«Мұзтау» повесі жəне оның аудармасы хақында
Мақалада О.Бөкейдің «Мұзтау» повесі жанрлық-стилистикалық тұрғыдан талданып, авторлық
экспрессияның берілу тəсілдері, оның аудармадағы көрінісі салыстырыла қарастырлып, повестің
түпнұсқаға эстетикалық жағынан сəйкестігі пайымдалды. А.Кимнің осы шығарманы тəржімалауда
қолданған əдіс-тəсілдерін көрсете отырып, аудармашы жіберген ауытқушылықтарға да назар
аударылды.
Кілт сөздер: аударма, шығарма, О.Бөкей, туынды, қазақ тіліне аудару, түпнұсқа мəтін, аударма мəтін,
еркін аударма.
Бүгінгі қазақ əдебиетінде тіл өрнегін жеке алып талдауға болатын қаламгерлер баршылық. Қазақ
көркем сөз өнерінде шығарма жанры мен тақырыбына, баяндау стиліне сай тіл өрнегін сəтті тапқан
жазушыларымыздың бірі О.Бөкей еді. Ол — əдебиетке өзіндік соқпағымен, өрнек айшығымен келіп
қалың оқырманды бірден баурап алған суреткер.
Ойымызды дəлелдеу үшін жазушы туындыларына зер салайық. Əңгіме жазушының «Мұзтау»
повесіндегі авторлық экспрессияның берілу тəсілдері жəне оның аудармадағы көрінісі жайында
болмақ.
«Мұзтау» повесі 1974 жылы жарияланады. Шығарманың орыс тіліндегі аудармасын жасаған
белгілі тəржімашы — А.Ким. Повесть кезінде əдеби сыншыл ортада көп талас тудырды. Бұл жөнінде
қаламгердің замандас-досы Д.Əшімханов: «Ол (повесте) хақында əркім өз өресінің биігінде ой
толғайды. Бұл заңды да. Басты себеп — шығарма табиғатының күнделікті əдеби дəстүр тұрғысынан
қарағанда көзге алабөтен көрінуі» болса керек. Шығарманың алабөтендігі оның романтикалық
қасиетінде жатыр. Жазушының өз туындысын «Соңғы ертек» деп атағаны сөзімізге дəлел
болғандай», — деп жазады [1].
Повестегі басты кейіпкер — Ақтан. Ол жалғыз шешесімен ауылы Аршалыдан көшпей, тағы
табиғатты мекен етеді. Жұрт көзіне «аң» көрініп, ел жатсынған Ақтан шын мəнінде жүрегі таза, жаны
табиғатпен туыс, арманшыл, ойшыл адам. Өзінің тірлік ортасына қарай оның мінезі де ешкімге
ұнамайды. Жазушы елден саяқ жүрген Ақтанды қоршаудан қашып шыққан бұғымен жұптастыра
суреттеген. Ақтанды ауыл түсінбегенімен, ол табиғатпен үнсіз ұғысады. Повесте Ақтанның көңіл-
күйі, мінезі табиғатпен сабақтастықта бейнеленген. Табиғат түнерсе, Ақтанның да қабағы қату, ал
далада күннің көзі жарқыраса, Ақтанның да «көңілі қунақ».
Кейде табиғат адамша əрекет етеді. Мысалы: Ақбұлаққа аздап желік пайда болыпты. Ұдайы үш
күн жауған нөсердің шапағаты тисе керек, езуі көпіршіп тұлан тұта есіріп жатыр, кеше ғана орта
беліне дейін судан шығып дөңкиген дүбілез қара тас жоқ, тек үстінен ақжал толқындар ғана ар-ұр
секіріп, билей өтеді. Ашамайланып кеткен терең шатты азан-қазан күн жайлаған. Телі тентек
өзеннің долы сарыны тыңдап сілтідей тынып мең-зең тұр. Өзінен басқа бұрсанып шам шақырар
тіршілік иесі жоқтығын сезген өзен бұлдана бұрсанып шаптығады [2].
Мұндағы кейіптеулер ауыспалы мағынаның пайда болуын көрсетіп, көркем шығарманың
эстетикалық қызметін дамыта түскен. Ал осындағы өзен мен тау-тастың бейнесін, экспрессивтілікті
күшейтудегі эпитеттердің рөлі ерекше.
Осы үзіндінің аудармасы былай берілген: Вот и река, она морщится рябью — вода прибыла за
три дня дождя. Кое-где у каменистых берегов река бурлит и пенится, приплясывают ходкие волны;
исчез черный камень, вчера еще торчавший над водою, на месте его вспучивается бугорок упругой
струи. На изгибе река закручивала бешеные воронки, жадно облизывала камни и, перехлестывая
через них, мощно ревела, разлившись намного шире русла.
Остановив коня, Человек-Олень смотрит на бегущую воду, вслушивается в ее грозное ворчание.
Река, словно зная, что, кроме нее, нет ничего живого вокруг, шумит все сильнее: ей кажется,
должно быть, что вот умолкни она, — замрет жизнь в этом пустынном краю [3; 101].
Е.С.Адаева
140
Вестник Карагандинского университета
Түпнұсқа мен аударманы салыстыра отырып, олардың арасындағы мағыналық жақындықты,
аудармашының қазақ сөзінің образдылығын сақтауға тырысқандығын көреміз. Аудармашының
баяндау мəнерінде ешқандай жасандылық жоқ. Бұдан аудармашының шығармадағы суреттеулердің
тəржімалануына ерекше мəн бергенін байқаймыз. Жалпы А.Ким О.Бөкеевтің бұл шығармасындағы
табиғат көрінісін сипаттайтын тұстарды шебер тəржімалайды. Алайда аудармада кейбір
сөйлемдердің түсіп қалып, кейбіреулерінің қосылғанын байқауға болады. Мəселен, Остановив коня,
Человек-Олень смотрит на бегущую воду, вслушивается в ее грозное ворчание», «ей кажется,
должно быть, что вот умолкни она, — замрет жизнь в этом пустынном краю деген сөйлемдер
аудармашы тарапынан қосылғандар. Сондай-ақ бұл үзіндіде эпитеттердің атқарып тұрған қызметі
ерекше. Бейнелеуіш эпитеттер сөздегі бейнені жеткізуде, сөздегі эмоцияны неғұрлым дəл суреттеуде
ұтымды қолданылған. Ал осындағы дөңкиген дүбілез қара тас, телі тентек өзен т.б. тіркестеріндегі
эпитеттердің аудармасы мүлдем берілмеген. Мысалы, тасқа қатысты эпитеттер бір ғана «черный»
сөзімен беріле салған.
Қоршаған орта əр қаламгер шығармашылығында əр алуан сипатта суреттеледі. Бір жазушыда
молырақ, енді біреуінде кемірек болса да, адамды табиғаттан бөліп алып көрсеткен, пейзажбен
суреттеу тəсілінен шет қалған біреуі жоқ. Бірақ əңгіме сол табиғат суретін шығарма мəтініне қай
жолмен, қай əдіспен жымдастыруда: бір қаламгер оны қыл қалам шеберінің полотноға салған
картинасындай етіп береді, екіншісі сөзбен штрих түрінде келтіреді, үшіншісі, Бөкеевше, табиғатқа
«жан бітіреді». Тағы мысал келтіре кетейік:
Шайдан қалған жылы суға шешесі мен өзінің кір киімдерін жуып жайды. Бағанағыдай емес,
дала ағараң тартып, күн көзі жасқана сығалағандай болған. Сілікпесі шыққан тау-тас моншаға
түскендей бусанып жатыр. Орман əлі де ақыл-есін жия алмай сорғып тұр. Желдің беті ептеп
қайтқандай ма? [2; 22].
Аудармасы: После завтрака он остатками теплой воды помыл посуду, выстирал кое-какие свои
и материнские тряпки. Когда он развешивал постиранное, на дворе стало уже совсем светло.
Мутноватое небольшое солнце висело меж вершинами гор. При его зыбком свете заблистали
мокрые сумрачные скалы [3; 110].
Жоғарыда айтып кеткен жазушы стилінің бір ерекшелігі — табиғатқа жан бітіре суреттеу
аударма нұсқада көрінбей қалған. Орман əлі де ақыл-есін жия алмай сорғып тұр деген кейіптеу
мүлдем аударылмаған. Сондай-ақ дала ағараң тартып, күн көзі жасқана сығалағандай болған
тіркестері де мағыналық жағынан ауытқып аударылып, экспрессиялылығын жоғалтқан.
Повесте Ақтан Жесірді қарызынан құтқару үшін Тəңірқоймасына барады. Ал Тəңірқоймасының
қойны тұнған байлық. Өмірдегі небір зұлымдықтар байлыққа деген ашкөздіктен туады. Ақтанның
əкесі де оңай олжа тапсам деген дүниеқоңыздықтың құрбаны болған.
Ақтан шыңырауға түсіп өмір мен өлім арасындағы ауыр халді басынан кешіреді. Қапастан
шығып өмір сүру үшін жанкештілікпен күреседі. Үңгірден суықтық сезілсе, аспаннан жылу білінеді.
Ал Мұзтау айнадай жарқырап, сəуле таратады. Мұның барлығы Ақтанның өмірге деген
сүйіспеншілігін арттырады. Тəубасына келген Ақтан əкесінің өлігін аттап шықса да, сол үңгірден
аман шығар рухани күш-қуатты тек табиғаттан алады. Тəңірім-ау, қандай ыстық еді мынау қар, не
деген түпсіз де мөлдір аспан! Айналайын күнім, сенің нұрың шығар мені мұз үңгірден алып шыққан!
Тəңірім-ай, қарағай мен самырсынның иісінен артық не бар екен жалғанда! Бисмилла, оразамды
тіршіліктің ақша қарымен ашайын. Осындай да тəтті қар барын қалай сезбегенмін... Құдай-ау,
тіршіліктің осыншалық ғажайыптығын, осыншалық сұлулығын қалай ғана көрмей келгенмін! Аспан!
Күн! Орман! Адам! [2; 30], — деп Ақтан табиғат сұлулығымен қайта қауышқандай болады. Енді осы
үзіндінің аудармасын қарастырайық.
А теперь другой день: небо ясное, голубое. Горы, скалы, камни, таежная чаща — все одето
белым снегом. До голубого купола небо совсем близко — рукой дотянуться. От сияния снега и яркого
блеска небес болят глаза. Чистое поле тронуто узорчатыми следами небольших зверей. В тайге
воздух напоен духом сосновой смолы. И вздыхая вкусный смолистый воздух, Человек-Олень думает,
что жизнь все же прекрасна, а он сам словно заново родился, чтобы понять это. И даже досадно
становится от этой сегодняшней языческой радости: значит, его чувства и мысли совершенно
такие же, как все в природе, так же подвержены переменам, как и непостоянная погода [3; 155].
Аудармада суреттеу сəтті шыққан. Аудармашы автор ойынан ауытқымауға тырысқан. Дегенмен
үзіндіде тағы да түпнұсқаға ешқандай қатысы жоқ сөздерді, сөйлемді қосу сияқты кемшілікті де
байқауымызға болады. Мəселен, Бисмилла, оразамды тіршіліктің ақша қарымен ашайын. Осындай
«Мұзтау» повесі жəне оның аудармасы хақында
Серия «Филология». № 1(73)/2014
141
да тəтті қар барын қалай сезбегенмін... деген экспрессивтілігі жоғары сөйлемдерді А.Ким аудармай,
тастап кеткен. Ал, Құдай-ау, тіршіліктің осыншалық ғажайыптығын, осыншалық сұлулығын қалай
ғана көрмей келгенмін! төл сөзі аудармада: Человек-Олень думает, что жизнь все же прекрасна, а он
сам словно заново родился, чтобы понять это деген төлеу сөзге айналып кеткен. Бұл құрылымды өз
формасында бергеннің еш қиындығы жоқ еді. Бұндай жайттарға аударма тəжірибесінде жол
берілмейді. Аудармашының шығармаға екінші өмір сыйлайтынын, автор мен оқырман арасындағы
дəнекер екенін ескерсек, ол жазушы шығармаларының өзіндік ерекшеліктеріне селқос қарамауы
керек.
«Оралхан Бөкей — шешен тілді шебер жазушы. Ақ өлең боп құйылып кете беретін ұзақ
сөйлемдер бір нүктесіз бірнеше бетті алып кетеді. Суырып салма ақындарша қыза-қыза келіп небір
сөз маржандарын төгіп-төгіп тастайды, шабыт үстінде қайталанбас ғажап суреттер салады» [4].
Мысал келтіре кетейік.
Айнала: ақ түтек боран, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке; қарасаң көз
қарықтыратын шаңқай белестер əлдеқайда... алысқа бірін-бірі қуа жарысады; ербең етер
тіршіліксіз салқын бедірейген қарлы адырлар ұлы өмір шуылынан бейхабар-айқара жамылған
ақшағи көрпесін бұйығы бүркенеді; табиғаттың күні кешелер ғана маздаған тіршілігіне мекенжай
болған жазира жоталар өлім тыныштығына бой алдырған да дүниенің бар қызығынан əбден
жалыққан құмырпаз адамның жалқы сəт талықсып кетерін еске салғандай болады...
Міне, тап осылай жалғасып кете береді. Осындағы «шексіз бір құштарлықтың, көзсіз
ынтызарлықтың құшағынан» босана алмаған оқырман да өз арманымен қауышқандай, табысқандай,
енді мəңгібақи ажырамастай жұмбақты күй кешеді...
Жазушының шығармаларындағы авторлық экспрессияны сөз еткенде сөйлемдерінің
синтаксистік құрылымына көңіл бөлу керектігі жиі айтылып жүр. Өйткені авторлық пафос та,
баяндаудағы экспрессивті-эмоционалды бояу да, автор мен кейіпкерлердің дүниеге көзқарастары мен
ішкі сезімдері де көбінесе көркем туындының синтаксистік құрылысы арқылы беріледі.
Жазушының баяндау мəнерін ерекшелендіретін синтаксистік тəсілдің бірі экспрессивті даралау
қызметіндегі қайталаулар болып табылады. Ол мəтінге ырғақ, ерекше эмоционалды бояу дарытқан.
Бөкеевте лексикалық қайталаулар анағұрлым күрделі тəсіл синтаксистік қайталаудың бір компоненті
түрінде көрінеді. Жиі қайталанып, тұрақты түрде кездесетін сөздер шығарманың негізгі ойын ашуға
септеседі. Мəселен, повесте Ақтан өзі сүйген қызына бар сырын ақтара отырып: Айгүл, егер мен осы
кітапханадағы барлық кітапты оқып шықсам, қазіргі қалпымнан əлдеқайда қу, айлалы, əрі қатігез
болып шығар едім. Менімше, кітап, адамның көкірек көзін ашып қана қоймай, адамды шектен тыс
айла-тəсілге де үйретеді. Сондықтан кітапша сөйлеп, кітапша күліп, кітапша жылап,
кітаптағыдай сүйгім келмейді. Мен өзімше, өз білгенімше өмір сүремін. Менің осынау еркіндігіме
ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Өйткені бұл да өзінше жеке кітап [2; 24] деген үзіндіде «кітап»
сөзінің 6 рет қайталануы ерекше эмоционалды мəн жүктеген. Бұл сөз шығарманың нақты
мазмұнымен да, жазушының философиялық концепциясымен де тығыз байланысты.
Енді үзіндінің аудармасын қарастырып көрейік:
Айгуль, я знаю что если бы прочел все книги из твоей библиотеки, то стал бы намного умнее.
Но вместе с этим я стал бы намного хитрее и подлее. Кого называют умными людьми, Айгуль? Не
тех ли, которые хитрее других, беспощаднее и бессовестнее? Так что, Айгуль, пускай я буду глупым
и неотесанным. Пускай я не умею думать или плакать, как в книгах. Но я буду жить по-своему, как
могу, и никогда не откажусь от своей свободы... [3; 125].
Осындағы экспрессивті даралықты айқындап тұрған «кітап» сөзінің қайталануы аудармада
көрінбеген. Бұл жайт бір ғана үзіндіге қатысты емес. Шығармадағы осындай ерекше жүк артып
тұрған қайталамалардың бəрі дерлік аудармада өз көрінісін таппай автордың стилінің өз дəрежесінде
жеткізілмеуіне септігін тигізген. Соңғы сөйлем аударылмаған.
Шығармалардағы ырғақ, поэтикалық инверсиялар мен қайталаулар қаламгер туындыларына
айрықша реңк беріп, əсерлілігін күшейткен. Жазушы стиліндегі экспрессивті бастау автордың
интонациясын, стильдік тəсілдерін де анықтайды. Суреткердің сөз қолданысы бай, тілі метафораға,
поэтикалық образдарға толы. Бұл аталғандар О.Бөкеев экспрессиясының ерекшеліктерін көрсетеді.
О.Бөкеев стилінде синтаксистік параллелизм тудыратын анафоралық қайталау да жиі кездеседі.
Қайталау автордың өз позициясын нақтылайды. Мəселен, Ақтанның шешесі Кəріқыздың Қамбар мен
Сымбат сүйіспеншілігінің куəсі болып, өз жалғыздығына күйінген сəті былай суреттеледі: ...Сол күнгі
түн... неткен қасіретті, неткен ұзақ та қысқа еді десеңші! Сол бір күні Қамбар мен Сымбат түн
Е.С.Адаева
142
Вестник Карагандинского университета
ортасы ауғанша сыбырласқан, сүйіскен. Сол бір күнгі түн, түн ортасы ауғанша тар үйдің ірге
жағында ғашықтармен қатар жатқан Кəріқыз өз ернін өзі далын шығарып шайнаған, өз сезіміне
өзі ие бола алмай булығып... сыңсып, зар еңіреп жылаған... ха... ха... Күліңдер [2; 30]. Осындағы
қайталау кейіпкер шарасыздығын аңғарта отырып, сөйлемнен сөйлемге қарай трагедияны күшейте
түскен. Сөздер еселене қолданылып, сөз мағынасын дамыту арқылы ырғақты күшейткен. Ырғақ
фразадан фразаға қарай ұлғая отырып, үшінші сөйлемде ең жоғары нүктеге жеткен. Сөйтіп, стильдік
жүк артып бір элементті қайталап отыру О.Бөкеев тіл өрнегінің бір көрінер белгісі деуге болады.
Өйткені бұл тəсіл бір-екі жерде емес, барлық туындылары тілінен табылады. Ал осындай
экспрессиялығы жоғары үзінді, Ақтанның, ДТ-ның дүниеге келу тарихын бейнелейтін тұстар
аудармада өз көрінісін таппаған.
Аудармашы шығарманың сюжетін құрайтын кейбір оқиғаларды тастап кетіп, өз жанынан қажет
емес қосулар жасаған. Шығармадағы Ақтанның Тəңірқоймасына байлық іздеп түсіп əкесінің
мүрдесіне кездесетін тұстар аударма нұсқада берілмеген. Аудармашы Ақтанның əкесінің
Тəңірқоймасына түсіп жоғалғанын белгісіз қашқынның аузынан естиді.
– Что с ним? Где он? — крикнул Актан, хватая за плечо и приподнимая с земли незнакомца. —
Отвечайте скорее где он?
–
Отец? Твой отец вздумал через пещеру Таниркоймаса проникнуть в ледяное ущелье за
сокровищами, да там и разбился, сорвавшись в пропасть...
–
И он там лежит?... В ущелье? — вскрикнул Актан, пораженный, не зная, верить ему или не
верить..
–
Там, там, — бормотал незнакомец. — Их еще человек десять там, на ледяном дне.. [3; 140].
Бұл үзінді түгелдей аудармашы қиялының жемісі.
«Мұзтаудағы» Ақтан — бөлекше тұлға. Ол — тəкаппарлықтың, сұлулықтың, асаулықтың
символы. Ақтанның соншалықты биік тұғырға көтерілуінің басты себебі — жалғыздығында.
Тірліктегі жалғыздық емес, биіктегі жалғыздық. Қатарластарынан ойы деңгейлес ешкім
таппағандықтан ғана емес, жалпы ойшыл адам мұңшыл, мұңшыл адам нəзік келетіндіктен де жұрттан
жырақтау, оңаша жүргенді қалайды. Оңашалық ойға жетелейді.
«Маған не жетпейді осы?» — деп қиналады Ақтан. «Маған не жетпейді осы? Өзім де біліп
сезбейтін əлде нені іздеймін, сағынамын. Ол не? Мүмкін, Асан шал болар? Сол кісі өлгеннен бері
қаншама уақыт өтті... Жүз жыл-ау деймін... Аллам-ай, уақыт қандай тез өтеді. Өзімді сонғалықты
лақса кəрі сезінетінім неліктен? Қажыған шығармын, жалғызсыраған шығармын... Егер өтірікші
Асан тіріліп келіп, тағы бір ертек айтып берсе, жүз жылға қайта жасарар едім... Қызық... Тіріліп
келсе... Мұның бəрі сандырақ... Өлген адам тіріліп келуші ме еді... Соғысқа кеткен. Өлмесек тіріліп
келді ғой... Ал əкем қайтып оралса ше?...» [2; 28].
Ақтан монологінің аудармасы:
Чего же не хватает? Неизвестно. Мрак за закрытыми глазами. Мелькают черточки — белые,
синие... Где ты, дух старого Асана? Почему не придешь к тому, кто так любит твое ясное, веселое,
мудрое начало? Как жить Человеку-Оленю в этом мире без твоих сказок и странных небылиц?
[3; 130].
Аударма еркін. Аударманың бірінші сөйлемі ғана түпнұсқадағы ойды жеткізе алады.
Аудармашының автордың стилі мен шығармашылық түпкі ойына немқұрайлы қарым-қатынасы
аударма сапасына, оның балама деңгейіне үлкен зиянын тигізетіні белгілі. Бұл аудармашының
түпнұсқаға қалауынша өзгерістер енгізуінен көрініс табады. «Иə, аударманың белгілі дəрежеде
еркіндікке де правосы бар. Бірақ сол еркіндіктің өзі түпнұсқада бейнеленген мазмұн мен түрді, яғни
нақтылы өмір көріністерін, дəл суреттеу мақсатынан туып жатуы тиіс. Сонда ғана еркіндік
дегеніміздің өзі дəлдікке жетудің жолы болып табылады» [5].
Бас кейіпкердің эмоционалдық жай-күйін суреттеуде шығармадағы дыбыс қайталауларының да
атқаратын қызметі зор. Мəселен, Ақтанның досының моласының басына келіп кешірім сұрап,
күңіренетін тұсындағы көңіл-күйі былайша сипатталады:
Ес біліп, етек жапқалы шын қуаныштың, шын қайғының арасына қол жүгіртіп көрмеген,
табиғаттан биік асқақ ұғымды ұғып білмейтін жігіт күнəға батып, кінəлі атану үшін тіпті де
ғұмырдың ұзын-қысқалығы, адамның ақ-қаралығы, жақсы-жаманның қажеті жоғын білді. Адам
атадан қандықол ұры немесе халық сүйер қадірлі болып тумайды екен. Қиянат жасау үшін қиналып
қажеттігі жоқ. Пəле-жала жабысарда көзсіз көбелектей отқа үйірсек келерсің өзің-ақ. Кім кінəлі?
«Мұзтау» повесі жəне оның аудармасы хақында
Серия «Филология». № 1(73)/2014
143
[2; 28]. Осындағы қ, к дыбыстарының аллитерациясы Ақтанның көңіл-күйін суреттеуде айрықша
қызмет атқарып, экспрессия жасап тұр.
Аудармасына қарап көрейік:
Человек, способный задуматься порой над сложными загадками жизни, считающий высшим
постижением для себя знание природы и поклонение ей, потерпел крах. Оказалось, знания этого
недостаточно, чтобы не совершить перед этой же природой великого греха. Оказалось, что натура
жизни совершенно равнодушна к тому, светлый ты человек или темный, злой или добрый, чист ли
душою или погряз в пороках. Высшее творение природы — род человеческий не производит в чистом
виде мерзавца или благородного, убийцу или святого. И совершить что-нибудь неслыханно скверное
оказывается порою так же легко, как бабочке вспорхнуть в пламенный костер [3; 152].
Аударма сəтті шыққан. Аудармашы қазақ тіліндегі эстетикалық əсерді тепе-теңдікпен жатық
бере алған. Ал түпнұсқа мен аударманың эстетикалық жағынан сəйкестігі көркем аударманың өзекті
мəселелерінің бірі екені белгілі.
Қорыта айтқанда, біз бұл мақалада О.Бөкеевтің «Мұзтау» повесін орыс тіліндегі жарық көрген
аудармасымен салыстыра отырып, олардағы авторлық экспрессияның аудармадағы көрінісіне талдау
жасауға тырыстық. А.Кимнің осы шығарманы тəржімалаудағы ерекшеліктерін, қолданған əдіс-
тəсілдерін көрсете отырып, аудармашы жіберген ауытқушылықтарға да назар аудардық. Жалпы,
О.Бөкей шығармаларының аудармалары жөнінде сын-пікірлерде бар. Мəселен, аударма зерттеушісі
Л.Дəуренбекова жазушының «Жылымық» əңгімесінің орыс тіліне өз деңгейінде аударылмағанына назар
аударта отырып, «аудармашы əңгімедегі идеялық-мағыналық қабаттарды ықшамдап беруге тырысқан.
Шығарманың «тұздығы» болып саналатын бөліктер қысқартылып қалғандықтан, аудармашы
шығарманың рухын жеткізе алмаған. Сондықтан да бұл əңгімені орыс оқырмандары түпнұсқа
оқырмандарының қабылдауындағыдай қабылдай алмайды» [6], — деп түйіндейді.
Əрине, бұл талдаулар қаламгер қолтаңбасының аудармадағы көрінісін білдіретін жан-жақты
толық зерттеулер емес. Зерттеудің сыр-сипатын біртіндеп ашып алу үстіндегі азын-аулақ үлгілер
ғана.
Əдебиеттер тізімі
1 Əшімханұлы Д. Таланты ерен, табиғаты бөлек-ті // Оралхан. — Алматы: Өнер, 2000. — 312 б.
2 Бөкеев О. Хикаяттар. — Алматы: Ан Арыс, 2010. — 310 б.
3 Бокеев О. Человек-Олень. — М.: Прогресс, 2002. — 271 с.
4 Ахметжан Т. Шешен тілді шебер суреткер // Оралхан. — Алматы: Өнер, 2000. — 94-б.
5 Алпысбаев Қ., Қазыбек Г. Қазақ аудармасының теориясы мен тəжірибесі. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2001. —
21-б.
6 Дəуренбекова Л. Көркем аударма тəжірибесі. — Алматы: Елтаным, 2013. — 52-б.
Е.С.Адаева
О повести «Музтау» и его переводе
В статье исследованы жанрово-стилистические особенности повести О.Бокея «Музтау» и своеобразие
художественной интерпретации его переводчиком. Рассмотрены основные принципы воссоздания
формально-смысловых и идейно-содержательных компонентов оригинала в переводном тексте, а
также проблема передачи индивидуального стиля в художественном переводе.
Е.S.Adaeva
Достарыңызбен бөлісу: |