18. Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы



Дата16.05.2023
өлшемі28,75 Kb.
#93984
Байланысты:
тариххххх


18. Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды.Халқының құрамы түркітілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткіштерінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси-әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оны Шығыс Түркі қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты.Сұлу қаған (715-738 жж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді. Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түркі қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын күшейтеді.Ендігі мәселе батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты. Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан.Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған.Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың әскербасы болған Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір-екі жылға созылған.Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады.751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды.Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749-753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, керісінше бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан-жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата әлсірейді.Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды
25. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.
Ұлы Жiбек жолының ашылуы. Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3–2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркiстаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидiң Батыстың беймәлім елдерiне (күн қайда батса, сол жаққа) жiберген елшiлiк керуенi жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тiке жол тартты. Са- пар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады. Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды Ұлы Жiбек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшiсiнен кейiн iлешала бұл жолмен Батысқа жiбек керуендерi жүрдi. Рим мен Византия, Үндiстан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндiрiлетiн тауарлар тасылды. Ұлы Жiбек жолының маңызы – халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын ХIХ ғасырда ғана алды. Оны немiс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердiң авторы фон Рихтго-фен ұсынды. . Жібек матасы сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі.Жiбек жолымен ежелгi мәдениет пен өнер Туындылары таратылды. Орталық Азия, Түркiс-Таннан келген музыкант, бишi, акробаттар Қытай Императоры мен Византия сарайларында өз өнер-Лерiн көрсеттi.Жібек жолымен қытайлықтар өз елінде жоға-Ры бағаланатын асыл тұқымды жылқы мен түйе-Лерді Орталық Азиядан алдырды. Қытайлықтар Керуен саудасы арқылы әкелінген ауылшаруа-Шылығы дақылдарын – бұршақ, пияз, қияр, сәбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде өсіруді Үйренді.Орталық Азиядан Қытайға жүннен тоқылған Әртүрлі бұйымдар – кілем, Жапқыш, төсеніштер әкелінді. Жүн өңдеу мен кілем Тоқу әдісімен таныс емес Қытайлықтарға бұл бұйымдар ерекше әсер етті.Ұлы Жібек жолындағы сауда. Жібек жолы Бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен Қатар, үлкен қауіп-қатерге де толы еді. Сол ссебепт Көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан Тұратын ірі керуендермен шықты.Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген Малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудар-Машылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін тарату-Шылар да сапар шекті.Керуен саудасы арқылы жол бойында тұрақты түрде қызмет көрсететін орындар ашылды. Сол себепті Ұлы Жібек жолы бойында керуен са-Райлар (жолаушылар тоқтап, демалатын жайлар) Салынды. ∆VI–ІX ғасырларда түркілер рухани және материал-Дық дамуда үлкен жетістіктерге жетті. Түркілердің руналық жазуы пай-Да болды. Темiрдi өнеркәсiптiк негiзде өндiру қолға алынды, қалалар са-Лынды. Тәңіршілдік, будда, манихей, христиан, ислам дiндерi таралды.Түркілердiң ортағасырлық мәдениетi көшпелiлер мен отырықшыларды бiрiктiрiп, бiртұтас түркi мәдениетiн қалыптастырды. Түркілер табиғат жағдайлары көшпелi өмiрге қо-Лайлы жайылымдық жерлерден басқа аумақтарда да қала және ауыл Тұрғындары ретiнде өмір сүрді. Ерте орта ғасырларда қала мәдениетi Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу Аймақтарында дамыды. Оңтүстiк Қазақстанда ортағасырлық қала Мәдениетi ежелгі қаңлылар дәстүрінде қалыптасты. Осы аумақта қала мәдениетiн өркендетуде соғдылар Маңызды рөл атқарды. VI–ІХ ғасырларда Оңтүстiк Қазақстанда түркi-соғдылық аталған мәдени кешен Пайда болды.Қалалардың негiзгi халқын түркілер құрады. Бұған қалалардың Түркiлiк атаулары дәлел бола алады. Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» Ретінде атап көрсетілді.Қыстаулар мен Көктемгi жайылымдарда халықтың бiр бөлiгi қалдырылды. Олар мұнда дәндi дақылдар өсiрдi, осы Жерлерге қолөнершiлер қоныстана бастады, көпестерТоқтады. Олар негiзiнен мал айдайтын жолдың бойы-На шоғырланды. Билеушiлердiң ордалары тiршiлiк көзiне қолайлы Жерлерде – өзен алқаптары мен сауда жолдарында ор-Наласты. Кейін олар да әкімшілік билік, қолөнер мен сауда орталығына, Қалаларға айналды.VІ–ІХ ғасырларда қала мәдениетiн дамытуда Ұлы Жiбек жолы және халықаралық керуен сау-Дасы маңызды рөл атқарды. Қарқынды сауда Iле, Шу және Талас өзендерiнiң алқаптарында ондаған қалалар мен бекiнiстi Қалашықтардың пайда болуына әсер етті.VI–VІІІ ғасырларда Шу алқабында iрi қалалар мен көптеген шағын Қоныстар болды. «Хұдуд әл-алам» деректерiнде қарлұқтар елiнде 25 қала Мен қоныс болғандығы айтылады. Олардың көпшілігі Ұлы Жiбек жолы Бойында орналасты. Қалалар туралы деректер руна жазуларында сақталған. Мәселен, Көне түркі руна ескерткiштерiнде «балық» – қала, «барқ» – ғимарат де-Ген түркiлiк атаулар келтірілген.
26. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері.
Металл өндіру. Түркiлер әлемдік тарих сахнасына металл өндіру арқылы шықты. Металды кеңінен қолданысқа енгізіп, өздерінің экономикалық қуатын арттырды. Түркілер үшін металл өндіру: жақсы қаруланған әскер құруға, қолөнер мен сауданы дамытуға ықпал етті. Мал шаруашылығы. Түркiлердiң негiзгi кәсiбi көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Бұл шаруашылық оларды азық-түлікпен, киім -кешек және баспанамен қамтамасыз етті.Аң аулау - азық пен терiсi үшiн және әскери жаттығу iсiн бiлдiрдi. Егіншілік. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетiсу ежелден отырыкшы-егіншілік мадениеті дамыған өңір.Талас пен Шу өңіріне соғдылардың қоныс аударуы және түркілердің біразының отырықшылыққа көшуі, егіншіліктің дамуын жеделдетті.

Қолөнердің дамуы. Керуен жолы бойында құдықтарға күмбез түрінде сардоба салды. Тастан киіз уйге ұқсас дiни Дың ескерткіштері болды. Түркiлер адам бейнеленген балбал тастар орнатқан.Ислам дінінің енуіне байланысты адамды бейнелеу дәстүрі жойылды.


Қала мәдениеті. Қала мәдениетi Оңтүстік Қазақстан мен Жетiсу аймақтарында дамыды. VI-IX ғасырларда Түркі-соғдылық аталған мәдени кешен пайда болды. Қалалардың негiзiн түркілер құраған (Тараз әйгiлi түркi каласы). Ортағасырлық қала үш бөлiктен тұрды: цитадель (билеуші ордасы орналасқан орталық бөлік), шахристан (цитадельдің сыртында қала ақсуйектерi), және рабад (сауда-қолөнер орталығы) Қалалардың ерекшеліктері 1-ден, көшпелілермен тығыз байланыста болып, солардың ықпалымен дамыды; 2-ден, қала халқы жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысып, жаз мезгілін жайлауда өткізді: 3-ден алғашында әкімшілік-сауда орталықтары ретiнде пайда болды. Сәулет өнерінің ескерткіштері. Қолданбалы және бейнелеу, мүсін өнері дамыды. Кедер мен Жамукет сарайлары (YII-IX) осының мысалы. Қабырғаларды әрлендіруге есімдік және зооморфты (хайуанат пiшiндi) өрнектер пайдаланылды Суяб пен Науакенттен қазба жұмысы кезiнде будда храмдарының орындары табылды. Жамбыл облысында Қарлұқ дәуiрiнен жеткен сәулет өнерiнiн ескерткіші Aқыртас ғимаратының орны бар.
Сауданын дамуы. Сауда айырбас және ақша турiнде де жасалды .Ақша айырбасының болғандығын Отырар,Суяб, Тараз калаларында жасалған теңгелердің табылуы дәлел болады. Сауда үш бағытта калыптасты: 1) елдер арасындағы керуен саудасы 2) қалалар мен егіншілік аймағындағы арасындағы сауда 3 )қалалар мен көшпелі дала арасындағы сауда.
Руна жазуы. Көне жазулардың ежелгi үлгiлері Орхон-Енисей немесе түркі руна (көне, құпия) жазуы деп аталады. Жазудың қажеттiлiгi әкiмшiлiк және дипломатиялык істер барысында пайда болды. Көне түркі жазуын Буғыты ескерткiшiнен байкай аламыз. Түркі жазуын ғалымдар ХҮIII ғасырда зерттей бастады. Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған
27. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи шығармаларының әлемдік маңызы.
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным- сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады
*Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әбу Насыр әл-Фараби философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
*Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Поэма нақыл сөздер,диалог пен уағыздар түрінде жазылған.Негізгі идеялық мазмұны ізгіліктің қайнар көзі білім екендігін түсіндіруге арналады.Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Еңбек орта ғасырлар кезеңіндегі түркі халықтарының рухани өмірі мен дәстүрі туралы дереккөз болып табылады
Махмұд Қашқари
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - ең ұлы шығармасы.Бұл кітап -түрік дәуіріндегі түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы.
Қожа Ахмет ясауи
Кожа Ахмет Иасауи (1103-1168). исламдағы түркi танымының негiзiн қалаушы. Арыстан бабты пiр тұтып, сопылық ілімді насихаттаган. Қожа Ахмет Иасауиден «Даналық кітабы» - «Диуани хикмет» мұра болып қалған. Түрiк тiлiнде араб әліпбиімен жазылған еңбек адамды даналыққа, имандылыққа, Аллаға адал болуға үгіттейді
28. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы..
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады.
Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала тұрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.
Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстік-қазақстандағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.
Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезмді жаулап алды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.
Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарай төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле Шыңғысханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Монғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мәуераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.
29. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы.

Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Орталығы алғашында Сарай-Батуда (Еділ бойында) болды, кейін Сарай-Беркеге көшірілді. Батый хан Алтын Орданы құрып, 1227-1255 жылдары мемлекетті басқарған. Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Батый хан мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттыруға, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгендігі айтылған.


1236-1242 жылдары Батысқа жасалған жеті жылдық жорықты Батый хан басқарды. Берке хан Монғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкілмонғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Берке хан Алтын Орданы күшейту үшін мұсылман дінін қабылдады. Меңгу-Темір 1271 жылы Египетпен байланысына кедергі болуға тырысқан Византияға қарсы жорыққа шықты. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейбіт келісімге келді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты.
Тохты хан Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлесін қосты. Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жандандырған. Египетпен тығыз қатынаста болды. Алтын Орданың гүлденген кезі Өзбек хан мен баласы Жәнібек ханның билігі тұсында болды. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына қатты көңіл бөлген. Оның билігі кезінде мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. 14 ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда ішінде алауыздық күшейді. Жошы ханның екінші бір ұрпағы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Алтын Орданың билігін алады. Әмір Темір Алтын Ордаға шабуылдап, мемлекетті бас көтере алмастай етіп тұралатты. 15 ғасырдың ортасында Алтын Орда бірнеше хандықтарға бөлініп кетті. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын ұйғыр жазуымен жүргізді. Азаматтық басқару билігі түрік әулетінен шыққан “мәлік” деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асырылды. Алтын Ордада басқару жүйесінде басқақтар маңызды орын алды. Олар басқару қызметімен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді. Даруғалар салық жинаумен шұғылданды. Әскери істі беклербек басқарған. Азаматтық билік уәзірлердің қолында болған. 14 ғасырда Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастаған

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет