АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 еңбектің кҿптеп қайта басылып отырғанын жҽне оны ең алғаш рет
Н.И.Ильминскийдің Императорлық Қазан университетінің баспаханасынан
кітаптың толық мҽтінін бастырып шығарғанын айта отырып, еңбектің Ресей
Ғылым Академиясының шығыстану институтының Санкт-Петербург
бҿлімшесі кітапханасында сақталған жҽне Лондон кҿшірмелерінің ҿте құнды
екендігін атап айтады [5, 128-б].
Шығарма кеңес дҽуірінің ҿзінде-ақ қазақ тілі мен ҽдебиеті тарихына
арналған пҽндер де оқытыла бастады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының
нысанына айналды. Ғалым Б.Кенжебаев оның қазақ ҽдебиетіне қатыстылығы
жҿнінде ғылыми еңбектер жазды. Ғалымның шҽкірті А.Қыраубаева
ескерткішті жеке ғылыми-зерттеу нысаны ретінде алып ізденіс жұмыстарын
жүргізді. Кандидаттық диссертациясын қорғады. «Ғасырлар мұрасы» атты
зерттеу еңбектерін берді. Ғалымның кейінгі шыққан үш томдық зерттеу
еңбектерінде де «Қиссас-ул ҽнбия» үлкен орын алады. Кеңес дҽуірінде тіл,
ҽдебиет тарихына қатысты еңбектерде, хрестоматиялық жинақтарда
жарияланып келген туынды кейінгі кезде қазіргі қазақ тілінде жеке кітап
болып басыла бастады. Рабғузи. Қисса-сул-ҽнбийя-й. Адам-Атадан
Мұхаммед ғалайһи-уҽссҽлҽмға дейін. Қазақ тіліне аударған Роза Мұқанова. –
Алматы: «Санат», 2001. – 248 бет [6]; Рабғузи Насреддин. Қисас-ул ҽнбия.
Араб тілінен аударған Ҽшім Ҽріпбайұлы. – Астана: Фолиант, 2008. – 552 бет
[7] – секілді кітаптар бүгінгі оқырман қауымға жақсы таныс. Бұл аудармалар
кҿне жҽдігердің қайта жаңғырып, ҿз орнын қайта тауып айналымға енуін
кҿрсетеді.
Алғашқы нұсқа шағын алғысҿзбен берілген. Онда бұл еңбектің 1903
жылы Қазанда Кҽримовтар баспасында басылған. Нұсқадан қазіргі қазақ
тіліне аударылғаны сҿз болады. Кҿлемі де ғалым Ҽ.Наджиптің «Жазба
ескерткіш үлкен қағазды (форматты) ҽр бетте 23 жолдан берілген 555 беттен
тұрады [126-б] дегеніндей емес, шағындау. Соған қарағанда, 1903 жылы
басылып шыққан нұсқаның ҿзі кҿлемі тұрғысынан шағындау болғаны
кҿрінеді. Шығарма «Жеті қат кҿктің сипаты», «Жеті қат жердің сипаты»,
«періштелер, жындар жҽне адамдар жайында секілді кейінгі нұсқада жоқ
шағын тараушалармен басталады. Бұл тақырыптағы шығармаларда ҽдетте
Мұхаммед Пайғамбар оқиғаларының соңына оның ұрпақтары, ҽсіресе жастай
опат болған Хасан, Хусейін оқиғалары қоса беріліп отырған. Ал мына нұсқа
тек Мұхаммед Пайғамбар оқиғаларымен аяқталады. Алғысҿзде «Қисасу-л-
ҽнбияда» жетпіс екі пайғамбардың ҿмір тарихы сҿз болады. Бірақ бұл кітапқа
тек жиырма тҿрт пайғамбар оқиғасы енгенін айтады. Сондай-ақ кітапты
шығарушылар Мҽтржам дамолла, Ғабдулғұлам хазірет, Шарифиддин молла
кітапқа жазған алғысҿздерінде: «Қисасу-л-ҽнбия» кітабы Рабғузи
жазбаларынан тҽржімаланып отыр. Кітапқа енбей қалған пайғамбарлар
тарихын біз Қазы тҽпсірі мен Жҽлелин тҽпсіріне мұражағат (сүйеніп) бұ екі
тҽпсірде болмағанын Нҽзһҽтул мүжҽліс кітабынан алып «Һарот уа марут»
қиссасын жҽне Дҽуіт ғалейһи уҽссҽлҽм қиссасымен моғол тілінен тҽржімалап,