№18 Зертханалық жұмыс



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі78,14 Kb.
#70998
  1   2
Байланысты:
¹18 Çåðòõàíàëû? æ?ìûñ (копия)


18 Зертханалық жұмыс. Клеман-Дезорм әдісі бойынша меншікті жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау


Жұмыстың мақсаты:адиабата көрсеткішін Клеман-Дезорм бойынша анықтау.
Құрал – жабдықтар: сауыт А, сулық манометр, қолдық насос.


Теориялық кіріспе


Бойль-Мариотт заңы: берілген газ массасы үшін тұрақты температура кезінде газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты шама:
, болғанда .



Тұрақты температура кезінде және шамаларының арасындағы тәуелділікті бейнелейтін қисықты изотерма деп тайды. Неғұрлым үрдістің өту температурасы жоғары болған сайын, соғұрлым изотермалар – графикте көрсетілген гиперболалар да жоғары болады.


Авогадро заңы: бірдей температурада және қысымда кез келген газдың бір молі бірдей көлемді алады. Қалыпты жағдайда бұл көлем
Vm = 22,41 · 10 -3 м3/моль
Зат мөлшері ( ) – заттың құрамына енетін молекулалар, атомдар немесе иондар тәрізді құрылымдық элементтердің санымен анықталатын физикалық шама. Өлшем бірлігі – моль.
Массасы 0,012 кг 12С нуклидінің құрамына кіретін құрылымдық элементтері бар жүйенің зат мөлшері.
Авогадро тұрақтысы: әр түрлі заттардың бір молінде молекулалардың саны бірдей болады, оны Авогадро тұрақтысы деп атайды:

Дальтон заңы: идеал газдардың қоспасының қысымы оның құрамына кіретін газдардың парциалдық қысымдарының қосындысына тең:
.
Парциал қысым: бұл газ қоспасының құрамына кіретін газдың бір өзі сол температурада қоспаның көлеміне тең көлемді алатын қысым.


Г ей-Люссак заңы:
1) берілген газ массасының көлемі тұрақты қысымда температураға байланысты сызықты өзгереді:
, болғанда
2) берілген газ массасының қысымы тұрақты көлем кезінде температураға байланысты сызықты өзгереді:
, болғанда
(мұндағы және - сәйкесінше 0 0С температурадағы көлем және қысым, К-1 термиялық коэффициент)
Т ұрақты қысымда жүретін үрдісті изо баралық деп атайды. V, t координаталарындағы диаграммада бұл үрдіс изобара деп аталатын түзумен бейнеленеді. Тұрақты көлемде жүретін үрдісті изохоралық деп атайды. р, t координаталарындағы диаграммада бұл үрдіс изохора деп аталатын түзумен бейнеленеді.
Суреттерден изобаралар және изохоралар температура осін нүктесінде қиып өтеді. Егер санақ басын осы нүктеге ығыстырса, онда Кельвин шкаласына көшеміз
.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет