АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 мҽдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін ҽлемдегі үш тілді
қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін жҽне
мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен
жаһандық экономикаға табысты кіру тілі – ағылшын тілі болуы тиіс екенін
ерекше атап кҿрсетті. Сондықтан Елбасымыз білім беру жүйесінің алдына
бірнеше тіл меңгерген, бҽсекеге қабілетті маман даярлау міндетін қойып
отыр [1].
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны ҿз деңгейінде қажеттілікке
айналдыру, бір жылғы мҽселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен
шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде
ҿз ойын ауызша жҽне жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек?
Оқушыны ынталандыру үшін қандай ҽдіс-тҽсілдерді, технологияларды
қолданған жҿн? Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ
олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың ҽр кезеңінде тиімді қолдану
басты талап. Мҽселе технологияларды кеңінен қолдану емес, мҽселе –
тұлғаны нҽтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ,
кҿрнекілік ҽдісі мен техникалық құралдарды қолдану ҽдісін ақпараттық-
коммуникативтік технологияның бір ҿзі атқара алады. Ақпараттық
технология – ақпараттарды жинау, сақтау жҽне ҿңдеу үшін бір
технологиялық тізбекте біріктірілген ҽдістер мен ҿндірістік жҽне
бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта
ақпараттық технологияларды бҽріміз кеңінен қолданамыз. Ағылшын тілін
оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты
қолдану, мұғалімнің кҿптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы
іскерліктің ұстанымды жаңа тҽсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі
компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға
болады. Компьютер – оқушы білімін бағалау құралы. Қазіргі кездегі
ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде
қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді.
Компьютердің кҿмегімен дыбыстық жҽне бейнефрагменттерді де
демонстрация жасауға болады. Компьютердің кҿмегімен оқушы ҿз бетінше,
сондай-ақ ҿзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Ағылшын тілі сабақтарында ҿзім қолданып жүрген компьютерлік
бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап ҿтер болсам: Лексиканы меңгерту.
Сҿйлеу жұмыстары. Кҿптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді
қарастырады. Сҿздер мен сҿз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны
қайталайды. Бұдан соң диктордың сҿзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін
тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге
мүмкіндік алады. Оқушылардың сҿйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері
мол. Диалог – сҿйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар
арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа
кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта