1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет127/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
арқылы баланың сана-сезімі, кҽсіп таңдауы, ақыл-ойы жетілетіні кҿрсетілген 
[2]. 
Қазіргі уақытта ұлттық сана-сезімді қалыптастыру жолдары білім 
берудегі ҿзекті мҽселелердің бірі болып табылады. Халықта «Балаңды ҿз 
тҽрбиеңмен тҽрбиелеме, ҿз ұлтыңның тҽрбиесімен тҽрбиеле» деген мақал бар. 
Ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейінен адамның ана тіліне, ұлттық 
мҽдениеті мен тарихына, елімен жеріне деген сүйіспеншілігі, азаматтығы 
кҿрінеді. Ҿз елін, ұлтын қадірлейтін адам басқа ұлтты да, елді де құрметтей 
алады[3]. 
Сыныптан тыс жұмыстар жасаймыз. Сыныптан тыс жұмыстар деп 
мұғалімнің оқушылармен сабақтан бос уақытта жүргізетін жұмыстар жүйесін 
ұлттық-мҽдени жұмыстарды екі топқа бҿлуге болады. 
1. Бағдарламалардағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен 
жүргізілетін жұмыстар. 
2. Қабілеттері жоғары, қызығушылықтары мол оқушылармен 
жүргізілетін жұмыстар. 
Оқушыларды тҽрбиелей оқыту барысында дамыту – бүгінгі 
педагогиканың ең кҿкейкесті мҽселелерінің бірі [4]. Себебі, шҽкірттердің 
ойлау дербестігі іске асырылмаса қазіргі ғылыми-техникалық прогресс 
қарқынының жылдамдығы мен жастардың білім игеру қабілеті арасында 
алшақтау туады. 
Нҽтижесінде: 
- Балалар ҿз ойларын еркін жеткізеді. 
- Логикалық ойлауды дамытады. 
- Тіл байлығы, сҿз қоры дамиды. 
- Ҿлең құрастыра біледі. 
- Сҿзді дұрыс байланыстыра сҿйлейді. 
Тҽрбие жұмысы барысында балаларға жаңа білім беріліп, шығарма 
мазмұнын қабылдаумен, оларды ҽңгімелеп айтып берумен, шығармашылық 
кҿрсете отырып кейіптендірумен байланысты іс-ҽрекет пайда болады. 
Оқу мен тҽрбие – егіз. Ұстаздың тҽрбие үрдісінде шешуші рҿл 
атқаратындығын барлығымыз жақсы білеміз. Ұлы педагог Ушинский 
«Тҽрбиенің қайнар кҿзі тек адамның жеке басылық ҿнегесіне негізделген» - 
дегені белгілі. Ал ғұлама Ҽл-Фарабидің жас ұрпаққа тҽлім-тҽрбие беретін 
адамды ҿте жоғары бағалап, оны «мҽңгі нұрдың қызметшісі» - деп атауы 
бекер емес. Бүгінгі жасҿспірімдердің адам болып қалыптасуында мұғалімдер 
қауымының атқарар еңбегі орасан зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет