1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет3/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
термин жасау мүмкіншілігін біз ҽлі түгел пайдаланып біте алғанымыз жоқ. 
Қазақ тілінің осындай ҿз ішкі мүмкіндігі терминжасам процесіне пайдасы 
тиер бір арнаның кҿзін ашып, кҿмектесер болса, кірме сҿздерді игеру мен 
қабылдауда назар аудармауға болмайтын біраз қиындықтар кезігеді. 
Жалпы термин зерттеуші ғалым Ш.Құрманбайұлының пікіріне қосылып, 
термин жҿнінде нақты мына мағыналарды айтуға болады: 
1. Терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ сҿз, сан, географиялық 
таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес 
салмағы термин-сҿздерге қарағанда ҽлдеқайда тҿмен). 
2. Термин деген – ұғым аты. 
3. Термин – белгілі бір терминологияның мүшесі. 
Енді ҽр түрлі аспектіде зерттеп жүрген ғалымдардың берген мына 
анықтамаларын білген абзал. 
1. Термин – ғылыми немесе ҿндірістік-технологиялық ұғым атауы болып 
табылатын арнайы қолданыстағы дефинициясы бар сҿз немесе сҿз тіркесі. 
2. Термин – терминологиялық жүйенің элементі. 
3. Термин – адам қызметі мен білімнің арнаулы салаларының жалпы
нақты немесе абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар 
тілінің лексикалық бірлігі [1]. 
Қазақ зиялыларының бірі Ҿ.Айтбаевтың «Жат сҿздерді ҿзгертпей,
бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ» - деп шет ел тілдерінен енген 
сҿздерді тіліміздің фоно-морфологиялық заңдылықтарынан бағындырып 
қабылдауды жҽне «қолдан келгенше терминдерді нағыз қазақ сҿзінен алдық», 
- дей отырып, ұлт тілінің ҿз мүмкіндігін барынша пайдалану қажеттілігін 
айтады [2]. 
Халықаралық терминдерді аудармай немесе аударып пайдалану мҽселесі
жҿнінде ҽңгіме халықаралық терминдерді жаппай аудару туралы болып
отырған жоқ, ҽңгіме терминнің айтылуы, жазылуы тіліміздің тҿл табиғатына
сай болуында ғана жҽне ҿзге тілде қолданылып жүрген жҽне терминдердің 
бҽрін де бірдей талғамсыз қабылдай беру қандай ретсіз болса, ҽмбеге ортақ 
лексикаға айналған халықаралық терминдерді қалайда аударып луға тырысу 
тіпті қисынсыз. 
Қазақ 
тіліндегі 
кірме 
терминдер 
қазақ 
терминологиясының, 
лексикасының кҿп бҿлігін құрайды. Қазақ терминологиясының қорындағы 
кірме терминдер негізгі екі бағытта енеді: 
Орыс тілі терминдері
• Халықаралық терминдер. 
– Орыс тілі терминдері. 
Қазақ тілінің сҿздік қорында орыс тілінен енген атау мен ұғымдар кҿптеп 
кездеседі: Ресей – Мҽскеу, товар – тауар, ярмарка – жҽрмеңке, сумка –сҿмке, 
тюрма – түрме, ящик – жҽшік. 
– Халықаралық терминдер. 
Неміс тілінен: мҽжіліс – парламент (parlament).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет