі түрде өтетін жай-

дарман ойындарының да өз көрермендері 

қалыптасқан. Әр ойын сайын зал лық толы 

болады.  Ал,  театрдың  халыққа  берері 

жайдарманнан  әлдеқайда  салмақты. 

Сондықтан, көрермен залын толтыру мәселе 

тудырмайтын секілді. Ебін тауып, жасаймын 

деген жанға қай істің болмасын жолы табы-

лады. Театрға жас та кәрі де қызығып бара-

ры сөзсіз. Біз бұл мақала арқылы мәдениет 

бөлімінің жұмысын жоққа шығарып, сынау-

дан аулақпыз. Айтпағымыз, аудан сахна-

сында жиі қойылым қойылып тұрса, аудан 

мәдениетінің әлеуеті мен халықтың өнерге 

деген құрметі артар еді. 



– Жандос Айтқазыұлы, №6 кен басқармасына 

басшы болып келгеніңізге көп уақыт болған жоқ. 

Аудан  тұрғындары  өзіңіз  жайлы  әлі  толық  біле 

бермейді. Осы орайда өзіңізді халыққа танысты-

рып өтсеңіз? 

– Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 

университетін инженер-металлург мамандығы бойын-

ша 2006 жылы бітіріп шықтым. Сол жылдары елімізде 

«Қазатомпром» уран өндіру өнеркәсібі қарқынды да-

мып, жер-жерлерде бірнеше өндіріс орындары ашылып, 

жұмыс ауқымы күшейу бастаған болатын. Жоғарғы оқу 

орнын бітіргеннен кейін «Қазатомпром» компаниясы мен 

Францияның «Арева» мекемесінің бірігіп жұмыс жасай-

тын «КАТКО» бірлескен кәсіпорнына шебер көмекшісі 

болып жұмысқа қабылданып, аталған кәсіпорында он 

жыл төңірегінде түрлі сала бойынша қызмет атқардым. 

Атап айтатын болсам, инженер-технолог, бөлім бас-

шысы лауазымында жұмыс жасадым. Соңғы жылда-

ры өнеркәсіп басшылығына тағайындалып, ол жердегі 

ірі үш учаскені басқардым. Өзімнің біліктілігім мен 

қабілетімді танытып, жақсы нәтижелер көрсеткеннен 

кейін осы уран саласында «Қазатомпром» компани-

ясына тиесілі «АППАҚ» деген бірлескен кәсіпорында 

басшысы болып қызмет еттім. №6 кен басқармасының 

бұрынғы директоры зейнетке шығуына орай, басшылық 

құрам трансформация жүйесі арқылы конкурстық тал-

дау жасады. Онда конкурсқа қатысушылардың білім 

деңгейін қарап, басқару қабілетіне зер салып, тестілеу 

жұмыстарын өткізіп, сараптама жасайды. Одан бөлек 

біздің салада мемлекеттік тілді, сонымен қатар, шет 

тілдерін білуіңіз шарт. Ол жөнінен де де тесттен сүрінбей 

тапсырып шықтым. Осындай сынақтардан өтіп барып, 

мені «Қазатомпром» акционерлік қоғамының төрағасы 

Асқар Жұмағалиев №6 кен басқармасын басқаруды 

сеніп тапсырды. Сол сенімнің үдесінен шығу мақсатында 

жұмыстар атқарып жатырмын. 



– Елбасы биылғы Жолдауында еліміздегі кәсіптік 

білім беру оқу орындарына баса назар ауда рып, ке-

лешекте жастар арасынан сол бағытта жұмыс жа-

сайтын мамандар даярлауды көздеп отыр. Осыған 

сәйкес ауданымыздағы индустриалды-аграрлық 

колледжі жұмыс жасап келеді. Білгіміз келгені сіз 

басқарып отырған мекемеге колледж түлектерінің 

бітірген  мамандықтары  бойынша  жұмысқа  тұру 

мүмкіндіктері бар ма? 

–  Қазір  біз  барлық  ішкі  құжаттармен  танысып, 

өндірістік жоспарларымызды нақтылап, ішкі саясаты-

мыз бен кадрлық саясатты реттеу бағытында  жұмыстар 

жүргізіп жатырмыз. Ал, енді сіздің сұрағыңызға келетін 

болсақ, кадр мәселесіне қатысты конкурстық сарап-

тама жасалып, талдау жүргізіледі. Қандай да бір кол-

ледждер, кәсіптік техникалық оқу орындары болсын 

егер бізге қажетті маман табылып жатса, оларды ар-

найы сыннан өткізу арқылы жұмысқа қабылдай ала-

мыз. Бірақ, өздеріңіз білесіздер алдыңғы жылдармен 

салыстырғанда өңірде уранды өндіру биылдан бастап, 

20 пайызға азайып отыр. Осыған сәйкес, бізге сырттан 

жұмысшы алу емес, өзіміздегі жұмысшы құрамын сақтап 

қалу маңызды болып отыр.

– Уран өндірудің 20 пайызға төмендеуіне не се-

беп?

– Мұның басты себебі, нарықтық экономикада 

уранның бағасын нарық басқарады және уран оған 

тікелей тәуелді. Жалпыға белгілі Жапонияның Фукусима 

атом электр стансаларының жабылуы, оған қоса басқа 

мемлекеттердегі АЭС-тердің қысқаруына байланысты 

әлемде уранның бағасы төмендеп тұр. Бүгінгі уранның 

бағасын 2006-2007 жылдардағы бағамен салыстыруға 

мүлде келмейді. Бұрын уран 100 доллардың үстінде 

сатылған болса, қазіргі көрсеткіш  24 доллардан аспай-

ды. Сол себепті, қазіргі таңда бізге артық көлемде уран 

өндіру тиімсіз. Оның үстіне бұл бізге жоғары басшылық 

белгілеп берген мөлшер болғандықтан сол мөлшерді 

сақтауға тиістіміз.



–  Ел  ішінде  «№6  кен  басқармасына  тек  ақша 

беріп, паралап жұмысқа орналаса аласың» деген 

әңгіме  бар.  Жұмысқа  кіргіземін  деп  адамдардан 

жүз мыңдаған ақшасын алып, аузын айға қаратып 

кеткендер де кездесіп жатыр. Осы орайда, мұндай 

келеңсіздіктерге  қандай  шара  қолданып  жатыр-

сыздар?

– Бұл сұрақ төңірегінде өткен жолы әкім аппа-

ратында мәселе көтерілген болатын. Алаяқтықпен 

айналысатындардың саны артып, белсенді түрде да-

мып келеді деп естідім. Алаяқтықпен күресудің жол-

дарын қарап, оған жол берілмеу турасында әңгімелер 

де айтылды. Жалпы, алаяқтық, пара беріп, пара алуға 

түбегейлі қарсымын. Қарамағымдағы басшылармен 

бұл жөнінде сөйлесіп, ескерту жасалды. Өзіме келсем, 

тиісті жұмысым, функционалдық міндетім, алға қойған 

мақсатым бар. Сол мақсат аясында адал әрі ел игілігі 

үшін жұмыс жасау менің басты міндетім.  Қоғамды 

бүлдіріп, кісінің көз жасына апаратын бұндай жаман 

істің өзім басқарып отырған мекемеде орын алмауын 

барынша қадағалап келемін.

– Жәке, жалпы ел арасында алып-қашпа әңгіме 

көп қой. Соның тағы бірі: «№6 кен басқар ма сын да 

аудан тұрғындарынан бөлек, басым көпшілігі өзге 

облыстың азаматтары жұмыс жасайды» деген өкпе, 

реніш білдіріп жататындар бар. Бұл өзі қаншалықты 

рас әңгіме, шынымен сырттан келетін жұмысшылар 

көп пе?

– Қазіргі таңда бұл мекемеде 413 адам жұмыс 

істейді. Пайызға шағатын болсақ, 100 пайыз Шиелі 

ауданының  тұрғындары  қызмет  етіп  жатыр.  Осы-

ны ескеріп тұрғындар арасында  ондай сұрақ болма-

уы керек деп есептеймін. Ол әңгіме мағанда қатысты 

айтылуы мүмкін. Бірақ, менде ондай сырттан келді, 

іштен шықты деген ұстаным жоқ. Жоғарыда айтып 

өткенімдей мақсатым осы елдің бір мүшесі ретінде елдің 

ынтымағымен бірлігін сақтап, Қазақстанның қай жерінде 

жүрсем де адал жұмыс атқару. Оның үстіне мен дәл 

қазір Шиелі ауданының тұрғынымын. Осында тіркеліп 

те алдым. Ендігі кезекте Шиелінің өркендеп, дамуы жо-

лында бар күшімді салып жұмыс жасайтын боламын. 



–  Техникалық  қауіпсіздік  жайына  тоқталып 

өтсек. Жұмыс барысында  қауіпсіздік қаншалықты 

сақталған?

– Техникалық қауіпсіздікті сақтауды бірінші кезекке 

қойып, оған әрдайым жауапкершілікпен қарап келеміз. 

Шетелдік түрлі компаниялармен жұмыс жасағандықтан 

бұл  салада  тәжірибем  де  жеткілікті.  Ол  жайында 

қызметкерлерге қойылатын тала та жоғары. Соған 

қарамастан, халықтың үрейленіп, қауіптенуі заңдылық 

деп түсінемін. Бірақ, бір нәрсені айта кетейін. Дәл қазір 

қорқудың қажеті жоқ. Өйткені, уранды жер қойнауын 

ұңғу арқылы өндіреміз. Біз өндіретін өнім ашық карьер 

емес екенін де ескерткім келеді. Сондай-ақ, экологиялық 

тұрғыдан нормативтік шектеуден шығып жатқан жоқпыз. 

Үстімізден тексеріп, бақылап отырған құзырлы органдар 

бар. Олардың берген ұсыныстарын дер кезінде орын-

дап, үнемі қауіпсіздіктің алдын алып келеміз.

–  Уран  өндіру  жұмысы  адам  денсаулығына 

әсер  етпей  қоймайтындығы  белгілі.  Осы  рет-

те күн-түн  демей өндіріс басында жұмыс  жасай-

тын  жұмысшыларға  мекеме  тарапынан  қандай 

жағдайлар жасалған?

– №6 кен басқармасының өз ұжымдық келісім шар-

ты бар. Онда жұмысшыларға бірнеше жеңілдіктер мен 

жағдайлар қарастырылған. Мысалыға қызметкердің 

жұмыс көрсеткішіне қарап, оған үстем ақы беріліп 

тұрады. Одан бөлек жыл сайын мекемедегі барлық 

қызметкерлер медициналық тексеруден өтіп отыра-

мыз. Дәрігерлер анықтаған денсаулығында ақауы бар 

қызметкерді біз арнайы еліміздегі санаторияларға 

жіберіп, ем алып, демалдырып тұрамыз. Бұдан басқа 

жаңадан отбасын құрғандарға, баласы дүниеге келсе, 

мерейлі жасқа толып жатса оларға да ақшалай сыйақы 

беру ұжымдық келісім шартта назарға алынған. 

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан  

Елдос ЖҮСІП

Театр – адамның жаны, көңіл-күйі, болашаққа 

деген көзқарасы. Яғни, қоғамды, халықты 

тәрбиелейтін бірден-бір мәдени ошақ – осы те-

атр. Сондықтан да болар, еліміздің түкпір-

түкпірінде көптеген театрлар жұмыс жасайды. 

Бір Алматының өзінде аталған мәдени ошақтың 

20-ға жуығы бар екен.

Гүлхан ЯХИЯЕВА

Жандос САДЫРБАЕВ – №6 кен басқармасының директоры:

(Басы 1-бетте)

Сондай  жанның  бірі  аудан  тұрғыны  Л.  есімді  азаматша 

бөтеннің мүлкін алдап, сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыру 

мақсатында жәбірленуші Р.Ж-ға үш күннің ішінде банктен 1800 000 

теңгені несиеге алып беретіндігін, сол несиені алу үшін жұмыстарына 

қаржы қажет деп «Каспий банк» АҚ-ның бөлімшесінен 210 000 теңге 

ақшаны несиеге алдыртып, аталған ақшаны алаяқтықпен алып кет-

кен. Арада үш күн өткен соң сотталушы азаматша жәбірленушіге не-

сие алу құжаттарын дайындап жатқандығын айтып тағы алдап, яғни, 

депозитке салып қою үшін деп 15 000 теңге ақшаны алаяқтықпен 

алған. Сонымен, сотталушы Л.Ж осы қылмыстық іс-әрекеттері 

салдарынан жәбірленушіге жалпы сомасы 225 000 теңге залал 

келтірілген. Бөтеннің мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен, ал-

дау арқылы жымқырған Л.Ж Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 

190-бабының 1-бөлігінде көзделген алаяқтық қылмыс жасаған. 

Соттың үкімімен сотталушы Л.Ж-ға Қазақстан Республикасының 

ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 

1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 

Осындай жаға ұстатар жаман дық тарды естіп, қазiргi қоғамда 

жанашырлық пен қамқорлық, сенiмнің жоғалып бара жатқанын 

айтуға тура келеді. Бұл – қазақ әйелi деген атқа дақ түсiретiн бiр 

ғана оқиғаның мәнiсi. Сонда ғасырлар қойнауынан аман жет-

кен қазақ әйелдерiне тән дәстүрлi құндылықтардың заманына 

қарай құнсыздана түскенi ме? Бiздiңше, мұның бiр ғана жолы – 

отбасылық құндылықтарға қайта оралу. Оны қадiрлеп, дәстүрдi 

сабақтастыратын алтын көпiр болу – ұрпағының келешегiн ой-

лайтын әрбiр қазақ әйелiнiң мiндетi болуы керек. Осы алаяқтық 

қылмыспен айналысатын әйелдердің үйіндегі ерлері туралы сөз 

қозғасақ. Қасындағы әйелінің немен айналысып, қандай әрекет жа-

сап жүргенінен бейхабар ма сонда олар?

Күйеуіне бағынған әйелдің отбасында қашан да береке-бірлік, 

тыныштық болып, жұбайлардың арасындағы сезім мен сенім, 

сыйластықтың арта түсері хақ. Ал, еріне құлша қарап, алақанында 

ұстағысы келсе, алтын басты ер адамын қорлағанмен тең болар 

еді. Әйел адамның ерінен бір саты төмен тұру керегінің мәні осын-

да. «Би түскендей үй болу әйелден» – демекші, әйелі жақсы бол-

май ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де әйел, ерге бақыт 

әперетін де әйел. 

Жоғарыдағы азаматшаны мысалға алғандағы мақсатымыз – 

бiреудiң ала жiбiн аттап, оңай олжаны мұрат тұтудан аулақ болуға 

шақыру.  

ÆÀҒÀ ҰÑÒÀÒÀР



ЖАТ ҚЫЛЫҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет