№18 16 ауысым 22 желтоқсан 2022 жыл (ауысым сайын) «наррү 2022» жаңа жылдык шытырман



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата15.02.2023
өлшемі8,14 Mb.
#68143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
өткізіліп, 
тәуелсіздіктің 
қадір-қасиеті 
оқушыларға 
кеңінен 
түсіндіріледі. Әр ауысым сайын демалысқа келген оқушылардың 
ішінен «Ел жанды патриот» жас патриоттар академиясына 
оқушыларымызды қабылдаймыз. 

Биыл тәуелсіздігіміздің 31 жылдық мерекесіне орай 
орталығымызда Жас патриоттар академиясының мүшелерімен 
бірігіп «Тәуелсіздік» тақырыбында үлкен кездесу болып өтті. Іс-
шараның негізгі мақсаты патриоттыққа тәрбиелеу. 
Еліміздің Мәңгілік Ел болып қалыптасуы үшін әрбіріміз күш 
жігерімізді салып, тіліміз бен дінімізді, елтаңбамыз мен туымызды, 
ән ұранымыз бен бостандығымызды сақтап қалуымыз қажет. Ел 
тәуелсіздігінің 31 жылдық мерейтойы құтты болсын! Тәуелсіздігіміз 
мәңгі болсын!
 


БАЛДӘУРЕН-
тынысы 
 
 
ЕРНАЗАРОВА Айнұр Шүкірқызы, 
«Балдәурен» РОСО филиалының 
 ұйымдастырушы-ұстазы. 
Түркістан облысы, Төлеби ауданы 
 
Жылдың ең 
үздік ауысымы 
Достық. Ғажайып. Ертегі. Шытырман. Сиқыр.
Бұл сөздердің барлығы 2022 жылдың «Happy - 2022» жаңа жылдық 
шытырман – Балдәуренде» жас өнер жұлдыздарының республикалық 
кездесуі 16-ауысымына тән. Нағыз сиқырдың салтанат құрар шағы – жаңа 
жылдық көңіл-күймен тұспа-тұс келген ауысымда тосын сыйлар мен 
таңғалдырарлық жәйттар көптеп орын алды.
Ауысымға нағыз талантты, дарынды, өнерлі достарымыз жиналып, 
ауысымның көркін келтірді. Жаңа жылдық тосын сыйларға толы ауысым 
ел еңсесі тіктеліп, егемендікке қол жеткізген күнмен тұспа-тұс келіп 
жатты. Және айтулы мерекені балдәурендіктер өз деңгейінде атап өтіп
тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткен күн мен оған жету жолындағы тар жол 
тайғақ кешуді мәңгі есінде сақтап, қадірлейтіндіктерін айғақтай түсті.
Ауысым нағыз таланттардың жұлдызын жағатын, шығармашылық 
қабілеттерін шыңдай отыра өзіндік өнерлерін ортаға саларлық іс-
шаралармен көркемделе әрі қызықты бола түсті. Ауысымның алғашқы 
сәтінен бастап, өздерін ұйымшыл топ мүшесі ретінде көрсете білген әрбір 
бала жаңа отбасы мүшелерімен бір қатарда тұрып, олар нағыз сыналатын, 
сол ретте ең ерекше сәт болып табылатын топ визиткасын қорғау кешіне 
белсене қатысты. Және барлық топтарда осынау бір кеште жеңімпаз 
атанды. Жеңістері – ұйымшылдықтары, бауырмалдықтары және 
достықтары болып табылған бұл кеш бұрынғыдан өзгеше еді.
Шығармашылық ауысымы болған керемет жиырма күнге 
лайықталып қойылған іс-шаралардың ең негізгісі «
Baldauren Got Talent
» 
мега жобасы. Жобаға үлкен іріктеуден өткен қатысушылар 3 кезеңге 
созылған қызықты да күрделі, тартысты да табысты өнер көрсетті. 
Ауысым қатысушылары бойларындағы тұнған таланттарымен қатар
нағыз білімді, патриот, ел ертеңі болар елжанды өрендеріміздің 
қатарынан көріне алды. 2022 жылдың ең үздік ауысымы болды деген 
сенімдемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет