АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 Ғалым Қ.Ергҿбектің аталған ақындар шығармашылығына қатысты сҿз еткен
зерттеулерінің ішінен біздің тақырыбымызға дҽйекті тұстарын бҿліп
қарастырдық. Мҽселен, С.Мұқановтың «Майға сҽлемі» қалай туғанына
байланысты, М.Мақатаевтың бір ҿлеңінің ғұмыр тарихына қатысты
жазылған зерттеулерін басшылыққа алып отырдық. Шығармашылық
лабораторияны зерттеудің ҽдіснамасын таныту мақсатымызға орай ғалымның
«С.Мұқановтың шеберханасын» ашудағы ғылыми ізденістеріне арнайы
тоқталсақ. «С.Мұқанов – кеңестік кезең жемісі. Кеңестік кезең идеологиясы –
коммунистік
идеология»
[2].
Уақыт
тынысын
екшеу,
жазушы
дүниетанымымен тұтастықта қарастырылады. Дүниетаным шығарманың
басталуының алдыңғы ғұмыры. Басқаша айтқанда, дүниетаным адамның
парасаты деңгейімен де ҿлшенсе керек. Шығарманың ҿзі сол дүниетанымның
жемісі. Ал жазушылық дүниетаным ізденіс түрлерімен қалыптасып, аяғынан
тұрады. Тікелей шығармаға келсек, дүниетанымдық қалыптасудың да ҿзіндік
сипаттары болады екен. Ғалымның дүниетаным мҽселесінде айтар ойы да
ҿңге «Жазушы шеберханасын неден бастап зерттеу керек-деген сауалға, біз
қаламгердің дүниетанымынан бастау жҿн деп жауап берер едік» [2].
Жазушы психологиясын тануымыздағы күнделіктің орны бҿлек
екендігін де алдыға тартады. Ҽлгі уақыт мҽселесі тұрғысынан қарағанда
жазушының драматургиясы да сол шекарадан шыға алмаған. Оның себеп-
салдары жҿнінде жазушы бала күнгі досы М.Ҽуелбековпен «Хат» арқылы
жазбаларында кҿрінетіндігі бар. Бірақ С.Мұқанов уақыт биігінен қарап,
ҿзінің партиялық кҿзқарастарынан дер уақытында бой жинаған, ҿкініш
танытқан жазушы.
Ғалым Қ.Ергҿбек зерттеу нысанының алғашқы тарауын «Дүниетаным
жҽне жазушы мемуары» деп алып, «Ҿмір мектебін» алғы кезекте
қарастырады. С.Мұқановтың «Ҿмір мектебі» жайында Б.Майтанов [3],
Т.Рахымжанов [4] ғылыми кҿзқарастарын білдірген еді. Ал Қ.Ергҿбек алдына
мақсат байлап, жазушының «Ҿмір мектебі» туындысының шығармашылық
шеберханасын ашуда қай қырынан қызмет ететіндігіне тоқталады.
Жазушының
бұл
туындысын
тағдырынан
бҿліп
қарастыруға
болмайтындығын зерттеуші ҿзіндік дҽлелдермен келтіреді. «Басты
кейіпкердің аз-кем қайраткерлігі қаламгерлік жолға ұласып, тұтас тағдырға
айналуымен де қызықты. Бірінші, аталмыш шығарма жазушының ҿсу,
қалыптасу жолын кҿрсетеді, тағдырын баяндайды, екінші – Сҽбит мемуарда
ҽңгіме, хисса, жыр айтушы бала бейнесінде кҿрінеді» [2] - дейді ғалым. Бұл,
ең ҽуелі жазушы тұлғасын бар болмысымен тануымыздың айғағы. Шынында
жазушы қандай адам болған, қандай ортада тҽрбие кҿрген, қалыптасқан деген
мҽселелер дүиетанымдық даралығына бастайтын баспалдақтар іспетті.
С.Мұқанов қиссашылығы шығармашылық аспектіде былай кҿрінеді деп
жіктей кетеді. «1. Эпос айтушысының ойлау жүйесі басқа да, профессионал
жазба ҽдебиет ҿкілінің ойлау жүйесі басқа, 2. Қиссашылық бүкіл
творчестволық тұлғасына ҽсер еткен құбылыс» [2] екенін жүйелеп жеткізеді.