Мақсаты: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасау.
2. Буын түрлерін ажырату.
Көмек
Салтанат пен Әлия қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін аспанда бұлт қоюлана түсті. Жаңбыр құйып кетті. Олар жиюлы қиярды бір жерге тасыды. Үстін жапты. Сөйтіп қиярды бүлінуден сақтап қалды. Қияр – пайдалы көкеніс. /22 сөз/
Тапсырмалар:
1. Алғашқы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Қияр, қоюлана, жиюлы деген сөдерді буынға бөліп жаз.
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №2
Жауап кілті
1) Салтанат пен Әлия қияр жинауға көмектесті.
2) Қи-яр
қо-ю-ла-на
жи-ю-лы
2 сынып
Қазақ тілі
І тоқсандық бақылау жұмысы №3
Мақсаты: Оқушылардың меңгеруге тиісті алған білім, білік, дағдыларының нәтижесін тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасай білу.
2. Мағыналас сөздерді таба білу.
3. Сөз табын ажырату
Кекілік
Кекілік – тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қара қоңыр жолақтары болады. Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді байқатпайды. Олар барлық уақытта топтасып жүреді. / 35 сөз/
Тапсырмалар:
1.«Аяғы» сөзіне дыбыстық талдау
2.«Реңі» сөзінің мағыналас сөзін жаз.
3.Сын есімдерді тап.
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №3
Жауап кілті
1) Аяғы – 5 дыбыс, 4 әріп, 3 буын
А – дауысты, жуан, езулік
я – й – дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік
ғ – дауыссыз, ұяң
ы – дауысты, жуан, езулік
2) Реңі – түсі
3) Көкшіл, сұр, қара қоңыр, қызғылтым
Достарыңызбен бөлісу: |