Новейшие технологии обучения казахскому языку
В статье рассмотрены новые информационные технологии, которые информируют современное об-
щество, постепенно внося изменения в жизнедеятельность человека. В современной жизни информа-
ционные технологии имеют большое влияние и в системе образования Казахстана. Авторы статьи
утверждают, что на сегодняшний день в сфере образования, не владея передовыми технологиями обу-
чения, преподаватель не может соответствовать современным требованиям и быть востребованным.
Успешное развитие информационных технологий, соответственно, развивает новые технологии обу-
чения казахскому языку как государственному.
G.Sh.Mizanbayeva, M.K.Zhunusova
The newest technologies of training in the Kazakh language
In article new information technologies which inform modern society are considered, gradually making
changes to activity of the person. In modern life information technologies have a great influence and in an
education system of Kazakhstan. Authors of article claim that today in education without owning advanced
technologies of training the teacher can't conform to modern requirements and to be demanded. Successful
development of information technologies respectively develops new technologies of training Kazakh lan-
guage as state.
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Серия «Филология». № 1(73)/2014
133
References
1 Kurman Zh.N. Methodical bases of training in the Kazakh language, Almaty, 2009, р. 28.
2 Abdikarimov B., Sarbasova K.A. Messenger of the Euroasian humanitarian institute, 2004, 3, р. 36.
3 Daumov N.G. Development of research activity of pupils in the course of information training: Cand. dis. ... pedagogical
sciences, Almaty, 2003, p. 12.
134
Вестник Карагандинского университета
АУДАРМА МƏСЕЛЕЛЕРІ
ПРОБЛЕМЫ ПЕРЕВОДА
ƏОЖ 81-13=82/943.42
Л.Н.Дəуренбекова
Назарбаев университеті, Астана
(Е-mail: daurenbekova.laurа@mail.ru)
Марк Твен юморлық əңгімелерінің қазақ тіліне аударылуы
Мақалада американ жазушысы М.Твеннің юморлық əңгімелерін қазақ тіліне аударған
Ə.Сатыбалдиевтің аудармашылық қыры, орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырыла отырып талданды.
Аудармашы М.Твеннің жазушылық стилін сақтай отырып, əр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін
жеңіл тілмен тəржімалауға тырысып, түпнұсқадағы мəтін ырғағы, интонациясы сақталатындығына
назар аударды. Аудармаларда қолданылған лексикалық трансформацияларға талдау жасалды.
Кілт сөздер: аударма, юморлық əңгіме, М.Твен, туынды, қазақ тіліне аудару, түпнұсқа мəтін, аударма
мəтін.
М.Твен — америка əдебиетінің дамуына үлес қосқан классик суреткер. 1960–1970-жылдарға
дейін автор шығармашылығында юмор басымдық алса, осы жылдардан кейін сатира, пессимистік
көзқарас нық орнығады. 1970–1980-жылдары М.Твен көбіне ертегі, фантастикалық романдар,
новеллаларға көбірек тоқталады [1; 116]. Шығармашылық өмірінің қай мезгілінде болмасын М.Твен
адам психологиясын шебер бейнелеп, көркем проза жанрына ең алғаш рет реалистік сарын үлгісін
енгізді.
«Жас Марк Твеннің стилі гротекске толы стиль. Юмористік асыра сілтеушілік, сатиралық кари-
катура, пародиялық амал-тəсілдер жəне де басқа көркемдік əдістер жазушы туындыларында көптеп
кездеседі» [2; 116]. Мəселен, М.Твеннің 1968 жылы қазақ тілінде жарық көрген жинағында
көркемдігі жоғары юморлық əңгіме-памфлеттері енгізілген. Атап айтар болсақ: «Губернатор
сайлауына түскенім-ай», «Қытайлықтардың хаттары», «Сенатор Дильворти», «Америкадағы саяси
өмірдің кейбір көріністері», «Мак Вильямстер мен шиқылдақ», «Ақ пілдің ұрлануы», «1 000 000 фунт
стерлингілік банк билеті», «Қолдаушы періштенің хаты», «Гелибергті бұзған кісі». Бұл əңгімелерді
орыс тілі арқылы қазақ тіліне аударған Ə.Сатыбалдиев. М.Твен аудармаларының қай-қайсысын
оқысақ та, оқуға жеңіл, оқиғасы қызықты.
Ə.Сатыбалдиевтің шығармаларды қазақ тіліне қандай дəрежеде аударғандығын байқау
мақсатында аудармаларды орыс тіліндегі нұсқасымен салыстыра талдайық. Марк Твеннің юморға
толы əңгімесі «Мак Вильямстер мен шиқылдақ». Қысқаша мазмұнына тоқтала кетсек.
Мак Вильямстер мырза мен əйелі Мак Вильямстың кішкентай қыздары Пенелопаның қарағай
жаңқасын шайнауға əкесі қарсы болса, анасы қолдау білдіріп, оның еш зияны жоқ екенін айтады. Сол
күні түнде Пенелопа тынбай жөтеліп, еріксіз дəрігер шақыртады. Дəрігер қыздың тамағына қарағай
жаңқасы кептеліп қалғанын айтады. Əйелі күйеуінің айтқаны дұрыс келгеніне шамданады. Əңгімені
оқи отырып, еріксіз күлкіге бөленесіз, əрі сюжетте, диалогтарда, қызықтырып ала кетеді. Түпнұсқа
мəтінмен аударма мəтінді салыстырар болсақ, Ə.Сатыбалдиев əр түрлі прагматикалық мағыналарды
беру мақсатында көбінесе еркін сөз тіркестерін фразеологизмдермен беріп отырады.
Мысалы:
– не сказала ни слова — тіс жарған жоқ;
– быть под рукой — қолқабыс ету.
Марк Твен əңгімелерінің қазақ тіліне аударылуы
Серия «Филология». № 1(73)/2014
135
– не знаешь, очень споришь и что говоришь — не айтып, неге қызыл кеңірдек болып
отырғаныңды өзің білмейсің.
«Қай тілдің фразеологиялық единицасын алсақ та, олардың сол ұлтқа тəн образдық ерекшелігі,
тарихи қалыптасуы болатындықтан, келесі тілге соның өңін өзгертпей, ұлттық бояуын, эмоциялық-
экспрессивтік сипатын сақтап жеткізу аудармашыдан үлкен біліктілікті қажет етеді» [3]. Яғни,
фразеологиялық тіркестер мəтін мағынасының бейнелілік əсерін беретін поэтикалық құрал қызметін
атқарады. Аудармашының шеберлік мектебіне көңіл аудара отырып, аударма жасау барысында
қолданатын əдіс-тəсілдерімен жақын таныса отырып, аудармашылық өнердің сыры мен сипаты, мəні
мен маңызы туралы мəселенің бірқатар сұрақтарына жауап тапқандай болдық.
Ə.Сатыбалдиев М.Твеннің қай əңгімесін аударса да, стилін сақтай отырып жеңіл тілмен
тəржімалауға тырысады. Əр кейіпкердің психологиясын, көңіл-күйін беруде де шеберлік танытады.
Мəселен, орыс тілінде:
– Не своди меня с ума... Ну, ну, ну, мое сокровище, моя деточка, лекарство гадкое, горькое, но
от него Нелли поправится... поправится мамина деточка, сокровище, будет совсем здоровенькая...
Вот, вот так, положи головку маме на грудь и усни, и скоро, скоро... Боже мой, я чувствую, она не
доживет до утра! [4; 87].
Қазақ тілінде: – Есімді шығармашы. Қані бөпешім, алтыным менің кішкентай, келші дəрі
ішейік! Дəрі деген жексұрын, ащы нəрсе, бірақ ем болады, Неллижан жазылады оны ішсе.
Мамасының бөпесі, алтыны оңалып, ойнап кетеді əлі-ақ! Міне, осылай, сөйте ғой, жаным,
мамаңның төсіне басыңды сүйе де, ұйықтап қал, қазір, қазір...Құдайым-ай, ішім бір пəлені сезеді,
осы қыз таңның атуына жете қоймайды-ау, сірə! [2; 23]. Баласы үшін шырылдаған ананың көңіл-
күйінің бұзылып, қатты уайымдап отырған сəттерін автор нақышына келтіре суреттей білген. Ал, ау-
дармашы көңіл-күй бейнелеу сипатын жете ұғынып, жеткізу дəлдігімен қатар, сөз баламасын тауып,
сөйлемдерді шебер құрастырғанын анық байқаймыз.
Орыс тілінде: – Все кончено, Мортимер! Все кончено! Ребенок вспотел! Что теперь делать?
[4; 85].
Қазақ тілінде: – Бітті бəрі де, Мортимер! Сорладық!.. — деді — ол. — Бала терлеп жатыр.
Енді не істедік? [2; 25].
Бір қарағанда, сөйлем аударуға өте қарапайым. Десек те, Ə.Сатыбалдиев, орысша
нұсқасындағыдай, «Бəрі бітті, бəрі бітті!» деп екі рет қайталамай, оның орнына компрессия əдісімен
«Сорладық» деген сөзді қойып, үрейлі бір ойды жеткізуде ұтымды жол тауып кеткен. Мəтін ырғағы,
интонациясы да сақталған. Сондай-ақ кейіпкер қимылын да байыпты суреттеуге тырысады.
Когда я вернулся домой к обеду, она встретила меня белая, как полотно [4; 87].
Моя жена вздрогнула, словно пораженная насмерть [4; 88].
Ə.Сатыбалдиев прозалық шығармалардың аудармасын қарастыру барысында алдымен түпнұсқа
мен аударма мəтіннің көлемін салыстырады да, түпнұсқадағы жай, күрделі сөйлемдердің,
кейіпкерлердің мінез-құлық, психологиялық сипаттарының, эпиграфтарының, мəтіннің ара-арасында
кездесетін өлең жолдарының, көркемдік сапасының, сөздердің баламаларының, оқиғаларының,
стилінің, ырғағының берілуіне назар аударады.Түпнұсқаның синтаксистік құрылымын толық
сақтамай-ақ, қажетті жерінде түпнұсқадағы бір сөйлемнен бірнеше сөйлем құрады. Яғни, аударып
отырған мəтінін оқырманның қабылдау, түсіну ерекшеліктеріне сəйкестендіру үшін, аударма
теориясындағы түрлі əдіс-тəсілдерді қолданады. Атап айтқанда, лексикалық-семантикалық транс-
формациялар:
жіктеу (дифференциация) — бір сөзді бірнеше сөз арқылы көпқырлылығын көрсету;
нақтылау (конкретизация) — аудару барысында сөздің толық жəне тура мағынасын беретін
сөзді табу (анықтау);
ұлғайту (генерализация) — қысқа мағыналы сөздердің мағынасын (жалпылау) ұлғайтып
көрсету;
мағыналық даму (смысловое развитие) — түпнұсқадағы немесе аударма тіліндегі сөзді немесе
сөз тіркесін аударғанда бірліктерге айналдырады. Бұл трансформацияларды қолданса да, ау-
дармашы автордың идеясынан ауытқымайды.
М.Твеннің келесі бір «Мои часы» əңгімесін Ə.Сатыбалдиев «Қайран сағатым» деп аударған. Ау-
дармашы шығарма мазмұнының негізгі арқауын білдіретін тақырыптың атауына мəн бере отырып,
оны «Менің сағатым» деп тура аудармай, «Қайран сағатым» деп беруі сəтті шыққан. Аудармашының
қойған тақырыбы мəтіннің мазмұнын ашып тұр. Əңгіменің қысқаша мазмұнына тоқтала кетейік.
Л.Н.Дəуренбекова
136
Вестник Карагандинского университета
Бір кісінің əдемі сағаты жарты жылдай тоқтаусыз жүрген. Бір күні оны бұрауды ұмытып кетіп,
бұзып алады. Сағат жөндететін жерге апарып жөндетеді. Сол күннен бастап сағат уақыттан оза
жүреді. Иесі сағатын алып, екінші жерге алып барып жөндетеді. Сол сəттен бастап сағат уақыттан
кейін қарай жүреді, яғни қалып қояды. Үшінші жерге алып барса, сағаты бірде қалады, бірде жүреді.
Аударма да сағаттың дыбысын былайша беріледі. «Кашляли – түшкіреді», «чихали – шиқылдайды»,
«лаяли – ырылдайды» деп суреттелінеді. Қатты қиналған сағат иесі ағасының «хороший конь хорош
до тех пор, пока не закусил удила, а хорошие часы — пока не побывали в починке», «Жақсы ат
ауыздығын алдырғанша жақсы, сағат — ұста көргенше» деп, фразалық тіркесті фразалық тіркес
күйінде береді. Байқап отырғанымыздай, бұл мақал əңгіменің негізгі түйіні болып есептеледі.
Жазушы бұл əңгімесінде қолдарынан ешнəрсе келмейтін олақ жұмысшыларды сынауды мақсат
етіп алған. Аударма түпнұсқа мəтінінің құрылымын сақтай отырып, идеясын дəл берген. «Идея өз
алдына бөлек, оқшау тұрған нəрсе емес, ол шығарманың өн бойындағы көркемдік шешімдерден
өріліп шығады, солардан туындайтын қорытынды түйін ретінде көрінеді» [5]. Демек, Ə.Сатыбалдиев
мəтіндегі парафразаны түсіне отырып, автордың басты идеясын жеткізе білген. Тағы бір айта кететін
жайт, осы аудармаларда кейбір орыс тіліндегі сөздер аударылмай сол қалпында беріліп кеткен. Бірақ
ол аудармашының кемшілігі емес. Себебі процент, январь, телеграмма, кандидат, багаж т.б. сөздер
сол кезде аударылмай қолданылатын болған. Қазіргі кезде тіл мəдениетінің дамуына орай орыс
тіліндегі жоғарыдағыдай сөздер қазақ тіліне аударылып баламалы түрде орнығуда. Сол себепті
М.Твен əңгімелері қайта аударылған сəтте олар ескеріледі деп сенеміз.
«Ақ пілдің ұрлануы» əңгімесін ағылшын тілінен орыс тіліне Н.Волжина аударды. Əңгіме
сатиралық əжуаға арналып жазылған. Осы бір еңбекте негізгі көп суреттелетін ақ пілдің сыртқы
бейнесі былайша берілген. Орысшасы:
– Рост — девятнадцать футов; длина от темени до основания хвоста — двадцать шесть фу-
тов; длина хобота — шестнадцать футов; длина хвоста — шесть футов; общая длина, включая
хобот и хвост, — сорок восемь футов; длина клыков — девять с половиной футов; уши — в соот-
ветствии с общими размерами; отпечаток ноги похож на след от бочонка, если его поставить
стоймя в снег; цвет слона — грязно-белый; в каждом ухе — дырка для украшений размером с блюд-
це; слон обладает привычкой поливать зрителей водой, а также колотить хоботом не только зна-
комых, но и незнакомых; слегка прихрамывает на правую заднюю ногу; с левой стороны под мышкой
у него небольшой рубец — след зажившего нарыва; в момент похищения на спине у слона была башня
с сидячими местами на пятнадцать персон и чей пракиз золотой парчи величиной с ковер средних
размеров [4; 90].
Ə.Сатыбалдиев аудармасына назар аударайық: – Бойы — он тоғыз фут; маңдайынан құйры-
ғының түбіне дейінгі ұзындығы — жиырма алты фут; тұмсығының ұзындығы — он алты фут;
құйрығының ұзындығы — алты фут; тұмсығы мен құйрығын қосып өлшегенде, жалпы ұзындығы —
қырық сегіз фут, азуларының ұзындығы — тоғыз жарым фут; құлағы — жалпы сымбатына сай;
аяғының ізі кішкене кеспекті қар үстіне тік қойғандағы таңбасындай; пілдің түсі — кір басқан ақ;
əрбір құлағында тəрелкедей сырға тағуға арналған тесіктері бар; өзім тамашалаған көрермендерге
су бүркіп жіберетін жəне танысын да, бейтаныстарын да тұмсығымен сабалайтын əдеті бар; оң
жақтағы артқы аяғын ептеп сылтып басады; сол жақ қолтығында шамалы тыртығы бар —
іріңдеп жарылған жараның орны; ұрлаған кезде пілдің үстінде он бес кісілік орындық орнатылған
жан шатыры, орта мөлшерлі кілемдей оқалаған жабуы болатын [2; 92].
Осы бір қызық, езуіңізді күлкі үйіретін алып пілдің сыртқы бейнесін сыйпаттауда аудармашы
өте бір шеберлік танытқан. Яғни, аударманы адекватты аудармаға жатқызуға болады. Адекваттылық
мəселесі бойынша қазіргі қазақ аударматануындағы пікірлерді назарға ала отырайық, «адекватты
аударма — түпнұсқамен сөзбе-сөз сəйкес келіп, барлық коммуникативтік құрылымдарының да сай
келуі. Дəл аударма — семантикалық жағынан толық жəне түпнұсқа мазмұнын толық қамтыған
аударма» [6], — деп, қазіргі аударматану ғылымын зерттеуші И.Дуанина адекватты аударма мен дəл
аударманы түпнұсқа мен аударма мəтіндерінің сапасы мен сипат белгілерін көрсететінін айтады.
Демек, адекватты аударма аударылып отырған тілдің мазмұнымен қатар, құрылымдық, стильдік,
лексикалық жəне грамматикалық ерекшеліктеріне сəйкес неғұрлым дəл, эстетикалық жəне
функционалдық жағынан түпнұсқаға бара-бар саналатын поэтикалық мəтін.
Қарастырып отырған əңгімеміз түпнұсқа мəтініндегі əрбір сөздің функционалдық,
коммуникативтік, мазмұндық жағынан баламалары табылып, бір-біріне сəйкес қиыстырылғанын
мысал арқылы берсек.
Марк Твен əңгімелерінің қазақ тіліне аударылуы
Серия «Филология». № 1(73)/2014
137
Орыс тілінде (Н.Волжина): – А ему все равно, всяком они будут виде — в свежем или несвежем.
За один присест он может съесть пять человек среднего роста. Прекрасно! Пять человек — так и
запишем. Какие национальности ему больше по вкусу? Любые, он не привередливый. Предпочитает
знакомых, но не брезгует и посторонними людьми [4; 146]. Осы бір жолдарды Ə.Сатыбалдиев
төмендегідей аударған:
– Оған бəрібір, мейлі — шикі, мейлі — піскен. Оның бір соққанда орта бойлы бес адамды жеуге
шамасы келеді. Тамаша! Бес адам деп жазып қояйық. Əсіресе қай ұлттың адамын сүйсініп жейтін
еді? Бəрібір, ондай талғампаз емес — тіпті, таныстарын жегенді ұнатады, бірақ бөтеннен де
жирене бермейді [2; 98]. Аударма үзінділерінің орысша нұсқасындағы «свежий» сөзінің негізгі
баламасы «жаңа, жас» деген мағынаны бергенімен, Ə.Сатыбалдиев оны «шикі» деп тəржімалап,
антонимдік аударма жасайды. Дегенмен, «шикі» сөзін тікелей орыс тіліне аударғанда «сырой»,
«недовареный», «невыделанный» деген мағынаны білдіреді. Ал, мына үзіндінің өзі де аудармасы да
қызықты шыққан. Н.Волжина нұсқасы төмендегідей:
– Наевшись библии, он перейдет к кирпичам; наевшись кирпичей, он перейдет к бутылкам; на-
евшись бутылок, перейдет к тряпкам; наевшись тряпок, перейдет к кошкам; наевшись кошек, пе-
рейдет к устрицам; наевшись устриц, перейдет к ветчине; наевшись ветчины, перейдет к сахару;
наевшись сахару, перейдет к пирогам; наевшись пирогов, перейдет к картошке; наевшись картошки,
перейдет к отрубям; наевшись отрубей, перейдет к сену; наевшись сена, перейдет к овсу; наевшись
овса, перейдет к рису — рисом его выкармливали с детских лет [4; 148]. Ал Ə.Сатыбалдиев
аудармасымен салыстырайық:
– Інжілге тойып алғаннан кейін кірпішті күтірлетеді, кірпішке тойып алған соң, шөлмектерді
шайнайды; шөлмектерді соғып алып, шүберектерді жалмайды; шүберекке тойып алған соң,
мысықтарды қылғиды; мысықтарды қылғып болған соң, бақаларды жұтады; бақаларға тойып
алған соң, шошқаның сүр етіне көшеді; сүр етке тойған соң, қант кеміреді; қантқа тойғаннан
кейін, бəлішке көшеді; бəлішке тойған соң, картопқа көшеді; картопқа тойған соң, кебекке көшеді;
кебекке тойған соң, пішенге көшеді; пішенге тойып алған соң, сұлыға көшеді; сұлыға тойған соң,
күрішке көшеді — күріш оның бала жасынан үйренген тағамы [2; 108].
Орыс аударма нұсқасында сөз қайталау («повторение») орын алса, қазақ аударма нұсқасында
контекске қарай бейнелілік сипат алып тұр. Себебі орыс тіліндегі «наевшись» жəне «перейдет» деген
сөздерді қазақшаға «тойып алған соң, күтірлетеді», «шайнайды», «соғып алып, жалмайды, қылғиды»,
«жұтады», одан соң, «күрішке көшеді» дегендей бір сөзді түрлендіріп, қазақтың қорындағы бай
сөздерімізді қолданысқа енгізеді.
Əңгімені оқып отырып, əрбір сөйлемде, əрбір сөзде бір сатиралық юморды міндетті түрде
кездестіреміз. Келесі аудармаларға назар аударайық.
Старый тюфяк! Рыжего Мак-Фаддена давно вздернули, он уж полтора года как в раю. Это
каждому ослу известно, только не сыщикам [4; 166]. Бұл сөйлем қазақ тіліне: Оңбаған ескі шоқай!
Жиренсары Мак-Фадден əлдеқашан мүрдем кеткен, оның жұмақта жүргеніне бір жарым жыл бол-
ды. Мұны білмейтін есек жоқ, тек құлақтары керең, тұмсықтары топас барлаушылар ғана білмей
қалыпты [2; 107].
Ə.Сатыбалдиев «құлақтары керең, тұмсықтары топас барлаушылар» деп кейіпкер ойын нақтылы
беру үшін, сөз үстемелеп, сөйлемді түрлендіріп, ашулы адамның кейпін көз алдыңа елестетеді. Атал-
мыш аудармалар, түпнұсқа мен аударма мəтіннің сипатына қарай, балама аудармаға жатқызылады.
М.Твеннен аударған шығармаларынан қысқаша мысалдар келтіре отырып, Ə.Сатыбалдиевтің
аудармаға жауапкершілікпен қарап, көркем аударманың талаптарын мүлтіксіз орындайтындығына
көз жеткіземіз.
Ə.Сатыбалдиев шығарма аударумен айналысып қана қоймай, көркем аударма теориясында
бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген аударма қағидаларын қалыптастыруға да күш салады.
Тікелей аударма болсын, сатылы аударма болсын Ə.Сатыбалдиевтің интерпретациялық
ұстанымы — түпнұсқаны барынша дəл жеткізу. «Аудармашының түпнұсқа шеңберінен шығып
кетуге қақысы жоқ. Түпнұсқа мəтіні қандай аудармашыға болмасын бұлжымас заң. Ал, аударма
үдерісінде кейбір еркіндіктер, мəселен, бір сөзді немесе бір ұғымды басқа сөзбен беру кейде түпнұсқа
əрпінен аулақтау — бұлар ауытқу емес, сапалы аударма жасаудағы əдіс-амалдар болып табылады»
[7], — дей отырып, Ə.Сатыбалдиев түпнұсқа мəтіннің коммуникативтік ақпаратын дəл жеткізеді.
Л.Н.Дəуренбекова
138
Вестник Карагандинского университета
Сонымен, аудармашы аудару барысында түпнұсқаның жазылған кезеңін, қабылдаушы оқырман
деңгейін, екі елдің тілдік психологиялық категорияларын ескере отырып, ең бастысы, мағыналары
бір-бірімен сəйкес келетін туынды жасаған.
Əдебиеттер тізімі
1 Түсіпова Г. ХХ ғасырда ағылшын тіліндегі əңгімелерді аударудың ұстанымдары мен тəжірибесі: Филол. ғыл.канд. ...
дис. — Астана, 2004. — 116-б.
2 Сатыбалдиев Ə. Марк Твен. —
Алматы: Жазушы, 1978. — 297-б.
3 Жақыпов Ж. Аударматануды аңдату. — Алматы: ІnnоPRESS, 2004. — 124-б.
4 Марк Твен. Собрание сочинений. 1896–1898. — Т. 10: Юмористические очерки и рассказы. — М., 1980. — 378 с.
5 Əдебиеттану терминдер сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1998. — 56-б.
6 Дуанина И. Компаративистиканың өзекті мəселелері // Халықарал.-ғыл. конф. материалдары. — Астана, 2006. — 54-б.
7 Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. — Алматы: Жазушы, 1987. — 214-б.
Л.Н.Дауренбекова
Переводы юмористических рассказов Марка Твена на казахский язык
В статье сказано о переводческом мастерстве А.Сатыбалдиева. Автор статьи на материале перевода на
казахский язык юмористических рассказов американского писателя М.Твена сравнивает его с
вариантом на русском языке. Переводчиком сохранен писательский стиль М.Твена, уделено внимание
на сохранение интонации, ритма текста-оригинала, кроме того, он попытался перевести легким
языком настроение, психологию каждого героя.
L.N.Daurenbekova
The translations of comic stories of Mark Twain on the Kazakh language
In article A.Satybaldiyev's translation skill is discussed. The author of article on a material of the translation
into the Kazakh language of comic stories of the American writer M.Twain compares it to option in Russian.
The translator keeping M.Twain's literary style, pays attention to preservation of intonation, a text original
rhythm, I tried to translate easy language mood, psychology of each hero.
References
1 Tusupova G. The principles and translation practice of stories in English in the XX century. Thesis... on competition of a
scientific degree cand. philol. sciences, Astana, 2004, p. 116.
2 Satybaldiyev A. Mark Twain, Almaty: Zhazushy, 1978, 297 p.
3 Zhakupov Zh. Introduction in theory of translation, Almaty: InnoPRESS, 2004, 124 p.
4 Mark Twain. Sobr. sochin, 1896–1898, 10 t.: Comic sketches and stories, Moscow, 1980, 378 p.
5 Dictionary of literary terms, Almaty: Ana tili, 1998, 56 p.
6 Duanina I. Actual problems of komparativistica, Materials of the international scientific conference, Astana, 2006, 54 p.
7 Satybaldiyev A. Spiritual wealth, Almaty: Zhazushy, 1987, 214 p.
«Мұзтау» повесі жəне оның аудармасы хақында
Серия «Филология». № 1(73)/2014
139
ƏОЖ 81-13=82/943.42
Е.С.Адаева
Назарбаев университеті, Астана
(Е-mail: daurenbekova.laurа@mail.ru)
Достарыңызбен бөлісу: |