№19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.02.2017
өлшемі14,57 Mb.
#4182
  1   2   3   4

№ 19 (200),  

қараша, 2015 жыл

Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

Ректор есебінің түйіні



(Басы. Соңы 2-бетте)

әр студентке сапалы білім беру, 

қамқор болу қағидасы

Елбасының 

тікелей 

қолдауымен  осыдан 19 жыл 

бұрын 

шаңырақ 


көтерген 

университеттің 

тыныс-

тіршілігін  тілге  тиек  еткен  ол 



табыстарды  маржандай  етіп 

тізіп шыққанда байқалғаны, оқу 

орны халықаралық және ұлттық 

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты  қадам» – Ұлт  жоспарының 77 

қадамында: «Экономиканың алты негізгі сапасы үшін он алдыңғы қатарлы колледж 

бен он жоғары  оқу  орнында  білікті  кадрларды  әзірлеу,  кейіннен  бұл  тәжірибені 

еліміздің басқа оқу орындарына тарату» жайын қадап тұрып айтқан еді. 

Осы тапсырманы  мүлтіксіз  орындау  жолында  атқарылған  іс пен алдағы 

міндеттер,  яғни 2014-2015 жылғы  қызмет  нәтижелері  туралы  Елордадағы 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов 

бір  сағатқа  таяу  уақыт  ішінде  ғылыми  кеңес  мүшелері,  білім  алушылар,  жұмыс 

берушілер,  қоғам  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдері  алдында  есеп 

берді.

рейтингтегі 

көшбасшылық 

орынды  сақтап  қалыпты. ЕҰУ 

– 2014 жылы  құрылғанына 

жарты ғасырдан 

аспаған 

әлемнің жетекші 50 жас дамушы 

жоғары  оқу  орындарының 

қатарындағы ТМД-дағы 

жалғыз  оқу  орны. QS World 

University Rankings рейтингінің 

қорытындысы  бойынша  білім 

ордасы 32-орында. Жоғары оқу 

орындары веб-сайттарының 

«Webometrics» әлемдік 

рейтингінде 2014 жылдың 

қорытындысы 

көрсеткендей 

Қазақстан 

бойынша 

үздік 


болып,  тәуелсіз  аккредиттеу 

және рейтинг агенттігі өткізген 

2014  жылғы  бакалавриат  білім 

бағдарламаларын 

саралау 

нәтижелері  түйіндеуінше де 

көшбасшылық  орында.  Білім 

бағдарламаларын 

сапалы 

ету  бойынша осы күндері 



132 

білім 


бағдарламасы 

аккредиттеуден  өткен,  оның 

ішінде 

бакалавриаттың 



– 58, магистратураның – 

52, 


докторантураның 22 

мамандығы бар.



Білім бағдарламаларының сапасының артуы арқасында 132 білім бағдарламасы аккредиттеуден өтті. 

Оның ішінде бакалавриаттың – 58, магистратураның – 52, докторантураның 22 мамандығы бар.

Астананың әрбір оныншы жас тұрғыны – ЕҰУ студенті екенін еске салсақ, жалпы студенттер саны – 

16273, оның  13848-і  бакалавриатта, 2181-і магистратурада, 244-і докторантурада оқиды.

Университетіміздің бірінші курс студенттерін студент қатарына қабылдау кеші туралы материалды 6-7  беттен оқи аласыздар.

Мен ЕҰУ студентімін!

2

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 19 (200), 

қараша, 2015 жыл

Астананың  әрбір  оныншы  жас  тұрғыны – ЕҰУ 

студенті  екенін  еске  салсақ,  жалпы  студенттер 

саны – 16273, оның 13848-і бакалавриатта, 2181-і 

магистратурада, 244-і докторантурада оқиды.

«Бұл  оқу  жылында  біз  білім  алушылардың  жаңа 

контингентіне 188 бірегей  білім  бағдарламасын 

ұсындық: бакалавриат үшін – 71 және магистратура үшін 

– 81. Барлық  білім  бағдарламаларына  дерлік  атаулары 

мен мазмұны  көп  жағдайда  әлеуметтік  серіктестеріміз 

–  жұмыс  берушілер  анықтаған  пәндер  енгізілген. 

Мұның  бәрі  біз  алдымызға «барлық студентке білім 

беру» қағидатынан «әр студентке сапалы  білім беру» 

қағидатына көшу міндетін қоятынымызды көрсетеді», – 

деді Ерлан Сыдықов.

Ол,  сонымен  қатар,  білім беру қызметтерінің 

сапасына  қанағаттанушылығын  анықтау  мақсатында 

жұмыс  берушілер  арасында  сауалнама  жүргізілетінін, 

өткен  оқу  жылында  кәсіпорындар мен ұйымдардың 

тапсырысы  бойынша 101 студент пен 11 магистрант 

білім  алғанын  ерекше  атап  айтып,  олардың  қатарында: 

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «Қазмұнайгаз», «Қаз-

хром» трансұлттық  компаниясы», «Юбилейное», 

«Қазақмыс  корпорациясы», «Интергаз  Орталық 

Азия», «Ембімұнайгаз» және «Шұбаркөл-Көмір» 

сияқты ұйымдар бар екенін еске салды. ЕҰУ түлектерінің 

жұмысқа  орналасуына  келетін  болсақ,  түлектер  үлесі 

54%-дан 82%-ға дейін артыпты.

Бүгінде  жаңа  үлгідегі  мамандар  дайындау  жайын 

атап: «Қазіргі кезде бір тақырыпта дәріс тыңдау немесе 

пән бойынша материал оқу – бір нәрсені меңгеру үшін 

тиімсіз тәсіл екені анық. Біреулерге білім беру және сол 

материалды өз өмірінде пайдалану – меңгерудің ең тиімді 

тәсілі. Гете айтқандай, «Теория қасаң  болса да, өмір 

ағашына  нәр  береді». Тәжірибесіз теория болмайды. 

Сондықтан  практикаға  бағытталған  пәндердің  санын 

арттырып, студенттердің, магистранттардың өз бетінше 

жұмыс жасауына көңіл бөлу керек», – деді ректор.

Білім ордасы оқу мен өндірісті ұштастырып жүргізу 

ниетінде кәсіпорындарда 41 кафедраның филиалын 

ашты. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық 

даму бағдарламасы (МИИДБ) аясында биылғы жылы 

«6М073000 – құрылыс материалдары, бұйымдар 

мен конструкциялар өндірісі» және «6М074600 – 

ғарыштық техника мен технология» мамандықтарына 

210 магистрант қабылдады. 2015-2016 оқу жылында 

университетке ТМД Желілік университеті мен Шанхай 

ынтымақтастығы ұйымы университеттері аясында 

біріккен қос дипломды білім бағдарламаларын жүзеге 

асыру үшін 44 квота бөлінгенін айта кетуіміз керек.

Университет қызметінің елеулі бағыты – ғылыми-

зерттеу жұмысы десек, бұл салада да ілгерілеушілік бар. 

Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда төмендегідей 

жетістікті аңғаруға болады. Зерттеулер көлемі 3%-

ға артса, халықаралық цитаттау жүйелеріндегі 

жарияланымдар саны Thomson Reuters-те 13%-ға, 

Scopus-та 28 %-ға көтерілген, докторанттардың қорғау 

саны 24%-ға артыпты. Студенттердің 412 жұмысы 

медальдармен, дипломдармен және грамоталармен 

аталған, 113 студент атаулы стипендияға ие болған.

2014 жылы университеттің профессорлық-

оқытушылар құрамы жалпы сомасы 1, 63 млрд. теңгені 

құрайтын 201 ғылыми жобаны орындаған. Осы арада 

өткен  жылы  оқу  орны 16 миллиард 745 миллионнан 

артық  қаржы  игергенін  еске сала кетелік.  Білім 

ордасының профессор-оқытушылар  құрамы  шетелдік 

журналдарға  сапалы  мақалалар  жазу  бойынша да 

жетістіктері  баршылық.  Мысалы,  бір  ғана профессор 

Рәтбай Мырзақұлов әлемдегі танымал басылымдарға 50-

ден аса мақала жариялап, Орталық Азия бойынша ғылым 

көшбасшысы деп танылғанын ректор есебі үстінде алға 

тартты. Жалпы, ЕҰУ-де 1736 профессор мен доцент, 340 

әкімшілік басқару қызметкері еңбек етеді. 2014 жылдың 

қорытындылары  бойынша  ғана 224 адам  шетелде 

біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Шетелдік  мамандарды  тарту «Бес институттық 

реформаны  жүзеге  асыру  бойынша 100 нақты  қадам» 

бағдарламасында да көрініс  тапқан  университеттерді 

интернационалдандыруды  дамыту  стратегиясын  іске 

асыру  механизмдерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл 

орайда 2010-2015 жылдар  аралығында  шақырылған 

ғалымдардың жалпы саны – әлемнің 50-ден астам елінен 

шамамен 1000-ға жуық профессорды құрапты.

Университеттегі  әлеуметтік-мәдени  жұмыс  ерекше 

назар  аударуға  тұрарлық  бағыт.  Оған  бір  дәлел 119 

студентке ішкі грант пен білім алуда жеңілдік жасалып, 

126 студентке көмек  көрсетіледі, 68 ата-анасыз  және 

мүгедек студент Студенттер  үйінде  тегін  тұрады  екен. 

Өзге де қамқорлық мол.

Есеп беру кезеңінде  университеттің  материалдық-

техникалық базасын дамыту бойынша да біраз жұмыстар 

атқарылыпты. №2 оқу-зертханалық  ғимараттың 

құрылысы  аяқталған. М.В. Ломоносов атындағы ММУ 

Қазақстандық  филиалының  Студенттер үйі пайдалануға 

берілген. ЕҰУ-дің «Барлығы  студенттер  үшін» 

бағдарламасы аясында білім ұясының аумағында жалпы 

ауданы 8071,16 м

2

 болатын 9 қабатты 500 орындық жаңа 



Студенттер үйінің құрылысы жүріп жатыр. Оны алдағы 

жылдың ІІІ тоқсанында тапсыру жоспарланған.

Ректор оқу  орнының  жетістігіне  жаршы  болып 

жүрген  басылымдарға да ілтипатын  білдірді. Ал алдағы 

атқарылатын міндет-мақсаттар да аз емес болып шықты. 

Оның  бастысы – әлемдік  деңгейде  сапалы  білім беру 

екендігін  атап  айтты.  Сол  секілді  студенттерге  дәріс 

оқу  сәтінде  бұрынғы  сарытап  жолдан  арылу  керектігін 

профессор-оқытушылардың  есіне  салды.  Әсіресе, 

академиялық бедел туралы ой қозғаған тұста, оның басты 

критерийі – ғылыми белсенділік болып табылатынын, ол 

жариялану  белсенділігін  және  цитатталуды  білдіретінін 

білім  ордасында 17 мыңға  таяу студент оқып  жатса, 

солардың 2500 мыңы  жатақханамен  қамтылған.  Өзге 

де мүмкіндіктер  бойынша  сондай  білім  алушылар 

жатақханаға  орналастырылыпты. Ректор сұрақтарға 

жауап  қайтарған  тұста,  студенттерді,  магистранттарды, 

докторанттарды  жатақханамен  қамту  бірте-бірте 

шешілетінін  еске  салды.  Сөз  алғандардың  арасында 

академик Ғ.Есім  ұстаз бен шәкірт  арасындағы 

байланысты  қозғап,  ұстаз  шәкіртін  тыңдай да, сыйлай 

да білу  керектігін  алға  тартты. Словакия елшісі, ЕҰУ-

дің құрметті профессоры Петер Юза; экс-сенатор, ЕҰУ 

ҚХА кафедрасының  меңгерушісі  А.Башмаков, BI групп 

«Астана» холдинг МЖК дивизионының бас директоры 

А.Ахметов; Астана қаласының  автопаркінің  басқарма 

төрағасы С. Богатырев, ЕҰУ шақырған профессор 

Эдита Денст-Гарсия (Сервантес институты – Мадрид, 

Испания), докторант Чун Янг Мин (Оңтүстік Корея), 

тағы басқалар алғаш рет өткізіліп отырған ректордың есеп 

беруіне қатысты ойларын ортаға салып, жақсы бағаларын 

беріп,  кейбір  мәселелер  туралы да пікірлерін  білдірді. 

Әсіресе, Оңтүстік Кореядан келген докторанттың қазақ 

тілінде сөйлеген сөзі жұрттың көңілінен шықты.

Есеп беру соңында  Ерлан  Сыдықов  қай  кезде де 

жауапкершілікке жете мән  беретінін, бар мақсаты 

Ректор есебінің түйіні

(Соңы. Басы 1-бетте).

Айтарым бар...



Чун Янг Мин, Халықаралық 

қатынастар факультетінің 

1- курс докторанты:

– Мен осы университетке 

оқуға түсуді армандағанмын, қазір 

Еуразия ұлттық университетінде 

оқып жатқаныма қуанамын. 

 

Болашақта Корея мен Қазақстан 



арасындағы достық қарым-

қатынастарды дамытуға бар 

күшімді салып, Сіздердің 

сенімдеріңіз бен үміттеріңізді 

ақтаймын. 

Ғарифолла Есім, философия 

ғылымдарының докторы, профессор, 

академик:

–  Университет  ректоры  академик  Ерлан     

Бәтташұлы Сыдықовтың есебін мұқият тыңдап 

отырып, қазіргі заман дағдарысынан елімізді 

алып шығатын білім жүйесі, оның ішінде Лев 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

ұжымы екеніне көзім жетті. 

Дағдарыстың жауы – сапа. Сапа орныққан 

жерде дағдарыс жоқ. Біздің университетте он 

мыңнан аса, үш тілді еркін меңгерген талапты 

және талантты студенттер мен 

магистранттар сапалы білім 

алуда. Оларға екі мыңнан аса 

білікті ұстаздар заманауи талапқа 

сай жоғары деңгейде іргелі және 

технологиялық инвестициялық 

білім беруде. Бұл жөнінде әлгінде 

ректор есебінен мәліметтер 

алдық. 

Сапалы білім – заман талабы. 



Ол бәсекеге қабілеттілік. Қазір 

білім экономикасы деген ұғым 

бар. Білім тікелей бизнеске 

айналуда. Осы мәселелер оқу 

процесінде орын алуда. 

Ұжым алдындағы ректор 

есебі болғандықтан, Ерлан 

мырзаның тұлғалық қасиеті 

туралы бір ауыз сөз айта 

кетейін. Астанадағы ең үлкен 

университетті басқару оңай 

шаруа емес. Ұжымда Ата 

туралы, аға ұрпақ, жас ұрпақ 

өкілдері қызмет етуде. Үш 

ұрпақты бірлікте, ынтымақта, 

сыйластықта ұстап, ұжымның 

ұлағатты істеріне басшы болу 

қиынның-қиыны. 

Бәріміз білеміз, Ерлан 

Бәтташұлы жиырма жылдан 

бері еліміздің басты жоғары 

оқу орындарында үздіксіз 

басшылықта болған, оқу 

ісінің үздік маманы, шебер 

ұйымдастырушы, қоғам 

қайраткері.  Бұл қасиеттердің 

бәрі, бір  есептен айқын көрініс 

тапқанының куәсі болуымызда. 

Ректордың есебі, негізінен 

келешекке бағытталған. Көптеген 

өзіміз білеміз деген жайлар 

жөнінде жаңа, тың тұжырымдар 

мен шешімдер айтылды. Демек, 

осы бағытта жүрсек, біздің 

университет ұжымының, 

түлектеріміздің ынта-жігері, 

қайраты, кәсіби біліктіліктері 

елімізді дағдарыстан алып 

шығатын күш, фактор 

болатынына сенімдімін. Қысқасы, 

ректорымыз академик Ерлан 

Сыдықовтың есебі, біздер үшін 

қажетті құжат, бағыт-бағдарлама. 

Петер ЮЗА, Францияның Қазақстан 

Республикасындағы Төтенше және 

Өкілетті елшісінің  кеңесшісі:

– Біз Еуразия ұлттық университетін 

қолдаймыз, өйткені ЕҰУ ғалымдары 

әрдайым биікке ұмтылып, жаңалық-

тарымен қуантып келеді. Оқу орнының 

республикалық, халықаралық рейтингте 

көшбасында болуы біз үшін үлкен 

мақтаныш және алдағы уақытта 

ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып

жалғаса түседі деген сенімдемін. 



Анатолий Башмаков экс-

сенатор:

– Ректордың бүгінгі 

есебіжоғары оқу орындары 

тарихында алғашқы болып 

отыр  және ауқымды 

аудиторияда өткенін ерекше 

айтқым келеді. Сондай-

ақ ауылдағы ата-аналар да 

онлайн жүйесінде көріп, 

тыңдай алды.

тілге  тиек  етті.  Білім мен өндірісті  ұштастыруды да 

естен  шығармады.  Ең  бастысы,  Елбасы  сенімін  ақтау, 

тапсырманы  бұлжытпай  орындау  дегенге  ерекше  мән 

берді.


Есепті     баяндамадан      кейін  ректорға  сұрақ  

берушілердің  алға  тартқан  мәселелерінің  бірі 

жатақханамен қамту жайы болды. Бұл тұрғыдан келгенде 

зияткерлік  элитаны  қалыптастыру  екенін  айтып, «Әр 

студентке сапалы  білім беру, қамқорлық  көрсету  басты 

қағида. Осы жұмысты  жүйелі  атқарсақ,  алар  асуымыз 

–  биік,  маңдай  теріміз – нәтижелі  болмақ», деп  сөзін 

түйіндеді.



Сүлеймен  МӘМЕТ,

«Егемен  Қазақстан»

3

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 19 (200), 

қараша, 2015 жыл

БҰҰ және ЮНЕСКО:

жасампаздыққа 70 

жыл

Жоғары оқу орындары 

ректорлары Кеңесінде

Халықаралық ғылыми 

конференция

Фидель Кастроның ұлы дәріс оқыды

Маңызды мәселелер

Л.Н.Гумилев    атындағы  Еуразия 

ұлттық 

университетінің ректоры, 



академик Ерлан 

Сыдықовтың 

төрағалығымен  Қазақстан  Республи­

касындағы  жоғары  оқу  орындары 

ректорлары  Кеңесінің  кезекті  отырысы 

өтті. 


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 

Республикасы жоғары оқу орындарының 

ректорлары Кеңесі жоғары білім беру 

жүйесін жетілдіру, болашақ мамандарды 

даярлаудың өзекті мәселелерін шешу 

және 2015 жылдың 10 мамырында 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 

№288 бұйрығымен отандық ғылымды 

дамыту жөнінде ЖОО арасында қарым­

қатынастың нығаюы үшін құрылып, Кеңес 

төрағалығына Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан 

Сыдықов сайланған болатын. Осы 

бұйрық бойынша ректорлар Кеңесі және 

ректорлар Кеңесінің құрамы бекітіліп, 

оған еліміздің 39 жоғары оқу орнының 

ректорлары енген­ді. Консультативті 

кеңес беру органы ретінде үш жылға дейін 

жұмыс істейтін мерзімі бар Ректорлар 

кеңесінің алғашқы отырысы 2015 жылы  

24 тамызда өтіп, онда  Кеңес жұмысының 

алдағы атқаратын міндеттері сараланған 

болатын. 

Ректорлар кеңесінің бүгінгі күн 

тәртібіне сол сараланған мәселелердің 

бірқатары шығарылды: ЖОО­дан кейінгі 

білім беру жайы мен PhD докторларын 

дайындау; іс­шараларды бірлесіп 

өткізу және бітіруші түлектерді жұмыс 

берушілермен келісе отырып   еңбекпен 

қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы 

ЖОО­да халықаралық бағдарламаларды 

жүзеге асыру, ЖОО­лар арасындағы 

электронды кітапхананың жұмысы 

туралы өзекті мәселелер. 

Ректорлар кеңесінің жұмысын Кеңес 

төрағасы Ерлан Сыдықов жүргізіп 

отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 

алғашқы болып сөз алған ҚР БҒМ  ЖОО­

дан  кейінгі білім беру департаментінің 

басшысы Серік Өмірбаев ЖОО­дан 

кейінгі білім беру және PhD докторларын 

дайындау мәселесіне кеңінен тоқталды. 

Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 

мемлекеттік университетінің ректоры 

Бейбіт Мамраев ҚР батыс аймағындағы 

жоғары оқу орындарындағы халықаралық 

ынтымақтастық тәжірибесін ортаға 

салса, Семей қаласының Шәкәрім 

атындағы мемлекеттік университетінің 

ректоры  Шәріпбек Әмірбек түлектерді 

жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс 

берушілермен бірлескен іс­шаралар 

жүргізу жайын қозғады.

Сондай­ақ Республикалық жоғары оқу 

орындары аралық электронды кітапхана 

(РЖООАЭК) директоры Шолпан 

Әлмұхамбетова оқытушы­профессорлық 

құрамын, бакалаврда, магистратурада, 

докторантурада оқитындарды 

заманауиақпараттық оқу ресурстарымен 

қамтамасыз ету мақсатында атқарып 

жатқан жұмыстарын айта келіп, 

Қазақстан ЖОО­ның электронды 

ресурстарын біріктіретін бірыңғай 

дерекқоры екенін, Меморандумға ҚР 

білім және ғылым министрі, ЖОО 

Ассоциациясы, Каз Рена Ассоциациясы 

және Қазақстан ЖОО қол қойғанын 

жеткізді.  – Электронды кітапхананың 

мақсаты, – деді Шолпан Әлмұхамбетова, 

– Оқытушы­профессорлық құрамын, сту­

денттерді, магистратурада, докторанту­

рада оқитындарды оқытудың интербел­

сенді мультимедиялық ресурстарымен 

қамтамасыз ету, сонымен қатар еліміздің 

ЖОО­ның электронды білім ресурста­

рын бірыңғай ақпараттық жүйеге бірік­

тіру, –  деді ол. 

Жиынды Еуразия ұлттық 

университетінің ректоры, Ректорлар 

кеңесінің төрағасы Ерлан Сыдықов 

қорытты. 

Оқу орнына аты аңызға айналған тұлға Фидель 

Кастроның ұлы Фидель Кастро Диас­Баларта келді. Куба 

Республикасы мемлекеттік Кеңесінің ғылым жөніндегі 

кеңесшісін еліміздің білім және ғылым жүйесі қызықтырса 

керек. Кубалық ғалым әуелі инженерлік бағыттағы 

лаборатория жұмысымен танысып, «Жазу» тарихы 

мұражайын аралады. 

Содан     соң     Фидель      Кастро     Диас­Баларта   Еуразия       

ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және 

бірінші проректор Жәмилә Нұрманбетовамен кездесіп, 

белгілі ғалымдармен әңгімелесті. Шара барысында 

физика­техникалық университетінің студенттеріне 

«Кубадағы жаңа технологияның дамуы: биотехнология 

және нанотехнологиядағы тәжірибе» тақырыбында дәріс 

оқыды. 

Куба мемлекеттік қайраткерінің дәрісі әлемдегі білім мен технология шеңберіндегі ілгерілеушілік және қазіргі 



үрдіс, Кубадағы ғылым және инновацияның дамуы, Кубаның биотехнология мен нанотехнологиядағы жетістіктері 

тақырыптарына арналды. 

Фидель Кастро Диас­Баларта  әлемдегі   нанотехнологияның   өсуі туралы айта келіп, әлемдік нарықта наномедицинаның 

өзі келесі жылы 2 млрд. долларға  жуықтайтынын жеткізді. 

Дәріс барысында Фидель Кастро Диас­Баларта негізгі әңгімені денсаулық сақтау және жоғары білім жүйесіне аударды. 

Кубада орташа өмір сүру жасы 80 жас екенін айта келіп, «Елімізде ақылы емдеу бағасы өте төмен  және медициналық 

қызметтің сапасы АҚШ пен Канададан ешқандай кем емес», – деді. 

Сондай­ақ, кубалық ғалым студенттер сауалдарына  жауап қайтара отырып, АҚШ арасындағы қазіргі өзара 

ынтымақтастық жайына тоқталды: екі ел арасында 1961 жылы үзілген  дипломатиялық қатынас араға 54 жылы салып, 

2015 жылғы 20 шілдеде қайта жалғанғанын жеткізді. 

Сөйтіп, аты аңызға айналған тұлғаның ұлымен болған тарихи кездесу соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінде БҰҰ мен 

ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына 

орай  "БҰҰ және ЮНЕСКО: 

жасампаздыққа 70 жыл" атты 

халықаралық ғылыми конференция 

болып өтті. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университетінің этникааралық 

және дінаралық толеранттылық 

жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының 

ұйымдастыруымен өткен шараға 

Төтенше және өкілетті елшілер, 

депутаттар, мемлекет және  қоғам 

қайраткерлері, БАҚ өкілдері, жоғары 

оқу орнының студенттік бірлестіктері 

қатысты. 

Конференцияда ҚР Сенат 

Парламентінің Төрағасы Қасым­Жомарт 

Тоқаев, "Невада­Семей" Халықаралық 

антиядролық қозғалысының президенті, 

ақын, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 

ЮНЕСКО кафедрасының профессоры 

Олжас Сүлейменов, Л.Н. Гумилев 

атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, 

"Мир" телеарнасының негізін қалаушы, 

ЕҰУ этникааралық және дінаралық 

толеранттылық жөніндегі ЮНЕСКО 

кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек 

Шалахметов, ҚР еңбек сіңірген 

қайраткері, Ресейдің Халықаралық 

Ғылым Академиясының жоғары 

мектебінің академигі Әділ Ахметов, 

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері 

жөніндегі Ұлттық комиссияның Бас 

хатшысы Әсел Өтегенова баяндама 

жасады. 

БҰҰ­ның Бас хатшысының бұрынғы 

орынбасары Қасым­Жомарт Кемелұлы 

әлемнің 80 пайыз тұрғынында тамаққа, 

жұмысқа немесе қарапайым тіршілікке 

қатысты мәселелер барын жеткізе келіп: 

«2014 жылғы БҰҰ мәліметі бойынша 

әлемде жұмыссыздар саны 203 млн. 

адамнан асты. Жұмыс жасайтын, бірақ 

күніне 2 доллардан төмен алатындар 

саны 840 млн. адам құрайды», ­ деді. 

Сондай­ақ, әлем бойынша кедейліктің 

шегінде тұрған 1 млрд. адамның жұмыс 

істемейтіндігін алға тарта келіп, әлемдегі 

ең бай деген 85 адамның 1,7 триллион 

долларға ие екенін, бұл қаржы 3,5 

миллиард адамнан асатын әлемнің ең 

кедей бөлігіне, яғни бүкіл адамзаттың 

жартысына тиесілі екенін баса айтты. 

Сенат Парламентінің Төрағасы 

сонымен қатар БҰҰ­ның бітімгерлік 

рөліне тоқатала келіп, 1 миллионнан 

аса әскери қызметкерлер қатысқан 69 

бітімгерлік операциялардың бекітілгенін, 

БҰҰ қызметкерлері әлемнің 80 елінде 90 

миллион адамға азық­түлік жеткізіп, 40 

миллион босқынға көмек көрсетілгенін, 

олардың көбісі міндеттерін атқару 

кезінде қаза табатынын жеткізе келіп, 

төмендегідей бірнеше деректер мен 

дәйектер келтірді: 

– Әлем  жаңа  қауіптермен 

соқтығысуда. Ең алдымен, ол 

халықаралық терроризм. 

Жыл сайын 235 миллион адам немесе 

15 жастан 64 жас аралығында бүкіл 

әлемнің 5% тұрғыны есірткіні қолданады. 

БҰҰ баға беруі бойынша 750 

миллионнан астам адам таза ауыз суға 

қол жетімсіз. Соңғы 50 жыл ішінде судың 

жетіспеуінен 37 мемлекетаралық дау­

жанжал орын алған. 

2014 жылы босқындар саны 60 

миллионға жетіп, мигранттардың жалпы 

саны 230 миллионнан асты. 

2005 жылдан 2014 жыл арасында 

әлемде 3400 сұрапыл апаттар орын алып, 

750 мың адам қайтыс болған. 

БҰҰ – бұл біз – Қоғамдық бірлестік, 

ұлттар. Біздің ортақ күшімізсіз бірде­бір 

мәселе шешілмейді. 

Әлемдік шындықты ескере отырып, 

Ұйым жаңа жаһандық қауіптерге 

тойтарыс беруге дайын болу қажет", –

деп түйіндеді баяндамасын ҚР Сенат 

Парламентінің Төрағасы Қасым­

Жомарт Тоқаев. 

Қасым­Жомарт Кемелұлының ойын 

одан әрі "Невада­Семей" Халықаралық 

антиядролық қозғалысының Президенті 

Олжас Сүлейменов жалғастырды. 

– Әлемде бейбітшілікті сақтау үшін 

білімді жоғарылату керек. Тек сауатты 

адамдар ғана өздерін құтқара алады. 

Үшінші әлемдік соғыс табалдырықта 

тұр және БҰҰ өзінің күшімен шамасы 

келгенше осы қауіптен құтқаруға 

тырысып жатыр. Бұны балаларымыз 

мектеп жасынан дұрыс түсіну керек, –

деді ақын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет