18 қараша 2014 жыл Ел ер «Балдә «алтын күЗ – 2014»



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата09.01.2017
өлшемі3,14 Mb.
#1521
1   2   3   4   5   6   7

 

Ұлпан ҚҰРМАНҒАЗИЕВА,

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектептің 

7-сынып оқушысы. 

«Қаламұш» үйірмесінің мүшесі.

Б і л е к т е й 

арқасында  өрген 

бұрым, Шолпысы 

сылдыр 


қағып 

жүрсе 


ақырын 

Кәмшат 


бөрік, 

ақ  тамақ,  қара 

қасты, 

Сұлу 


қыздың  көріппе 

ең мұндай түрін?-

деп  Абай атамыз 

да 


қазақтың 

нағыз  сұлуларын  жырға  қосқан.  Мен  де 

бүгін сіздерге бала кезден бірге өскен қолаң 

шашты,  қара  қасты,  нәзік  құрбым  Саягүл 

туралы әңгімелеп беруді жөн санадым.

Менің  алтын  құрбым  нағыз  қазақтың 

қарапайым  қызы.  Мінезі  жібектей  жұмсақ, 

самал  жел  секілді.  Саягүлмен  қатар 

құрбыдай тең өстік. Араласатын ортамыз да, 

достарымыз  да,  сыныбымыз  да  бір  болды. 

Іргелес  көрші  болғандықтан  сабаққа  бірге 

барып,  бірге  қайтатынбыз.  Сондай  кездері 

оның ұзын әрі қалың шашын көрген жандар 

артына  бұрылып  қарамай,  тамсанбай  кете 

алмайтын. 

Есенғалиева  Саягүл  Қуанышқызы  1997 

жылы  Көпжасар  ауылында  дүниеге  келген. 

Үйдің  тұла  бойы  тұнғышы,  ата-әжесінің 

көз  қуанышы,  ата-анасының  мақтанышы, 

сіңілісінің  сүйікті  әпкесі.  Бала  жасынан 

қолөнермен  айналысып,  әдемі  ойыншықтар 

тігіп, көз қарықтырар гүл кестелерді безендіруге 

әуес  болған  ол  болашақ  мамандығын 

тігіншілікпен  байланыстырды.  Бүгінгі  күні  ол 

Орал  қаласындағы  колледждердің  бірінде  

тігінші мамандығында білім алуда. Саягүлдің 

шашының ұзындығы  - 98 см-ге жетіпті. Қалың 

әрі  ұзын  шашын  қалай  күтетіндігі  туралы 

сұрағанымда ол:

Қолаң  шаш  –  қазақ  қыздарының 

сәні  деп  ойлаймын.  Мен  шашымды  ерекше 



күтіммен өсіремін. Айранның көк суымен де 

жуамын.  Қазіргі  кезде  бұрымды  қыздардың 

көпшілігі  студент  атанысымен-ақ  ұзын 

бұрымын кестіріп тастайды. Мені де көпшілігі 

студент  атанған  соң  кестіріп  тастайды  деп 

ойласа керек. Бірақ мен олай етпедім. Өйткені 

бала кезден бері анамның осынша баптаған 

еңбегі  ғой,-  дейді  Саягүл.Меніңше,  «Жуан 

бұрымды  жеңді  білектей,  қос  бұрымды  тау 

басынан  құлаған  бұлақтай»  деген    ерекше 

мадақтау  Саягүлге қаратылып айтылғандай 

 

 



 

 

 



Азиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА

«Самал» газетінің жас тілшісі

Жаңақала ауданы

«Армансыз  адам  қанатсыз  құспен  тең».  

Әр  адамның  жан  дүниесінде  өзінің  асқақ  

арманы  бар.  Ол  арман  адаммен  бірге 

өседі,  өркендейді.  Арманына  жету  үшін 

адам  талпынады.  Армандар  таусылмайды. 

Дәл  солай  менің  де  үлкен  бір  арманым  – 

журналист болу. Теледидарда сөйлеп жатқан 

аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу 

қабілетіне  қызыға  қараймын  немесе  газет-

журналдарда  әдемі жазылған  мақалаларды 

оқып,  үлкен  бір  әлемге  тап  болғандай 

боламын. 

Сондай-ақ  журналист - қарапайым халық 

пен жоғарғы билік арасындағы көпір іспеттес. 

Тек  шындықты  айтатын,  тек  шындықты 

жақтайтын адам ғана журналист бола алады. 

Ол  –сөзге  шешен,  ұтқыр  ойлы,  жан  дүниесі 

әсем, кез келген адаммен тіл табыса алатын, 

қарапайым, білімді адам. Журналист көп оқып, 

көп нәрсені білу керек, жан-жақты болу керек 

деп  ойлаймын.  Мен  де  жоғары  білім  алып, 

халқыма қызмет еткім келеді. Ащы да болса 

шындықты  жақтайтын,  шындық  үшін  күресе 

білетін,  өз  ісімнің  маманы  болғым  келеді. 

Кім  біледі,  менің  бүгінгі  арманым  –  ертеңгі 

болашағым болар? Бүгінгі қиялымдағы ойым 

–  ертеңгі  күнімнің  еңбекпен  тауып  жейтін 

азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті 

түрде орындауға тырысамын.



Бектас  АЗАМАТОВ

Харькин ОЖББ мектебінің 

8-сынып оқушысы

Шабдаржап ауылы,Ақжайық ауданы



Бұрымды қыз

Менің арманым



№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

11

Менің ұстазым

Әр  адамның  өмірінде  сүйікті  ұстазы  болады 

деп  ойлаймын.  Ал,  менің  сүйікті  ұстазым-менің  алғашқы 

ұстазым  Батырова  Нұржанат  Меңдіғалиқызы.  Ол  ешкімге 

ұқсамайтын  еңбекқор,  талапшыл,  білімді  және  мейірімді 

жан. Бәрімізді өз баласындай көреді, ақыл айтып отырады. 

Бізге көп нәрсе үйретуде. Оның әрбір сабағы қызықты да, 

сапалы болып өтеді. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы 

бір адам болса, ол алғашқы ұзтаз.  Мен алғашқы ұстазымды 

мақтан тұтамын!

Алуа ТАУБАЙ

№20 ЖОББМ 2 «Б» сынып оқушысы



«Әже

Жас суретші!



                 4- сынып оқушысы Жылқайдар 

Бибі-бегім дарынды және де жас  суретші 

десекте  болады.  Себебі  Бибі-бегім  сурет 

салғанды   кішкентай күнінен жақсы көреді. 

Бибі-бегімнің суретке қабілетін         алғаш 

«Өзін  –  өзі  тану»  сабағынан  байқадым. 

Сурет  салғанда  бар  ынта  –  жігерін  салып,  талпынады. 

Салған  суреті  өте  тиянақты  және  тақырыпқа  сай  келеді. 

Бибі- бегімнің мына суреті алғашқы қоңырау күніне арнап 

салынған  болатын.  Бибі-  бегімнің  көбінесе  суреттері 

мектепке,  отбасыға  арнап  

салынған.  Бибі-  бегімнің  

суреттерін  өте  тамаша  деп 

бағалаймын! Қабілеті жоғары 

жас      суретшіге    тілерім 

«Болашақта  суреттері  тек 

жоғарыдан  көріне  берсін 

деймін»!  Арман-  мақсатына 

жетуіне 

шын 


жүректен 

тілектеспін! 



Айсұлу НИҒМЕТОВА

Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін 

мектептің «Өзін- өзі тану пәнінің» мұғалімі 

Теректі ауданы

Асыл әжем

Менің  әжем  өте  асыл  адам.  Ол  кісі 

маған көп  тәрбиелі өнегелі сөздер айтады. 

Мен  әжемнен  көп  нәрсені  үйрендім 

десем болады. Әжем жас кезінде жақсы 

жұмыстар жасаған үшін ол кісіні әр-түрлі 

елдерге саяхатқа жіберген, жақсы –жақсы 

шет-елдердегі  түскен  фото  суреттерін 

маған таныстырып көрсетіп отырады.

Әжемнің 


қолынан 

бәрі 


келеді 

сурет  салады,  кесте  тоқиды,тоқыма 

тоқиды,тамақты да жақсы пісіреді, ұршық 

иіреді. Әжемнің әсіресе қазан ошаққа пісірген құрты қандай 

десеңші.

Біздің  ауыл  адамдары  әжемнен  көп  ақыл  кеңес  алып 

отырады.  Менің  әжем  өте  жан-жақты,білімді,  шыдамды, 

мықты адам. Мен әжемді өте жақсы көремін.



ДИАС МАҚСАТ

 С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің 

1 сынып оқушысы

Мәстексай ауылы Жаңақала ауданы,



Өзгеше мезгіл

 

Міне күз айы да келіп жетті. Табиғат 



та  өзгерді.  Ағаштардың  жапырағы  түсіп  жер 

сары  кілемге  айналды.  Адамдарда    қыс 

мезгіліне дайындық жасауда .Егін орып астық 

жинап жеп,шөптерін жинап алды. Қыста үйіміз 

жылы болу үшін отын жинауға  менде әкеме 

көмектестім.Анамда  тосап  жасап,  түрлі-түлі 

салаттар жасап алды. Құстарда жылы жаққа 

ұшып кетті. Күз мезгілі маған қатты ұнайды.

                                                              

 Расул БИСЕНОВ

В.И.Шубин атындағы ЖОББМ-нің 4-сынып 

оқушысы

Сырым ауданы



Айнала бәрі сап-сары

 

Асыға  күткен  күз  мезгілі  де  келіп  жетті.  Жапырақтар 



сарғайып  айналаның  бәрі  сап-сары  түске  боялды.  Күз  адам 

баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Күзде жеміс-жидек, 

дәнді  дақылдар  піседі.  Сол  жеміс-жидектердің,  көкөністердің 

пісіп  жетілуіне  үлес  қосатын  –  адамдар.  Жердегі  жапырақтар 

алтындай  болып,  көздің  жауын  алады.  Ал,  алтын  байлықтың 

белгісі. Күз мезгілі адамды шаттыққа бөлеп, қуаныш пен береке 

сыйлайды. 

Мадина МАРКСҚЫЗЫ

Т.Жароков атындағы орта мектептің 

3 «б» сынып оқушысы Жәнібек ауданы

  Күз

Күз  келді.  Күн  суытты.  Құстар  жылы 

жаққа  ұшып  кетті.  Күз  мезгілі  жұқа  киімдіні, 

арық  малды  тоңдыра  бастады.  Аспанда 

қарлығаштар 

мүлдем 


көрінбейді. 

Күз 


мезгілінде үш ай бар: қыркүйек, қазан, қараша. 

Мектепте  күзбен  қатар  келген  ұстаздар 

күнінде  мұғалімдерге  арнап  мерекелік  шара 

ұйымдастырдық.  Өнерімізге  тәнті  болған 

аяулы  ұстаздар  алғыстарын  білдірді.  Сынып 

болып алтын күз мерекесіне қатыстық. Ән айтып, би билеп, 

көрініс көрсеттік. 

Күз  мезгілінен  кейін  қыс  келеді.  Күзгі  жапырақтар 

сарғайып,  теректен  сылдар  қағып  жерге  түсе  бастады. 

Адамдар  еккен  егіндерін,  бау  –  бақша  өнімдерін  жинап 

алады. Мен күз мезгілін жақсы көремін. 

                                                                                            



Алуа САЛМЕНОВА

Лбішін негізгі жалпы білім беретін  мектебінің 4 сынып 

оқушысы Ақжайық ауданы, 

Қабыл ауылы

Берекелі күз-мерекелі 

күз»


Сарытоғай  орта  жалпы  білім  беретін    мектебінде 

бастауыш сыныптар арасында «Берекелі күз-мерекелі 

күз» атты  байқауы  ұйымдастырылды.

Күз 


жыл 

мезгілдерінің 

бірі.

Күзде  күн  суытып, 



барлық 

жан-


жануарлар,  жәндіктер 

қысқы  ұйқыға    кетеді. 

Егін жиналады. Құстар 

жылы жаққа ұшады.

Ж а п ы р а қ т а р 

сарғайып, жерге түседі 

емес пе!? Ия мен  бұл 

мезгілді  «Алтын күз!»  

деп айтар едім өйткені  

жербеті    сарғайған    жапырақтарды  жамылып,  алтын 

түске боялады.

 Мереке бүгін ,күздің міне  келгені

Күздің бізге бақыт  байлық бергені.

Құтты  болсын  мерекесі  «Алтын күз»

Бәрімізді қуаныш күйі тербесін.

Сайыс  бес  тапсырмадан    тұрады:  Білімділік  пен 

ептілікті,  қызығушылық 

пен  шығармашылықты  

қажет ететін байқаудың  

әділ  бағасын    беретін 

қазылар 

алқасы 


қ о р ы т ы н д ы л а п 

с а й ы с к е рл е р і м і з д і 

марапаттады.

Бұл 


сайысқа 

оқушылар    өте  жоғары 

дайындықпен  қатысты  

«Алтын  күз»    бәрімізге 

жақсы  әсер    мен    жақсы      көңіл-күй    сыйлады,  көпке 

дейін  ұмытылмастай  өзінің  ізін  қалдырды.   

                             

 Ақсәулет АҚНӘЖІМ

Сарытоғай ОЖББ мектебінің 5 -сынып  оқушысы

Ақжайық ауданы

Екi дос


        Менің Қасым деген досым 

бар. Ол менен бір жас үлкен, екеуміз 

көрші  тұрамыз.      Қасым  екеуміз 

қатты доспыз,кейде бірімізді көрмей 

қалсақ  қатты  сағынамыз.  Қасым 

суретті  өте  жақсы  салады,  меніде 

сурет  салуға  баулып  жур.    Біз  бір-

бірімізді  ешқашан  ренжетпейміз  Достар  бір  біріне  адал 

дос болу керек. Біздің достығымыз осылай жалғасуда

.

Саят МАРАТ

 С.Меңдешев атындағы ЖББОМ-нің

1-сынып оқушысы

Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы

Үш  деңгейлік оқудың 

діңгегі берік

Мектебімізде он бір мұғалім деңгейлік 

бағдарлама бойынша сертификатталып, 

өз  жұмыстарын  жүргізуде.  Биылғы  оқу 

жылынан  бастап,  2  «Д»  сыныбының 

сынып жетекшісі Ақгүл Жәрдемқызы да 

оқудың  тәжірибелік  бетпе-бетіне  келіп, 

бізді  бір  қуантып  әрі  жігерлендіргендей 

болды.  Себебі  мен  бастауыш  сынып 

мұғалімі ғана емес, Ақгүл Жәрдемқызына 

ата-ана  болып  келемін.  Тәжірибеден  өтуде  сыныбына  7  модульді 

қамтыған тізбектелген қазақ әдебиетінен сабақ берді. Оқушылардың 

да сабаққа құлшынысы артып, еркін сөйлеп, топта бірнеше тамаша 

үлгідегі жұмыстарын қорғады. Мұның өзі бала тілін дамытуға, сыни 

ойлауға, оқушыға еркнідік беруде табысты оқудың бірі деп ұқтым. 

Әріптестермен өткізген коучингте де керемет жұмыстар, бірлескен 

әрекет болды. Ата-аналар жиналысының өзі топтық үлгіде өзгеше 

түрде  ұйымдастырылды.  Яғни  үш  деңгейлік  оқудың  діңгегі  берік 

екені  де  айқын.  Әріптесімнен  үйренгенім  мол  және  үйренерім 

қаншама. Ақгүл Жәрдемқызына алғыс айта отырып, өзгеріс бізге де 

, мектебіме де қажет дегім келеді

Айнұр МҰРАТОВА

                              № 46 ЖОББМ –нің  бастауыш сынып мұғалімі 

әрі ата-ана

Шадияров Рустам

№44 мектеп, 4 “а” сынып



Жүніс Шалқыма

№42 “Ақ ниет” гимназиясының 3 “б” сынып



Мендыхан 

Альмира

№34 ЖОББМ  

3 “г” сынып

Өздерің жазған хаттардан


№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

12

Жарық сәуле



Ана тілің, арың бұл

Қазақ тілі –  

ғажап тіл

Қазақ тілі – дүниедегі ең ғажайып тіл. Біз 

осы қазақ тілі арқылы көптеген жетістіктерге 

жеттік.  Біздің  мемлекеттік  тіліміз  болып 

табылады.  Тіліміздің  ғажайыптылығы 

соншалық,  көркем  табиғатты,  адам 

сұлулығын  керемет  сөздермен  жеткізуге 

болады. Қазақ тілінің елімізде алатын орны 

ерекше.  Қазіргі  таңда  өзге  ұлт  өкілдері 

қазақ  тілін  үйренуге  үлкен  қызығушылық 

танытуда. 

Ана сүтімен дарыған тілімізді қадірлеп, 

бағалап,  қастерлейік.  Тілімізді  көркейтіп, 

келер  ұрпаққа  ластамай,  бүлдірмей 

табыстау – біздің міндетіміз.

Дильназ БАТЫРГЕРЕЕВА

Лбішін негізгі жалпы білім беретін 

мектебінің 7 сынып оқушысы

Ақжайық ауданы, Қабыл ауылы

Тіл  бұл-арманыңа  қанат  бітірер  ұлы 

күш,ұлтыңды айқындайтын, өз салтыңда, 

дініңде  ұшталған  қасиетті  ұғым.  Сөз 

өнері-өзгелерге  ұқсамайтын,  өзіне  тән 

болмысымен, 

ерекшеқасиеттерімен 

сипатталған  тілдің  негізі.  Менің  туған 

тілім  –  ана  сүтімен  бойыма  дарыған 

қасиетті  тілім  –  қазақ  тілі.  Ұлан  байтақ 

даламда,  елімнің  айнасы,  Отанымның 

тұғырына  айналған  негіздің  бірі-тіл 

болып  табылады.  Сөз  өнері,  сөйлеу, 

қарым-қатынас  мәнері  тіл  арқылы 

дамиды.  Тіл-қасиеті,  құдіреті  шексіз, 

келешектің  кепілі.  Біздің  еліміз 

көп  ұлттың  достағынан  құралған 

мемлекет.  Еліміздегі  әр  тұлға  өз 

тілінде сөйлеу құқығына ие. Тіл қанша 

ғасырды  сабақтастырып,  көрнекілікпен 

танылса, тілімнің ғасырлық үні де сонша 

әлемге  тарайды,  тіл  қанша  арманға 

ұлы  жол  болып  шуағын  төксе  әлемге 

де  осындай  көзқараспен  қарап,  өзінің 

орасан пайдасын тигізеді. Біздің тіліміз 

еліміздің, 

елдігіміздің 

мақтанышы! 

Тіліміздің 

ғажапта,асыл 

сөздері, 

тарихтағы  белгілі  мақсаты,  келешегі-

дамудың басты құндылықтарының бірі. 

Ел  үшін  еңбек  етіп,  тілге  деген    асқақ 

құрметімізді  жоғалтпай,  туған  тілімізді 

биіктерге көтерейік!  

Бақытты ұрпақ ғұмырына кенелген, 

Туған тілім жаралғандай тереңнен.  

Жарық болып, нұр себеді өмірге, 

Әлі күнге, таңырқаумен келем мен. 

Негіз  болып жүрегімде жырлайды, 

Үні нәзік ,көңілі пәк, шырайлы .

 Осы тілдің арқасында өскенмін, 

Осы тілден жүректі әуен толғайды  

Әлемім бар осы тілден таралған, 

Жүрегім бар осы тілден жаралған. 

Арманым бар осы ғажап тіліммен

Бірге өсіп, бірге жайнап,жаңарған. 

Тіл өнері-әлем сырын шертеді, 

Сөзде бір ән, ғажап, асыл ертегі. 

Тілім барда жоғалмайды тарихта, 

Халқым мәңгі, бақытты өмір кешеді! 

Ашылмаған тарихтағы сырларың,

Менде осы ғажап тілді жырладым.

Байтақ дала ынтымағын  жалғаған,

Жаңғыратын шежіресі жылдардың.

Мен тіліммен өркендеймін гүлденем, 

Тілім ғажап ,тілім бақыт өнегем. 

Туған тілім-сенің жолың нұр болып,

Сенің үнің жүрегімде мәңгіге! 

Қазына ФАЙЗУЛЛИНА

                                         Жаңабұлақ 

ОЖББМ-нің жас тілшісі,

  Ақжайық ауданы



Асыл мұра

 

Біздің тіліміз бай. Тіл арқылы біз 



сөйлесе аламыз, қарым-қатынас жасауға 

керекті негізгі құрал. Тіл – атадан қалған 

асыл мұра деп айтамыз.

 

Менің  тілім  –  қазақ  тілі.  Қазақ 



тілі – ҚР-ның мемлекеттік тілі. Сондай-ақ 

қазақтардың ана тілі. Қазақ тілі - өте бай 

әрі көркем тілдердің бірі. Мен өзімнің ана 

тілімді құрметтеймін.

Мен – қазақпын

Мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым 

Мұң  тіліммен  –  деп  Т.Молдағалиев 

ақын  жырлағандай,  бұл  тіл  анамыздан 

қанмен берілген тіл.

 

Тіліміздің құдіреті көптеген ақын-



жазушыларының  еңбектерін  айтамыз. 

Тілімізді құрметпен қарап, күтіп ұстайық!



ҒАЗИЗА ҒҰМАР

№ 44 орта мектептің 3 «б» сынып оқушысы

Тіл –асылым

 

Мен  бақыттымын.  Өйткені,  менің 



кең  байтақ  Отаным,  ардақты  ата-анам, 

тұғыры  берік  айбынды  тілім  бар.  Әрбір 

адам  баласына  туған  анасы  қандай 

қымбат болса, туған тілі де сондай қадірлі. 

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған 

тілімізді  қастерлеуіміз  қажет.  Тіл  –біздің 

байлығымыз,  асыл  қазынамыз.  Сондықтан 

байлығымызды бағалай білейік. 



Қарақат ДҮЙСЕН

Т.Жароков атындағы орта мектептің 

3 «б» сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

  

Ана тілім - қазынам



Мен  қазақ  баласымын.  Татулығы  мен  тірлігі  жарасқан 

қазақтай дархан елдің ұлы болғаныма мақтанамын.Бал тілім 

былдырлап  шыққанда  «ана»  деп  үйренген  өз  ана  тілімді 

анамдай құрметтеймін.

Сондықтан  біз,анамыздың  тіліндей  бал  тілімізді 

сыйлауымыз  керек.Біздің  ұлтымыз  қазақ  болғандықтан, 

біз  қазақша  сөйлейміз.Ал  өзге  ұлт  өкілдері  өз  тілдерінде 

сөйлейді.  Ана  тіліміз  –  біздің  асыл  қазынамыз,баға  жетпес 

байлығымыз,өшпес  өміріміз.  Сондықтан  да  біз  ана  тілің  аса 

қадірлеп, құрмет тұтуымыз керек.Мен мына өлең жолын туған 

тілге арнаймын:

Туғн тілім – бабам тілі, 

Мені туған – анам тілі.

Кең жазира далам тілі,

Құдіретті адам тілі. 

Аңсар ИХСАНОВ 

Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-нің                                 

 4-класс оқушысы, Ақоба ауылы,Жәнібек ауданы

   

 Тіл – асыл қазына

Қазақ  тілі  –  қазақ  халқының  ана  тілі.Қазақ  тілі  –  өте  бай, 

әрі  көркем  тілдердің  бірі.Тіл  дегеніміз  –  ұлттың  жаны,  ал  ана 

тілі дегеніміз – осы ұлттың алтын қазығы.Тілді қадірлеу дұрыс 

сөйлеуден басталады. Біздің қазақ «Аталы сөз – баталы сөз» 

деген, бұл дұрыс сөйлеуді білдіреді.Ұлтың қазақ болғасын кез – 

келген адам өз тілінде сөйлеуге міндетті.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!- деп Қадыр атамыз бекер айтпаған.Тілін 

білмеген адам – ол өз от  елін сүймеген адам.

Сондықтанда әрбір адам өз тілін қастерлей білуі керек.



Жасмин САҒАДЕТОВА

Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің

3 «в»сынып оқушысы

Жәнібек ауданы

  Тіл – 

асыл 


қазына

Мен 


Қазақстан 

м е м л е к е т і н д е 

тұрамын. 

Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 

мелекеттік 

тілі-қазақ 

тілі.  Әр  адам  өз  тілін 

сүйе  білу  керек.  Біздің 

елімізде  тұратын  әрбір  ұлт  өкілдері  өз 

тілінде  еркін  сөйлеуіне  толық  жағдай 

жасалған. Қазақ тілі рухани байлығымыз. 

Осындай қасиеті мен құдіреті күшті асыл 

қазынамыздың қадір қасиетін ұға білейік.          



Айнара МАРАТҚЫЗЫ

Ө.Сахипов атындағы

ЖББОМ-нің 4-сынып оқушысы

Күйгенкөл ауылы,Жәнібек ауданы

Өз тілім

Әр  ұлттың  өз  тілі  бар.  Олар:  қазақтар 

қазақша  сөйлейді,  орыстар  орысша 

сөйлейді,  татарлар  татарша  сөйлейді, 

өзбектер өзбекше сөйлейді. Адам өз тілін 

білмесе ол, ұят. Адам өз тілін білу керек.

Менің тілім – қазақ тілі. Мен өз тілімді 

білемін  және  жақсы  көремін.  кейбір 

адамдар  қазақ  болып  орысша  сөйлейді. 

Мен 


оларға 

«өздерінің 

тілдеріңді 

үйреніңдер» деп айтар едім.

Ана тілің – арың бұл

Ұятын боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді 

құрметте.

 

Бұл 



өлеңді Қадір 

Мырза Әлі жазды. 

Осы өлеңді  

адамдар ана 

тілін құрметтесін 

деп жазды. 

Мен өз тілімді  

құрметтеймін.



ИЛЬЯС ҚҰРМАНҒАЛИЕВ

№ 44 орта мектептің 

3 «а» сынып оқушысы

СЫНЫП 

МАҚТАНЫШЫ

Біз  №42  «Ақниет»  гимназиясының  2  «е» 

сынып оқушылары сыныптасымыз  Мұхамбет 

Әлиді  мақтан  тұтамыз.  Әли  бос  уақытында 

спортпен  айналысады.  Ол  алты  жасынан 

бері  «Таеквон-до»-  ға  қатысып  келеді.  өткен 

оқу  жылында  өз  қатрластары  арасындағы 

жарыстарға  қатысып,  «Ақ»,  «Сары»  белбеу 

иегері атанса, биыл «жасыл» белбеуді беліне 

байлады. Өткен айда «таеквонда дан облыстық 

ашық  чемпионат  өтіп,  онда  20  кг  салмақ 

дәрежесінде  додаға  түскен  сыныптасымыз  - 

Әли бірінші орынды жеңіп алды. 

Біз,  Әлиді  енді  бес  жылдан  кейін 

Халықаралық  жарыстарда  одан  кейін  әлем 

жарыстарында  еліміздің  көк  Туын  биіктен 

көтеріне сенеміз. 

Алға ӘЛИ, АЛҒА ҚЗАҚСТАН!



Айгүл ЖАМБЫЛҚЫЗЫ

№42 «Ақниет» гимназиясының 

2 «е» сыныптастары

ӨтіріК  Өлең

Өнерімді-ай, мына

Көрсетуді жөн көріп

Тайға міндім  алдыма-

Қаратауды  өңгеріп

    Рамина БАҚТЫҒАЛИ,      

 Восход ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

      Ақсоғым ауылы, Теректіауданы

МетАгрАММАлАр

Бұра  Қ-дан  бастасаң,

Домбыраның құлағын

Қ-ны алып тастасаң,

Менмін –мекен, тұрағың

Егер Ш-дан бастасаң,

Таратамын қаныңды

Ш-ны алып тастасаң

Жарық қылам  маңынды     

                                              Айкөркем  

АМАНҒАЛИЕВА   

 Восход ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы

Ақсоғым ауылы, Теректіауданы

ЖАңылтпАштАр

Шұбар жылқы

Шолақ болды ма?

Шұбар жылқының белгісі, 

Сол -ақ  болды ма?

 

Табақтағы тұзды  жеп, 



 

Ақ серке


 

Көк серкені сүзді кеп!      




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет