1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет15/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
мүмкіндігімізше толықтыруға еңбек еттік», - деуі кҿп жайдан хабар береді [6, 
3-б]. Тағы бір айта кететін жағдай Насраддин Рабғузидің ҿз еңбегіне жазған 
алғысҿзі кейінгі екі басылымға енбеген. Себебі алғашқы басылымға кітап 
бастырушылар тарапынан алғысҿз жазылғаны айтылды. Оның үстіне бұл 
еңбекті ғылыми жабыдқтауды ниет етпей тек мҽтінін бүгінгі қазақ 
оқырманына жеткізуді мұрат тұтқан, мҽдениет министрлігі тарапынан 
шығарылған еңбек.
Екінші нұсқа «Сырдария кітапханасы» деген айдармен жарияланған 
еңбектер қатарында Қызылорда облысының ҽкімдігінің тарапынан Қорқыт 
Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесі 
ұсынысымен шығарылған. Ең бірінші айтылуға тиіс мҽселе нұсқаның 
толымдылығы. Ғалым Ҽ.Наджип айтқан деңгейге пара-пар бес жүз елу екі 
бет кҿлемде шыққан. Он беттік кҿлемдегі ғылыми алғысҿзбен берілген. Онда 
шығарма, оның авторы жҽне нұсқалары жҿнінде сҿз болады. Сонымен бірге, 
нұсқаның 529-547 беттері аралығын қамтыған «Түсініктермен» (Құран 
Кҽрімде аталатын есімдер мен оқиғалар) жабдықталған.
Қазақ ҽдебиеті тарихының Алтын Орда дҽуіріндегі ҿркениетінен, Ұлы 
Ұлыстың түркілік жазба ҽдебиетінің даму деңгейінен хабар беретін аса 
құнды, діни, ҽдеби жҽдігердің кҿлемді кітап болып басылып шығуы кҿңіл 
қуантады. Ҽйтсе де, бірді-екілі мҽселені айта кету керек секілді. 
Алдымен, мұқабаның ішкі бетінде «Араб тілінен аударған Ҽшім 
Ҽріпбайұлы» деген анықтама берілген. Орта ғасыр жҽне Алтын Орда 
ескерткіштері тіліне қатысты «түрки», «шағатай» секілді терминдер ғылымда 
кҿптен бері қолданылып келеді. Тілші ғалымдарымыз ҿзара ҿте қатты 
айырмашылықтары болмаса да ажыратып ескі ҽдеби ескерткіштерді тілдік 
тұрғыдан жіктеп, топтап, қай ескерткіш қай тілге кҿбірек қатысты деген 
мҽселеде жұмыс жасап келеді. Сонымен бірге, ҽр тілді іштей тағы да 
«қыпшақ», «оғыз», «қыпшақ-оғыз», «қарлұқ», «ұйғыр-қарлұқ» деп жіктеп 
жатады. Ғалым А.Қыраубайқызы Насыраддин Рабғузи жҿнінде: «... Араб-
парсы тілдерінде жазылған... ... мҽтіндерді түркі тілінде сҿйлеткен, оларды 
негізге ала отырып, түрікше нұсқасын жасаған білімпаз», - деген ҿзінің 
ғалымдық бағасын береді [4, 161-б]. Осы жағдайлардың бҽрі, тілші, 
ҽдебиетші ғалымдар еңбегі ескерілмей «араб тілінен аударған» деп берулері 
қолайсыз. Екінші айтылар жайт: кітап Астана қаласында басылса да 
Қызылорда облысы тарапынан шығып отыр. Сҿйте тұра, Қызылорда 
топырағының перзенті ғалым А.Қыраубайқызының есімі ілтипатқа 
алынбаған, нақ осы ҽдеби жҽдігер жайлы жазған еңбектері назардан тыс 
қалған. Ғалымның ҽлденеше дүркін қайта басылған «Ежелгі ҽдебиет» атты 
оқу құралы, осы ҽдеби жҽдігерге тікелей қатысты «Ғасырлар мұрасы», бүкіл 
шығармашылық ұстанымы осы кезеңге қатысты томдық еңбектері аталып 
айтылмауы тым олақтықты кҿрсетеді. Жалпы ескерткішке, қазақ ҽдебиетінің 
ежелгі дҽуірлеріне қатысты еңбектер жазған ҿзге ғалымдардың, мысалы, 
Х.Сүйіншҽлиев, Н.Келімбетов, т.б. аттары аталып кҿрсетілуі керек-ақ еді. 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет