1979 ж Кеңес әскерінің шектеулі контингенті Ауғанстанда 86 адамынан айырылды,оның 7-еуі қазақстандық еді


·Лагманда Ауғанстан Ислам партиясы жауынгерлеріне қарсы соғысып жүрген Сарвар Нуристани тобына көмек (маусым), т.б. 1987ж



бет7/9
Дата05.06.2023
өлшемі31,02 Kb.
#98857
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
данк

·Лагманда Ауғанстан Ислам партиясы жауынгерлеріне қарсы соғысып жүрген Сарвар Нуристани тобына көмек (маусым), т.б.


1987ж.

Бұл жылда Кеңес әскері 1215 адамынан, оның ішінде 64 қазақстандықтан айырылды.

1 қаңтар -15 маусым. Үкімет әскері 31 жауынгерлік іс-қимылдарын жүргізді, оның 17-сі біріккен әскери күштер арқылы жүргізілді.Қарсыластың 3096 жауынгері қаза тапты, 60 адамы тұтқынға түсті. 46 кишлак босады.Кеңес әскері өзара күш біріктіре отырып, төмендегі уәлаяттарда ірі ұрыс қимылдарын жүргізді.
4 ақпан- 11 наурыз. Кандагардагы «Дауыл» («Шиннарай» базасы ) операциясы;
16 -21 ақпан. Құндыздағы (Мадрас аумағы) «Соққы беру» операциясы ;
2 - 21 наурыз. Газнидағы (Пъядар база аумағы ) «Тажал » операциясы;
8- 21 наурыз. Кабул , Логардағы (Джигдалай аумағы) «Щеңбер » операциясы;
11-21 сәуір. Гераттағы ұрыс ;
12-24 сәуір. Кабулдағы (Кухи-Сафи және Чакарай базасы ) «Көктем » операциясы;
20 мамыр -15 маусым. Логар, Пактия, Кабул (Хисарақ аумағындағы база), Азра, Нарай аумағы, Алихейлъдегі «Дүркін-дүркін » операциясы;
21 мамыр - 15 маусым. Кандагардағы (Аргандаб өз. Жасыл зонасы) «Оңтүстік -87 » операциясы ;
2 қаңтар. КСРО Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары армия генералы В.И.Варенников басқарған КСРО Қорғаныс мин-нің жедел тобы Кабулға тұрақты жұмыс істеуге (құрамы өзгеріп отырған ) жіберілді.
3 қаңтар. Ауғанстан респ. Революциялық кеңесі «Ауғанстандағы ұлттық татуласу » Декларациясын қабылдады.
8 наурыз. Тәжікстан КСР-нің пяндж қ-н ауғандықтар атқылады.
9- сәуір. Ауғандық топ КСРО шекара бекетін шабуылдады.
Маусым. 40- армияның қолбасшылығына Б.В.Громов тағайындалды.
23 қараша. «Магистраль » коды атты біріккен операция басталды. Мақсаты –Гердез-Хост жолындағы блокаданы бұзу және айналып баратын орталыққа азық-түлік, жанармай танитын автокөлік лектерін шығарып салу.
29-30 қараша. Татуласу ұстанымдарына негізделген мемлекеттің Жоғарғы Кеңесі, Лойя Джирга Республика Президентін (Наджибулланы) 7 жылға сайлады әрі ел атауындағы «демократиялық» деген сөзді алып тастап, Ауғанстан Республикасы (АР) деп өзгертті, сонымен қатар жаңа Конституцияның мәтінін бекітті.
Жыл бойы кеңестік гарнизондары, күзет орындары, қорғау бөлімшелері мен автокөлік лектері 630 рет атқыланды ( 1986 жылмен салыстырғанда 3 есеге артық), сонымен қатар әкімшілік орталықтар, құзырлы мекемелер, АДР Қарулы күштері гарнизондары мен ауғандық автокөлік лектерін атқылаудың саны 3350- ге жетті (1986 жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейді.)
1988ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет