АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 болмысымызды жан-жақты қарастырумен түсіндіріледі. Білімнің ең басты
міндеті-тҽрбиелік «мектеп жҽне коғам» деген сҿздердің астарында жанұя,
баланың денсаулығы мен ҽлеуметтік кҿңіл-күйі, адамгершілік бағдары жҽне
келешек ҿмірге деген талпынысы тұрады.
12 жылдық білім беру мектеп ҿмірінің жаңа, рухани бай, денсаулығы
мықты, адамгершілігі ҿте жоғары, білімді, ҿз халқының, ҿзге елдің ұлттық
салт-дҽстүрін сыйлап қадірлейтін оқушыны ұсынады.
Мектептегі оқудың басталуы бала ҿміріндегі ҽлеуметтік-психологиялық
жағынан да қиын да ҽрі жауапкершілігі мол кезең. Баланың бұл кездері бар
ҿмірі ҿзгеріске түседі. Қазіргі ҿмірдің талабына сай күн сайын, минут сайын
адам ҿмірінің жаңа сипат алған ҿзгерістермен қатар тҽрбиелеу үрдісі жүзеге
асуда: Бала оқиды, музыка тындайды, ҽңгіме айтады, түсінбеген нҽрселерін
сұрайды, ҽлсізге кҿмектеседі, айналасына, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен
қарайды. Осындай кҿзқарас тұрғысынан тҽрбие беру, оны мҽдени деңгейге
кҿтеру жҽне оны бала ҿмірімен ұштастыру педагогтың міндеті.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдамасында білім берудің нҽтижелері белгіленген мақсатқа сҽйкес
мектеп түлегінің негізгі құзырлығы тҿмендегіше анықталған:
Құндылықты-бағдарлы құзіреттілік оқушының қоршаған ортаны бірдей
қабылдайтын бірдей жоғары ҽдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам
ҿмірінде ҿзінің рҿлін таба алмауы біліктілігі, елжандылығы[1].
Мҽдениеттанымдық құзіреттілік – қазақ халқының мҽдениеті мен
ҽлемнің мҽдени кҿптүрлілігін түсіну, рухани келісім идеяларына бейім алу.
Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың тҽрбиеге қатысты ғасырлар
қойнауынан сараланып жеткен іс-тҽжірибелерінің жиынтығы. Ең бастысы
ұрпақтан-ұрпаққа жазбаша хатпен емес ауызша жадпен жетіп қоймай,
жоғалмай, барған сайын байытып, заманнан заманға үлестіріп, кҿркемделініп,
кҿркемделіп, сомдалып келе жатуының ҿзі халқымыздың ҿнегедегі
ұлағаттылығы мен зерделілігін, тҽрбиедегі кҿргенділігі мен кҿрегенділігін
паш етсе керек.
Біздің ана тіліміз – отбасы мен балабақшалардан басталып мектепке
жалғасып оқу-тҽрбие жұмыстарымен сабақтаса, кҿздеген мақсатымызға
жеткізбек. Халық тҽлімі ең алдымен түн ұйқысын тҿрт бҿліп тал бесікті
тербеткен ананың мейірлі махаббатқа толы ҽлдиі – бесік жыры. Бесік
жырында ата-ананың балаға деген шексіз мейірімі, оның келешегіне деген
үміт-сенімі, арман-мақсаты айтылады.
Сонымен қатар халық педагогикасы дегеніміз – ол қазақ поэзиясының
бҿлінбес бір бҿлшегі іспетті қанатты сҿздер, мақал-мҽтелдер, шешендік
сҿздер, айтыстар, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар. Ол жан сезімді
толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат бітіретін халқымыздың
рухани байлығы мен болмысы – сұлу ҽндері мен сыршыл күйлері, ұлттық
ойындары, осы кезге дейін тҽлім-тҽрбиелік қадір-қасиетін жоймаған салт-
дҽстүрі, ҽдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа, ҽділдік пен мейірімділікке