Жиынтықты өлшеу - бұл шамалардың іздепіп отырған мәндері теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын, бірнеше аттас шамаларды бір уақытта өлшеу. Жиынтық өлшеулерге бірнеше біртекті шамаларды өлшеуді жатқызуға болды. Мысалы, ұзындықтарды өлшеу, L1, L2,L3,және т.б. Мундай өлшеулер бірнеше геометриялық өлшемдерді қатарынан бір уақытта өлшеуге арналған арнайы құрылғыларда орындалады.
Бірлескен өлшеу - арасындағы тәуелділікгі анықтау үшін екі немесе бірнеше аттас емес шамаларды бір уақытта өлшеу. Бұл өлшеу екі немесе одан да көп шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті анықтауға арналған өлшеулер. Бірлескен өлшеулер, әдетте, өзара тәуелділігін анықтауды қажет етпейтін бірнеше әртекті X,Y,Z (және т.б.) шамаларды өлшеу болып табылады. Мысалы, электроқозғалтқыштың электрлі, күш және термодинамикалық өлшемдерінің кешенді өлшемдерін, көлік құралының жағдайы және қозғалыс өлшемдерінің (қозғалыс, жанармай қоры, қозғалтқыш температурасы, т.с.с) өлшемдерін жатқызуға болады.