2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №9
Жауап кілті
1) Балалар – зат есім
шеңбер – зат есім
жасап отырды – күрделі етістік
2) Жеңілген
Жеңіл – түбір
ген – жұрнақ
2 сынып
Қазақ тілі
Жылдық бақылау жұмысы №10
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік
дағдыларын, сауатылығын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Жетіген
Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген жылдар өтсе де, баяғы күйінде.
Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. /32 сөз/
Тапсырмалар:
1. 6-шы сөйлемді сөз табына талда
2. «Шертпелі» - сөзін сөз құрамына талда
2 сынып
Қазақ тілі
Жылдық бақылау жұмысы №10
Жауап кілті
1) Арнайы тиектер қойылған.
Арнайы – сын есім
тиектер – зат есім
қойылған - етістік
2) Шертпелі
Шерт – түбір
пе – жүрнақ
лі - жұрнақ
2 сынып
Бақылау жұмысы №11
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік
дағдыларын, сауатылығын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Зерлі шапан
Зерлі шапан – сырт киім. Ол қымбат матадан тігілген. Оның жағасы мен өңіріне зер салынады. Арқасы, етегі мен жеңі оқасы жіппен өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан мен сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. /35 сөз/
Тапсырмалар:
1. 2-ші сөйлемді сөз табына талда
2. «Зерлі» сөзін сөз құрамына талда
Достарыңызбен бөлісу: |