3.MgCl2, NaHC03, NaCl, Na2S04, MgS04 тұздардың топырақтағы әсерін сипаттаңыз.
19-БИЛЕТ
Топырақтың екінші реттік тұздануы.
Суармалы егістердің дүние жүзіндегі ауданы шамамен 250 млн га жуық. Ирригациялық зоналармен қатар суармалы топырақтар екінші реттік сортаңдануға ұшырайды. Оның мәні танаптағы топырақ суды сіңіріп, содаң соң булану мен өсімдіктерге транспирацияға қажетті судан артық су келіп түседі. Бұл су біртіндеп жер астылық грунт суларына дейін жетіп, оның деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Мөлшерсіз, ретсіз суару кезінде қысқа уақыт аралығында (бірнеше жыл) жақындап, интенсивті түрде булана бастайды. Суда еріген тұздар топырақ бетіне жиналады. Мұндай тұздану екінші реттік деп аталады. Суғарудың жоғары деңгейінде және каналдардағы судың топыраққа сіңіп кетуі арқылы грунт суларының мөлшері көбейеді. Суғару каналдарынан судың фильтрациялануынан және дұрыс суармаудан топырақта тұздардың мөлшерінің көбеюі екінші реттік тұздану деп аталады. Ал бірінші реттік тұздану ретінде адамның әсерінсіз пайда болатын табиғи тұздану процесін атайды. Екінші реттік тұздану тек құрғақ аудандарға тән. Солтүстік аудандарда шектен тыс суару топырақтың батпақтануына әкеліп соқтырады.
Тұзға төзімді ауылшаруашылық дақылдарының дәрежесі бойынша жіктемесін жасаңыз.
Қол жетімді ылғалды пайдалану дәрежесі бойынша барлық негізгі ауылшаруашылық дақылдарын төрт топқа жіктеңіз.
Әрбір дақыл, тіпті бір ауылшаруашылық тобының ішінде де биологиялық сипаттамаларға ие, сондықтан қолда бар ылғалды пайдалану дәрежесі бойынша барлық дақылдар төрт топқа бөлінеді: Бірінші топқа жатады – пияз, бұрыш, картоп; екіншісіне – банан, жүзім, қырыққабат, бұршақ, қызанақ; үшіншіге – жоңышқа, бұршақ, жержаңғақ, бидай, қарбыз, күнбағыс, ананас, цитрус жемістері; төртіншіге – мақта, жүгері, құмай, соя, қант қызылшасы, темекі. Топқа байланысты белгілі бір булану кезінде топырақтың ылғалдылығын пайдаланудың арнайы коэффициенті енгізілді.