№18 16 ауысым 22 желтоқсан 2022 жыл (ауысым сайын) «наррү 2022» жаңа жылдык шытырман



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата15.02.2023
өлшемі8,14 Mb.
#68143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
БАЛДӘУРЕН-
тынысы 
 «Чемпион» СМ ойындары 
Баскетбол, фудбол, күрес, дойбы, 
шахмат, пионербол, көңілді старт – бұл 
сөз тіркестерін есіткенде жалпы спорт 
түсінігі ойға келеді. Орталыққа келіп 
оң-солын таныған балалар үшін 
ұйымдастырылған 
қысқы 
спорт 
ойындарымен қатар «Үстел үсті спорт 
түрлері», «Арқан тартыс», «Sport time» 
спорттық-танымдық ойыны, «Жастар» 
мен «Балдәурендіктер» командасы 
арасындағы жолдастық кездесулер 
бәрі-бәрі екі күндік өз жалғасын тапты. 
Оқушыларымыз жекелей және топтық біріншіліктер бойынша өзара сынға 
түсіп, озық болғандарымыз марапатталды. Оқушылар мен «Жастар» арасында 
салауатты өмір салтын насихаттап, кез-келген уақытта болсын спорттың 
бірнеше оңтайлы түрімен айналысуға боларын спорт нұсқаушыларымыз тағы 
да дәлелдеді. Екі күнге созылған жарысымыз өз мәресіне жетіп, оқушылар өз 
жүлделі орындарын қанжығаларына байлады.
 
 
 


БАЛДӘУРЕН-
тынысы 
«Ән жырымның арқауы – Тәуелсіздік!» 
патриоттық әндер байқауы 
Музыка өнерінің анағұрлым кең 
тараған түрі ән болып табылады. Ол - 
ел тарихының ғана емес, белгілі бір 
тұлғалардың өмір тарихының да 
куәгері әрі қатысушысы. Ән халықтың 
жаны ғана емес, оның өмірінің шындық 
айнасына айналған ақиқат. Бүгінгі күні 
де 
патриоттық 
әндердің 
ролі 
бұрынғыдай, 
өз 
маңыздылығын 
жоғалтқан жоқ. Патриоттық әндер 
үлкен күшке ие. Ол адамның рухын 
оятып, ерлікке жетелейді, жүрегіне 
елжандылық сезімін - Отанға деген 
сүйіспеншілік сезімін құяды.
Патриоттық әндер кеші жастарға 
өздерінің кіші отанының тарихына 
үңілуге, мәдениеті мен дәстүрлерін 
тануға көмектесті. Жас жеткіншектер Отанға қызмет етуге дайын 
екендерін танытты. Ұйымдастырушы-ұстаздар балалармен бірге іс-
шараға мұқият дайындалды: әннің мәтінін жаттады, атрибуттарды, киім 
формасын өз қолдарымен жасады, сахнаға соны тәсілмен шығуды 
үйренді. Кеш бойына мерекелік көңіл-күй сезіліп тұрды. Залда отырған 
ересектер мен балалар да орындаушыларға қосылып шырқады. Әр ән 
орындалған, әр отряд өнер көрсеткен сайын ду қол шапалақтап
көрермендер ризашылық сезімдерін білдіріп жатты! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет