1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет28/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
Қарттарға иіліп тағзым етті де, қымыз толы тегешті ҽкеп маңайға 
таман қойды (Ҽ.Ҽлімжанов). Дҽрменнің тағы бір сырын ашып, Дҽркенбай ҿзі 
сырлас Базаралыға баян етті (М.Ҽуезов).
Қыл етістігі арқылы: нәр қылды, бата қылды, жан сауға қылады, сұхбат 
қылады, медет қылады, талқан қылады т.б. 
Арттағылар не болғанын білген жоқ. Қарт Қожа да жан сауға қылды 
(Ж.Аймауытов). Батагҿй шалдар басы бар табақты тартуға алып келенде де, 
асты жеп болғанда да, бата қылды (А.Байтұрсынов). «Жүректерім үзіліп 
кетпесін» - деп екеуіне екі қасық май ұрттатып жүреді. Күн ұзын соны нәр 
қылады (Ж.Аймауытов). 
Бол етістігі арқылы: әшкере болды, бейім болды, аян болды, арқау 
болды, бас-кӛз болды, зар болды, ыза болды, ғайып болды, қайтыс болды, ие 
болды, ғашық болды, құрбан болды, т.б.
Үйіңе ие бол, тілімізді алмай басқаға барсаң, теріс батамызды береміз, 
сыйлап тілімізді алсаң оң бата береміз... (М.Жолдасбеков). Қоңыраулары 
күмбірлеп күймелер кҿрген түстей лезде ғайып болды (Ш.Мұртаза). Халық 
мүддесі оның (Абайдың) шығармасына арқау болды (М.Ҽуезов).
Сондай-ақ, тұрақты тіркестерден кейін де, бол кҿмекші етістіктері 
есімше тұлғасында келіп, сҿйлемде анықтауыш болады. Де етістігі тұрақты 
тіркеспен есімшелі анықтауыш: ... Жамалдың анасы ақылды, кҿркем қатын 
болғанға, «анасын кӛріп қызын ал, аяғын кӛріп асын іш» деген мақалды да 
еске тұтып сҿйлеуші еді. (М.Дулатов). Жағадан алып, жер-жебіріне жетем, 
ит терісін басына қаптаймын деген ойларымның пҽре-пҽресі шықты 
(Е.Ҽкімқұлов). Бұл күлкісімен Игенжас «Сенген қойым сен болсаң, 
күйсегеніңе болайын!» деген кекесінін жасыра алмап еді (К.Сегізбаев).
Бол кҿмекші етістігінен болған тұрақты тіркесті есімшелі анықтауыш. 
Бол етістігінің қызметін деген етістігімен салыстыруға болмайды, мұнда 
тұрақты тіркестің ҿзі бол етістігі арқылы жасалады. Мысалы: Қайтыс болған 
адамның кҽмелетке жетпеген балаларына жақын туыстарының бірі қамқоршы 
болып тағайындалады («Жеті жарғы»). Шақшадай басы шарадай болған 
Қожа ҿзін екі оттың арасында дҽрменсіз сезінетін (О.Бҿкеев). Соғыстың 
қырсығынан бір кҿруге зар болған ҿз перзентімізді ҽрең кҿргенде жүйкем 
босап, алпыс екі тамырым иіп кетті емес пе (Ж.Тұрлыбаев).
Сҿйлемде де, қыл, бол кҿмекші етістіктері тұрақты тіркестермен тіркесіп 
пысықтауыштардың жасалуына ҽсер етеді: деп кҿмекші етістігі арқылы – Ит 
ашуын тырнадан алғаны ма деп тіксінді (М.Ҽуезов). Бүкіл ояз Ермекбайдың 
қолында, оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс деп түсінетін бұлар 
(Ғ.Мұстафин). Боп, болып кҿмекші етістігі арқылы – Бірінде жоғы бірінен 
табылып, екі жарты бір бүтін боп тату-тҽтті ҿмір сүруші едік 
(Ж.Аймауытов). «Сіз» деп, «біз» деп бетегеден биік, жусаннан аласа боп 
майысып… титығы құриды ғой бұл бейбақтардың (М.Ҽуезов). Ондайда еруліге 
қарулы боп шалының ырқына жығылмаса құлағынан маза кетпейтінін
ҽйелі 
білетін (О.Бҿкеев). Қой, ешкі пырдай боп жайылып жатқан (М.Жолдасбеков).


33 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет