ҼДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ.Назарбаевтың «Жаңа Ҽлемдегі
Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана: Елорда-2007.
http//www.akorda.kz/.
2. Байниязова Ж.Б. Ағылшын тілі пҽнінің білім сапасын арттырудағы
ақпараттық-коммуникативтік технологиясының рҿлі // Ағылшын тілін оқыту
ҽдістемелігі. –№1. – Алматы: ИП Рысқұлов, 2013.
3. Аманова Н. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану //
Педагогикалық кеңес. – №2. – Алматы: Үш қиян, 2014.
4. Наурыз А.Т. Ағылшын тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдану //
26
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014
Ағылшын тілін оқыту ҽдістемелігі. –№3. –Алматы: ИП Рысқұлова, 2013.
РЕЗЮМЕ
В этой статье рассматривается особенность применения инновационных технологий на
уроке английского языка.
(Нурахметов Е.Н., Татибаева А.А. Эффективное использование инновационных
технологий на уроках английского языка)
SUMMARY
This article deals with the effectiveness of innovational technology usage in teaching English
language.
(Nurakhmetov Ye.N., Tatibayeva A.A. Effective usage of innovational technology in teaching
English language)
27
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014
ҼОЖ 419. 992 71:398.3
Н.Д.ҚОШАНОВА
филология ғылымдарының кандидаты,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті
КӚМЕКШІ СӚЗДІ ТҦРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЛЕКСИКА-
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің сӛйлем ішінде,
сӛйлемнен тыс қолданыстағы ерекшеліктері, соның ішінде кӛмекші
сӛздермен келуі тілдік деректермен сӛз болады. Кӛмекші сӛздердің тұрақты
тіркестерді жасаудағы қызметі мен сӛйлемде басқа сӛздермен
байланыстырудағы, сӛйлемнің жалпы семантикалық қырларына әсері сӛз
болады. Кӛмекші сӛздер қазақ тілінде тұрақты тіркестердің жасалуына
негіз болады, сондай-ақ сӛйлемде басқа сӛздермен байланысқа түсіру үшін де
кӛмекші сӛздер грамматикалық амал-тәсілдік қызмет атқарады.
Кілт сӛздері: тұрақты тіркестер, кҿмекші сҿзді тұрақты тіркестер,
кҿмекші етістікті тұрақты тіркестер, шылаулы тұрақты тіркестер, кҿмекші
есімді тұрақты тіркестер
Тілімізде фразеологизмдер тҽрізді грамматикалық байланысы тұрақты,
орын тҽртібі берік, бҿлініп-жарылмайтын, тұтас кұрамымен сҿйлемнің бір
ғана мүшесі қызметін атқаратын құрылымдар кҿптеп кездеседі. Ондай
құрылымдарға: 1) күрделі сҿздер, 2) атаулы тіркестер, 3) шектеулі тіркестер
жатады. Сырттай қарағанда сҿз тіркесіне ұқсас мұндай тілдік құрылымдар сҿз
тіркесінің бір сыңары болып, сҿйлемге бір мүше болып енеді.
Н.Сауранбаев кӛмір кені, мектеп үйі, жер беті, ауыл шаруашылығы
дегендер синтаксистік жүйеден лексикалық қалыпқа бейімделе бастаған
тіркестер екендігін: «Бұларды осы қалыпта айтсақ, лексикалық (атаулық)
мағынада ұғынылады, яғни бірі анықтауыш, екіншісі анықталғыш емес, тұтас
атау» [1], - деп кҿрсетеді, мұндай тіркестерді ауыспалы топтағы тіркес, себебі
бұлар синтаксистен лексикаға ауысып бара жатқан топ дейді. Қазақ тіліндегі
күрделі сҿз жайында зерттеген Ш.Шҽкенов те күрделі сҿздің оған ұқсас
құбылыстардан айырмашылығы мен ерекшелігіне тоқтала келіп, тұрақты
тіркес пен күрделі сҿз арасындағы негізгі айырмашылықтар деп мыналарды
кҿрсетеді:
1. Екеуі де қалыптасып қалған құрылым болғанымен, фразеологиялық
тұлғаларда күрделі сҿздердей дербес мағынасы бар атауыш сҿздермен
шектелмей, оған кҿмекші сҿздер де қатысады.
2. Идиома, фразалар күрделі сҿздердей тура, ауыспалы мағынада емес,
үнемі бейнелі мағынада жұмсалады.
|