1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет135/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
арттыру, педагогикалық қызметті игерудің сапасын жетілдіру де осы 
мақсатқа қызмет етуге тиісті. Дидактикалық дайындық – кҽсіби-
педагогикалық даярлықтың негізгі жҽне маңызды саласы. Дидактикалық 
даярлықты қалай түсіну керек? Болашақ мұғалімдердің дидактикалық 
даярлығына жататындар: олардың оқыту үрдісінің теориясы мен практикасы 
бойынша игерген білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы мен 
мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмұны оны 
ұйымдастырудағы қолданатын тиімді ҽдіс-тҽсілдерді жете біліп, іске 
асырудың жолдарын меңгеруді дидактикалық даярлықты анықтайтын 
белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет 
болашақ мұғалімнің бойында мынандай дидактикалық қабілеттер болуы 
қажет: оқыту үрдісін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра 
алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы. Мектептегі 
оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, болашақ мұғалім оның ҿзіне тҽн 
психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі ҿте қажет. Оқыту 
үрдісінің басты компоненті – оқытудың мақсаты мен мазмұны. 
Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен 
гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Психология, педагогика 
ғылымдарын оқыту барысында болашақ мұғалімдердің дидактикалық 
білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің 
кҽсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі 
оқушылардың танымдық ҽрекетін қалыптастырудың психологиялық жҽне 
ҽдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан-жақты білім беру 
міндеті туындайды. Жас мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық 
қиындықтар, негізінен олардың мынандай іс-ҽрекетінен байқалады: ұстаздық 
қызметтің мазмұны мен құрылымдық жағындағы байланыс іс-ҽрекетінде; 
оқушылардың танымдық ҽрекетін қалыптастырудағы іс-ҽрекетінде; дарынды 
балалармен, үлгермейтін оқушылармен жеке жұмыс істеудегі ҽрекетінде. 
Болашақ мұғалімдердің ұстаздық қызметке тҽн іс-ҽрекеттің негізгі түрлерін 
(құрамды бҿліктерін) жете меңгере алмағандығын ҿмір кҿрсетіп отыр. Оған 
мыналар жатады: ұстаз қызмегіндегі мақсат қоя білу ісі; білімнің мазмұнын 
игеру ісі; оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық 
ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі; сабақ ҿткізудің ҽдістемелік 
жағын ұйымдастыра білу ісі; оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу 
ісі (коммуниактивтік ҽрекет); оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру 
іс-ҽрекеті; оқушылардың білімін, дағдыларын бақылау жҽне бағалау іс-
ҽрекеті. 
Жас 
мұғалімдердің 
қызметінде 
кездесетін 
дидактикалық 
қиындықтардың кҿбірек орын алатындары мыналар: оқыту үрдісінде 
оқушылардың 
танымдық 
ҽрекетін, 
логикалық 
ойлау 
қабілетін 
қалыптастырудағы қиындықтар; оқушылардың оқу ҽрекетінің дағдыларын 
қалыптастырудағы қиындықтар; дарынды балалармен жҽне үлгермейтін 
оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиыңдықтар. Мұғалімдері қандай 
болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың ҿзінде- 


147 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет