Формирование суффиксов имени прилагательного
древнетюркского языка в современных тюркских языках
В статье рассмотрено имя прилагательное древнетюркского языка в сравнении с именем
прилагательным современного тюркского языка, показаны сходство и расхождения. На основе
конкретных примеров проанализированы суффиксы имени прилагательного, особенности
образования имени прилагательных в разных языках. Примеры приведены из древних рукописей, а в
характеристике современных тюркских языков использованы примеры кипчакского, киргизского,
карлукского, уйгур-огузского, киргиз-кипчакских языков.
M.A.Tursunova, N.Zh.Isataeva
Formation of suffixes of an adjectives to the
ancient
turkic
languages and his development in modern Turkishes
In article the adjective of drevnetyurksky language in comparison with an adjective of modern Turkic
language is considered. In the description of character of an adjective in modern Turkic language features of
property of language, relationship between drevnetyurksky language, and also similarity and divergences
between drevnetyurksky and modern Turkic language are specified. On the basis of concrete examples
suffixes of an adjective, feature of forms of different languages in formation of an adjective are analyzed.
Examples are given from ancient manuscripts, and in the characteristic of modern Turkic languages examples
of kipchaksky, Kyrgyz, karluksky, Uyghur-oguzsky, Kyrgyz-kipchaksky languages are used.
References
1 Esenculov А. Completion old turkic monuments, Almaty, 1976, 239 p.
2 Aydarov G., Kuryshzhanov A., Tomanov M. Eski Türk dili yazılı anıtlar, Almaty, 1971, 272 p.
3 Nurmakhanova A. Türk dillerinin karşılaştırmalı dilbilgisi, Almaty: Mectep, 1971, 288 p.
4 Researches on comparative grammar of turkic languages. Part second: Morphology, Moscow: Publ. АН the USSR, 1956,
p. 145–150.
5 Tomanov M. Türk dillerinin karşılaştırmalı dilbilgisi, Almatı: Publ. Kazak Üniversitesi, 1992, p. 57.
М.А.Тұрсынова, Н.Ж.Исатаева
52
Вестник Карагандинского университета
6 Languages of the world. Turkic languages, Bishkek: Kyrgyzstan, 1997, p. 410.
7 Comparatively-historical grammar of turkic languages: Morphology, Moscow: Nauka, 1988, p. 41.
8 Kazakh grammar, Astana, 2002, p. 461.
ƏОЖ 81’
Ж.Д.Рапишева, С.Ə.Рахымберлина, Ж.Ж.Ибраимова
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Е-mail: r_zhanat@mail.ru)
Халықаралық терминдердің қазіргі қазақ тілінде берілу тəсілдері мен жолдары
Мақалада бірнеше тілдерге ортақ саналатын халықаралық терминдердің басқа да тілдерге қабылдану
тəжірибелері қарастырылды. Мақала авторлары қазіргі кезеңдегі халықаралық терминдерінің белгілі
дəрежеде қалыптаса бастағанын, оларды аудару барысында қазақ сөздері кеңінен қолданылғанын,
сондай-ақ араб-парсы, орыс терминдерінің қолданылу ерекшеліктерін нақты мысалдармен көрсетті.
Кілт сөздер: термин, терминологиялық лексика, кірме термин, халықаралық термин, мемлекеттік тіл,
аудару, қалыптастыру, тұрақтандыру.
ХХІ ғасырдың тез өзгеріп жатқан өмір ағысында əрбір индивид өзінің кəсіби біліктілігі арқылы,
белгілі бір арнайы тілдің, басқаша айтқанда, ғылым саласының иесі ретінде танылады. Бұл білім беру
саласында терминдердің мəнін дұрыс түсіндіру, олардың табиғатын тану мəселесін өзектендіреді.
Терминология — ақпарат көзі, сонымен бірге терминология — лексиканың сыртқы өзгерістерге
тез бейімделетін, онымен тығыз байланысты бөлігі. Терминологиядан қоғамдағы тарихи
өзгерістердің кезеңдерін, себептерін, өркениеттердің тегін, тілдің мəдени, ғылыми, техникалық
əлеуетін тануға болады.
Ғылыми ұғымды жеткізетін терминдер ұлттық та, ұлтаралық та, халықаралық та бола алады.
Терминологияда қолданылатын термин сөздердің көпшілігі шығу тегі жағынан халықаралық немесе
бірнеше тілдерге ортақ болып келеді.
ХХ ғасырдың 50–70-жылдары аралығында қазақ тілінің терминдер жүйесі қалыптастырылды,
реттелді, бұл тармақ əсіресе практикалық тұрғыдан біршама тиянақталды деген тұжырым жасалған
болатын жəне бұған дəйек ретінде қазақ терминологиясының 70–80 пайызын кірме, яғни
интернационалдық (халықаралық), терминдер құрайтындығы көрсетілген еді.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болу үшін терминдеріміздің құрамы сандық қатынасы жағынан
керісінше, яғни тіліміздегі терминдердің 70–80 пайызы қазақтың төл сөздері болу керек те, қалған
20–30 пайызы кірме сөздер болуы керек дейді терминология мəселесімен түбегейлі айналысып
жүрген ғалымдар, терминолог-мамандар. Бұл 20–30 пайыз бөтен сөздер тіліміздің сөздік құрамы мен
құрылысын, бірегейлігін бұза алмайды.
Біздің терминологиямыздың басым бөлігі шет тілдерінің сөздері болып кетуі — ұлт тілінің
ғылым саласында қолданылмауы салдарынан салалық мамандардың термин шығармашылығымен
айналысудан гөрі өзге тілдерден дайын терминдерді қабылдауға дағдыланғандығынан деп
тұжырымдайды кейбір зерттеушілер. Сондықтан да мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың сан
түрлі саласында қолданып, термин шығармашылығында іске қосудағы салалық мамандардың рөлі
ерекше. Дəлірек айтқанда, бұл солардың қолындағы іс. Бірақ салалық мамандардың барлығы бірдей
терминге қойылатын талаптарды, терминологиялық жүйенің ерекшеліктерін, терминдерді тілдік
тұрғыдан реттеуді біле бермейді. Сондықтан терминтану ғылымының тіл білімімен тікелей
байланыстылығынан немесе оның тіл білімінің негізінде қалыптасатындығынан болса керек, əлемдік
тəжірибеде белгілі бір саланың терминдерін жасап, оларды іштей жүйелеуге ерекше үлес қосқан
салалық мамандардың барлығына қарамастан, терминологиялық жұмыстарды жүргізіп (оның ішінде
терминтану теориясын), терминтанудың түрлі мəселелерін зерттеген терминологтар, негізінен, тіл
мамандары болып келеді [1].
Халықаралық терминдердің қазіргі қазақ тілінде ...
Серия «Филология». № 1(73)/2014
53
Халықаралық терминдердің тілімізге ену кезеңі — Алаш зиялыларының өмір сүрген кезеңінен
басталады. Бұл кезең терминология жөніндегі ой-пікірлердің құндылығымен ерекшеленеді. Алаш
зиялыларының көсемі А.Байтұрсынұлы бастаған ғалымдар тобы халықаралық терминдердің тілімізге
енуі, қабылдануы жəне олардың қолданысы жайлы өз пікірлерін айтып кеткен. Бұл кезеңнің қоғам
үшін, біздің ұлт тіліміз үшін маңызды бағыттарының бірі — зиялы қауымның жат сөздерді тіліміздің
заңдылығына сəйкестендіріп қабылдауы болатын.
Алайда 1910–1930 жылдар аралығында қазақ зиялыларының қаламынан туындап, кейін
қолданылмай қалған терминдердің барлығы болмаса да, басым көпшілігі негізсіз шеттетілген. Ондай
терминдердің бір тобы өткенімізді саралап қарай бастаған соңғы жылдары араға 70–80 жыл уақыт
салып барып қайта қолданысқа енгізіліп, терминқорымыздан орын алып жатыр. Мəселен, қазір
Н.Қаратышқанұлының сөздігінде берілген салым (вклад), əдіс (метод), əдістеме (методика), кеңес
(совет), жасақ (отряд), жанартау (вулкан) сияқты атаулар еш өзгеріссіз сол қалпында алынып,
ресми бекітілген терминдеріміз ретінде кеңінен қолданылып жүр. Сондай-ақ онда кездескен кейбір
терминдер бəсекешілік (конкуренция), қазір бəсекелестік түрінде, əкім (администрация) қазір
администратор сөзінің баламасы ретінде, қаттама (ведомость) протокол, жарнама (объявление)
реклама терминдерінің баламасы ретінде азды-көпті мағыналық немесе тұлғалық өзгерістермен
терминқорымызға қосылды [2].
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының бас кезіндегі қазақ оқығандары өзге тілден
қабылданған сөздерді «жат сөздер», «кірме сөздер», «бұратана сөздер», «бөгде сөздер», «қотыр
сөздер», «бұралқы сөздер» деп атап, бұл сөздердің тілімізге көптеп кіруін тілімізді шұбарлау ретінде
қабылдады. Нəзір Төреқұлұлы «Жат сөздер» деген кітап жазса, Қошке Кемеңгерұлы «Қотыр сөздер»
деген мақала жазды [3].
Өзге тілдерден енген сөздерді төл сөздеріміздей көрмей, оларды бөтенсініп жат, кірме, бөгде,
қотыр, бұралқы, бұратана деген анықтауыштармен беру тіл тұтынушыларының, зиялылардың бұл
сөздерге деген сол кезеңдегі көзқарасын білдіреді. Ал 30-жылдардан бастап бұл атауларға
«интернационалдық терминдер», «халықаралық терминдер» деген ат беріп, мұндай атаулардың
көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығын, ғылым-білім саласындағы қарым-қатынасты
жеңілдететіндігін баса айта бастадық дейді Ш.Құрманбайұлы [4].
Жалпы тіл білімі деңгейінде «халықаралық» деп аталғанымен, ол терминдердің латын, грек,
ағылшын, неміс, француз сияқты т.б. тілдік ықпалы басым тілдерден жасалғаны белгілі.
«Халықаралық» терминдер мəселесі қазақ терминологиясында соңғы уақыттар еншісінде пайда
болған мəселе емес, ХІХ ғасырдың соңына — ХХ ғасыр бастау алып, толық шешімін таппай келе
жатқан мəселеге жатады.
Терминтануда осы терминқорды халықаралықтандыруға қарсы деинтернационализация деген
процесс те бар. Бұл — бұрын тарихи, саяси-экономикалық немесе басқа да жағдайларға байланысты
өзге тілдерден дайын терминдерді шектен тыс көп қабылдап келген халықтардың сол халықаралық
терминдердің орнын өз тілдерінің сөздерімен жаппай алмастыру үдерісі. Мұндай құбылыс əдетте
қабылдаушы тілдердің иесі болып табылатын халықтың ғылым-білімі, экономикасы дамып, ұлттық
мемлекеттің негізі нығая бастаған уақытта басталады. Тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде бізде де
бұл құбылыс пайда бола бастады. Ұлттық мемлекетіміздің сипаты мен тіліміздің қоғам өмірінде алып
отырған орнына, яғни елдегі тілдік ахуалға сəйкес «деинтернационализация» үдерісі бізде өте əлсіз,
мардымсыз түрде жүріп жатқаны байқалады [5].
Тіліміздегі өзге тілдік (кірме) терминдердің көпшілігі орыс тілі арқылы қабылданған грек,
латын т.б. тілдердің сөздері де, қалған бөлігі араб, парсы жəне орыс сөздері болып табылады.
Мысалы, латын тілінен: бейімделу — аккомодация, кемсіту — дискриминация, үдеме — градация
т.т.; грек тілінен: қолтаңба — автограф, кезең, мезгіл — период, ақсүйек — аристократ т.т.;
ағылшын тілінен: сұхбат — интервью, көшбасшы — лидер т.т.; неміс тілінен: сауыт, қап —
футляр, азат жол — абзац, бедел — авторитет т.т.; француз тілінен: ырғақ, əуез — тембр, сəн —
декор, шумақ — куплет, таңдаулы — элита т.т.; араб-парсы тілдерінен: құран, мешіт, қажы,
халифат, хадис, шахмат, шах, медресе тəрізді сөздер енген.
Өз тілімізде баламалары қалыптасқан халықаралық ұғымдар да кездеседі: оратор — шешен,
диск — табақша, колорит — реңк, овация — қошемет, гонорар — қаламақы т.б., басқа тілдің
сөздерін қазақ тілінің дыбысталу заңдылықтарына сəйкестендіріп жазып қабылдаған терминдер де
баршылық: мрамор — мəрмəр, артист — əртіс, роль — рөл, номер — нөмір т.б. Халықаралық
мəндегі терминдердің тілімізге көптеп енгендігін қашанда мерзімді басылымдардан, басқа да ақпарат
Ж.Д.Рапишева, С.Ə.Рахымберлина, Ж.Ж.Ибраимова
54
Вестник Карагандинского университета
көздерінен байқаймыз. Олардың бірқатары ұлт тіліндегі терминдерге мəн беріліп жатқан кезеңде сол
қалпында қазақ тіліне аударылып, қалыптасып үлгерсе, бірқатарының екі сыңары да қолданылып,
үшіншілері сол шет тілінен енген нұсқасында қолданылып жүр. Мысалы, композитор — сазгер,
мелодия — əуен, презентация — тұсаукесер, мода — сəн, музей — мұражай, статуя — мүсін;
аранжировщик — аранжировкасын жасаушы, өңдеуші; реставрация — қайта өңдеу, қалпына
келтіру; шедевр — жауһар, үздік туынды; ирония — кекесін, тəлкек; дикция — айқын сөз, мақам;
лимит — шек, меже; реплика — қағытпа, ілікпе сөз; пафос — шаттық, шабыт; рубин — лағыл, лал;
трафарет — үлгі, таптауырындық; дирижер, нота, натюрморт, амфитеатр, трилогия, драма,
ария, экран, цирк, балет, жанр, рояль, соната т.б.
Орысша, қазақша қолданып жүрген терапевт сөзiн чехтар интэрниста, француздар
жэнэралист, испандар тэрапэута дейдi. Француздың ширюржьен дегенi, итальянның кирурго дегенi
бiздiң тағы бiр халықаралық терминiмiз хирург екенiн мықтап есте сақтасаңыз, медициналық қызмет
ертерек көрсетiлiп, шипаны ертерек қабылдайтын боласыз. Ресейлiктер мен қазақстандықтардың
журнал дегенін Францияда ревю, Италияда — ривиста, Испанияда — ррэбистас, Чехияда часописи
дейдi екен [6].
Тілімізге шетел терминдерінің икемделіп қалыптасуына көптеген факторлардың əсері бар.
Бұқаралық ақпарат құралдары, оқулықтар, оқу құралдары т.б. терминдерді қалыптастыруда рөлі
басым. Бірақ соңғы кезеңдерге дейін қазақ тілінде жазылған нұсқалардың қалыптаспай келгендігін
байқауға болады, мəселен, Пекін, дискі, зауыт, Жапон т.т.
Термин қалыптастыру, оны ұлт тіліндегі тілдік бірліктермен алмастыру ісіне мақсатты түрде
кірісу, оны қабылдауға саналы түрде ұмтылу — қазіргі терминология жағдайында ғана емес, тіл
жағдайында да маңызды іс болмақ. Қазіргі таңда кеңсе іс жүргізу тілі болып бірнеше ғасыр бойында
қалыптастыру үдерісінен өткен орыс тілінің донор — «нəрлендіруші» тіл де, қазақ тілінің реципиент
— қабылдаушы тіл болып отырғандығы да халықаралық терминдердің аударылу, қолданылу
барысына əсер етуде. Дəлірек айтсақ, қазақ тілінің іс жүргізу терминологиясы резолюция, печать,
командировка, заседание, совещание, удостоверение, оформление, выписка, рассылка, отправка
тəрізді орыс тіліндегі дəстүрлі кеңсе ұғымдарына тілімізден бұрыштама, мөр, мөртабан, іссапар,
отырыс, кеңес, куəлік, рəсімдеу, үзінді, жіберілім, жөнелтілім жəне т.б. баламаларды табумен бірге,
осы тіл арқылы шет тілдерінен соңғы жылдары енген импичмент, инаугурация, имидж, презентация,
рейтинг, маркетинг, мониторинг, брокер жəне т.б. жүздеген терминдік атаулар орын алуда. Басты
міндет — осы терминдік ағынды дұрыс арнаға бағыттап, жүйелеп, сұрыптап қажетімізге жарату
болса керек. Тіліміз өзіндік бір терминологиялық «бумды» бастан кешіріп отырған сəтте кірме
терминдерді қазақшалау, оларға балама табу ісінде əлі де ақсап жатқан тұстарымыз жоқ емес дейді
зерттеушілер.
Жалпы орыс тілінің терминдік қатары кемшілігінің екі көзі бар [7]. Бүгінде орыс тілі термині
аталып, оның ғылыми-əлеуметтік өмірінде белсенді қолданылып жүрген сөздердің төрттен үшінің
арғы тегі шетелдік екені жəне олардың орыс тіліне қандай да бір жүйемен емес, бірін-бірі қайталай,
бейберекет өткені, əлі де өтіп отырғаны белгілі. Бұл жайт аталмыш терминдер жүйесінде омонимдік,
көпмағыналық, мағыналастық құбылыстарының жасанды, орынсыз түрлерін туғызып, терминдік
қатарды көбейтіп, оның ауқымы туралы жаңсақ түсінік қалыптастырып отыр. Мəселен, орыс тілінде
лук — 1. қару; 2. өсімдік; Брак — 1. неке; 2. жарамсыз; Бар — 1. кіші ресторан; 2. əуелік қысым
бірлігі; 3. машина бөлігі; 4. өзен жағасындағы көшпелі құм сияқты кірме сөз есебінен түзілген
омонимдер өте көп. Мұндағы бар сөзі қазақ тіліне өтсе, ондағы идти (иди) жəне имеется деген
мағыналарға қосылып, омонимдік мағына саны алтыға жетеді.
Орыс тіліне таңдаусыз еніп келген шетел сөздері мен түбір буындарының бірнеше мағыналары
да жетерлік. Мысалы, сөз соңында келетін -пат буыны 1. ауру түрін (невропат, психопат), 2. дəрігер
атын (гомеопат, аллопат); -ит буыны болса, 1. адамды (одессит), 2. ауру түрін (бронхит),
3. минералды (малахит), 4. төменгі тотықты (сульфит) білдіреді екен. Осы сияқты грек тілінен өткен
зоос, биос буындарының екеуі де өмір дегенді білдіреді. Сондай-ақ шетел сөздерінің тура мағынасы
терминдік мағынасынан көп жағдайда тым алшақ жататындығы да белгілі. Мысалы, Д.С.Лотте
идиома — тілді (испан) жəне тіл ерекшелігін (орыс), ал вианда — тамақты (исп.) жəне етті (орыс)
білдіретінін айта келіп, бұндай сөздерді «ложные друзья переводчика» деп атайды. Біз шартты түрде
қабылдап, бір мағынада қолданып жүрген сөздердің бастапқы тілде басқа мағынаны білдіру жайы да
көптеп кездеседі. Мысалы, смена, митинг, салют, кулуар, реализация, комплимент, линия,
дистанция, адрес, интеллигент, дирижер, марш сияқты сөздердің бастапқы мағыналары басқа
Халықаралық терминдердің қазіргі қазақ тілінде ...
Серия «Филология». № 1(73)/2014
55
екендігі кейбір зерттеулерде айтылып жүр. Орыс тілінде шетел сөздері айрықша, əмбебаптық
айналысқа түсуіне байланысты, бір сөздің өзі, аралары алыс, əр саланың əр түрлі түсініктерін беру
жайы кейбір терминдерді неше сала болса, сонша мағыналы еткен деуге болады. Мысалы, зона,
фигура, кран, фаза, фон, агрегат, дисперсия сияқты əмбебап терминдерді сөзбе-сөз аудармай,
мағыналарына жіктеп, дербес сөзбен белгілеу керек. Мағыналары əрқалай ұғымдық белгіге
негізделгенімен, орыс тілі жүйесі бойынша бір сөзбен аталған терминдерді де, сол орыс тіліндегі
қалыбы бойынша бір сөзбен емес, мағынасына қарай бөле қазақшалау керек. Айталық, зона —
1. белдем (геол.), 2. аймақ (метал.); Бухта — 1. орам (метал.), 2. қойнау (геогр.) болып əр сөзбен
аталуы тиіс [8].
Біраз уақыт бір термин түрліше аударылып, əр сөздікте, əр түрлі деңгейдегі оқулықтар мен
ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып келді. Мысалы: консенсус — бəтуə, мəмле, келісім жалпы
пікір; баланс — дəрегей, теңгерім — шегерім, шегерме, кеміту, жеңілдік; спонсор — демеуші,
мияткер, қолдаушы; вклад — салым, аманат ақша; доход — кіріс, табыс; ценная бумага — құнды
қағаз; бағалы қағаз, приоритет — артықшылық, басымдылық, басым бағыт; семья — отбасы,
жанұя т.б.
Мұндай жарыспалылықты кез келген арнаулы салада кездестіруге болады. Олардың ішінде
терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан, бірізді қолданылмай жүргендері де бар. Сондай-ақ
көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра, тұрақты
қолданылмайды немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады.
Мысалы: əлеует (потенциал), мəртебе (статус), көлік (транспорт), мəтін (текст), сынып (класс)
тəрізді терминдерді осы топқа жатқызуға болады.
Тəуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері қазақ тілінің тарихында да үлкен маңызды өзгерістер,
оқиғалар, жаңалықтар болып жатыр. Бұл кезеңге тəн ерекшеліктердің бірі араб тілінен енген
сөздердің қайтадан жанданып, терминдік қасиетке ие бола бастауы. Сонау Қазан төңкерісіне дейін
қолданыста болып, кейін орыс сөздеріне ығысып орын берген шығыс элементтері қайтадан оралып,
тілден орын ала бастады. Оның мысалы ретінде қазіргі қазақ терминдерінің жүйесіндегі мынадай
жаңарған терминдерді келтірейік: класс — сынып, процент — пайыз, аудитория — дəрісхана, лектор
— дəріскер, текст — мəтін, архив — мұрағат, виза — рұқсатнама, автобиография — өмірбаян,
таможня — кеден, информация — ақпарат, алфавит — əліпби, коллектив — ұжым, компетенция —
құзырет, конфискация — тəркілеу, шкала — шəкіл, космос — ғарыш, проблема — мəселе, юстиция —
əділет жəне т.б. Бұл тілдік құбылыстың себебі ұлттың «жаны», «рухы» болып табылатын тілдегі
мұндай өзгерістердің санадағы өзгерістермен, санадағы жаңғырумен байланысты екендігі сөзсіз.
Біраз уақытқа дейін жарыса қолданылып келген мұндай бірліктердің тегі араб, парсылық болып
табылатын қазақша баламаларын қолдану қатаң нормаға айналды.
Термин мағынасының ұғынықтылығы (прозрачность термина) мен тұлғасы таныстығы ғылым-
білімді игеру кезінде ғана емес, оның ұзақ уақыт есте сақталуына, оңайлықпен ұмытылмауына да
себеп болады. Мəселенің бұл қырына мəн бермеу үлкен қателік [9].
Терминнің ақпараттық табиғатын тану үшін олардың арнаулы ұғымдардың атауы жəне сол
арнаулы ақпаратты жеткізудің құралы екенін естен шығармауымыз керек. Қазіргі ақпараттар
тасқынына төтеп беру, оларды уақытылы қорытып, ғылым мен техника жаңалықтарының тілден
көрініс табуын жүйелі түрде жүзеге асырып отыру оңай емес.
Қазақ тілінің мүмкіндіктерін барынша пайдалану əлемнің əр түкпірінен құйылып жатқан ақпарат
ағынымен қазақ қауымын қамтамасыз етер тілдік жүйе жасаудың басты жолы болып табылады.
Сондықтан халықаралық термин деп жүрген латын тілінде айтылатын атауларды талғамсыз тілімізге
енгізе салу ұлттық ұғымға сай терминдік атаулардың дүниетанымдық рөліне нұқсан келтірері даусыз.
Жалпы кез келген тілдің терминологиялық лексикасының түзілуіне негіз болатын екі көзі бар.
Оның бірі — ұлттық тіл, екіншісі — өзге халықтардың тілдері. Зерттеушілер алғашқысын
терминжасамның ішкі көзі, ал кейінгісін сыртқы көзі деп атайды. Бұл көздердің термин
шығармашылығында пайдаланылуы — ғылым-білімнің даму деңгейіне, ұлт тілінің қоғам өмірінде
алатын орнына тікелей байланысты. Дегенмен, қазақ терминологиясының даму тарихына үңілетін
болсақ, оның жасалуы мен қалыптасуына тілден тыс факторлар əсерінің басым болғандығы анық.
Ғылыми терминологиясы дамыған тілдердің (ондай тілдердің қатарына дүние жүзінің 60 тілі
кіреді) қатарына қосылу үшін бізге терминдерді реттеу, жүйелеу, стандарттау сияқты міндеттерді
шешу керек [10].
Ж.Д.Рапишева, С.Ə.Рахымберлина, Ж.Ж.Ибраимова
56
Вестник Карагандинского университета
Бүгінгі таңдағы ғаламдану барысында қазақ халқы ағылшын тілді мемлекеттермен
экономикалық, саяси, мəдени байланысын күшейтуге тырысуда. Соның нəтижесінде қазақ тіліндегі
кірме сөздердің саны артып бара жатқаны баршаға мəлім. Қолданысымызға көптеп еніп жатқан
ағылшын сөздері мен сөз тіркестерінің тіліміздегі игерілуі мен зерттелуі сөз ауысу үдерісінен қалыс
қалып келеді. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыратын, кірме сөздердің қабылдаушы тілдегі
үйлесу жолдарын, əдіс-тəсілдерін, атқаратын қызметін əлі де зерттей түсу керек деп ойлаймыз.
Əдебиеттер тізімі
1 Құрманбайұлы Ш. Терминтанушы құралы. — Астана: Ер-Дəулет, 2007. — 6-б.
2 Кенжемұратова С.К. Халықаралық терминдердің қазақ тіліне ену кезеңі // Ғылыми мақалалар жинағы. — Астана,
2005. — 12–15-б.
3 Құрманбайұлы Ш. Алаш жəне терминтану (ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясы. 1910–1930 жылдар). —
Алматы: Ел-шежіре, 2008. — 18-б.
4 Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. — 96-б.
5 Құрманбайұлы Ш. Терминтану. — Алматы: Атлас, 2006. — 24-б.
6 Иванов В. Терминология и заимствования в современном китайском языке. — М., 1983. — С. 63.
7 Айтбаев Ө. Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері). — Алматы: Рауан, 1997. — 89-б.
8 Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері. — Алматы, 2005. — 25-б.
9 Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология: Вопросы теории. — М., 1989. — С. 99.
10 [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.tilbilimi.kz
Ж.Д.Рапишева, С.А.Рахымберлина, Ж.Ж.Ибраимова
Достарыңызбен бөлісу: |