1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет213/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
таныту да жауапты міндет арқалайды. Шығармашылық процесті жіті бақылау 
алдымен ақын-жазушының дүниетанымдық концепциясын айқындаудан 
тұратынын саралауда зерттеушінің ұстанатын қағидаттары мен шығармаға 
ҽсер етуші факторларына талдау жүргізсек. Алдымен, кҿркем туындының 
жазылу тарихына қатысты деректер мен құжаттарды саралап алу жҽне 
олардың шығарма мазмұнына қаншалықты ҽсер еткенін айқындау қажет. Бұл 
айтылған мҽселелер қазақ ҽдебиеттану ғылымындағы шығармашылық 
процеске қатысты жазылған зерттеу еңбектерінің кҿпшілігінде ортақ 
тҽжірибеде жүзеге асқанын байқауға болады. Бұл жерде жазушы не ақын 
шығармасының шығармашылық процесін айқындауда ҽрбір деректің 
маңызды роль атқаратындығын ескерген жҿн. Сонымен қатар зерттеу 
нысанына 
алынған 
шығармашылық 
процеске 
қатысты 
ауызша 
материалдардың да елеулі ықпалы болатындығы айқын. Мұндай мысалдар 
ақын-жазушылар ҿміріне қатысты айтылатын халықтың ҿз жадында 
сақталған ауызша деректердің болуымен кҿптеп саналатыны белгілі. Сҿзіміз 
дҽлелді болу үшін бірер ақын-жазушылар тҿңірегіндегі ауыздан-ауызға 
кҿшіп, тарихи ҿмірін ұзарта түсетін деректерді еске түсірсек. Қазақтың 
айтулы ақыны Мұқағали Мақатаев жҿнінде халық жадында сақтаулы неше 
алуан аңыздық желілі деректер молынан-ақ кездеседі. Соның бірі ақын 
Оразақын Асқардың Мұқағалидың туған күніне орай ҿткерген телехабарда 
айтқан естеліктері десек болады. Сонда Оразақын Асқар Мұқағали ақынмен 
бірге ҿткізген жастық күндеріндегі бір оқиғаны айтқанын еске салайық. 
Мұқағалидың ҿмірдің қарапайым тіршілігінде де ылғи ақындық ойлау
қабылдау күйінде жүретіндігін Оразақын куҽ болған сол естеліктен 
аңғарамыз. Бірде Мұқағалимен ауыл шалдарының үйіне қонаққа барып 
жайғасқаннан кейін, сол үйдің кішкентай немере баласының жалаңаш кейпін 
қызықтап ҽрі еркелетіп «Аспай-саспай, ҽкелші наспай, ҽпшу, ҽпшу, ащысы-
ай» дегені бар. Мен оны естісем де кезінде мҽн бере қарамаған екенмін. 
Қазірде Мұқағалимен бірге жүрген сол сҽттерді есіме түсіргенде осы бір 
кҿрініс кҿз алдыма келе береді дейді Оразақын Асқар. Жҽне бұл жҿнінде 
Оразақын Асқардың «сонда қазір есіме алып отырсам Мұқағалидың 
кішкентай баланы еркелетіп айтқан сол бір сҿздерінің ҿзінде ҽдемі ҿлең, 
жырға бергісіз ұйқас ҿрнегі жатқанын кҿруге болады»-деп тебіреніп еді. 
Сонда дейді Оразақын Асқар «сол бір бала психологиясына ҽсер етудің ҽдемі 
ҿрнегін ҿлең тіліне, ҽуезіне кҿшіріп отырған Мұқағалидың тапқырлығына 
бүгінде риза боламын». Сҿйтіп Мұқағалидың ҽр нҽрсеге ерекше ақындық 
бейілмен қарайтын қарапайым да даналық қасиетінің бір кҿрінісіне куҽ 
болғанын айтады. Бұл естеліктен не түйеміз? Демек, Мұқағали ең ҽуелі ой 
еңбегі үстінде жүретін ақындар табиғатынан екендігін сезінуге болады. Бұл 
кішкентай балаға «наспай бер» деп еркелете кететін ситуацияны бала 
санасының қабылдауына ыңғайлап, ҽуезді де ҽуенді мақаммен ҽрі юморлық 
сипаты екшелген түрде беріп отырған ақын тҽсілі екені даусыз. Мұқағалидың
қарапайым адамдардан тілдік табиғатының ерекшелігінен де хабардар


240 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет