1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет215/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
ҽдістерді ғалым, профессор Қ.Ергҿбектің еңбектері негізінде саралауды 
мақсат етіп отырмыз. Қазақ ҽдебиеттану ғылымында шығармашылық 
лабораторияға 
қатысты 
зерттеу 
еңбектері 
қалыптасып 
келеді. 
Шығармашылық процесті зерттеу нысанына алып, қызықты ҽрі ғылыми 
заңдылықтар қалыптастырған жазушы-ақындардың ҿздері де болатын. 
Мұндай үлгіні қазақ ҽдебиеті тарихында заңғар жазушы М.Ҽуезовтің ҿзі 
қоштап та кетіп еді. М.Ҽуезов «Мен «Абай» жҽне «Абай жолы» романдарын 
қалай жаздым» -деп алғашқылардың қатарында шығармашылық процеске 
үлкен жауапкершілікпен қарап жҽне осы бағытта тұшымды ғылыми бағыт-
бағдар да берген болатын. Ол үрдіс кейінгі жазушылар мен ақындар 
шығармашылығында да жалғасын тауып жатты. Мҽселен Х.Есенжановтың 
«Ақ Жайық» романының жазылу тарихынан еңбегі осының дҽлелі. Мұндай 
мысалдар қатарын кҿбейте беруге болады. Ал осы шығармашылық процесті 
ғылыми зерделеушілердің ҿздері қандай теориялық бағыт-бағдарға сүйенді 
деген мҽселе де ҿзектілігін танытады. Ғылыми тереңдей түссек ғалымның 
ақын-жазушы шығармасының жазылу тарихын зерттеудегі ҿзіндік 
ҽдіснамасын саралау да, яки ғалымның ғылыми процесті жүзеге асыру 
тҽжірибелерін айқындау да маңыздылық танытады. Бұл тұрғыда да зерттеу 
мақалалардың қалыптасқандығын кҿре аламыз. Мұндай мақалалық 
зерттеулер ҽсіресе, белгілі ғалымдардың шығармашылығына қатысты 
материалдарда бой кҿтеретіндігі белгілі. Мҽселен З.Қабдоловтың 
А.Байтұрсынның «Ҽдебиет танытқыш» еңбегінің маңыздылығы жайындағы 
кҿзқарастары [1]. Дей тұрғанмен арнайы ғылыми нысанның материалы 
негізінде қарастырылуы тым жұтаң. Мұны ғылыми негізге алып, арнайы 
тақырыптарға айналдыру ҽдебиеттанудың алдында тұрған міндеттер. Бұл ең 
бастысы зерттеу мен қолжазба арасындағы бірлік пен ҿзгешелік сипатты 
деректі айқындау үшін де маңызды ҿзек болмақ екені анық.
Ғалым 
Қ.Ергҿбек 
қазақ 
ақындары 
шығармашылығы жҿнінде 
С.Торайғырұлынан бастап (Дүлдүл ақын, Дүлей жыр), С.Дҿнентайұлы (Қазақ 
ҿлеңінің бозторғайы), жас кеткен (Ғ.Балақадірұлы), Б.Ізтҿлин (Жалынғұмыр 
жалғасы), Ҽ.Тҽжібаев (Сүлей ақын, сыршыл жыр), С.Ерубаев (Жиырма үш 
жыл- бір ғұмыр), З.Қалауова (Арманды ақын қыз), С.Мҽуленов (Бұлбұл ақын 
бұла жыр), М.Ҽлімбайұлы (Тынымсыз қалам тынысы), А.Шамкенов (Жастық 
шақ жыршысы), Ғ.Мүсірепов (Бауырмал талант, биязы жыр), Ҽ.Дүйсенбиев 
(Мейір гүлдеген жүрек), Қ.Ыдырысов (Жақсылық жасауға асық еді), 
С.Жиенбаев (Сырлы саз, жырлы наз), Ж.Қыдыров (Махаббат – пірім, 
сенгенім...), С.Асанов (Ақын еді ол кҿкірегіне гүл ҿскен), Б.Ҽбдіразақов (Рух 
туын жықпай ҿткен қаламгер), Ҿ.Нұрғалиев (Еменнің иір бұтағы), сондай-ақ 
халық ақындары Сүйінбай Аронұлы (Сүйінбай – жырдың пырағы), Ж.Жабаев 
(Жамбылдың – жыр күмбезі), О.Шипин (Халық жырының ақберен ақсақалы), 
Ҽ.Сариев (Замана сазы), т.б. шығармашылығына арнайы тоқталған. Сонымен
қатар Ж.Нҽжімеденов, М.Мақатаев, С.Кенжеахметов, Ж.Жақыпбаев, 
Н.Бегалиев, т.б. ақындар ҿлеңдерінің кҿркемдік ҽлеміне сыр тартқан болатын.


242 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет