24 қаңтар. КОКП ОК Саяси бюросы мәжілісінде Ауғанстанда кеңестік әскердің бір бөлігін (шамамен 12 мың адам) қалдыру мәселесі талқыланды.
Қаңтар. КСРО МҚК төрағасы В.А.Крючков және КСРО Сыртқы істер мин. Э.А.Шеварднадзе іс-сапармен Кабулға келді.
4 ақпан.Кеңес әскерінің соңғы бөлімшесі Кабулды тастап шықты ( әуежайды күзетуге аз ғана күш қалдырылды).
15 ақпан. Шекаралас Әмудария өз-ндегі «Достық » көпірі арқылы 40- армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Громов өтті (тұтқындағы жауынгерлерді есептемегенде Кеңес әскері шектеулі контигентінің соңғы адамы). Түстен кейін Ауғанстанды кеңестік шекарашылар тастап шықты. Термез қ-нда болған митингіде 40- армияның қолбасшысы алдарына қойған әскери міндетті толық орындап шыққанын мәлімдеді.