Жоспар:
1.Адамдардың арманы.
2.Ұшқыш кілем.
3.Арманның орындалуы.
2 сынып
IY- тоқсан
Мазмұндама № 4
Тақырыбы: Гауһар
Мақсаты : Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде , сауатты жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Жоспар құру
2.Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Гауһар
Гауһар шанасын сүйретіп, сыртқа шықты. Аспан ап-ашық. Ауады шым-шым аяз бар. Батуға айналған күн қызарып көрінді. Гауһардың екі беті қып қызыл. Жағасы қырау-қырау. Қас қарайды. Аспаннан жұлдыздар көріне бастады. Гауһар үйге кірді. Әжесі немересін бауырына басып, басынан сипады. Гауһар әжесіне риза болып жатып, әп-сәтте ұйықтап кетті. /45 сөз/
Жоспар:
1.Гауһардың далаға шығуы.
2.Қысқы дала.
3.Әжесінің немересін қарсы алуы.
2 сынып
ІІ тоқсан
Шығарма№2(қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Берілген тақырыпқа өз ойын пікірін жаза білуге
машықтандыру
2. Тірек сөздерді пайдалану арқылы мәтін
құрастыру
Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан».
Тірек сөздер: алтын дәнді дала, отан, көркем, туған өлке
2 сынып
ІІІ тоқсан
Шығарма №3(қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Тақырыбы: «Қысқы табиғат».
Тірек сөздер: ақ ұлпа, шыңылтыр аяз, көңілді балалар, жылтыр
мұз айдыны, таза ауа, жылы киім.
2 сынып
ІҮ тоқсан
Шығарма (қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Тақырыбы: «Менің ана тілім».
Тірек сөздер: өз тіліңді құрметте,
, ардақта, шұбарламай, замандас, мемлекеттік тіл.
Достарыңызбен бөлісу: |