1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет202/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
1-сурет. Қазба №7. Қазбаға дейінгі кҿрінісі 
Қазба жұмыстары тҿбешіктің батыс жағынан 8х6 м келетін аумақта 
салынды. Қазба барысында құланды бос топырақтардан тазарту кезінде 
бірінші бҿлменің наубайы аршыла бастады. Бҿлменің жалпы аумағы 5,8х2,1 
м. Қабырғалары қам кесектерден қаланған. Солтүстік-батыс қабырғасының 
ұзындығы 4,9 м, сақталған биіктігі 0,3-0,4 м. Осы қабырғаның солтүстігінен 
бҿлмеге кіретін есік орны аршылды. Есіктің ені 0,9 м. Бҿлменің оңтүстік-
батыс қабырғасының ұзындығы 2 м, сақталған биіктігі 0,3-0,4 м, 
қабырғасының қалыңдығы 0,8 м. Оңтүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 
6,4 м, сақталған биіктігі 04,-05 м, қабырғасының қалыңдығы 0,8-0,9 м. 
Бҿлменің сотлүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 1,5 м, сақталған биіктігі 
0,3-0,4 м. Бұл қабырға екінші бҿлмеге ҿтетін есік арқылы жалғасып жатыр
есіктің ені 1,2 м. Бҿлмені құланды бос топырақтардан тазалау барысында 
сынған керамикалық ыдыстар, күл, ірі жҽне ұсақ мал сүйектері кҿптеп 
шықты. Бҿлменің оңтүстік-батыс бҿлігінен аумағы 0,9 м, тереңдігі 0,8 м 
келетін шұңқыр орны ашылды. Бұл шұңқырдан керамика мен сүйек 
қалдықтары шықты. Оңтүстік-шығыс қабырғаның шығыс жиегінен аумағы 
0,8 м, тереңдігі 0,8 м келетін екінші күл-қоқыс тастайтын шұңқыр аршылды 
(2-сурет). 


225 
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
 
2-сурет. №7 қазбаның оңтүстік жағынан жалпы кҿрінісі 
Екінші бҿлменің жалпы аумағы 3,5-4,5 м. Бҿлменің солтүстік-шығыс 
жҽне солтүстік-батыс қабырғалары пахсамен қаланған жҽне ҿте нашар 
сақталған. Ал оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс қабырғалары кесектен 
қаланған. Аршылған солтүстік-батыс қабырғасының ұзындығы 3 м, ені 0,5 м, 
сақталған биіктігі 0,4 м. Бҿлменің солтүстік-шығыс қабырғасының ұзындығы 
4,2 м, сақталған биіктігі 0,4 м. Қабырға пахса мен кесек араластырып 
қаланған. Кесекпен қаланған бҿлігінде қабырғаға жанама астық сақтайтын екі 
ұра орны аршылды. Бірінші ұраның ұзындығы 0,7-1 м, ені 0,6-0,7 м, тереңдігі 
0,2 м. Екінші ұраның ұзындығы 0,6-0,7 м, ені 0,6-0,7 м болып келеді. Ұраның 
қабырғасының қалыңдығы 0,4 м. Бҿлменің оңтүстік-шығыс қабырғасының 
ұзындығы 3,5 м, ені 0,8м, биіктігі 1 м. Бұл қабырғаның шығыс бұрышында 
үшінші бҿлмеге ҿтетін есік орналасқан. Есіктің ені 1 м. Сонымен қатар осы 
қабырғаның оңтүстік бұрышынан сыпа орны аршылды. Сыпаның аумағы 
1,1х1,3 м, биіктігі 0,4 м. Сыпаның үстінен сынған құмыра табылды. Ернеуінің 
диаметрі – 21 см кесіндісінде сопақша болып келеді. Түбінің диаметрі 30 см. 
Жалпы биіктігі 29 см. Сапалы сазбалшығынан жасалған. Құрамына ірі дҽнді 
құм қосылған. Шарық шеңберінде жасалған. Біркелкі күйдірілген. Түбі тегіс. 
Кезінде бұзылған. Кейіннен оны құрастырып жамаған. Құмшаның тесіктері 
соған дҽлел болып табылады. Құмыраны сынғаннан кейін де пайдаланған, 
ҿйткені құмыраны бірнеше шағын тесіктер арқылы байлаған. Сыртын


226 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет