География-құрамына қоғамдық-гуманитарлық (экономикалық, әлеуметтік, саяси география, халықтар географиясы, еңбек ресурстары және туризм, демография мәселелері және т.б.) және жаратылыстану (климаттың өзгеруі, гидрология, геоморфология, ландшафтану, геоэкология мәселелері) салаларын біріктіретін жалғыз ғылыми пән. Ең ірі географиялық ғылыми мекемелер- - География институты, - Сейсмология институты, - Қазақстан Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметі, - Қазақ Географиялық қоғамы.
Сейсмикалық қатерді бағалаудың өзекті мәселелерін шешу және сейсмикалық қауіпті Солтүстік Тянь-Шань аумағындағы жер сілкіністерін болжаудың әдістемелік негіздерін жетілдіру мақсатында 1976 жылы Геология ғылымдар институты мен Математика және механика институтының бірқатар лабораториялары негізінде Сейсмология институты ұйымдастырылады.