1990 жылы 25 қазанда Қазақ кср жо­­ғар­­ғы Кеңесі «Қазақ кср-інің мем­­ле­кет­­­тік егемендігі туралы» дек­ла­ра­ция қабыл­дады. 1991 жылғы тамыз және желтоқ­сан оқиға­лары



бет2/3
Дата16.02.2023
өлшемі29,34 Kb.
#68441
түріСабақ
1   2   3
1995 жылы 30 тамызда өткен рефе­рен­­­дум нәтижесінде Парламент – заң шы­­ғару қызметін жүзеге асыратын рес­­пуб­ликаның жоғары өкілді органы деген ережені бекіткен Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касының жаңа Конс­титуциясы қабыл­данды.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан – Сенат және Мәжілістен тұрады.
1995 жыл­ғы Конс­титуция Қазақстанды прези­дент­тік рес­публика деп жариялады. Ал «Қазақстан Республикасының Пар­ламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі туралы», «Сот жү­йесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заң­дар биліктің әр тармағының мәртебесі мен функцияларын реттеді.
Бұдан соң ел Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев «Қазақстан Респуб­ли­ка­­сындағы сайлау туралы» Конс­титу­ция­лық заң мәртебесіне ие Жар­лыққа қол қойып, осыған сай екі палаталы Пар­ламентке депутаттарды сайлау үдерісі 1995 жылдың соңында өтті. Ол еліміздің эко­номикалық, әлеумет­тік және саяси мәселелерін шешу­ді заңнамалық дең­гейде қамтамасыз еткен алғашқы кәсі­би қос палаталы Парламент ретінде Қазақ­стан тарихына енді.
«Қазақстан жолы»
«Қазақстанның болат профилі»
«Оң және солсыз»
«Ресурстарды үнемдеу стратегиясы және нарыққа көшу»
«Кремлёвский тупик»
«Қазақстанды егемен мемлекет ретінде қалыптастыру және дамыту стратегиясы»
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму»
«XXI ғасыр қарсаңында»
«Н. Назарбаев. Еуразиялық одақ: идеялар, тәжірибе, перспективалар 1994-1997 »
«Тарих толқынында»
«Әлемнің эпицентрі»
«Еуразия жүрегінде» және т.б.
2017 жылғы 15 желтоқсанда Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы ұсынылды. Назарбаевтың президент ретінде қабылдаған бастамаларының бірі – Семей ядролық полигонын жауып, ізінше әлемде 4-орын алатын ядролық қару арсеналынан бас тартты. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарттар мен институттардың белсенді қатысушысына айналды. 1990 жылдары президент Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлы қырын жариялады, яғни халықаралық істерде маңызды роль атқаратын кез келген мемлекетпен достық қарым-қатынасты дамыту. Президенттік жылдарында Қазақстан 130 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Аймақтық интеграция аясында Назарбаев бұрынғы КСРО мемлекеттерінің экономикалық-сауда қарым-қатынасын жандандыруға күш салды, Еуразия экономикалық одағының экономикалық маңызын алға тартты.Қазақстан халықаралық ұйымдардың қызметіне белсене араласты. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына бірінші күннен-ақ белсене кірісті, ал 2010–2011 жылдары оған төрағалық етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет