Коммуникативтік құзыреттілік түсінігіне жаңа көзқарас.
Ағылшын тілін шетел тілі ретінде оқыту барысында бейвербалды
коммуникация құралдарын үйрету жəне меңгерту
Мақалада венгр аудиториясында ағылшын тілін оқыту барысында қолданылатын бейвербалды (тілдік
емес) қарым-қатынас құралдарының рөлі қарастырылды. Венгр жəне ағылшын мəдениетіндегі
бейвербалдық элементтердің (компоненттердің) типологиялық сипатына ерекше көңіл бөлінді.
Лингводидактика бойынша студенттерге шетел тілін үйрету кезінде мəдениетаралық қарым-қатынас
мəселелері басқаша қарастырылды. Сондықтан қазіргі уақытта шетел тілін оқыту кезінде бейвербалды
(тілдік емес) қарым-қатынас мəселелерін қайтадан қарастыру қажеттілігі туындады.
Kаталин Молнар
Новый подход к трактовке коммуникативной компетенции.
Преподавание и овладение нон-вербальной коммуникацией
в процессе изучения английского языка как иностранного
В статье автором исследована роль невербальных коммуникативных компонентов при изучении
венграми английского языка, особое внимание уделено типологическим свойствам невербальных
компонентов в венгерской и англоязычной культуре. Вопросы межкультурной коммуникации при
обучении студентов иностранному языку по-разному осмысливаются в лингводидактике. На се-
годняшний день назрела необходимость осмысления проблемы невербальной коммуникации при изу-
чении иностранного языка.
Г.Ш.Мизанбаева, М.Қ.Жүнісова
128
Вестник Карагандинского университета
ƏОЖ 811.512.122
Г.Ш.Мизанбаева, М.Қ.Жүнісова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Е-mail: zhunusovamk@mail.ru)
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Мақалада қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың қоғам дамуына əсері мен білім берудегі
маңызы, орны қарастырылды. Авторлар Қазақстан білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық
технологиялардың талаптарына сай жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық
коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері
мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар
жасау қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда қолданылуы қажет деп қорытындылады.
Кілт сөздер: білім беру, жаңа технологиялар, ақпараттық технологиялар, қазақ тілі, электрондық
материалдар.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тəрбиелеудің соңғы əдіс-
тəсілдерін, инновациялық-педагогикалық технологияларды игерген, технологиялық-педагогикалық
диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, бұрынғы ескі сүрлеуден тез
арада арылуға қабілетті жəне нақты тəжірибелік іс-əрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді,
шығармашылық педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім, зерделі оқытушы болуын қажет етеді. Бүгінгі
таңда қозғалып жатқан ең өзекті мəселелердің бірі білім беру жүйесінде жаңа электрондық
технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық
технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман
талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау. Білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның
мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу əдістемелік жүйеге,
оқытушылар алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды
дамуы адам өмірінің əр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Қазіргі білім беру саласында
өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман
талабына сай ұстаз болу мүмкін емес. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің білім
жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сəйкес
оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында
электрондық ұстанымдарын анықтау жəне айқындауға байланысты бірқатар міндеттер қойылды.
Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту əдістеріне, оқытудың
формасына жəне құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық
оқытудың əдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. Дəстүрлі əдістемелік жүйеде
оқу үрдісіндегі бөліктер бірдей жəне бір уақытта қатысады. Ал классикалық оқу үрдісінде əдістемелік
тəсілге байланысты оқытуды ұйымдастырудың əр түрлі формалары, əдістері мен оқыту құралдары
қолданылуы мүмкін. Электрондық оқытудың əдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының
орын алуы өзгерді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, əдістерін жəне оқытудың формаларын
анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту шеңберінде жиі қолданылатын оқыту əдістемелері
мен формаларына тоқтала кетейік. Электрондық оқытудың əдістеріне топтық əдіс жəне жеке дара
оқыту əдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады [1].
«Педагогикалық технология ұғымы бүгінгі күні оқыту аясына тұрақты еніп болды.
«Педагогикалық технология» деген ұғымының эволюциясы туралы мынаны айтуға болады. Алғашқы
кезең XX ғасырдың 40–50-жылдарын қамтиды. Мұнда «білім беру технологиясы» термині, негізінен,
оқыту барысында қолданылатын көру-есту құралдарын білдіреді. Екінші кезең — XX ғасырдың 50–
60-жылдары десе болады. Бұл кезеңдегі білім беру технологиясы дегеніміз программалап оқытуды
танытатын еді. Үшінші кезең — XX ғасырдың 70-жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин алдын ала
айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін
болады. Төртінші кезең — ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап, осы кездегі білім беру технология
дегеніміз оқыту үдерісінде компьютер мен ақпараттық құралдарды пайдалану барысын танытады.
Педагогикалық технология деп оқыту процесінің өзін жүйе ретінде құру мен басқару,
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Серия «Филология». № 1(73)/2014
129
диагностикалық мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру
барысында танылады. Біздің ұсынатын бағытымыз осы соңғы айтылғанымен тығыз байланысты. Бұл
бағыттың ерекшелігі сонда, мұның түпнегізі оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтары бар, соларды
белгілі бір жүйеге түсіріп тану жəне нақты білім оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек
деген идеяға негізделеді. Бұл жерде білім берудің екі жақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы
танылып, жүйеленуі тиіс. Оның бір жағы берілетін білім мазмұнынының теориялық деңгейде оқу
мақсатына лайық жүйеленуі болса, екінші жағы соны оқыту үдерісін жүйелеп тану болмақ.
Электрондық оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру жəне жүргізу үшін арналған
бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында əр түрлі оқыту формалары
мен əдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру
жəне оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Яғни, жасау жəне қолдану технологиясы,
ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.
Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке дара жəне топтық оқыту
сияқты əр түрлі əдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
олар — электрондық оқулықтар. Жаңа технологиямен оқыту жүйесі — сабақта барлық білім
алушының белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын оқу үдерісінің бірі. Бұл ретте оқытушы мен тіл
үйренушінің коммуникативтік қатынасқа негізделген қарым-қатынасының өзгермей сақталуы талап
етіледі. Қазақ тілін оқытуда жаңаша оқыту технологиясын қолдану арқылы қоршаған ортада болып
жататын əр түрлі жағдаяттар тарапынан алғаннан соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу
керек. Жалпы, жаңаша технологияның түрлері өте көп. Мұның үстіне компьютерлік-ақпараттық
технологиямен жасалатын жұмыс жүйелерін алатын болсақ, бұл технологияның сапалы білім беруде,
танымдық қызығушылығын арттыруда алатын үлкен орны байқалады.
Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орнында, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту курстарында
оқыту жүйесі, жекелеген сабақ, бір қарағанда, күнделікті өтіп жататын жағдай сияқты. Бірақ тұтас
оқыту жүйесі сияқты, бір сабақты өткізу барысында танымдық үдерістің небір күрделі түрлері өтіліп,
адамның рухани əлемі қалыптасып жатады. Сонысымен де оқу үрдісінің танымдық үдеріс ретіндегі
сыртқа қарапайым, ал ішкі мазмұны адам қалыптастыратын мүмкіншілігі айқындала түседі. Қазақ
тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы мен еркін сөйлеу тілін дамытуды
маңызды орын алады.
Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқыту барысында тіл үйренушілердің қазақша ойлауы
мен жақсы сөйлеу тілін дамытуда қазақ тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктері айқындалуы тиіс. Əрбір
берілген ұғым мен оның мазмұның құрайтын білімдік ақпарат — оқушының ой-санасын өзгертуші,
дамытушы құрал. Бірақ танымдық негіздері туралы бөлімде айтқанымыздай, оқушылардың даму
барысында көп сүйеніп, талдаулар жасай беруге, білім мазмұнын жөнсіз көбейтуге немесе
күрделендіруге болмайды. Тіл үйренушінің даму ерекшелігін оның жас ерекшелігімен байланыстыра
қарау қағидаты басты назарда болуға тиісті.
Қазақ тілін жаңаша технологиямен оқыту — тіл үйренушілердің шығармашылық қызметін,
сапалы білім ала білуін қалыптастыратын үдеріс. Тіл үйренушінің саналылығы қазақ тілінің төл
дыбысының, сөзінің сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында ғана жəне сол
үшін ғана емес, жүйе теориясының заңдылықтарын ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын
меңгеру қажет екенін түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Бұл ретте мұғалімнің дұрыс
қойған талаптары мен тапсырманы орындау алгоритмдерінің бірізді тəртіптелген жүйесі оқушыны
саналылықпен білім алуға дағдыландырады. Тіл үйренушінің саналылықпен білім алу ұстанымы
толыққанды жүзеге асуында келесі ұстаныммен табиғи байланысты болуы үлкен рөл атқарады.
Қазақ тілінің жазу жəне сөйлеу заңдылықтарын іс-тəжірибе жүзінде танып-білу тіл
үйренушілердің қазақша ойлау қабілетін қалыптастырады жəне біртіндеп дамуына ұласады. Оның өзі
тіл үйренушінің ауызша жəне жазбаша тілі даму үдерісіне жалғасып, қазақ тілін үйреніп жүрген жеке
адам жана сатыдағы дүниетанымдық аппаратын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқытушының басшылығымен меңгерілген танымдық əдістермен тоқтап қалмай, оларды қолдау
мен тағы басқа түрлерін іздеуі теориялық ойлауы мен сөйлеу тетіктерінің біртұтастықта дамыған тіл
үйренушінің моделі болып табылады. Сондықтан бұл ұстаным қазақ тілін оқыту үдерісінде
басшылыққа алынады.
Қазақ тілін оқытуда талдау əдісін оқушыға дұрыс үйрету арқылы қазақ тіліндегі дыбыстарды,
сөз құрамын, сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін т.б. өз бетімен анықтай білу дағдылары
қалыптастырылады. Тіл үйренуде байқалатын түрлі заңдылықтар мен құбылыстарға бақылау жасату
Г.Ш.Мизанбаева, М.Қ.Жүнісова
130
Вестник Карагандинского университета
барысында жеке талдау жасатудың мəні зор. Талдау əдісін орынды, белгілі бір тəртіппен қолдана білу
дағдылары қалыптасуы барысында, тіл үйренушінің теориялық ойлау дағдылары дамуы да жүзеге
асады.
Қазақ тілін оқыту барысында тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді жақсы меңгеруін
ұйымдастыру қазақ тіліндегі жекелеген тіл бірліктерінің бірлесе келіп, жинақталған ұғым жасауына
жетекші қызмет атқарады. Қазақ тіл бірліктерінің болмысы туралы жаңа аспектідегі білім мазмұнын
алу тетіктері мен ұстанымдарын анықтау таным теориясын негіз ете отырып, жасалатын арнайы
əдістеменің кешенді проблемаларын зерттеуге алып келеді. Тіл үйренушінің қазақша еркін де
сауатты сөйлеуі мен жаза білу дағдыларын қалыптастыруды олардың ғылыми білім алуымен
үйлесімді ұйымдастыруда таным теориясының ілімдері үлкен тірек болады. Қазақ тілі сабақтарының
əдістемелік сценарийлерін əзірлеуде оқытудың технологиялық жабдықталуы да үлкен орын алатыны
белгілі. Бұл ретте компьютерді қолданудың да маңыздылығы айқын. Оқушының өз бетімен жұмыс
істеуін ұйымдастыруда, білімін тексеруде, білімін бағалауда сабақтың компьютерлік жабдықталуы
үлкен орын алады. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың мектептерді компьютерлендіру туралы
бағдарламасы қазақ тілін оқытуды сапаландыруға, оқушылардың ойлау дəрежесін өсіруге заман
жетістіктерін дұрыс пайдалана білуге бастайды. Сондықтан қазақ тілін оқытуда бұл бағыт та
мүмкіндігінше қолданылғаны дұрыс. Қазақ тілін оқытудың технологиялық жабдықталуы мен
техникалық құралдарды қолдану турасында екі бағыт бар: «техникалық құралдар — жанды оқу
процесінен артық емес» деген болса, екіншісі — «техникалық құралдар — қазіргі кезеңдегі оқу
процесінің басты жетекшісі» деп келеді. Екі бағыттың бірін ұстау — біржақтылыққа алып кететіні
белгілі. Оқу-танымдық қызметті белсендіруге, оқушының теориялық ойлау дəрежесін дамытуда
техникалық құралдардың беретін көмегі мен мүмкіншіліктерін пайдалану бар да, оларға тым
əуестеніп кетпей, орындылық пен қолдану тəртіптілігін сақтай білу бар. Сонымен, қазақ тілін
оқытудың дидактикалық негіздерін талдай келе, мынадай қорытындыға келдік. Жалпы, тілді оқыту
теориясы адамның тілді меңгеруінің жалпы немесе жекелеген заңдылықтарын білдіреді. Осы ретте
қазақ тілін оқыту теориясы, дидактикалық негіздері қазақ тілін оқыта отырып, қазақша сөйлеу мен
сауатты жазу əдістерінің, оқыту мазмұны мен мақсат-міндеттерінің, уəжінің оқыту заңдылықтары
жүйесіне шоғырлануын бейнелейді. Бағдарламалық өнімнің деңгейі оны қолдану кезіңдегі нақты
жұмыс істеу қабілеті мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен анықталады [2]. Бағдарламалық
өнімнің жұмысы оның жылдамдығымен, сенімділігімен, интерфейсінің ыңғайлығымен сипатталады.
Мəселен, бағдарламалық өнімнің деңгейін тек қана оны қолданған кезде анықтауға болады. Алайда
электрондық оқыту құралдарын бағалап таңдауды естен шығармау қажет. Электрондық оқулықтың
автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын əдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге
электрондық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық
мазмұндалып, əр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалар, ұсынылатын
əдебиеттер тізімі жəне тақырыптық сілтемелер беріледі. Электрондық оқулықтың жетістіктері
мыналар болып табылады. Шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді, дəстүрлі оқулықта көп іздеуді
қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі, гипермəтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап
шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді, қысқа мəтіндермен қатар
көрсетеді, əңгімелейді, жобалайды т.с.с. (мультимедиа технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы
тура осы жерде көрінеді), əрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп,
олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге
мүмкіндік туады. Электрондық оқытудың жаңа мүмкіндіктері арқылы қосымша білімдермен
қаруланған қызметкерлер маңызды бəсекелестік артықшылыққа ие болады. Виртуалдык ұйымдардың
жаңа үлгілері оқытудың қажеттігін арттыруда, оқытудың дəстүрлі бағдарламаларын қашықтықтан
оқыту бағдарламалары барған сайын ығыстырып келеді жəне өз білімін басқарудың дамып келе
жатқан жүйелі жинақталған тəжірибеден пайда табуға көмектеседі. Электрондық оқулық жас
буынның жаңа əдебиеті болып есептелетіні даусыз. Сондай-ақ ол компьютер технологиясының
мүмкіндіктері мен кəсіби оқулықтардың дəрежесін біріктіреді. Электрондық оқулықпен оқытудың
негізгі мақсаты — оқу үрдісін жəне толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану
студентердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласындағы
оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қазіргі уақытта электрондық
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Серия «Филология». № 1(73)/2014
131
оқулықтың құрылысы сапалы жəне жаңа деңгейде болуы тиіс. Электронды оқулықтың ең қажет
элементі аудиохабарлар болып табылады. Инновациялық білім беру құралдары, аудио-,
видеоқұралдары компьютер, интерактивтік тақта, Интернет, компьютер мультимедиалық құралдар,
электрондық оқулықтары мен оқу əдістемелік кешен, медиатека, инновациялық веб-сайт жəне т.б.
Сондықтан да қазіргі таңда көптеген веб-қосымшалар, интерактивтік бағдарламалық өнімдер,
қозғалмалы нысандар құруға мүмкіндік беретін векторлық жəне графикалық бағдарламалық
жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.
Қазақ тілін жаңаша оқыту барысында сабақта жан-жақты технологияларды ұтымды қолданып,
студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет. Оқыту кезең
бойынша ұйымдастыру, сол арқылы əрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, əдістерін жəне
құралдарын сəйкестендіріп таңдап алуды, нəтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу
негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету керек.
Жаңа технологиялар дəуірі жағдайында студенттерге қазақ тілін жеделдете оқытудың əдістемелік
жүйесінің мазмұны айқындалып, соңғы ғылыми жаңалықтар негізінде толықтырылады, білім берудің
жаңа парадигмалары негізіндегі жеделдете оқытудың мəні айқындалып, ұстанымдары нақтыланады.
Қазақ тілін оқыту кезеңдерінің тіл үйрету деңгейлерімен байланысы анықталып, жеделдете
деңгейлік оқытудың соңғы нəтижесі қатысымдық құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында
аралық, қорытынды сынақтарды жəне өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тиімді тəсілдері
айқындалады. Қазақ тілін жаңаша оқыту барысында сабақта жан-жақты технологияларды ұтымды
қолданып, студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік туғызып отыру қажет.
Оқыту кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы əрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын,
əдістерін жəне құралдарын сəйкестендіріп таңдап алуды, болатын нəтижелерді кезең бойынша
диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық
бірізділігін қамтамасыз ету тиіс. Жаңа технологиялар дəуірі студенттерге қазақ тілін жеделдете
оқытудың əдістемелік жүйесінің мазмұны айқындалып, соңғы ғылыми жаңалықтар негізінде
толықтырылады, білім берудің парадигмалары негізіндегі жеделдете оқытудың мəні айқындалып,
ұстанымдары нақтыланады [3].
Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі əр түрлі суреттер, сұлба, тəсілдер
арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп оны мида бекіту
үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалдық қорыту үрдісі ұтымды болады. Бұлар практикум
компьютерлер көмегімен жүзеге асырылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал
толықтырушы материалдар интерактивтік компьютерлер типте жүзеге асады.
Біздің ұсынатын бағытымыз осы соңғы айтылғанымен тығыз байланысты. Бұл бағыттың
ерекшелігі сонда, мұның түпнегізі оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтары бар, соларды белгілі бір
жүйеге түсіріп тану жəне нақты оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға
негізделеді. Бұл жерде білім берудің екі жақтылық болмысы да ғылыми негіздер арқылы танылып,
жүйеленуі тиіс. Оның бір жағы берілетін білім мазмұнының теориялық деңгейде оқу мақсатына
лайық жүйеленуі болса, екінші жағы соны оқыту үдерісін жүйелеп тану болмақ.
Мемлекеттік тіл — аса маңызды да өзекті мəселе, тіл — халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел
еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ол — ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты
топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман
сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту
жолында əрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.
Ел тəуелсіздігін тіл тəуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға
алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының
тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» сияқты стратегиялық маңызы бар
құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Адамның ой-өрісін, мəдени
дəрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мəдениетінің өзектілігі əрқашан
ескеріліп, қай халық болса да, бұл мəселені айналып өткен емес. Өнер алды — қызыл тіл» деп қазақ
халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мəн берген. Қазіргі таңда тіл мəдениетінің көкейтестілігі арта
түсті. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»:
«Тілді дамыту — Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі»,
сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы
Н.Ə.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде», — деп тұжырымдайды. Ал қазақ
халқының тіл келешегі — мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық əдебиеттерді,
Г.Ш.Мизанбаева, М.Қ.Жүнісова
132
Вестник Карагандинского университета
мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл
аударарлық көпшілігінің тіл мəдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз
ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын
шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен,
диалектілермен сөйлегенді сəн көреді. Бұл мəселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр.
Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің өзекті мəселелерінің бірі — оқушылардың тіл мəдениетін
көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тəрбиелеу. Қазіргі заманымызда
қойылған басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін
еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін
көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мəдениетті жеке тұлға қалыптастырып, тəрбиелеу.
Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, əрекетін, тіл
мəдениетін, əдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кезеңдегі өзекті мəселелерінің бірі болып
табылады. Осы мəселелерді назардан тыс қалдырмай, кəсіби-бағдар бере отырып оқыту — тіл
үйренушінің мектепте алған білімін тереңдетіп, өзі таңдаған мамандыққа сай лексиканы меңгеруіне,
өз көзқарасын танытуға, бейнелі, астарлы қазақ тілінің байлығын меңгеруіне жол ашады. Тіл
үйренушінің ой-пікірін белгілі бір тақырып бойынша жүйелі түрде өз мамандығына негіздеуге
жұмыстар жүргізіледі. Осы арада жоғарыда айтып өткен жаңа технологияның түрлері кеңінен
қолданылады, яғни оқытушының шеберлігі аса қажет етіледі. Оқытушы таңдаған технологияны
түрлендіріп, аса шеберлік көрсетсе, соғұрлым сабақ мақсатына жетеді деп ойлаймыз. Осы тұрғыдан
алғанда, оқытушыға білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Кез
келген оқыту технологиясы іс-əрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады. Тіл
үйренушінің оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында, алдымен
ұғымға сəйкес түсінікті болуын ескеру қажет, берілетін тапсырманың тəрбиелік мəніне көңіл бөлініп,
сезімді, қызығушылықты оятатындай құрылуы керектігі ескерілуі қажет.
Əдебиеттер тізімі
1 Құрман Ж.Н. Қазақ тілін оқытудың əдістемелік негіздері. — Алматы, 2009. — 28-б.
2 Əбдікəрімов Б., Сарбасова Қ.А. Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда педагогикалық технологияларды
пайдалану // Еуразиялық гуманитарлық институттың хабаршысы. — 2004. — № 3. — 36-б.
3 Даумов Н.Ғ. Оқытудың ақпараттандыру процесінде оқушылардың зерттеу қызметін дамыту: Пед. ғыл.канд. ...дис. —
Алматы, 2003. — 12-б.
Г.Ш.Мизанбаева, М.К.Жунусова
Достарыңызбен бөлісу: |