Сәуір. Кеңес әскерін қалайда Ауғанстаннан шығару туралы АҚШ-тың № 166 (NSDD) Ұлттық қауіпсіздік директивасына қол қойылды.
Сәуір. 40- армияның қолбасшылығын генерал В.П.Дубинин қабылдады. Оған ұлттық татуласу жағжайында жұмыс істеуге тура келді.
4 мамыр. АХДП ОК-нің 18- пленумында Кармальдың орнына бас хатшылыққа Наджибулла тағайындалды.
13 қазан. КОКП ОК Саяси бюросы мәжілісінде Горбачев Ауғанстандағы соғыстың алты жылға созылғанын, бұл тығырықтан шығудың жолдарын табу керектігін айтты.
15-31 қазан. КСРО- ға 6 полк өзінің табельдік мүлкімен оралды: Шиндадтағытанк , мотоатқыштар және зениттік; Құндыздағы мотоатқыштар және зениттік; Кабулдағы зениттік. Олардың Ауғанстаннан шығарылатындығы туралы Горбачев Владивосток қ-нда 28 шілдеде хабарланғанды.
3 желтоқсан.АХДП ОК –нің төтенше пленумында азамат соғысын тоқтатып, ұлттық татуласуға бағыт ұстау ресми мәлімделді.
Жыл бойы қарқынды ұрыстар тоқтаған жоқ, оған төменде аталған операциялар куә:
· Бадахшанда А.Басир тобына қарсы(ақпан);
· Нангорхардағы Марульгад базасын талқандау (ақпан);
· Пактияда Шекул аумағында (наурыз);
· Нангорхарда Марульгад базасына қайта оралғандарды талқандау (наурыз);
· Бадахшанда Вадуд тобына қарсы операция (наурыз);
· Заболдағы Апушел шатқалы аумағындағы операция (наурыз);
· Нангорхардағы Зияратгүл құрамасын талқандау (сәуір);
· Бадахшандағы Вардудж шатқалындағы Наджмуддин тобына қарсы ұрыс (сәуір);
·Бағландағы Вальян шатқалындағы С.Мансур құрамына қарсы операция (сәуір);
·Пактиядағы Даджи уезі, Алихейльдегі Ауғанстан Ислам партиясы құрамаларына қарсы (мамыр);
·Парвандағы Панджер шатқалында Ахмад Шах тобына қарсы (маусым);
·Кандагардағы Спинбульдак уезінде Шиннарай базасын жою (маусым);
·Герат жасыл зонасындағы қалалар мен Кокари-Шушари базаларындағы қарсыластардың топтарын жою (маусым-тамыз);