2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017–2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі боп тағайындалды. 2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қоры Astana Club халықаралық пікірталас алаңын ұйымдастырды, мұнда жыл сайын әлемдік және еуразиялық аймаққа ықпал ететін жаһандық тенденциялар мен түйткілдердің шешімін талдау мақсатында саяси қайраткерлер, дипломаттар және АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің аналитикалық орталықтарының сарапшылары жиналады.1987 жылы Назарбаев Қарабақ қақтығысы, 2014 жылғы Украина дағдарысы, Сирия бойынша Астана процесі және басқа да халықаралық қақтығыстар тұсында бейбіт бітімші ретінде әрекет етті. 2011 жылы Назарбаев жаңа G-Global коммуникациялық алаңын құруды ұсынды, себебі оның ойынша G-20 және G-8 форматы әлемдік антикризистік жоспарды шешпеді. G-Global идеясы мынада, әлемдік мәселелердің тағдырын мейлінше көп ел мен планета азаматтарының қатысуымен демократиялық принциптер негізінде өткізген абзал. Осы мақсатта мемлекет көшбасшылары мен сарапшылар және олардың жауаптарын қамтитын мәселелерді талқылау үшін интернетте халықаралық ақпараттық-коммуникациялық платформа құрылды.2017 жылы Астанада 112 мемлекеттің қатысуымен баламал энергетика тақырыбына арналған Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Көрме аяқталған соң оның орнына «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды.
КСРО құлаған соң 4 жылдың ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі екі есе қысқарды, ауылшаруашылығы 30 пайызға қысқарды, көптеген ірі кәсіпорындар жабылды. Қазақстанды басқарған жылдары ел экономикасының көлемі (ЖІӨ) 15 есе өсті, халықтың табысы доллармен есептегенде 9 есеге артты, кедейлік 10 есеге яғни 90 пайызға азайды. 2018 жылы жалпы өнеркәсіптік көлемде өңдеу секторы 40 пайыздан асты. Қазақстанда баспанамен қамту көлемі жылына 10 миллион квадрат метрден асып түсті, бір адамды баспанамен қамту 21,8 м квадратқа өсті.
1997 жылы президент «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жасақтады. Оның басты мақсаттарының бірі – шетелдік инвестиция мен ішкі қордың үлесі жоғары болатын ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсім. Президенттің басшылығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды. 1993–2006 жылдары Қазақстан 51,2 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты (Орталық Азиядағы инвестицяның 80%-дан астамы).
Назарбаев астананы Алма-ата қаласынан Астанаға көшіруді қолдады. 1995 жылдың 15 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес жоғарғы және орталық билік органдарын Ақмола қаласына көшіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып бекітілді, ал 1998 жылдың 6 мамырында қаланың атауы Астана деп өзгертілді, 2019 жылы Нұр-Сұлтан деп аталды.
Түлектер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таза сөйлеуі үшін білім саласында үш тұғырлы тіл қағидасы жарияланды. 1993 жылы президент «Болашақ» білім беру бағдарламасын ашты, оның аясында мектеп түлектері конкурс бойынша мемлекеттік стипендиямен шетелге оқуға жіберілді. Бағдарлама бойынша 15 мың маман дайындалды. 2010 жылы президенттің бастамасымен Назарбаев университеті және Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.
КСРО күйрегенге дейін КОКП мүшесі болды. 1999 жылғы президенттік сайлауға дайындық тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке үміткерлігін қолдайтын қоғамдық штаб құрылды. 1999 жылы 19 қаңтарда президент инаугурациясы кезінде штаб отырысында соның базасында саяси партия құр туралы шешім қабылданды, 12 ақпанда «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы тіркелді. І съезде партияға Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан либералды қозғалысы және «Қазақстан-2030» қозғалысы қосылды. 2007 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазымына ресми бекітілді.