№18 мектебініѕ шаєын ауданы бойынша оќушылар тізімі



бет4/10
Дата09.06.2023
өлшемі137 Kb.
#100282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 сыныпқа арналған диктанттар жинағы

2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №4


Мақсаты: Оқушылардың алған білім білік дағдыларын, сауаттылығын тексеру.
Міндеттері:

  1. Дыбыстық талдау жасай білу.

  2. Сөздерді тасымалдай білуін тексеру.

Біздің мұғалім
Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ. Бұл – ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым.
Таңертең ерте ояндым. Ауылда тек мектептің терезесінде ғана от жанып тұр./35 сөз/


Тапсырмалар:
1.«Ояндым» сөзіне дыбыстық талдау
2.«Ұйықтамай» сөзін тасымалдау

2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №4


Жауап кілті

1) Ояндым - 7дыбыс, 6 әріп, 3 буын


О – дауысты, жуан, ашық, еріндік
я – й – дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік
н – дауыссыз, үнді
д- дауыссыз, ұяң
ы – дауысты, жуан, езулік
м – дауыссыз, үнді

2) Ұйықтамай


Ұйық-тамай, Ұйықта-май

2 сынып
Қазақ тілі
ІІ тоқсандық бақылау жұмысы №5


Мақсаты Оқушылардың алған білім білік дағдыларын, сауаттылығын тексеру.
Міндеттері:

  1. Дыбыстық талдау жасай білу.

  2. Сөздерді тасымалдай білуін тексеру.

Тұмау

Тұмау – жұқпалы аурулардың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып табылады. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.


Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру, мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. /32 сөз/


Тапсырмалар:
1. «Тұмау» сөзіне дыбыстық талдау
2. «Тамшылары» сөзін тасымалдау


2 сынып


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет