18 қараша 2014 жыл Ел ер «Балдә «алтын күЗ – 2014»



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата09.01.2017
өлшемі3,14 Mb.
#1521
1   2   3   4   5   6   7

Нұргүл СЕРИКОВА

М.Горький атындағы Орал  қалалық кітапхананың 

№2 филиалының  кітапханашы                                                                                                                                      

КіТап – біздің  

досымыз

             Рухани жан дүниеңе демеу беріп, 

адамның  адами  қасиетін  арттыратын  да 

осы кітап, осыдан барып, кітапсыз өмірімізді 

елестету    де    қиын  екенін  түсінеміз.  Сонау 

сан ғасырлық тарихымыз бізге хатқа түскен  

кітаппен  жеткен  жоқ  па?  Соған  қарап 

біз  өткен  өмірімізді  көз  алдымызға  алып 

келеміз.  Тәрбиеміздің  бастауы  ертегі,  жыр 

дастандарымыз  да  бүгінгі  ұрпаққа  кітап 

болып жетті. «Кітап - біздің досымыз» атты 

кешті  өткізудің  мақсаты:  Кітап  мәртебесін 

көтеру,  кітапты  сүйе  білуге  баулу,  кітап  оқу 

мәдениетін  қалыптастыру,    ана  тілімізге 

құрметпен қарау, рухани  мұраны сақтау. Біз 

бұл кеште  «ЖасҰлан» балалар  ұйымының  

министрлерімен    бірге    жұмыс  атқардық. 

Мұнда  1-11-сыныптар  барлығы қамтылды.  

Кеш  барысында  «Мұңлы  кітаптар»  атты 

көріністер,  көркем  сөздер  оқылып,  әдеби 

саздармен  ұласты.  Оқулықтармен  жұмыс 

жасау әрқашан жалғаса бермек.     



                  

Меруерт АБАЕВА  

Соналы ЖОББМ-нің 4-сынып оқушысы 

Қаратөбе ауданы,

Шаяхметов Чингисхан

3 “д” сынып



№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

6

  Қариялар – қазыналарымыз

Балалығымызды кешіргейсіз

Шәкірт тебіренісі

Қазіргі  балаларға  сабақ  беруде  оңай  емес  шығар.  Кейде  мен  мұны  ұстазым  –  Түсіпбаева 

Балғаным  Әлімгерейқызының  жанарынан  ұғамын.  Шаршаңқы  жүзін  көрсетпей  күлімсіреп, 

әрқайсымызды  аялай  жүріп  сабағын  түсіндереді.  Сабырлығы  соншалық,  бір  шын  ренжігенін 

көрмеппін. Әлде ұстаздар, адам ретінде ренжісе де, мектепте жан-дүниесі өзгеріп шыға келе ме, 

түсіне алмадым. 

Біз  биыл  бастауыш  пен  қоштасамыз.  Есейіп,  ортаңғы  буынға  өтеміз.  Бірақ,  Балғаным 

апайымыздың сабырлығы мен жан-дүниесінің тереңдігін еш ұмытпаспыз. «Білімді де саналы бол 

бол, ата-анаңды ортаңды аялай біл» деген апайымның сөздері құлағымда жаңғырып тұрары хақ. 

Аяулы апайым! Сыныптастарым атынан сізден өтінерім, кешір біздің балалығымыз болса, Сіз 

біздің жадымызда алғашқы ұстаз болып мәңгі қаласыз. Аман жүріңіз, күліп жүріңіз өтінем Сізден!

Гүлсая ТОРҒАЙ

А.Байтұрсынов атындағы

№10ЖОББМ-нің , 4 «г» сынып оқушысы

«АРМЫСЫҢ, 

АЛТЫН КҮЗ!»

Айналам толы сарғыш әлем... сап-

сары  жапырақ...  Күн  де  сары...  жер  де 

сары...  Аспандағы  әңгелек  күн  мен 

жер  беті  біте  шайқасқан  шақ...  Қош 

бол,  қызыққа  толы  жазғы  күндер...  

Армысың, Алтын Күз!

Жасөспірімдердің 

бойында 

жер-


жаһанды  сұлулыққа  бөлеген,  табиғаттың 

тамаша мезгіліне деген құрмет пен жазира 

дархан  даланың  молшылығын  сезіндіру, 

табиғат  сұлулығын  сақтап,  экологияға 

деген  көзқарастарын  қалыптастырып, 

эстетикалық талғамын дамыту мақсатында 

№40 орта мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай 

балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының 

ұйымдастыруымен «Армысыз, Алтын күз!» 

патшалығы  сарайында  мерекелік  кеші 

өтті.

 «Алтын жапырақтар» биімен ашылған 



сайыс әдеттегіден өзгеше өтті. Патшалыққа 

алыс-алыс  белдерді  алтын  кілемге 

орап,  сұлулық  пен  молшылықты  жанына 

серік  етіп  сағына  жеткен  «Алтын  тақты 

Күз  ханшайымы»  келіп,  өзінің  «Алтын 

себетіндегі» 

түрлі 

жеміс-жидектерде 



берілген  сайыстың  шарттарын  және 

сайыстың үш буында өткізіліп, бес кезеңді 

қамтитынын жариялады. Алғашқы «Сырлы 

әлем»  кезеңінде  әр  сынып  түрлі  жеміс-

жидектер бейнесінде ойын бағытында әзіл 

әнмен  таныстырса,  үй  тапсырмасы  «Біз 

осылай  өсеміз!»  кезеңінде  топқа  берілген 

жеміс-жидектің өсу технологиясы жөнінде 

айтылды.  «Күз  сыйы»  айдарында  әр 

сынып  жеміс-жидекті  себет  дайындап, 

«Ханшайым  назы»  кезеңінде  Күз 

ханшайымының  себетінде  берілген 

жұмбақтардың жауабын үш тілде шешуін 

тапты. Бастауыш сыныптар «Ертегілер 

патшалығына саяхат» сәтінде әр сынып 

бір ертегіні сахналап, 5-7-сыныптықтар 

«Сары  күздің  әзілі»  айдарында  әдемі 

әзілдерін  сыйлады.  8-11-сыныптарға 

арналған 

сарай 


патшалығының 

басты  кейіпкерлері  Ханзадалар  мен 

Ханшайымдар  бал  кешін  өткізуге 

арнайы «Ханшайым-2013» - Шәуменова 

Әйкерім  мен  «Ханзада-2013»  Өтегенов 

Жарқын  шақыртылып,  кешті  жүргізді. 

Патшалық  иелері  өз  жарлығын  жариялап 

«Сәннен  хабарың  бар  ма?!»  сәтінде 

кешке арнайы дайындаған сән үлгілерінің 

үйлесімділігі  бағаланса,  «Әсем  әуен 

толқынында  тербелейік»  кезеңінде  әдемі 

вальсты тамашалап, «Ертегі сыр шертеді» 

кезеңінде  апта  бұрын  жеребе  суыру 

арқылы  таңдалған  ертегі  желісі  бойынша 

түсірілген ертегілерін тамашаладық. «Сізге 

арнаймын...»  айдарында  Ханзадалар  өз 

Ханшайымдарына «Күз сыйы» себетіндегі 

берілген күзгі өнімдерді пайдалана отырып, 

өз жұбына сыйлық жасады.   

Байқауға 

әділқазылардың 

сын 


көзбен  қарап,  өткір  де  өтімді  шешім 

қабылдауының нәтижесінде 1-4-сыныптар 

арасындағы сайыстан І орынды  2 «а», «ә» 

сыныптарының «Қызанақтар» және 4 «ә», 

«б»  сыныптарының  «Орамжапырақтар» 

топтары  өзара  бөліссе,  5-7-сыныптар 

арасынан  оза  шауып  І  орынды  6  «а» 

сыныптың  «Жауқазын»  тобы,  6  жұптың 

арасынан  «Жас  Ұлан»  бірыңғай  балалар 

мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері 

10  «а»  сыныптан  «Күз  Ханшайымы»  - 

Бастенова Гауһар және «Күз Ханзадасы» 

атағына - Есімбеков Даниярды лайық деп 

тапты.  Байқау  қорытындысы  бойынша 

жеңімпаздар  мектеп  әкімшілігі  атынан 

дипломдар 

мен 

алғыс 


хаттармен 

марапатталды.



Сандуғаш ЖУМИЕВА

№40 жалпы орта білім беретін мектеп  

директорының тәрбие ісі 

жөніндегі орынбасары

    Бізге жақында ұстазымыз Айнұр Мұратқызы қарттар күні туралы әңгімеледі. Өз ата-анасын 

құрметтемейтін, оларды қарттар үйіне тапсырып жіберетін адамдар бар екен. 

Соны естігенде таң қалдық.

     Қариялар – біздің ата-әжелеріміз. Олар біздің ата-аналарымызды өсірді, 

бақты, оқытты, ал қазір немерелерін бағып жатыр. Менің әжем бар. Оның он 

үш  немересі  бар.  Ол  біздің  бәрімізді  жақсы  көреді. 

Біз  келгенде  –  қатты  қуанады.  Дәмді  тамақ  пісіріп 

қояды. Біздің айтқанымызды істейді. Ешқайсымызға 

ұрыспайды.  Жайлап  ақыл  айтады.  Мен  өскесін 

әжемді бағамын. Оны дәрігерге, қонаққа, тойға ертіп 

апарамын.  Әдемі  орамалдар  сатып  алып  беремін.  

Басқа  елдерге  қыдыртамын.  Мен  өз  әжемді,  ата-

анамды  ешқашан  қарттар  үйіне  апармаймын. 

Қарттар  үйі  деген  болмауы  керек.  Әр  қарияның  өз 

үйі болуы керек.

 Суретте Қасым әжесі Нәсіпханыммен бірге

Жетіс ҚАСЫМ

№ 46 ЖОББМ-нің 2 «Б» сынып оқушысы

  Менің сыныбым

Мен  3  «А»  сыныбында  оқимын.  Біздің  сыныпта  21  оқушы  бар. 

Балалардың бәрі тату-тәтті. 

Ұйымшыл. 

Сабағымыз 

да 


жақсы. 

Сыныптың 

оқушылары  өте  өнерлі.  Біз 

мектепте  өтетін  барлық 

шараларға 

 

қалыспай, 



қатысып  жүреміз.  Осының 

барлығы  менің  алғашқы 

ұстазым –Ахметова Бибігүл 

апайға  байланысты.  Менің 

апайыма 

деген 


шексіз 

алғысымды  газет  арқылы 

білдіргім келеді.

 Бахтияр ТӨЛЕП,

Шежін ЖОББМ-нің  3 «а»сынып оқушысы, Екінші Шежін ауылы,

Тасқала ауданы,

Әрбір сабақ 

қызықты

   1 қыркүйектен бастап, біздің сыныпта сабақтар қызықты 



өтеді.  Себебі  біздер  топқа  бөлінеміз.  Топта  6    адамнан 

отырамыз.  Күнде  топ  мүшелері  ауысып  келеді.  Бізге  осылай 

өткен  сабақтар  ұнайды.  Өйткені  түсінуге  де  оңай.  Өзара 

ақылдасамыз,  тыңдаймыз,  бір-бірімізді  бағалаймыз.  Әдемі 

әуендерге  де  сергіту  сәтін  жасаймыз.    Болашақта  да 

сыныбымыз тату, ұйымшыл болатынына сенеміз. 



 Айназ БАЯНОВА

№ 46 ЖОББМ-нің2 «Д» сынып оқушысы

«Самал» газетін сүйіп 

оқитын оқырмандардан

   

        Құрметті  Самал  газеті!    Біз 



№  46  жалпы  орта  білім  беретін 

мектептің              2  «Д»  сыныбында 

оқимыз. 

Сыныбымызда 

26 

оқушы  бар.  Біздер  өзара  тату-



тәтті,  ұйымшыл,  бауырмал,  үлгілі 

оқушылармыз.  Әрбір  күнде  асыл 

сөз  бен  бір-бірімізге  ақ  тілектер 

айтуға  асығамыз.  Ал  осы  асыл 

сөздерді  «Самал»  газетін  оқи 

отырып,  жинақтаймыз  деп  сынып 

оқушылары 

биылғы 


жылы 

басылымға    жазылдық.  Біз 

газетті  сүйіп  оқимыз.  «Самал» 

газетінде  жұмыс  жасайтын 

Жұмажан  ағайымызға  алғыс 

айтып,  үлкен  қуаныш  тілейміз. 

Біздер  сияқты  балалардың 

қуанышына  бөлене  беріңіз.



№ 46 ЖОББМ-нің 

2 «Д» сынып оқушылары 

№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

7

 «Қат


Ұстаз - шәкірт  жанының  бағбаны

Ұстазым, менің ұстазым



 СЫЙЛАР ЕМ...

Ұстаз, ана – ардағым

Жырымның сізге арнап бәрін,

Үлгерген шақта күзді арбап та мұң.

Өзіңізге әкеп сыйлар ем, сансыз

Әлемнің сұлу қызғалдақтарын. 

Жанға нұр себелеп керім,

Ақының отыр елеп өткенін.

Мәрмәрдан соққан берем ем, сізге

Маңғаз ғаламның кереметтерін.

Жолыңды заңғарға ашқаның,

Толтырса арманмен таңдар бастауын...

Төрт мұхиттың да тұндырып алып,

Әкелер ме едім, балбал тастарын?..

Көңілің ұнап қалды да,

Теңемен... таза бұлақ, қарды да.

Шәкіртің, әттең, Жаратушы емес,

Жайып тастауға Жұмақты алдыңа.

Жан емен тегі жас сауған,

Көрерсің, мүмкін, мені де асқардан.

Ол сәт келгенше сыйлап кетейін,

Жарық жұлдызды теріп аспаннан.

Еңбекті көлемдеп едік,

Бұл күнде, ұстазым, өрең де берік.

Аз айыбым ба?..Ғажайыбымды

Сыйлайын, сізге, өлеңмен өріп.

Кезіккен сынағандар да...

Қолыңды ұсындың құлағандарға.

Барлығын жиып тарту етейін,

Бәрі де лайық Ұлы адамдарға!

                



Мәрлен ҒИЛЫМХАНОВ                                        

Жаңақала ЖОББМ 11- сынып оқушысы

Жаңақала ауданы,

Мұғалім - қоғамдағы басты тұлға. Өйткені болашақ жастардың қолында екені рас болса, сол жастар ұстаздан 

тәлім алмай ма? Ұстаз – өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын жан. Оның әр сөзі, ісі, жүріс- тұрысы 

аса бір сақтықпен, байыппен, сабырмен өлшенеді..Ұстаз үнемі шығармашылықтың,  жаңадан жаңаны табудың 

маманы. Бүгінгі ақпараттық заман ұстаз еңбегінің еселенуіне, қиындай түсуіне әсер етуде. Американдық ғалым 

Ульям Артур Уардтың: «Жай мұғалім - айтады, жақсы мұғалім- түсіндіреді, жоғары мұғалім - көрсетеді, ал ұлы 

мұғалім - шабыттандырады» деген сөзі бүгінгі күнгі мұғалімнің  бейнесін таныта түскендей.  Осындай ұстаздар 

қатарынан  өзім білім алып  жатқан Соналы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 

мұғалімі Нұрғаным Сағынбайқызын көруге болады деп ойлаймын. Ол білімді, ізденгіш ұстаз. Бар білгенін шәкірт 

санасына сіңіруден жалықпай, бізден зор үміт күтеді. Сынып жетекшіміз ретінде де барлығымызға бауырмал, 

жанашыр. Ол бізге тек білім беріп қана қоймай, өз бойындағы  адамгершілік қасиеттерін үйретеді. Қай кезде де 

бізге көмек қолын созуға, ақыл кеңесімен ой бөлісуге дайын. «Ұстаз- ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе,  шәкірт-

шәкірт емес өз ұстазын сүймесе» дегендей, біз де ұстазымыздан алған тәлімімізді  болашақ өмірге үлгі еткіміз  

келеді.


Ақбөбек ЗАҢҒАЛИЕВА

                                                        Соналы ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы 

                                                        Қаратөбе ауданы

Барлық ғалым да, шахтер де, президент те, инженер де осы ұстаздың тәлімімен алға қарай қадам басып, 

талай биіктерді бағындырған. Ең алғаш қолға қалам ұстатқызып, әліппені жаттатқызатын кім? Әрине, ұстаз. Ал 

сол мектеп қабырғасында жүрген кезінде шалалығыңды жасырып, балалалығыңды асыратын кім? Ол да ұстаз. 

Мен 2009 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа имене басып келгенде, қолымнан ұстап 

партаға отырғызып, басымнан сипаған ең алғашқы ұстазым- Темірғалиева Назым Фатихқызы. Менің ол кісіге 

деген  алғысым  шексіз.  Себебі,  оқушы  білімінің  бастапқы  іргетасы  қалай  қаланса,  кейінгі  болашақ  өміріндегі 

жолдары жарқын болады. Өйткені, ол кісінің біз үшін сіңірген еңбегі орасан зор. Біздің қуанған және мұңайған 

кезімізде жанымыздан табылып, анамыздай бізді аялаған, сыныптағы бар баланың тілін тауып, өзінің табиғатына 

лайық сабырлы мінезімен баурап алатын қасиеті біз үшін үлгі-өнеге. Жарық дүниеге әкелген, өмір нәрін сепкен 

анамызға қалай қарыз болсақ, қателігімізді түзеп, осынау жарқын өмірге жол сілтеген ұстаздарымызға да сондай 

қарыздармыз.

  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  Үйретуден  балаға»,-  дейді  Абай  атамыз.  Шынында  да  бүкіл  жан-тәнін  бала 

тәрбиесіне  арнап,  барлық  баланы  бес  саусағындай  көретін  асыл  жандарға  жетер  жан  бар  ма?  Сондықтан 

да, осынау асыл жандардың еңбегін зая кетірмей, үмітін ақтау біздің борышымыз деп білемін. Бізге әрқашан 

қамқоршы бола білген, білім шыңына жетелеген,  бізді мектептен күтіп, күліп қарсы алатын мектебімдегі барлық 

ұстаздарымды құрметтеймін. Өмірде қандай мақтау,мадақтаулар болса, соның бәріне барлық ұстаздар қауымы 

лайық деп ойлаймын. Сіздерге мың алғыс! 

                                                                      

Айсана ҚАБОШЕВА

Сатыбалды ОББМ-нің 6-сынып оқушысы

Сатыбалды ауылы, Казталов ауданы

Отбасы – бақытым

  «Отбасы - бақыт мекені». Олай деуіміздің себебі 

әр адамның өз отбасы болса, одан асқан қандай бақыт 

бар.    Менің  есімім  -  Камила.  Мен  нағашыларымның 

қолында  өсіп  -  жетіліп  келемін.  Менің  отбасымда 

аяулы асыл жан әжем бар. Біз әжемізді құрмет тұтып, 

әрқашан жүз жасасын деп тілейміз! Өз басым әжем көз 

алдымызда жадырап, күліп, ақылын айтып жүре берсе 

екен  деймін.  Әжеміз  арқылы  шың  биіктің  де  қадірін 

түсінеміз.  Әжем  біздерді  бір  уысына  жинап  алып 

қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқтырмай  аялы 

алақанында өсіріп жатыр. 

  Менің  екі  ардақты  анам  бар.  Анам  –  Задагүл, 

жеңгем  -  Аймаш.  Мен  оларды  қатты  жақсы  көремін. 

Екі туған ағам, екі нағашы ағам, екі нағашы апам, бір 

нағашы інім бар. Ағаларым Рысбек балажан, Ұлықбек 

ақкөңіл  жандар.  Нағашы  ағаларым  Санат,  Ельдар. 

Олар да бауырмал, пейілі кең адамдар. Нағашы әпкем - 

Альбина. Әпкем тек беске оқуды ғана білетін. Енді міне 

кішкентай  үш  -  төрт  жастағы  бүлдіршіндердің  сүйікті 

ұстазы. Мен әпкемнен үлгі алып келе жатырмын. Менің 

Манат есімді інім бар. Ол сондай сүп - сүйкімді. Ешкімге 

тиіскізбей, қамқор болып жүремін. Біреулер тиіссе, інім 

жылайтын.  Ол  жыласа  менің  жүрегім  қан  жылайтын. 

Жүрегім  жұмсақ    жанмын  .Қатыгез  адамдармен  дос 

болғым  келмейді.  Інім  бала  жүрегімен  сабағымды 

тек  беске  оқып,елімді  жаудан  қорғаймын  дейді.  Мен 

де  отбасымның    тілеуін  тілеймін.  Әсіресе  кішкене 

інішегімнің. Мен өзімді ең бақытты жандай сезінемін!

                             

 Кәмила БІРІМЖАРОВА

Харкин ЖОББМ-нің оқушысы

Ақжайық ауданы

Аяулы 


ұстазым

 

Ұстаз – ұлағатты есім. Ұстаз барлық 



өмірін балаға арнайды. Ел басқарған басшы 

да, егін еккен егінші де ұстаздан білім алған. 

Сондықтан ұстаздарды қадірлеуіміз керек. 

 

Біздің  мектепте  ұстаздар  өте  көп. 



Соның  ішінде  менің  аяулы  ұстазымның 

орны ерекше. Ол – Нұргүл Сайфоллақызы. 

Ұстазымды өте жақсы көремін.  Ол кішіпейіл, 

өзгенің  бақытын  аялаған,  өз  уақытын 

аямаған  асыл  жан.  Болашақта  жеткен 

жетістіктеріміздің көп үлесі осы ұстазымның 

арқасы деп білемін. Мен ұстазымды мақтан 

етемін.


Саят БАҚТЫҒАЛ

Т.Жароков атындағы орта мектептің 

3 «б» сынып оқушысы

Жәнібек ауданы



ҰсТазыма

Мен 


сыныбыммен 

мақтанамын. 

Мен 



«е» 



сыныбында 

оқимын. 


Біздің 

сынып  тату  әрі  ұйымшыл.  Біздің 

сыныптан  бишіні  де,  оқу  озатын 

да  таба  аласыз.  Біздің  сынып 

жетекшіміз  Исмагулова  Марал 

Байдукқызы. Біздің апай бәрінен 

әдемі, сұлу. Біз апайдың айтқанын 

тыңдаймыз.  Мен  апайды  жақсы 

көремін.  Міне,  менің  сыныбым 

осындай. 

Ұстазымызды 

мерекесімен 

құттықтап, 

зор 


денсаулық, ұзақ өмір тілеймін.

АДИНА МАРАТОВА

№ 44 орта мектептің 

2 «е» сынып оқушысы

Менің ұстазым

Мектеп  –  білім  нәрімен  сусындататын  ыстық  ұя.  Ал  мектептің  жүрегі  –  ұстаз. 

Ұстаз  –  жас  ұрпақтың  рухани  сәулеткері,қоғам,  халық  өзінің  үміті  мол  болашағын  

тапсыратын  сенімді  өкілі,  ұлағатты  есім.  Шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып, 

тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-

бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Әр адамның сүйікті ұстазы бар. Менің сүйікті ұстазым – Актаева Роза Тілегенқызы. 

Ол кісі физика пәнінің мұғалімі және біздің сынып жетекшіміз. Роза апай біздің екінші 

анамыз секілді, себебі бізге әрдайым қамқор болады. Ол кісінің арқасында физика 

пәні  менің  сүйікті  сабағыма  айналды.  В.Маяковский  өз  сөздерінің  бірінде  былай 

деген: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара 

білуі керек».

Роза Тілегенқызы біздің мектептің мақтанышы, жан-жақты, әрі тәжірибелі ұстаз. 

Ол өзінің шәкірттерін үнемі жарыстарға қатыстырып, олардың оқуға деген ынтасын 

арттырып  жүреді.  «Ұстаздық  қылған  жалықпас,  үйретуден  балаға»  демекші    мен 

ұстазымның ұлылығына бас иемін. 

Диана АСАНОВА

Госплемстанция негізгі орта мектебінің 

9-сынып оқушысы

Теректі ауданы



№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

8

Ақ т


Ая

Мысы


Асы

Күз   кереметтері

         Әрбір баланың балалық шағы мектеп қабырғасында 

өтеді.  Мектеп  табалдырығында  қаланған  білім,  ілім,  тәрбие 

баланың болашақта тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. 

Негізгі білімнің кілті саналатын оқу ордасында жан-жақтылыққа 

тәрбиелейді, түрлі шаралар өткізеді, қосымша сабақ пен ашық 

сабақтар  жүргізіледі  және  міндетті  түрде  патриоттық  тәрбиеге 

баулиды.  Жалпы  патриоттық  сезім  азаматтардың  бойында 

берік 

болса, 


м е м л е к е т т і ң 

де  еңсесі  биік, 

қабырғасы  қатты 

болады.  Өйткені 

Отанын 

сүйетін 


адам  елі  үшін, 

жері  үшін  аянбай 

еңбек 

етеді, 


халқына жақсылық 

жасайды,  қаласы 

мен 

даласын 


таза 

ұстайды. 

Н ұ р с ұ л т а н 

Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің 

көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» 

деген болатын. Патриоттық тәрбиенің негізі мектептен басталса, 

«Жас Ұлан» ұйымының оқушы өмірінде алатын орны өте зор. 

Мектебімізде                 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай 

жыл  сайын  дәстүрлі  түрде  «Жас  Ұлан»  ұйымының  қатарына 

жаңадан  оқушылар  қабылданады.  Осы  салтанатты  мерекеге 

орай ұйым мүшелері 20 қазан күні мектеп лездемесінде «Жас 

Ұлан  достарын  шақырады»  атты  үгіт-насихат  жұмыстарын 

жүргізді.  Үгіт–насихат  жұмысының  мақсаты  оқушыларды  

ұйымға тарту, ұйым жұмысын жандандыру, насихаттау болатын. 

«Жас  ұлан»  -  өскелең  ұрпақты  жоғары  рухани  -  адамгершілік 

құндылықтар,  гуманистік,  демократиялық  ұстанымдарға 

негізделген  қазақстандық  патриотизм  рухында  қалыптасқан 

ұйым.  Балалардың  бойына  патриоттық  тәрбиенің  дәнін  себу, 

әлеуметтік  тәжірибелерін  дамыту,  әлеуметтік  танымдық 

бастамаларды жүзеге асыру болып табылады. 



ӘСЕЛ САМАТҚЫЗЫ

Ақсуат ЖОББМ-нің тәлімгері 

Теректі ауданы

№19  орта  жалпы  білім  беретін 

мектебінде  «Аяулы  күз,  алтын  күз»  атты 

мерекелік  байқау  өтілді.    Бұл  байқауға 

1-6-сынып  оқушылары  өз  қиялдарынан 

туындаған,  түрлі  әдемі    де  әсем  күзгі  

өнімдерден  жасаған  экспонаттарынан 

көрме жасады. Оқушылар еңбегін сарапқа 

салған қазылар алқасы байқауға қатысушы 

барлық сыныптардың дайындығын жоғары 

бағалап,  әсіресе  1  сыныптар  арасында 

«Күз  көрністері»  суреттер  байқауынан  І 

орынды  1 «б» сынып оқушысы Серік Ернар, 

ІІ орынды 1 «в» сынып оқушысы Ержанова 

Асем,  ІІІ-орынды  1  «г»

 

сынып  оқушысы  



Еркингалиев Мақсат пен     1 «б» Қанатова 

Данара  марапатталды.    2-сыныптар 

арасында І орын 2 «д» Гатауова Аяна, ІІ-

орынды Жакина Әсем, ІІІ орынды   2 «в» 

сынып оқушысы Нұржан Хасан,

3-4-сыныптар 

арасында 

күзгі 


өнімдерден  экспонаттар  жасаудан  І  орын 

4  «б»  сынып  оқушылары,  ІІ  орынды  4 

«е»  сынып,  4  «д»  сынып    оқушылары, 

ІІІ  орынды  3  «а»  сынып,  3  «б»  сынып 

оқушылары марапатталды. Шара соңында 

жеңімпаздар 

мақтау 

қағаздарымен 



марапатталды.

Гүлжауар  ТУКАБАЕВА

№19 ЖОББМ-нің аға тәлімгері



  Алтын күз

Күз  молшылық,  мерекелі  де  ,берекелі  ай.  Бұл  айда  бүлдіншіндеріміз  білім  ордасына  алғашқы  қадамдарын  жасайды.  Әрбір 

шаңырақта той тойланып, көңілдері қуанышқа толы болады.  

 

М.Мирманов атындағы жалпы орта мектепте бастауыш сыныптар арасында «Алтын күз» кеші өтті. Бұл кешті балалар 



сағынышпен  асыға  күтті.  Сахна  ашылған  кезде  балалар  бар  ынта-жігерлерімен  тына  қалды.  Күзгі  табиғат  ерекшеліктеріне 

байланысты  сұрақтар  қойылып,  балалар  қызыға  жауап  берді.  Бағдарламаның  бірінші  кезеңінде,  балалар  күз  туралы  жырласа, 

екінші кезеңде жұмбақтар шешіп, ойларының тапқырлығын аңғартты. Үшінші кезеңінде, дастархан мәзірі болды. Онда балалар 

жеміс-жидектер, көкөністер және бидайдан жасалған тағамдардың адам ағзасына пайдасы туралы тамаша әңгімелеп айтты. Ал 

төртінші кезеңінде көңілді әуендер ойнап балалар өз қолдарынан жасалған күзгі сән үлгілерін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет