Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады.
Сыртқы құлаққа– эластикалық шеміршектен тұратын құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Сыртқы дыбыс жолының ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай сүйегінің пирамида бөлігінде орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген тер бездерінен сарғыш түсті құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады.
Ортаңғы құлақ – дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, төс, үзеңгі) және есту түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік (кіреберіс және ұлулы дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы үш сүйек (төс, балғашық, үзеңгі) бір-бірімен буын арқылы байланысқан және олар дабыл жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы дыбыс түтігінің ұзындығы 3,5 см және ол жұтқыншақпен байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ қуысында үнемі атмосфералық ауа болады.
Ішкі құлақтың немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі болып келеді. Оның ішкі жағында орналасқан жарғақты түтікшелердің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады, оны кейде жарғақты шытырман деп те атайды. Оның сыртын сүйекті шытырман қоршап тұрады. Жарғақты шытырман мен сүйекті шытырманның арасын перилимфа сұйықтығы толтырып жатады.
Есту гигиенасы.Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізушісі мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. 90 децибел шамасындағы қатты айқай есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, асқорыту, қантамырлар жүйелерінің қызметін бұзады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер п.б.: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, зат алмасуы әлсірейді.
Есту кемшіліктерінің адын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жағын қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы партаға отырғызған жөн. мектеп үйінің шулы бөлмелерін (спорт залы, шеберханалар) негізгі оқу бөлмелерінен бөлек алыс орналастырылады. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.
6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді.
Қатты дауысты музыканы тыңдау мөлшері 7-10 жаста 30 мин, 11-16 жаста 1-1,5 сағ, 17-20 жаста 1,5-2 сағ.