БАЛДӘУРЕН-
тынысы
«Тапқыр достар» танымдық ойын
Ойын – бұл бала үшін ой
иелігінен
өткен құбылыс, бала
өз еркімен ойынға қатысып,
жаңа тәжірибе алмасып, одан
алған білімі оның жеке байлығы
болады, сондықтан оны басқа
жағдайларда қолдана алады.
Алған
тәжірибесі балаға өз
ойында қолдануға мүмкіншілік
беріп, оның шығармашылық
ұсынысын
дамытады.
Зияткерлік,
танымдық,
интелектуалдық
ойындарды
ұйымдастыру арқылы балалардың білімдерін одан әрі толықтырып, дұрыс
бағыт бағдар беріледі.
Орталықта көптеген танымдық, зияткерлік ойындар
ұйымдастырылып отырады.
Ауысымның орта беліне келе патриоттық пен елжандылыққа елітер
ауысым тақырыбына сай негізгі іс-шаралардың бірі «Тапқыр достар»
зияткерлік сайысы болып өтті. Бала бойына ел мен жерге деген махаббат пен
жанашырлықты дәріптей отырып, жылдамдыққа, мектеп қабырғасында жүріп
алған білімдерін таныта келе жеңіске деген құштарлығын, табандылығын тағы
да сынға салды.
Сайысты қорытындылай келе, ең алғыр, ең білімді балалар
марапатталды.