№№21-22 (205-206) 18.11.2014 ж.
4
Иман айнасы
Діни сауатсыздық
салдары
Қазақстан
Мұсылмандары
Діни
басқармасының
шешімімен
2014
жыл «Дін және дәстүр» жылы болып
қабылданған
болатын.
Осыған
орай
М.Горький
атындағы
Орал
қалалық
кітапханасының ұйымдастыруымен «Діни
сауатсыздық салдары» тақырыбында діни
қызметкерлермен кездесу шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты: жастарға халқымыз ұстанған дәстүрлі дін, діни экстремизм
туралы түсінік беру. Елін, тілін, дінін сүюге тәрбиелеу. Мазмұнды шараға Орал
қалалық мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бейімбет Дүйсенәлі, облыстық дін
істері басқармасының бас маманы, исламтанушы Раманқұлов Мақсат Аралбайұлы
және Орал гуманитарлық колледжінің І-IIІ курс студенттері мен «Болашақ» клубының
мүшелері қатысты.
Шара барысында Бейімбет Дүйсенәлі жастарға ата-бабаларымыз ұстанған
ислам дінінің тәрбиелік мәнін тереңірек ашып айтып берді. Дін істері басқармасының
бас маманы Мақсат Аралбайұлы студенттермен сұхбаттасу барысында көптеген
сұрақтарға жауап беріп, жастарды діни сауаттылықтарын арттыруға шақырды. Қазіргі
кезде арнайы сараптамадан өткен діни әдебиеттер Дін істері басқармасында тегін
таратылатынын да айтып кетті. Әр азамат діни сауаттылықтарын арттыру арқылы дінге
деген көзқарастары түзеліп, теріс ағымдардан сақтана алатынына сенімдіміз. Шара
соңында кітапханадағы мерзімді және мерзімсіз басылым беттерінде жарық көрген
материалдардан жинақталған «Халқын сүйген – салтын сүйер» атты кітап көрмесіне
шолу жүргізіліп, жастарды кітап оқуға, діни сауатты болуға шақырылды.
Б.ИСАҒАЛИЕВА
М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы
оқу залының кітапханашысы
Елбасымыз Н.Назарбаев қасиетті Ұлытау
төрінде 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің,
дамыған экономиканың және жалпыға ортақ
еңбектің арқасында берекелі қоғам құруды
басты мақсат етіп қойды. Ертеден - ақ бірліктің,
ынтымақтың маңызын жете түсініп, ұрпаққа
жеткізе білген ата бабамыз «Алтау ала болса,
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі
келеді» деп елді бірлікке шақырып отырған.
Қоғамдағы дін аралық байланыстарды
жұртшылық арасында нығайтып, жастардың
арасында имандылықты тәлім-тәрбиенің
құралы ретінде насихаттап, дініміздің кең
құлаш жайып өркендеуіне аға буын өкілдері
мен діндар жұртшылықтың ортақ ойын
ортаға салу арқылы бала тәрбиесіндегі ата-
ананың рөлі мен жауапкершілігі турасында
ой қозғауға бағытталған тағылымды шаралар
ауданымызда өткізіліп жүргенін бірі білсе,
бірі білмейтіні рас. «Таным» деструктивтік
діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету
орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы –
Қ.Бисеғалиевтің бастамасымен сәуір айынан
бастап ауданның он сегіз округінде қоғамның
дінге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру,
діни тұрғыда жұртшылыққа көмек көрсету, жат
діни ағымдардан қорғау, бір сөзбен айтқанда
ауданның діни ахуалының тұрақтылығын
сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізу арқылы белгілі бір нәтижеге жеткенін
Қабыршақты ауылындағы өткен «Қоғам және
дін» атты кезекті дөңгелек үстелге қатысу
барысында көзіміз жетті. Бұл тұрғыдан
атқарған істен атқарар шаралар көп екенін
айтып өткен Қ.Жанұзақұлы бүгінгі күнде
ауданның барлық округтерін аралап, діни
бағытта уағыздар айтып, бейнефильмдер
көрсетіп, сауалнамалар жүргізу барысында
жалпы халықтың Ислам дініне көзқарасы,
талап заңдылықтарын орындауға құлшынысы
барын, дінді өздерінің рухани қажеттілігі
үшін ұстанатындарын көрсеткенін жеткізді.
Жиында облыстық ішкі саясат және дін істері
басқармасының тапсырысымен түсірілген
«Жалған ағым» атты бейнефильм көрсетіліп,
арнайы даярланған дәстүрлі дінімізді
насихаттайтын жаңа діни әдебиеттерден
көрме таныстырылымы ұйымдастырылды.
Шараны ашып жүргізген ішкі саясат
бөлімінің басшысы Т.Александрұлы бас
қосуға арнайы шақырылған облыстық
дін мәселелерін зерттеу орталығынан
келген мамандарды таныстырып, аудан
бойынша діни ахуал, сауаттылықты арттыру,
терроризмнің алдын алу бағытында жасалып
жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Мәселен,
жыл басынан бері осы бағытта аудандық
ақпараттық-насихат
топтары,
аудандық
прокуратура,
«Таным»
орталығының
ұйымдастыруымен «Жайық» деструктивтік
діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек
орталығы, облыстық және қалалық мешіттер
имамдары, Орал медресесінің білікті теолог,
исламтанушы
мамандарын
қатыстыра
отырып,
123
іс-шара
оздырылғанын,
сондай-ақ, профилактикалық жұмыстардың
пәрменділігін арттыру мақсатында аудандық
және ауылдық ақпараттық-насихат топтары
жаңартылып, құрамына қоғамда жоғары
беделге ие ақсақалдар, ҮЕҰ өкілдері,
патриоттық рухы, азаматтық ұстанымы
жоғары, шұғыл және тиянақты шешім
қабылдай алатын адамдар мүшелікке
енгізілгенін айтты.
Аудан көлемінде Қабыршақты округінде
діндар адамдардың, соның ішінде әр түрлі
ағымдарға бейім адамдар бола тұрса
да, олардың қоғамға деген көзқарасы,
жұртшылықпен арадағы байланыс барын
көріп, осы орайда аудандық орталық пен
облыстық дін істері басқармасының дін
мәселелерін зерттеу орталығының теолог
мамандары, исламтанушы Нұрахметұлы
Арман мен Салимгерей Өтепбергенұлы үнемі
байланыста болып, діни тұрғыда, заңнамалық
негізде байыпты әңгімелер қозғау арқылы
кездесуге қатысушылардың дінге деген дұрыс
көзқарасын, түсінігін қалыптастыра білгені
көңіліңе қуаныш ұялататыны да жасырын
емес. Облыстық дін мәселелерін зерттеу
орталығының оңалту жұмысын ұйымдастыру
бөлімінің жетекшісі, исламтанушы Арман
Нұрахметұлы өз сөзінде бағзыдан бері
бабаларымыз ұстанған, салт-дәстүрімізге
титтей де қайшылығы жоқ дәстүрлі ислам
дінінің құндылықтары туралы тереңірек ой
қаузады. Оның ішінде сүннеттерге тән төрт
мектептің тарихы, жанымызға жақын Әбу
Ханифа және Ханафи Мәзхабының негізгі
талаптарын тұрғындарға егжей-тегжейлі
түсіндірді. Ол, сондай-ақ, e-islam.kz, oral-
islam.kz, azan.kz, muslim.kz сайттарының
дұрыс бағыт-бағдар беретінін, Қайрат
Жолдыбайұлының «Дін мен Діл», Смайыл
Сейітбектің «Мәзһабтар тарихы» кітаптарын
оқыған адамның имандылық төңірегінде мол
мағлұмат аларын сеніммен жеткізді. Әлемнің
көптеген елдері мойындап, құндылықтары
кеңірек жайылған ата дініміздің қадір қасиеті
хақында салиқалы ой өріп, салмақты сөз
саптаса, аталмыш бөлімнің инспекторы
Салимгерей
Динишев
жиналғандарды
бірлікті бекем ұстауға шақырып, «Ислам
діні – бауырмал дін. Ата дінімізде кісіні
кемсіту, адамдардың ой-санасына қарап
ажырату мүлдем жоқ. Тура жол осы екен деп,
шалыс басқан жандарды шеттетуге мүлдем
болмайды. Өйткені, олар да біз сияқты ет
пен сүйектен жаралған жандар, өзіміздің
бауырларымыз. Керісінше, ауызбіршілігіміздің
ажарын бұзбай, бауырларымыздың дұрыс
бағытты
таңдауына
ықпал
еткеніміз
маңызды», − деп толғанған теолог өзгені
сынамас бұрын өзімізді тәрбиелеу керектігін
қаперледі.
Ауыл тұрғыны И.Рамазанов өзінің ислам
жолындағы ұстанымын негізге
ала отырып, ұлт болашағы
– ұрпақ тәрбиесі туралы
пікір білдірді. Әсіресе, қазақ
қызының қылықтары, олардың
шет елге еліктеген киім киісіне
көңілі толмайтындығы, кейбір
қаракөздерімізге инабат пен
иба жетіспейтіні және Мәзхаб
туралы көзқарастары жөнінде
өз ойын жеткізді.
Аудан прокуроры Нұрлыбек
Сабитов алғашқы сапарының
осы тақырыпта өрбігеніне
және Қабыршақты ауылдық
округінде
басталғанына
ризашылық көңілін білдіріп, ел болашағы –
жас қауымға рухани азық боларлық осындай
ойлы шаралардың ешқашан көптік етпейтінін
әңгімеледі. Елімізде болған кейбір лаңкестік
оқиғаларды қалай әшкерелегені, мұндай
оқиғаларға ауданымызда жол бермеу
керектігі және діни ахуалды тұрақтандыру
мақсатында елімізде атқарылып жатқан
жұмыстар мен қабылданған қолданыстағы
заңдардың пайдалы тұстарына тоқталып
өтті. Атап айтсақ, 2011 жылы қабылданған
«Қазақстан Республикасындағы діни қызмет
және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы
тұтас еліміздегі діни жағдайға оң өзгерістердің
болуына септігін тигізгені, мәселен, аталмыш
Заң аясында діни бірлестіктер қайта тіркеуден
өткізілгені, қайта тіркеу қорытындысы
бойынша Қазақстанның діни кеңістігін
құраған 17 конфессияны құрайтын 3088 діни
бірлестіктердің саны 32%-ға қысқарғаны
жөнінде, сонымен қатар, діни бірлестік
құру талаптары күшейтіліп, бастамашыл
топ мүшелерінің саны ұлғайтылғаны және
әдебиеттер мен діни мазмұндағы ақпараттық
материалдарға сараптама жүргізу жұмысы
бір жүйеге келтіріліп, аталмыш бағыттағы
материалдарды тарату тәртібі айқындалғаны
турасында кеңінен талқылады.
Сонау дінге шектеу қойылған Кеңестік
кезең мен дінге бостандық берілген
тәуелсіздік алған жылдардың куәсі, аға
буын өкілдері атынан сөз алған аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Хайруллин
тұрғындарға, ата – бабамыздың ұстанған діні,
өмірден көргені көп, түйгені мол қазыналы
қариялардың ғибратты ғұмыры, еселі
еңбектері кейінгіге өшпес өнеге боларын
баяндады.
Қатысушылар
тарапынан
қойылған
сұрақтардың көптігі тұрғындардың бұл
тақырыпқа немқұрайлы қарамайтындығын
анық байқатты. Тұрғындар өз ойларын
ортаға салып, Г.Мұнайтпашева, Т.Борбаев,
И.Рамазанов қолданыстағы дәстүрлі дінімізді
насихаттаудағы
батыл
бет-бұрыстар,
дін мен дәстүрдің ерекшеліктері туралы
жолдаған сұрақтарына тұшымды жауаптар
алды. Адамзат баласының дінсіз тарихы
да, мәдениеті де болмаған. Дін қай қоғамда
да болсын адамшылық құндылықтарының
қайнар көзі ретінде қабылданады. Ел
арасында дәстүрлі исламның хал-ахуалы
қандай, дінімізді келер ұрпаққа аман жеткізу
жолында жасалып жатқан істер жетерлік.
Соның бірі ретінде кезекті өткізіліп отырған
шарада ауыл тұрғындары отбасындағы бала
тәрбиесінде ата-ананың рөлі жөнінде кеңінен
айта отырып, ауыл әкімшілігінің ұсынысымен
ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі үшін бірқатар үлгілі
отбасылар «Таным» қоғамдық бірлестігінің
мақтау қағаздарымен марапатталып, рухани
құндылығы жоғары діни кітаптар сыйлық
ретінде таратылды.
Кездесуге қатысқан округтегі ақсақалдар
кеңесі мүшелері, діни сауаттылықты арттыру
бойынша ақпараттық насихат тобы, «Асыл
әжелер» отауының мүшелері, дінтану пәні
мұғалімдері мен өнегелі отбасылар мен ауыл
тұрғындары атынан ауылдық округ әкімі
С.Алманбетова аталмыш ауылдық округінде
шараны бесінші рет ұйымдастырып өткізіп,
белгілі бір нәтижеге қол жеткізген «Таным»
деструктивтік діни ағымдардан қорғау және
көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігі
мен теолог мамандарға, аудандық ішкі саясат
басқармасының басшысы Т.Габдушевке
шексіз ризашылықтарын білдірді.
Қай қазақ өз иманын тірнектемес,
Қай мұсылман өз дінін құрметтемес?
Шапаның қырық жамау болса дағы
Ағайын, иманыңды кірлетпе еш!
– дей келе, аталмыш шарада айтылған
келелі ойлар мен келісті әңгімелердің
нәтижесінде келер ұрпақ келешегін алаңсыз
дамыту, қоғамдағы діннің тұрақтылығын
қалыптастыру, дінімізді дұрыс дәріптеу -
баршамыздың парызымыз деп білемін!
Айгүл УСАХОВА
Облыстық «Самал» балалар мен
жасөспірімдер газетінің
Ақжайық ауданындағы меншікті тілшісі
Дін – адам рухының азығы
Қазіргі жастардың ақыл парасаты құлдырау үстінде. Олар
аяқ астынан бәлеге ұрынып, абыройынан айырылып қалатын
жәйіттер де баршылық. Осы кезде оларды жақсы тәрбие ғана түзеп,
дұрыс жолға сала алады. Кейбіреулер білімді болса тәрбие өзі-ақ
қалыптасады дейді. Сондықтан білімді болған жөн деседі. Білім
алғанның бәрі жақсы тәрбиелі бола алмайды. Білім алу үшін де
тәрбие қажет. Тәртібі осал, ата-анасының ақылын алмай сабақ
бетіне қарамайтын бала қалай білімді бола алады. Бір сөзбен
айтқанда тәрбиелі болса ғана білім алады. Тәрбие ақылмен
тығыз байланысты. Адамды адам қылатын — ақылы. Ақылсыз
адамға дұрыс тәрбие қалыптаспайды. Халқымызда “Ақылдыға ерсең адаспайсың” деген тәмсіл
бар. Ата-ана мен аға буындардың ақылын алып, солар сілтеген дұрыс жолмен жүретін болса, жас
жеткіншектерге тәлім-тәрбие жақсы қалыптасады. Бірақ оларға тіршілік еткен ортадан әсер ететін
тәлім-тәрбие де жоқ емес. Әсіресе бала үлкендерге еліктегіш келетінін ескерген жөн. Осы орайда
біздің Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінде көптеген шаралар оздырылуда. Атап айтқанда,
барлық сыныптарда «Дін – тәрбие бастауы» атты тәрбие сағаттары оздырылды. Бұл тәрбие
сағаттарының мақсаты: ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру,
имандылық туралы түсінік беру. Сонымен қатар ата-аналардың діни сауаттылығын дамыту
барысында «Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында діннің алатын орны» тақырыбында дөңгелек үстел
өткізілді. Дінтану пәнінің мұғалімі Ермағамбетова Аягөз Сейтқалиқызы 7-9-сыныптар арасында
«Дін – адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе» атты
тәрбиелік шара ұйымдастырды. Бұл тәрбиелік шарада исламның қысқаша тарихы, мұсылмандықтың
пайда болуы және христиан дінінің пайда болуы туралы көптеген мәліметтер беріліп, оқушылардың
өз ойлары ортаға салынды.
Баланы дұрыс тәрбиелеу - тек әке-шешенің ғана міндеті емес. Бұл баршаның ісі. Бала-біздің
болашағымыз, қоғамның бір мүшесі және оны ары қарай дамытушы, келешек кемеңгері, саясаткер,
ел ағасы. Сондықтан баланы инабаттылыққа тәрбиелеу — бәріміздің абзал борыш.
Анар ТАРЖМАНОВА
Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі
Ақжайық ауданы
Дініңді дұрыс дәріпте
№№21-22 (205-206) 18.11.2014 ж.
5
ТеаТр өнерінің шыңын бағындырған Тума ТаланТ
Тал
Кітап-
біздің
досымыз
Кітап-біздің рухани
құндылығымыз,
теңдессіз
байлығымыз. «Артық білім кітапта,
ерінбей оқып көруге» деп Абай
айтпақшы, адам баласы үшін кітап-
тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала
кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас досы
бола алады. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да,
әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітапханадан табамыз.
Чапаев жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында мектеп кітапханашысы
А.Нурпиисованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында
Ең үздік оқырман байқауы оздырылды. Байқауға жеті сайыскер қатысты. Олар:
Абдрахманова Эсмира, Давлетказиев Райымбек, Ертілеу Қымбат, Аляуов
Ерасыл, Кәрім Әділет, Нұржан Әли. Төрт бөлім бойынша өткізіліп, өз мәресіне
жетті. Сайыста өзінің оқыған кітаптары жайында жақсы әңгіме айтып, тақпақты
мәнерлеп оқыған, сұрақтарға дұрыс жауап беруі жағынан көзге түскен үздіктер
анықталды.
Зейнеп ИСКАКОВА
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
5-сынып оқушысы
Долиный ауылы.,Теректі ауданы,
М.Горький атындағы кітапхананың
өнер және ұлттық дәстүрлерді дамыту
бөлімінде Құрманғазы атындығы саз
колледжінің актер бөлімімен аты аңызға
айналған қазақтың біртума актрисасы
Әмина Ерғожақызы Өмірзақованың 95
жыл толуына орай «Театр өнерінің шыңын
бағындырған тума талант» атты сазды кеш
ұйымдастырылды. Қазақ киносында ана
бейнесімен танылған талант иесі – Әмина
Өмірзақова. Әмина Өмірзақова қазақ
киносының алғашқы қарлығаштарының
бірі ретінде бұл саланың дамуына елеулі
үлес қосты. Қазақ киноматографиясының
баға жетпес қазынасына айналған: “Абай”,
“Жамбыл”, “Бір ауданда”, “Ана туралы
аңыз”, “Арманым менің”, “Ақ шаман”, “Нан
дәмі”, “Шанхай” фильмдерінде жасаған
бейнелері, әсіресе әйгілі “Тақиялы
періштедегі” актриса ойнаған Тана апайдың
рөлі қалың жұртшылықтың махаббатына
әлі күнге дейін бөленіп келеді.
Шара барысында Әмина Ерғожақызы
Өмірзақованың өмірбаяны баяндалып,
өмірі мен өнерінен сыр шертетін бейне
ролик оқырман назарына ұсынылды.
«Сахна саңлағы» атты сахна шеберлігі
туралы және марапаттары туралы толық
ақпарат беріліп оқырмандарға
«Еңбегі
еленген актриса» атты кітап көрмесімен
таныстырылды. Тумысынан отты да өткір,
қайсар мінезді, еңбеққор, ақжарқын, білімге
деген құлшынысы зор Ә.Өмірзақова сахна
мен экранда 150 – ден астам кейіпкерді
жарыққа шығарды. Оның осы кейіпкерлер
галереясына көз жіберсек, жаны таза,
мейірімді де аңғал аналардың портреттер
тізбегіне тап боламыз. Актрисаның «Қазақ
киносының ақ әжесі» атануы өзінің ішкі
жан дүниесінің сол аналар характерімен
үндес келуінен болса керек. «Отан»
орденінің иегері қазақ театр сахнасы
мен кино экранында мәңгі өшпес бірегей
тұлғалар жасаған Әмина Өмірзақова
әлемнің көптеген елдеріне танымал есім.
Ол көпшіліктің есінде әйгілі «Тақиялы
періште» фильміндегі күлкісімен қалғаны
сөзсіз.
Театр мен киноның биік шыңын
бағындырған
Әмина
Ерғожақызы
Өмірзақова қазақ өнерінің тарихында
аңыз – акртиса болып қала беретінін атап
өтіп, бөлім меңгерушісі Жұмашова Зоя
Абатқызы кешті қорытындылады.
Мөлдір ТОҒАЙБАЕВА
Өнер және ұлттық
дәстүрлерді дамыту бөлімінің
кітапханашысы
Сымбаты бөлек
әлемі сырлы
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Сайын Мұратбековтің «Басында
Үшқараның» атты әңгімесі бойынша №13 кітапхана филиалының
кітапханашысы Ж.Хайруллинаның ұйымдастыруымен №5 мектептің
10-сынып
оқушыларының
қатысуымен
оқырмандар
конференциясы өтті. Шараға
мектеп
кітапханашысы
Қ.Сүлейменова, қазақ тілі
мұғалімдері
Ғ.Сабирова,
М.Құлдашева, А.Мұхамбетова
қатысты.
Ж.Хайруллина
шара басында республика
көлемінде
жылма-жыл
Қазақстан
жазушыларының
шығармаларын насихаттау
барысында ұйымдастырылатын «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы
әңгімелеп,содан соң осы акция бойынша биыл таңдалып алынған
еліміздің танымал жазушыларының бірі С.Мұратбековтің «Жусан
иісі», «Басында Үшқараның» повестеріне тоқталып, С.Мұратбеков
ағамыздың қазақ әдебиетінде орны ерекше екенін айтты. Қазақ тілі
мұғалімі Мұхамбетова Айгүл Ораққызы жазушының өмір жолдарына
жасалған слаидты интерактивті тақтаны қолдана отырып оқушыларға
мәлімет берді.
Жазушы жайында М.Құспанов, А.Утегенова, Д.Губайдуллина,
А.Жодрасынова, А.Рахматуллина сынды оқушылар өз ой-пәкірлерін
ортаға салды. Пікір – таластан соң «Сайын даланың Сайыны»
атты кітап көрмесіне шолу оздырылды. Көрмеге С.Мұратбековтің
шығармалар жинағы: «Қалың қар», «Жусан иісі», екі томдық
шығармалар жинағы, бес томдық шығармалар жинағы және баспасөз
материалдары қойылды.
К. ҚАНАТҚАЛИЕВА
№13 қалалық кітапхананың меңгерушісі
«Қарияңды қадір тұт»
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапханасында
№26 мектептің 5 «в» сынып оқушыларының қатысумен «Қарияңды қадір тұт» атты әдеби - сазды
кеш өткізілді. Шара «Науасқы» күйі және «Туған жер» әнімен ашылды. Шара барысында күй, ән, билер
орындалып, әдеби- сазды кеш одан әрі көркейте түсті.
Кішкентай оқырман бүлдіршіндеріміз ата-әжелерімізге
арналған ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсете білді.
Қарияларға қамқорлықтың керектігі жайында балалар
өз ойларын білдірді. Оқушылар, «Мәмілегерім»
атты тәлім тәрбие беретін көрініс көрсетіп, үлкен
қарияларымызға күлкі сыйлады.
«Қарттарым – асыл қазынам» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кітапхана
қызметкерлері оқушылардың ата-әжелерін сыйлап,
құрметтеп, пір тұтатындарын көріп, қуанды.
Ботагөз АБИШЕВА
№12 кітапхана – филиалының кітапханашысы
Жануарлар әлемі»
М.Горький атындағы қалалық кітапхананың №2 филиалы №45
мектептің 3 «б» сынып оқушыларымен Халықаралық жануарлар күніне
орай,
«Жануарлар әлемі» атты викторина өткізілді. Сезінуге бейім
тіршілік иелері жануарлардың эволюциялық дамуына сәйкес қоршаған
ортаға биімделіп отыратынын және олардың жүн терілерінен адамзатқа
керекті шикізат алатыны жайында түсінік берілді. Жануарлардың
түрлерімен олардың бір-бірлерінен ерекшеліктері туралы мәлімет бере
отырып үй жануарларымен дала жануарларының айырмашылықтары
туралыда мағұлмат берілді. Оқушыларға жануарлар туралы қызықты
әңгімелер оқылды. Мирлан Ахметов, Мадина Байыр, Ескандер Каженов
секілді оқушылар жануар туралы өздері білетін мәліметтерін ортаға салды.
Викторина сұрақтары, жұмбақтар, сөзжұмбақ, ойын ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: