№1(73)/2014 Серия филология


Природа прецедентных имен ономастического пространства в казахском языке



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата03.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#6022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Природа прецедентных имен ономастического пространства в казахском языке 
В  статье  рассмотрены  единство  языка  и  познания  в  антропоцентрическом  направлении,  сила  слова, 
языковые единицы — имена людей, которые дают информацию об особенностях ментальности казах-
ского народа как о части общечеловеческой культуры и о присущих народу жизни и быте. Авторами 
проанализированы  явления  прецедентных  имен  в  казахской  антропонимике,  обращено  внимание  на 
сохранность «языковой картины мира» в языковых единицах — в прецедентных именах, которые бы-
ли сформированы на основе многовековой духовно-культурной ценности народа. 
 
Sh.M.Mazhitaeva, S.A.Rakhymberlina, Zh.D.Rapisheva 
Nature of the precedent names of space onomastics in Kazakh 
In article the unity of language and knowledge of the anthropocentric direction, word force, language units — 
names of people which give information on features of mentality of the Kazakh people as about part of uni-
versal culture and about life inherent in the people and a life is considered. Authors analyze the phenomena of 
case names in Kazakh антропонимике, paying attention to safety of «a language picture of the world» in 
language units — in case names which were created on the basis of centuries-old spiritual cultural value of 
the people. 
 
References 
1  Verеshchagin M.E., Kostomarov V.G. Language and culture, Moscow: Russian language, p. 56. 
2  Nikonov V.A. Name and society, Moscow: Nauka, 1974, p. 276. 
3  Kenesbayev S. Using your own name in nominal importance. Studies in the Kazakh language, Alma-Ata, 1987, p. 198. 
4  Zhanuzakov T. Kazakh onomastics, І, Astana: Service, 2006, p. 84. 
5  Bizhkenova A.E. Pithy and derivational potential of Deon (words, rising to proper names), Almaty: Nauka, 2003, p. 308. 
6  Madiyeva G.B. Proper name in the context of knowledge, Almaty: Publ. Kazakh University, 2004, p. 190. 
7  Zhalayir K. Genealogical collection, Almaty: Kazakhstan, 1997, p. 56. 
8  Zhybanova R. K.Zhybanov and Kazakh advice language knowledge, Almaty: Nauka, 1990, p. 238. 
9  Zhanyzak T., Rysbergen K. Messenger onomastics, 2(4), 2005, p. 37. 
10  Adilova А.S. Humanity manifestations in the Kazakh literature: Materials of scientific and practical conference, Karagandy, 
2006, p. 240. 
11  Alpysbes М. Kazakh genealogical as a historical sourse: Avtoref. for ... Doctor of Historical Sciences, Almaty, 2007, p. 287. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

М.А.Тұрсынова, Н.Ж.Исатаева 
44 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 811.512.1
 
М.А.Тұрсынова, Н.Ж.Исатаева 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(Е-mail: t_marhaba@mail.ru) 
Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының  
қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы 
Мақалада  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  сын  есімнің  сипатын  көрсетуде  көне  жазбалар  тіліндегі  сын 
есімнің көрінісі сараланып, аталған мұралардағы сындық мағынаны білдіретін сөздерге, сын есімнің 
жұрнақтарына сипаттама берілді. Сын есімнің қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын ашуда жеке тілдерге 
тəн  ерекшеліктер,  көне  түркі  тілімен  салыстырғандағы  сабақтастық,  қазіргі  түркі  тілдеріндегі 
ортақтықтар  көрсетілген.  Мақала  авторлары  бұл  тұрғыдан  көне  түркілік  сын  есім  жұрнақтарының 
түркі  тілдерінде  əр  түрлі  орнығуы,  кейбір  тілдің  сын  есім  жасаудағы  ерекше  формаларының  болуы 
сияқты нақты-нақты ерекшеліктерді дəлелді мысалдармен көрсеткен. Мысалдар көне жазбалардан, ал 
қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын беруде қыпшақ, қарлұқ, бұлғар, оғыз, ұйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ 
тілдерінің мысалдары пайдаланылған. 
Кілт сөздер: түркі тілдері, тарихи-салыстырмалы зерттеу, салыстырмалы грамматика, салыстырмалы 
морфология, сын есім. 
 
Көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  сын  есім  мен  қазіргі  түркі  тілдері,  оның  ішінде  қазақ 
тіліндегі  сын  есім  категориясының  арасында  мағыналық  та,  тұлғалық  та  айырмашылық  жоқ.  Тек 
аздаған ғана фонетикалық ерекшеліктері кездеседі. 
Ескерткіштерде  сапалық  та, қатыстық  та  сын  есімдер, негізгі  (қызыл, қара, сарығ, көк, йашыл) 
жəне  туынды  сын  есімдер  синтетикалық  жол  арқылы  да  (білігсіз,  ічрекі,  білге),  аналитикалық  əдіс 
арқылы (қара көк, ақ боз, қара торы) да жасалады. 
Орхон-Енисей жазбаларында түр-түсті білдіретін негізгі сын есімдер (ақ, қатығ, сарығ, қоңыр) 
жəне əр түрлі өлшем атауымен, заттың нақтылы сапасымен байланысты айтылатын (үлкен, кічіг, бай, 
чығай,  едүг)  сын  есімдер  де  көптеп  кездеседі.  Ескерткіштерде  сын  есімнің  шырайларының  қазіргі 
түрлері түгел кездеспейді. 
-Лығ, -ліг, -луғ, -лүг, -лағ, -лег, -луқ, -лүк. Тілде -лығ жұрнағы зат есім тудыруда қандай қызмет 
етсе,  сын  есім  тудыруда  да  сондай  роль  атқарады.  Негізгі  түбірге  де  (йалынлығ,  йемліг,  кучлүг), 
туынды сөздерге де, яғни жұрнақ үстіне қосақталып та (біліглін, ыдуқлуқ), жалғана береді. (Екі үлүгі 
атлығ  ерті — Екі  бөлегі  атты  еді); -лығ, -лы  жұрнағы  зат  есімге  жалғанып,  сын  есім  (тонлығ, 
алтунлығ, адақлық, йазуқлық, буқалы-бұқалы, сувлы-сулы, қорқунчлығ-қорқынышты т.б), сын есімге 
жалғанып, зат есім жасай береді (уйар-үлкен, уйарлығ-беделді; ыдуқ-қасиетті, ыдуқлуқ-қасиеттілік). 
Орхон-Енисей  ескерткіштерінде  кейде  -лығ  жұрнағымен  мағыналас  келіп  отыратын  жəне  соның 
орнына ара-тұра қолданыла беретін -лы аффиксі көне жазбаларда қос сөздер құрамында да жұмсалып 
отырады: інілі-ечілі (ағалы-інілі). 
-Лығ, -лы  аффикстері — Орхон-Енисей  жазбаларында  жаңадан  сөз  тудыруда  өнімді  қызмет 
атқаратын жұрнақтар. Қазіргі түркі тілдерінде де олар актив жұрнақтар қатарында қаралады. 
-Суз, -сүз, -сыз, -сіз:  Йағысыз-жаусыз,  тонсыз-киімсіз,  буңсуз-мұңсыз,  йолсыз-жолсыз,  сувсуз-
сусыз;  Орхон-Енисей  ескерткіштерінде  -сыз  жұрнағы  жалғанған  сөздер  ауыспалы  мағынада  да 
қолданылады:  білігсіз  (білімсіз,  сауатсыз,  надан),  кергексіз  (ақыры,  соңы);  -сыз  жұрнағының  шығу 
тарихын  кейбір  ғалымдар  (Баскаков)  -са, -се, -сы, -си-мен  байланыстырса,  кей  ғалымдар  (Гарипов) 
чуваш тілінде сылу (сыру) мағынасын беретін сыр етістігімен байланыстырады. Бірақ көптеген түркі 
тілдерінде -сыз болымсыздық ұғым беретін жұрнақ ретінде ғана танылады [1; 155]. 
-Ғы, -гі, -қы, -кі.  Бұл  жұрнақтар  Орхон-Енисей  жазбаларында  жатыс  жалғауынан  кейін 
жалғанады. Қазіргі түркі тілдерінде де олар осындай ретпен қолданылады. Жатыс жалғауы мен -ғы, 
-гі аффиксінен біріккен құрамды -дағы, -дегі, -тағы, -тегі жұрнақтары мекендік мағынаны білдіреді. 
Бұл жұрнақтар ескерткіштерде көбінесе мекендік ұғым беретін зат есімдермен, үстеу сөздермен, сол 
сияқты  жатыс  септігінде  тұрған  есімдермен  бірігіп,  сын  есімдер  жасайды.  Мысалы:  йердекі — 
жердегі,  булуңдағы — бұрыштағы,  көңүлтекі — көңілдегі,  ічрекі — іштегі,  тағдақы — таудағы
балықдақы — қаладағы, бүкүнкі — бүгінгі т.б. 

Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының ... 
Серия «Филология». № 1(73)/2014 
45 
Жатыс  септік  формасындағы  мекендік  мағына  беретін  зат  есімдер  мен  үстеуге  жалғанып, 
мекендік  ұғымды  білдіретін  сын  есім  жасайды:  Йердекі  тамкалығ  йылқы  бунсыз  ерті — Даладағы 
жайылып жүрген таңбалы жылқы сансыз еді; Көңүлтекі сабымен — Көңілдегі сөзім. 
-ғ, -г, -қ, -к, -ығ, -ук, -үг, -ық, -ик.  Бұл  жұрнақтар  Орхон-Енисей  жазбаларында  зат  есімге,  сын 
есімге де жалғанып, туынды сын есім жасайды. Ол көбінесе етістіктен сын есім жасайды да, іс-əрекет 
нəтижесін  білдіреді:  Анта  алығ  адашыма  анта  сізіме  едүг  ешіме  адырылтым — Байлығымнан, 
мейірманды жолдастарымнан мені елім айырды; Тамағ ыдуқ башда сүңүшдім, Күлтігін ол сүңүште 
отуз йашаур ерті — Біздер қасиетті Тамағ төбеде шайқастық, ол кезде Күлтегін отыз жаста еді. 
-ғ, -қ  жұрнақтары  етістікке  жалғанып,  сын  есім  жасайды:  алығ — байлық  (түбірі  ал),  ыдуқ — 
қасиет (түбірі — ыд — жіберу), бедүк — биік (түбірі — бедү — көбею). 
-сығ, -сық, -шығ, -шіг жұрнақтары түбір сөздерге жалғанып, қатыстық сын есім жасайды: Ачсық 
тосық өмезен — Аштықта тоқтықты түсінбейсің; Нең йылсығ будунқа олурмадым — Хандығымдағы 
халық  бай  емес-ті;  Ечім  қаған  илі  қамашығ  болуқынта — Менің  нағашым  қағанның  елі  бүлікшіл 
болды; 
-шағ  жұрнағы, -чыл  жұрнағы  бір-ақ  сөзде  кездескен:  Сүчіг  сабын,  йымшақ  ағын  арып — Тəтті 
сөз,  асыл  сый  берді;  Іч  йер  ілкі  артзун,  атчыл  апытутуқ  йоқ — Ішкі  жерде  еліктер  артты,  оны 
аулайтын атшыл (ат мінуді сүйетін) біздің елде жоқ екен. 
-тег  жұрнағы  зат  есімге  жалғанып,  салыстырма  мəнді  сын  есімдер  тудырады:  теңрітег — 
тəңрідей,  бөрітег — бөрідей.  Бұл  жұрнақтың  қызметі  қазіргі  қазақ  тіліндегі  қатыстық  сын  есімдер 
жасайтын -дай, -дей аффикстерінің қызметімен сəйкес келеді. 
-ге  жұрнағы  етістіктерге  жалғанып  сын  есім  жасайды:  білге — білгіш.  Білге  қаған  ерміш — 
Білгіш қаған екен. 
Көне жазба ескі-де -дем жұрнағы бір-ақ вариантта ғана кездеседі. Бұл жұрнақ есім сөздерге де, 
етістіктерге  де  жалғана  береді:  Ер  атым  Ерен  улуғ  ердеміг  батур — Менің  атым  батыр  Ерен  ұлық 
атақты батырмын. (Ердем — даңқты, түбірі — ер). Қазіргі түркі тілдерінде ол сөз жасаушы жұрнақ 
ретінде  кездесе  бермейді,  бірақ  кейбір  түркі  тілдерінде,  мысалы,  башқұрт  тілінде  берзам  (бірлік), 
кундəм (тіл алғыш) деген сөздер бар [1; 155–165]. 
Ескерткіштерде  сын  есімнің  шырайлары  ретінде  салыстырмалы  шырай:  ақсырақ — ағырақ
өкшүрек — көбірек,  бегрек — бегірек,  йақшырақ — жақсырақ,  ертерек — ертерек,  теңрітег — 
тəңрідей.  Күшейтпелі  шырай  ретінде  зерттеушілер  Орхон-Енисей  жазбаларында,  көне  ұйғыр 
ескерткіштерінде ең ілкі — ең əуелгі сөзін, ал басқа ескерткіштерден күшейтпелі шырай: апақ, қып-
қызыл, көм-көк сөздерін мысалға келтіреді [2]. 
М.Қашқари  сөздігінде  сын  есім  тұлғаларының  бəріне  бірдей  тоқтала  бермеген.  Сын  есімге  тəн 
тұлғалардың  ішінен  М.Қашқаридың  жекелеп  алып  қарастыратыны — сын  есімнің  интенсив 
формалары  (күшейтпелі  шырай  тұлғалары).  М.Қашқаридың  түсіндіруінше,  сын  есімнің  күшейтпелі 
түрлері  мынадай  жолдармен  жасалады:  бір  буынды  сөздердің  соңғы  дыбысы  п,  м  дыбыстарының 
біріне  ауысады:  Көп — көк  (түрік  тайпасы  тілінде),  көм — көк  (оғыз  тілінде).  Сарығ  сөзінің 
күшейтпелі түрін сап — сарығ сипатында айтады. Сондай-ақ бос жер, ашық жер мағынасындағы йазы 
сөзінің  күшейтпелі  түрі  йап — йазы  (жап-жазық).  Бұл  айтылғандардан  шығатын  екінші  мəселе  көп 
буынды сөздердің алғашқы буыны ғана қайталанады. Қайталанған уақытта буынның соңғы дыбысы 
дауыссыз  болса,  п,  м  дыбыстарының  біріне  ауысады,  егер  дауысты  болса  п  дыбысы  үстіне  буын 
барып  қосылады.  М.Қашқаридың  айтуынша,  күшейтпелі  мəнді  сын  есімдер  арнаулы  сөздердің  сын 
есімдермен  тіркесіп  келуі  арқылы  жасалады:  тес  —  күшейтпе  мəн  беретін  қосымша  (оғызша). 
Оғыздар домалақ нəрсе туралы айтқысы келсе тес тегірме дейді, бұл — доп-домалақ деген». Тум — 
мал,  хайуандардың  реңін  айқындауда  толық  мəн  беру  үшін  қолданылатын  сөз:  тум  қара  ат  (тым 
қара  ат).  Чім — бір  нəрсенің  ылғалдығын,  пісіп  жетілмегендігін  асырып  айтуда  қолданылатын  сөз: 
чім йік ет (тым жас ет). Сүм — өте, тіпті, жүдə: Сүм сүчүк нең (өте тəтті нəрсе) [2; 161]. 
Сөздікте есімдерден сын есім жасайтын қосымшалардың ішінен М.Қашқари -лығ, -ліг, -луғ, -лүг 
аффиксіне арнайы тоқталған. Ол туралы автордың пайымдауларына мыналар жатады: 1) заттың неге, 
не  мақсатқа  арналғандығын  аңғартады:  төшеглік  барчын  (төсекке  дайындалған  жібек  мата); 2) іс 
иесінің  қасиетін,  сапасын  білдіреді:  бедүк  қарынлығ  ер  (үлкен  қарынды  кісі;  білеклік  ер  (білекті, 
күшті адам); 3) болған істің кімге, неге қатыстылығын: сарығлығ ер (сары ауруына ұшыраған адам). 
Есімдерден  сын есім жасайтын аффикстің бірі — -чыл, -чіл. Бір нəрсе үстіндегі əрекеттің ұзақ, 
көп  болғандығын  білдіру  үшін  сөзге  -чыл  қосылады. Сондықтан:  тупчыл  йер (дауылды,  желді  жер) 
тіркесіндегі  жел  мəніндегі  тупчыл  сөзіне  -чыл  қосылып  желкем  мəнін беретін  сын  есімге  айналған. 

М.А.Тұрсынова, Н.Ж.Исатаева 
46 
Вестник Карагандинского университета 
Ұзақ ауырған кісіні ігчіл деу де осы  қағидаға  жатады. Алайда бұл жай көп таралмаған. Сөйтіп, бұл 
қосымша арқылы жасалған сын есімдер кең тараған емес. 
Сонымен қатар сөздікте сын есім жасайтын жұрнақтарға: -ын, -ін, -ун, -үн (теркін сув — тоқтау 
су, балшықты су); -қы, -кі (қатқы кіші — қатты адам, ешкімге бойұнсынбайтын адам; тұрқы нең — 
тырысқан, бүріскен нəрсе); -ығ, -ық, -іг, -уқ, -үк (пышығ ет — піскен ет); -ға, -ге (йорыға ат — жорға 
ат).  Сондай-ақ  сөздікте:  Оғлақ  йіліксіз,  оғлан  біліксіз;  ұсұз  кіші — ұйқысыз  кісі;  арпасыз;  арқасыз; 
басыншақ-жасқаншақ; бағырсақ — бауырмал. Сындық мағына беретін ызұқ — ұзын (ызұқ тағ); арұқ 
(арық);  озұқ  ат  (жүйрік  ат);  ұлық  тон  (ескі  тон);  ұтұн  (дөрекі);  евек  (ұшқалақ),  сарығ  (сары), 
йаратты йашыл жеш (көгілдір етіп жаратты) сөздер, сөз тіркестері бар [2; 163]. 
Көне қыпшақ тіліндегі ескерткіштерден сын есімнің жұрнақтары ретінде: -ағай, -егей (солағай-
солақай,  -ғы, -гі, -қы, -кі  (базардағы — базардағы,  алдыкі — алдыңғы),  -лы, -лі, -лу, -лү  (татлы — 
тəтті,  йазуқлы — жазықты),  -сыз, -сіз, -суз, -сүз  (тəңір  ішісіз — тəңірісісіз,  еч  йамансыз — еш 
жамансыз), -ачық, -ечік (азачық — өте аз, итчүк — кішкентай ит, қылыччуқ — кішкентай қылыш), 
-ғақ, -гек, -қақ, -кек (батқақ, қачқақ, тайғақ) жұрнақтарын айтуға болады [2; 230–231]. 
Қазіргі  түркі  тілдерінде  сапалық  сындардың  күшейту  тəсілдері  бір-біріне  ұқсайды.  Есімдерге 
жұрнақтар қосылу арқылы қатыстық сын есім жасалады. Бұндай жасалмалы сын есімдер сапалық сын 
есімдер  сияқты  көптеген  заттың  сынын  білдіре  берместен,  өзінің  тектес  зат  есімдеріне  ғана 
қатыстығын білдіреді. Есімдерден, басқа да сөз таптарынан жасалған сын есімдердің көпшілігі өзінің 
негізімен  жасалу  тəсілі  бойынша  бір-біріне  ұқсас.  Мысалы,  -қы, -кі, -ки, -ғы, -гі, -ги — қазақ, 
қарақалпақ тілдерінде; -қы, -гы,-ги, -гу — қырғыз тілінде; -ги, -ки — өзбек тілінде; -қи, -қы — ұйғыр 
тілінде; -қи, -қы — түрікмен тілінде; -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті — қазақ тілінде; -лы, -ли — қарақалпақ 
тілінде; -луу, -лүү, -туу, -түү, -дуу, -дүү — қырғыз тілінде; -ли — өзбек тілінде; -лы, -ли — түркімен 
тілінде;  -сыз, -сіз//-сиз — жұрнақтары  қазақ,  қарақалпақ  тілдерінде;  -сыз, -сиз, -суз, -сүз — қырғыз 
тілінде;  -сиз  —  өзбек, -сиз — ұйғыр тілінде; -сыз, -сиз, -суз, -сүз — түрікмен  тілінде.  Бұл  -сиз, -суз 
жұрнағы ескі жазба ескерткіштерде, əдеби мұралар тілінде өте көп кездеседі жəне сол мағынасымен 
атқаратын қызметін дəл түрінде сақтағанын байқаймыз [3; 69]. 
Түркі тілдерінің тарихына қатысты -лығ> -лы; –сыз// -сар туралы пікірлер айтылады. 
-лығ/ -лы аффиксінің көмегімен зат есімнен сын есім құралады. Берілген аффикс кейбір тілдерде 
бірден бастап он алты нұсқасы берілген. 
Татар  тілінде  бұл  аффикістің  екі  нұсқасы  бар;  -лы, -ле.  Мысалы:  акыллы — умный,  көчле — 
сильный. 
Башқұр  тілінде  төрт  нұсқасы:  -лы, -ле, -ло, -лө.  Мысалы:  акыллы — умный,  көслө — сильный, 
толопло — имеющий тулуп, итле — мясистый. 
Əзербайжан  тілінде  де  бұл  аффикстің  төрт  нұсқасы  бар:  -лы, -ли, -лу, -лү.  Мысалы:  агыллы — 
умный, күчлү — сильный, дузлу — соленый, əтли — мясистый. 
Қырғыз  тілінде  берілген  аффикстің  алты  фонетикалық  нұсқасы  берілген:  -луу, -лүү, -дуу,-  дүү, 
-туу, -түү. Мысалы: акылдуу — умный, күчтүү — сильный, аттуу — имеющий лощадь, эгиндүү — 
имеющий хлеб. 
Хакас  тілінде  де  алты  түрі  бар:  -лығ,-ліг, -тығ, -тіг, -нығ, -ніг.  Мысалы:  малығ — имеющщий 
скот, аттығ — имеющий лощадь. 
Тува тілінде бұл аффикстің он алты фонетикалық нұсқасы бар: 
-лығ, -лиг, -луг, -лүг, -тыг, -тиг, -туг, -түг, -дыг, -диг, -дуг, -дүг, -ныг, -ниг, -нуг, -нүг. Мысалы: 
таглығ — гористый, хирлиг — грязный, суглуг — водянистый. 
Якут  тілінде  де  бұл  аффикстің  он  алты  нұсқасы  бар:  -лаах, -леех, -лоох, -лөөх, -таах, -тээх, 
-тоох, -төөх, -даах, -дээх, -доох, -дөөх, -наах, -нээх, -ноох, -нөөх. Мысалы: ақалаах — имеющий отца, 
дьиэлээх  — имеющий дом, околоох  — имеющий ребенка [4]. 
Қазіргі  түркі  тілдерінде  -ғы, -гі, -қы, -кі  жұрнақтары  арқылы  жасалған  қатыстық  сын  есімдер 
атқаратын  қызметімен  де,  беретін  мағынасымен  де  орхон-енисей  ескерткіштеріндегімен,  негізінен, 
ұқсас болып келеді. 
Гагауз тілінде -кы, -ки, -ку, -кү варианттарында  қолданалып, екі мағынаны білдіреді: 1) заттың 
сының, уақыт, мезгілін көрсетеді: қышқы (түн), бүүнкү (жұмыс); 2) жатыс септік тұлғасында тұрған 
сөздерге жалғанып, мекендік мағына береді: батыдақы (бастағы), аачтакы (ағаштағы). 
Қарашай-балқар тілдерінде -қьы, -ғьы, -кьы, -нги, -хы, -ки, -ги, -кьу, -гьу, -кю, -гю аффикстері де 
сондай  қызмет  атқарады:  алгьынды  (бұрынғы),  арбаздағьы  (қорадағы),  қьышдағы  (қыстағы), 
кюзгюдегі (күздегі). Жатыс септік формасынан кейін жалғанған -кы жұрнағы мен кьышкьы сөздіндегі 

Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының ... 
Серия «Филология». № 1(73)/2014 
47 
-кьы  жұрнағының  өзара  фонетикалық  ерекшелігі  болғанмен,  беретін  мағынасы,  атқаратын  қызметі 
жағынан бұл екеуінің бір-бірінен айырмасы шамалы. 
Бұл жұрнақтың қарақалпақ тіліндегі қолданылауынан да (-гьы, -ги, -дагьы, -деги, -тагьы, -теги) 
жоғарғы тілдердегіден айтарлықтай өзгерісі жоқ: юйдеги, базардагьы, авилындагьы
Өзбек тілінде -ги, -ки белгілі бір уақытты не орынды білдіреді: езги (жазғы), кузги (күзгі), ички 
(ішкі):  -ги  (жатыс  септігінің  формасынан  кейін  келіп)  заттың  орның,  мекенің  білдіреді:  үйдеги, 
сондай-ақ  ол  түрік  тілінде  -кі, -кү:  шор  тілінде  -кы, -кі, -гы, -ги,  турунгу  (бұрынғы),  күскү  (күзгі), 
əртенги, қышқы, тағдағы (таудағы), иердағы (жердегі), хакас тілінде -ғы, -гі (түнгі): -хы, -кі: кынтегі 
(қазіргі),  голдағы  (қолдағы).  Түрікмен  тілінде  -кы, -ки, -дакы, -дəки  (ахыркы):  алтай  тілінде  -гы,-ги, 
-кы, -ки: қырғыз тілінде -кы (артқы, былтыркы), азербайжан тілінде -қы, -ки, -ку, -кү варианттарында 
кездеседі.  Соңғы  айтылған  тілде  -ки  жұрнағы  қазіргі  түркі  тілдерінде  беретін  екі  мағынаны  да 
біддіреді. Бірақ мекендіктен гөрі мезгілдік мағынасы  бар қатыстық  сын  есімдерді көбірек жасайды: 
индики, соңки, илки
Башқұрт  тілінде  -кы, -кі, -ғы, -гі, -ке, -ге, -ко, -го, -кə, -ге  сияқты  форманттар  пайдаланылады. 
Белгілі  бір  кесікті  уақытты  білдіреді:  баяғы,  боронғо,  һунғы,  иртенге,  көндөзге:  кеңістік,  мекендік 
мағынаны береді: алдыңғы, алғы, арғы, аскы, ситке, түбəнге
Қазіргі түркі тілдерінің бəрінде де -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары біркелкі колданылады. Жоғарыда 
келтірілген мысалдардан -қы жұрнағының қазіргі атқаратын қызметі мен беретін мағынасының көне 
түркі тілдеріндегіден гөрі өзгерісі аз [5]. 
Түркі тілдерінде етістіктерде де толып жатқан сын есімдер жасалады. Оның үшін етістіктердің 
түбіріне сын есім тудыратын белгілі  жұрнақтар қойылады  да, етістіктің лексикалық мағынасын дəл 
сақтай  отырып,  сан  алуан  сындық  ұғым  білдіретін  сөздерді  жасайды.  Түркі  тілдерінде  бұндай 
етістіктерден  жасалған  сын  есімдердің  көпшілігі  бір-біріне  ұқсас  болып  келеді.  Солардың 
кейбіреулеріне тоқтап, бір-бірімен салыстырып қарайық: 
-ық, -ік, -к, -қ, -ақ, -ек, жұрнақтары қазақ, қарақалпақ тілдерінде, -ық, -к қырғыз, ик, -уқ, -қ, -к, 
өзбек  ұйғыр,  -ақ, -ек, -к  түрікмен  тілдерінде  етістіктің  түбіріне  қосылып,  сын  есім  жасайды. 
Мысалдар:  қартайдық,  қайғы,  ойладық  ұйқы  сергек,  Ашуың — ашыған  у,  ойын  кермек  (қаз.);  Тал-
чыбықтай  солкулдок  кези  (қырғ.);  Ул  очиқ  эчикга  куз  тошади  (өзб.);  Муғаллымлар  жайының  ачық 
айнасындан мектеп мудири Ефрем Василивичиң келеси гөрунди (түрікм.). 
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе  жұрнақтары  қазақ  пен  қарақалпақ,  -ма, -өзбек, -ма, -мə,  ұйғыр 
тілдерінде етістіктерден сын есім жасауға қатынасады. 
Мысалдар: бояма (мінез), қынама (бел), қаратпа (сөз), жайылма (сойсем), көшпе (құм) — қазақ; 
бұяма  (соч),  ясама  (тиш),  қайнатма  (шурва),  агдарма  (əтик) — қырғыз,  асма  (көрүк),  тоқума 
(фабрика), бойима (паран), пуклима (мултиқ) — ұйғыр т.б. 
-шақ, -шек жұрнақтары қазақ, қарақалпақ, қырғыз (чоқ, чақ, чиқ, чик), өзбек (чақ, чеқ, чуқ, чүк), 
ұйғыр  тілдерінде  етістіктерге  косылып  сын  есімдер  жасайды.  Мысалдар:  жасқаншақ,  еріншек, 
ұрыншақ, түртіншек — қазақ, ясанчук, уялчак, кизганчуқ, көнулчəқ, еринчəқ — ұйғыр. 
-қақ, -кек, -ғақ, -ғек  жұрнақтары  қазақ,  қарақалпақ,  -қоқ, -ғөқ — өзбек, -ғақ, -гəк, -қəқ, -кəк — 
ұйғыр, -гак, -гек — түрікмен тілдерінде сын есім тудыратын жарнақтар болып есептеледі. 
  жұрнағы — қазақ,  қарақалпақ,  -ув  түрікмен  тілдерінде  кейбір  етістіктерге  жалғанып  сын 
есімдер  жасайды.  Ал  басқа  тілдерде    жұрнағының  орнына  басқа  жұрнақтар  қолданалады. 
Сондықтан    жұрнағы  өзбек,  ұйғыр,  түрікмен  тілдері  үшін  қазақ,  қарақалпақ  тілдеріндегі  сияқты 
емес. 
Өзбек  тілінде  оқу — уқимоқ  арқылы  беріледі  де,  оның  сын  есім  тудыратын  жұрнағы  -иш — 
болып келеді: уқиш
Түрікмен тілінде оқу — окамак болып айтылса да, окув китабы деп жазылады [3; 80]. 
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнақтары қазақ тілінде, -лас, -лес қарақалпақ, -лаш, -даш, -деш 
қырғыз тілдерінде есім сөздерге қосылып, олардың бірдей, тең мағынада екендігін білдіреді. 
-дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы қазақ, қарақалпақ тілдерінде, -дай, -дей, -тай, -тей, -той, -дой
-дөй, -дей  қырғыз  тілдерінде  есім  сөздерге  қосылып,  салыстыру,  ұқсату  мағынасын  білдіретін  сын 
есім жасайды. 
-шаң, -шең жұрнақтары қазақ, қарақалпақ тілдерінде -чанг, өзбек тілінде зат есімдерге қосылып, 
сын  есім  жасайды.  Бірақ  өзбек  тілінде  бұл  жұрнақтың  өрісі  қазақ  тіліндегідей  кең  емес,  тек  қана 
санаулы сөздерге қосылады. 

М.А.Тұрсынова, Н.Ж.Исатаева 
48 
Вестник Карагандинского университета 
-ки, -қи, -аки, -и жұрнақтары қосылып, есімдерден туынды сын есім жасайды: пистаки, тушаки, 
қалбаки  т.б. Сол  сияқты  түрікмен  тілінде  де  -қы, -ки жұрнақтарының  жəрдемімен туынды  сын  есім 
жасала береді: гайрақы, илерки т. б. 
Қазақ тілінде -қой, -ғой жұрнақтары зат есімдерге қосылып, сындық мағынаға ие болатын жаңа 
сын есім тудырады: кəсіпқой, төбелесқой, жанжалқой, жеңісқой т.б. [3; 81]. 
Чуваш  тілінде  сапалы  сын  есім  теңестіру  дəрежесінде,  дəреже  келесі  түрде  құрылады:  а)  -ча, 
-чат, -вер, -сем,  күшейтпелі  бөліктердің  көмегі  арқылы;  ə)  инсе-инсе,  кан-канак  редупликациялық 
түбірдің  бөлігі  жəне  толық  жолы  арқылы;  б)  пуринчен  лайах — бəрінен  жақсы  анықтағыш  есімдік 
арқылы. 
Аффикстің  ішінде  қолданылатыны  мыналар: түбірлері  -ла (-ле)  болатын  сын  есімнен  құрылған 
түбірлер:  хаюлла — ержүрек,  тирпейле  —  тиянақты;  -сар, (-сер):  хаюсар — қорқақ,  тирпейсер — 
тиянақсыз; -хиирхи — таңғы, ыранхи — ертеңгі; түбірі етістіктен құрылатын; -чак (-чек) мухтанчак 
— мақтаншақ, именчек — ұялшақ; -ак (-ек): харак — құрғақ, серек — шірік. 
Якут тілінің сын есімі басқа түрік тілінің жəне семантикалық сын есімдерге қарағанда зат есімге 
қарағанда  морфологиялық  нақты  шектелген.  Біріншіге  қарағанда  олар  интенсивті  түрмен 
өзгешеленеді, ал екіншіге қарағанда олар пысықтауыш ретінде қолданылмайды. 
Ежелгі түрдегідей сын есімнің келесі аффикстерімен қолданылады: -ык: төгүрік — домалақ; -х: 
мөлтөх — əлсіз; -қас:  қуттақас — қорқақ;  -ыған:  этиген — сөзшең  (эт — сөйлеу);  -ымтыа: 
умайымтыа — жанармай [6]. 
Бұлардан басқа етістіктерден сын есім тудырушы жұрнақтар аз емес, бірақ солардың көпшілігі 
əрбір  тілдің  халық  тілі  болып  қалыптасу  дəуірінде  үлкен  өзгеріске  ұшырағанды  немесе  əр  тіл 
өздерінің  ішкі  мүмкіншіліктерінен  пайдаланып  өзіне  тəн  жұрнақтарды  жасап  шығарған,  басқа 
генетикалық байланысы жоқ болса да, мəдениет, экономика т.б. қатынастар арқылы біршама сөздерді 
де,  сонымен  қоса  олардың  жұрнақтарын  да  қабылдағаны  сезіледі.  Жалпы  алғанда,  басқа  тілдерден 
сөздерді  қабылдаса  да,  қосымшаларды  қабылдау  өте  сирек,  қабылданған  көпшілік  сөздер  де  сол 
тілдің ырқына еніп, сол тілдің қосымшаларын қосып алады. Етістіктерден есім жасаушы жұрнақтар 
жөнінде  де  осыны  айтуымыз  мүмкін.  Дегенмен  тілдің  мүмкіншілігі  шексіз  сияқты,  ол  өзінің  өмір 
жолында өзгеріп, дамып, байып барады. Бұған салыстырылған тілдер мысал бола алады. 
Демек,  сын  есімдер  ескі  уақыттардан  бері  қалыптасқан,  зат  есімдердің  түр-түсін,  сапасын, 
салмаған əр түрлі қасиетін анықтайтын, өзіне тəн шырай категориясы бар сөз табы болып есептеледі. 
Түркі  тілдердің  барлығына  ортақ  сапалық  сын  есімдер  деп  аталатын  негізгі  сын  есімдер 
өздерінің  табиғаты  бойынша  заттың  сан  түрлі  сыр-сипатын  білдіреді.  Бұндай  сапалық  сын  есімдер 
салыстырылған  тілдерде  лексикалық-семантикалық  мағыналармен  атқаратын  қызметі  бойынша  бір-
біріне ұқсас екендігі сезіледі. 
Түркі  тілдерінің  кейбіреулерінде  басқа  тілдерден  сын  есімдер  де  келіп  кірген,  кейін  сіңісіп, 
олардың өз сөзіне айналған. Ал ол сөздердің басқа тілден кіргендігі, түркі тілдерінің басқасында жоқ 
екенінен  сезіледі.  Өйткені  түркі  тектес  сөздердің  қайсысы  болса  да  көбіне  ортақ,  бірінде  жоғалса, 
басқаларында сақталады. Бұған мысал етіп өзбек тілін келтіруге болады. 
Қазақ  тіліндегі  сын  есімдер  мағыналық  жағынан  зат  есімдермен  ұштасса,  мəні  мен  қызметі 
жағынан  есімшелердің,  кейде  үстеулердің  кейбір  топтарымен  жалғасып  жатады.  Сын  есімдердің 
кейбір  түрлерінің  есімшелермен  байланысы  бірыңғай  формалардың  тілдің  даму  барысында  əрі 
есімше,  əрі  сын  есім,  кейде  үстеу  ретінде  қалыптасады.  Мысалы:  көк — түс  аты,  аспан — есімше 
тұлғасы,  сын  есім;  -қы:  шайқы — зат  есім;  -қыш:  тұтқыш — зат  есім,  тапқыш — сын  есім.  Түркі 
тілдеріндегі сын есімдердің бір ерекшелігі — оларды басқа сөз таптарынан ерекшелейтін, басы ашық 
тек  қана  «сын  есімдерге  тəн»  деп  қарауға  болатындай  морфологиялық  тұлғалардың  өте  аздығы. 
Айталық,  қазақ  тіліндегі  сын  есім  жасайтын  қосымша  -лы  түп  негізі  жағынан  -лық  қосымшасының 
тарихи  варианты.  Ал  -лық  көне  түркі  тілінің  өзінде  таза  сын  есім  жасайтын  қосымша  болмағаны 
мəлім, сын есімнің шырай түрлерін жасайды деп есептелетін тұлғалардың қалыптасуы тіл дамуының 
кейінгі  дəуірлерінде  болса  керек.  Бұлардың  бəрі  сын  есімдер  деп  аталатын  грамматикалық  топ 
түркілердің негіз тілі құрамына қатысты деп тұжырымдауға дəлел болмайды. Сын есімдердің басқа 
топтарынан  семантикалық  жəне  грамматикалық  жағынан  жіктелуі,  өз  алдына  топ  ретінде 
оқшаулануы тілдің даму барысында орныққан құбылыс болса керек. 
Түркі  тілдері  құрамында  сын  есімдер  екі  түрлі  жолмен  қалыптасқан:  есімдердің  контексте 
қолданылу барысында сын есімге айналуы; есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық 
жүйенің қалыптасуы. 

Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының ... 
Серия «Филология». № 1(73)/2014 
49 
Сын  есімдердің  қалыптасуы  есім  тұлғаларының  əуелгі  анықтауыштық  қызметке  ие  болып, 
соның  нəтижесінде  сындық  мəн  алып,  тұрақталуына  негізделеді.  Бұл  жолмен  жасалғандарға  қазіргі 
тіліміздегі негізгі сын есімдердің көпшілігі жатады, яғни қазіргі түркі тілдерінің барлығында кейбір 
фонетикалық өзгерістерімен қолданылатын көк, қара, қызыл, жасыл, сары жас, кəрі т.б. сын есімдер 
осы  жолмен  қалыптасқан.  Бұл  сөздердің  арғы  негізі  əр  түрлі  есім  де,  етістік  те  болуы  мүмкін. 
Айталық, қара сөзі зат есім мəнін де, етістік мəнін де білдіреді: қара көрінді, маған қарады
Сонымен,  осы  айтылғандардан  шығатын  қорытынды:  негізгі  сын  есімдер  о  баста  əр  түрлі  есім 
тұлғалардың  қолданысы  негізінде  қалыптасқан.  Жоғарғы  фактілерден  байқалып  отырғандай, 
трансформация жолымен түбір сөздер ғана емес, туынды түбірлерде де сын есімге айналған. Негізгі 
түбірлер  сапалық  сын  есімдерге  ұйытқы  болса, туынды  түбірлер  көбінесе  қатыстық  сын  есімдердің 
негізін  қалады.  Туынды  түбірлер  негізінде  қалыптасқан  сын  есімдердің  едəуір  тобы  қазіргі  тілде 
шырай қосымшаларын қабылдамайды. 
Ал,  сын  есімдер  жасаудың  екінші  жолы — оларды  басқа  сөздер  тобынан  ерекшелейтін 
морфологиялық  жүйенің  қалыптасуы — туынды  есім  түбірлердің  трансформация  жолымен  сын 
есімге  айналуына  негізделсе  керек.  Туынды  түбірлердің  текст  құрамында  қолданылу  барысында 
сындық  мəн  алып,  орнығуы  олардың  форманттарының  сын  есімдік  мəн  туғызу  тəсілдері  ретінде 
қайта  ұғынылуына  жағдай  жасады.  Осы  жолмен  есімдерден  сын  есім  жасайтын  -лы  жəне  -лық
етістіктерден  сын  есім  жасайтын  -қын, -ар, -қыр  т.б.  аффикстер  құралған,  сын  есім  жасаудың 
морфологиялық жүйесі қалыптасты. 
Қазіргі  түркі  тілдеріндегі  сын  есімдерді  морфологиялық  тұрғыдан  екі  топқа  бөліп  қарастыру 
қалыптасты. Ондай топтар: негізгі сын есімдер мен туынды сын есімдер. Негізгі сын есімдер тобында 
əдетте бүгінгі тіл құрамында бөліп қарауға келмейтін, түбір ретінде ұғынылатын сөздер жатады да, 
туынды  сын  есімдерге  қосымшалар  арқылы  басқа  сөз  таптарынан  (есімдер  мен  етістіктерден) 
жасалған сын есімдер жатады. 
Негізгі сын есімдер: ақ, қара, көк, қызыл, сары, ала, жақсы, зор, үлкен, кіші, тегіс, бай сияқты 
сөздер  барлық  түркі  тілдерінде  айтылады  (əрине,  əр  тілдің  немесе  тілдер  тобының  өздеріне  тəн 
фонетикалық  ерекшеліктеріне  сай).  Негізгі  сын  есімдердің  едəуір  тобы,  əсіресе  түр-түсті  білдіретін 
сын  есімдер  бүгінгі  түркі  тілдерінде  кейбір  фонетикалық  ерекшеліктерімен  түгел  қайталанып 
отырады. Мысалы: ала; ноғай: ала; ұйғыр: ала; алтай: ала; түрікмен, əзербайжан: ала т.б. Сол сияқты 
заттың  ерекшелігін  білдіретін  сөздер  түркі  тілдерінің  барлығына  дерлік  тəн,  мысалы:  жаңа,  көк; 
қазақ:  жаңа;  ноғай:  йаңы;  құмық:  йаны;  ұйғыр:  йени;  түрік:  йени;  əзербайжан:  йени;  чуваш:  джіні
қазақ,  ұйғыр,  қарақалпақ:  көк;  түрік:  гөк;  татар:  күк;  якут:  күрк;  чуваш:  кывак;  түрікмен:  гөөк  т.б. 
Сонымен бірге негізгі сын есімдердің кейбір түрлері, əсіресе заттың əр түрлі сапалық ерекшеліктерін 
білдіретін  сын  есімдер  жеке  тілдердің  қалыптасу,  даму  ерекшеліктеріне  лайық  өзгеше  болып 
отырады: бұл жерде, əсіресе чуваш тілін еске алу керек. Мысалы, чуваш: ваты — қартқария; віті — 
ұсақ,  майда;  хырақ,  хырах — жалғыз,  лутака — аласа,  домалақ.  Бұл  ұғымдар  көпшілік  түркі 
тілдерінде  басқа  сөздер  арқылы  беріледі.  Чуваштық  эквиваленттер  басқа  түркі  тілдері  мен  чуваш 
тілінің арасында белгілі дыбыс сəйкестіктеріне жатпайды, чуваш тілінің өзіндік дамуының нəтижесі 
болып табылады [7]. 
Сонымен  қатар,  сөздік  қордың  басқа  саласы  сияқты,  сын  есімдер  тобы  да  басқа  тілдермен 
байланыс  арқылы  толығып  отырады.  Чуваш  тіліндегі  лытқы — тыныш,  лутра — аласа,  янкар — 
шірік, шулятра — үлкен т.б. толып жатқан сын есімдер, өзбек тіліне араб, парсы тілінен енген сын 
есімдер т.б. осы жол арқылы қалыптасқандар. 
Туынды  сын  есім  жасайтын  аффикстердің  бірі  жəне  осы  қызметте  ең  жиі  қолданылатын  -лық, 
-лік. Бұл аффикске қатысты ескеретін бір жай — көне, ескі түркі тілдеріндегі бұл аффикс көбіне -лығ 
сипатында  айтылады  да,  əрі  зат  есім,  əрі  сын  есім  жасаған.  Бұл  аффикстің  -лық  варианттарының 
қалыптасуы — фонетикалық өзгерістерінің нəтижесі [1]. 
Сапалық  сын  есімдердің  қатарындағы  сөздердің  біразы  тарихи  жағынан  туынды  түбірлер  де, 
түбір мен қосымшаның жігі ажырамастай бірігіп кеткен. Мысалы, қызыл, жасыл, ұзын, үлкен тəрізді 
сөздер қызғылт, жасқылтым, ұзар, ұзақ, үлкейген, үлкею сияқты туынды сөздермен тарихи тұрғыдан 
түбірлес екені даусыз [8]. 
Мұндай аффикстердің ұяластығы бүгінгі тіл құрамында қолданылу ерекшеліктерінен байқалады. 
Мысалы,  қазіргі  қазақ  тіліндегі  -лы  орнына  -лық  немесе  керісінше  қолданылу  кездеседі:  аудандық 
жер, ауданды жер

М.А.Тұрсынова, Н.Ж.Исатаева 
50 
Вестник Карагандинского университета 
Қазіргі  түркі  тілдерінде  -лық  жəне  -лы  аффикстері  арқылы  жаңа  сөз  тудыру  қатыстық  сын 
есімдер  жасалуының  ең  өнімді  тəсілдері  болып  табылады.  Тува:  даштығ  (тасты),  дағлығ  (таулы), 
суғлығ  (сулы);  өзбек:  қурқничли  (қорқынышты);  хақас:  маллығ  (малды),  тоннығ  (тонды,  киімді); 
башқұрт:  ішлі  (етті).  Осы  тұлғалас  қатыстық  сын  есімдердің  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  семантикасы 
мен қолданысы көбіне ыңғайлас болады да, тілдер бұл жөнінде бір-бірінен пəлендей оқшау құбылыс 
байқатпайды. 
Дегенмен, қазіргі кейбір тілдерде бұл тұлғалы сын есімдердің өзгеше қолданысы да (көне түркі 
тілімен  салыстырғанда)  байқалады:  -лы, -лық  тұлғалы  сын  есімдер  кісінің  ұлт, мекенге  қатыстылық 
мəнін  білдіреді.  Мысалы,  қарашай:  қытайлы  (қытайлық),  оруслы  (ресейлік),  қарачайлы  (қарашай, 
қарашайлық);  түрік:  Истанбуллы  (стамбулдық);  түрікмен:  Морылы  (Морайлық);  өзбек:  Самарканли 
(Самарқандық) т.б. Мұндай қолданыс — -лы, -лық тұлғалы сын есімдердің семантикалық дамуының 
нəтижесі.  Түрікмен,  ұйғыр  тілдерінде  осы  мəнде  -лақ, -лек  аффиксі  де  қолданылады:  ітлек  (етті), 
музлақ  (мұзды).  Якут  тілінде  осы  мəнде  -тах, -тəх  аффикстері  айтылады:  аттах  (атты),  оғолох 
(ұлды). 
Қатыстық  сын  есім  жасайтын  аффикстердің  бірі  -шақ, -шек, -чан, -чен, -ча.  Бұндай  тұлғалы 
сөздер белгілі бір іске, əрекетке, əдетке ыңғайлылықты, икемділікті білдіреді. Қазақ: бойшаң; алтай: 
соғушчан  (төбелесшіл,  ұрысқақ);  татар:  талайчəн  (талайшыл);  өзбек:  сузчан  (сөзшең)  т.б.  Қазақ 
тілінде,  тағы  басқа  тілдерде  бұл  мəнде  -қақ, -кек  аффикстері  айтылады  (ұрысқақ).  Бұл 
айтылғандардан  басқа  есім  түбірлерден  сын  есім  жасайтын  аффикстер  мыналар:  -қы, -кі:  қысқы, 
жазғы; əзербайжан: ахшамыха (ақшам уақытындағы, кешкі); түрік: сабаһқы (ертеңгі), чуваш: сурки 
(көктемгі);  тува:  часқы  (көктемгі)  т.б.  -дақы, -декі  жоғарыдағы  аффикс  пен  жатыс  жалғау 
қосымшасынан  құралған:  ауылдағы,  үйдегі;  түрік:  чирдегі  (жердегі)  т.б.  Қазіргі  түркі  тілдері 
құрамында  сын  есім  жасайтын  аффикстердің  саны  едəуір.  Бірақ  олардың  көпшілігі,  жоғарыда 
айтылғандардан  басқалары,  өнімсіз,  азын-аулақ  сөздер  құрамында  ғана  кездеседі.  Мысалы, -ғай 
аффиксі  қазақ  тілінде  қапсағай  тəрізді  бірен-саран  сөздің  құрамында  ұшырайды.  Ал,  татар  тілінде 
айтылатын -лач, -леч аффикстері (итлəч — етті, йыплач — жүндес) қазақ тілінде атымен кездеспейді. 
Немесе қарашай-балқар, түрік тілдеріндегі -ман (ақылман, қараман), алтай тіліндегі -сығ (дашсығ-тас 
сияқты),  қазақ  тіліндегі  -гөй  (ақылгөй)  тəрізді  аффикстер  көбіне  аталған  тілдерде  жəне  бірен-саран 
сөздер құрамында айтылады. Сондай-ақ жеке аффикстердің белгілі бір тілдер құрамында қолданылу 
дəрежесі  де  бірдей  болып  келмейді.  Мысалы,  қазақ  тілінде  -ман  аффиксі  сын  есім  жасамайды,  ал 
қарашай-балқар,  түрік  тілдерінде  сын  есім  жасайтын  аффикстер  қатарына  жатады.  Сол  сияқты  -сақ 
аффиксі қазақ тілінде кейбір есімдерге қосылып, субъектіні басқалардан ерекшелейтін қылық-мінезге 
үйірлігін білдіретін сын есімдер жасайды: сусақ, малсақ т.б. Бірақ шай, айыр, балық т.б. есім сөздерге 
жалғанбайды,  яғни  сондай  зат  есімдерден  сын  есім  жасамайды.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  мұндай 
қолданыс қазақ тілінде норма емес, ал алтай тілінде арақызақ (арақ құмар), ұйқұзақ (ұйқышыл); тува 
тілінде  айунзақ  (ойынға  құмар),  чайымсақ  (шайқұмар),  балығымсах  (балыққа  құмар),  якут  тілінде 
этімсех  (етке  құмар,  етқұмар)  т.б.  Қазақ  тілінде  мұндай  жағдайда  -шыл, -қор, -құмар  тəрізді 
қосымшаларды қолданар еді. Қолданысқа байланысты мұндай ерекшеліктер көбіне əдеби тілдің даму 
ерекшеліктерімен ұштасып жатады. 
Ақ, қара, сары, көк, сұр,  биік, үлкен, аласа,  жылы, жұқа, қалың, тік, ірі, кіші  сияқты  сапалық 
сын  есімдерді  алсақ,  қазіргі  кезде  олардың  қай-қайсысы  болса  да,  тиісті  морфемаларға 
бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер ретінде 
түсініледі.  Ал,  туынды  бойшаң,  алғыр,  білгір,  өткір,  ашпалы,  жаппалы,  қалалық,  ауылдық,  сөзшең, 
сөзуар  сияқты  қатыстық  сын  есімдерді  алсақ,  олардың  бəрі  де  тиісті  түбірлер  мен  жұрнақтарға 
мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын 
есімдер екені аңғарылып тұрады. 
Сөйтіп,  сын  есімдерді  морфемалық  құрамдарына  қарай,  негізгі  сын  есімдер  жəне  туынды  сын 
есімдер  деп  бөлуге  болады.  Бірақ  оларды  осылайша  жіктеу  шартты  нəрсе  екенін  есте  ұстау  қажет, 
өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, 
туынды  сындар  болып  келеді.  Мысалы:  тұнық,  суық,  сұйық,  сирек,  тілік,  сергек  сияқты  сындар 
бастапқы  тұн,  суы,  ары,  сире,  тіл,  сергі  деген  етістіктерден  туған.  Сондай-ақ  ащы,  тұщы  сияқты 
сындардың əуелгі формасы ашты, тұшты дегендер болған да, кейін белгілі дыбыстық өзгерістерге 
ұшырап,  бөлінбейтін  түбір  сөздерге  айналып  кеткен.  Ал,  толы,  пісі,  кіші  сындары  да  бастапқы 
толық, пісік, кішік деген формалардан ықшамдалған, кебу (отын) сияқты сындар да кепкебік деген 
етістіктерден  туған.  Əрине,  мұның  бəрі  бір  күнде  емес,  замандар  бойы  тілдің  грамматикалық 

Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының ... 
Серия «Филология». № 1(73)/2014 
51 
құрылысы  мен  негізгі  сөздік  қорының  қарым-қатынасынан  туып,  тілдің  даму  заңына  лайық  бірте-
бірте қалыптасқан жəне сол заң бойынша орныққан. 
Тіл-тілдегі сөздердің семантикалық жақтарында жалпылық та, ұқсастық та, тіпті пара-парлық та 
бола  береді,  өйткені  сөздің  семантикасы  ойлау  категориясымен  тікелей  байланысты  болады;  ойлау 
қабілеті  арқасында  ақиқат  өмірдегі  құбылыстардың  бəрі  де  адамның  ойлау  елегінен  өтіп 
қабылданады. Ал тілдің грамматикалық құрылысын алсақ, оның сипаты бұлай емес. Жүйелері басқа-
басқа  тілдер  былай  тұрсын,  шыққан  төркіні  бір,  туыстас  тілдердің  өздерінің  де  грамматикалық 
құрылыстарында өздеріне ғана тəн ерекшеліктері бола береді. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. — Алматы, 1976. — 239 б. 
2  Айдаров Ғ., Құрышжанов Ə., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. — Алматы, 1971. — 272 б. 
3  Нұрмаханова Ə. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. — Алматы: Мектеп, 1971. — 288 б. 
4  Исследования  по  сравнительной  грамматике  тюркских  языков. II. Морфология. — М.:  Изд.  АН  СССР, 1956. — 
C. 145–150. 
5  Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1992. — 57-б. 
6  Языки мира. Тюркские языки. — Бишкек: Кыргызстан, 1997. — С. 410. 
7  Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. — М.: Наука, 1988. — С. 41. 
8  Қазақ грамматикасы. — Астана, 2002. — 461-б. 
 
 
 
М.А.Турсунова, Н.Ж.Исатаева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет