1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


Appearances are deceptive (с.с.а.: Сыртқы бейне алдамшы)



Pdf көрінісі
бет9/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

Appearances are deceptive (с.с.а.: Сыртқы бейне алдамшы). Адамның 
бет-пішініне, сырт-бейнесіне қарап оның қадір-қасиетін анықтау мүмкін 
емес. Ағылшынның бұл кҿне мақалы «The Wolf in Sheep's Clothing» (Қой 
терісін жамылған қасқыр) атты біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы 
жазылған Aesop шығармасында бар. Бұл аңыз ҽңгіме үстіне қой терісін 
жамылып алып, қойлардың арасында, қалаған уақытында басқаларға 
кҿрсетпей қалаған қойын біртіндеп жеп жүрген қасқыр жайлы, аңыз 
ҽңгіменің соңында «Appearances are deceptive» (с.с.а.: Сыртқы бейне – 
алдамшы) деген қорытынды жасалады. XVIII ғасырдан бастап бұл тіркес 
тұлғасы мен мағынасының тұрақты сипатқа ие болуына орай мақал ретінде 
ағылшын тілінде, ҽдеби шығармаларда кеңінен қолданыла бастады [1, 5-б.]. 
Жоғарыдағы ағылшын мақалына қазақтың «Адам аласы ішінде, жылқы 
аласы сыртында» мақалы сҽйкес келеді. Бұл мақал ҿзі жағымды кҿрініп, жан 
дүниесіндегі жамандық пен арамдықты жасыратын сұрқия жандарға


11 
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
бағытталады [3, 37-б.]. Мақалда жылқының мысалға алыну себебі жылқының 
қазақ үшін ғасырлар бойғы күнкҿріс кҿзі, кҿлігі болуында жатыр. «Ер қанаты 
– aт» деп қазақ ежелден жылқы таңдауға, оны баптауға ерекше мҽн берген. 
Ҿзі ҿсірген тҿрт түліктің ішінен кҿбіне жылқыны ҿз ҿлеңіне, ҽн-жырына 
қосып жырлағанынан, оның бейнесіне қатысты талай айшықты теңеулерінен-
ақ қазақтың жылқыға деген кҿзқарасын айнытпай тануға болады. 
Better an open enemy than a false friend. Екіжүзді досыңнан Ежелгі 
дұшпан артық. Жалған достан жау артық. 
Екі ел мақалы да доспын деп, ішінен кҿре алмай, ыңғайы келсе
аяғыңнан шалып қалуға ҽзір, оңтайлы сҽтті күтіп аңдыған, ҿтірік күліп, 
кҿлгірсіген доссымақтан, ашық жау артық екенін ескертеді, жалған достан 
іргені аулақ салуға шақырады. A friend in need is a friend indeed. Үйдің 
жылы-суығын Қыс түскенде білерсің. Достың алыс-жақынын Іс түскенде 
білерсің. 
Қос тіл мақалының да кҿздеген мақсаты кімнің дос, кімнің «доссымақ» 
екенін айырып ала білу қажеттігін түсіндіру. Кімнің нағыз дос, кімнің жалған 
дос екені басыңа іс түскенде танылады, жағдайың жақсы, астыңда тақ
басыңда бақ барда бҽрі дос, басыңнан бақ тайғанда сол достарды қасыңнан 
таппайсың. Бір айырмашылығы, қазақ мақалы айтайын деген ойын, достың 
алыс-жақынын үйдің жылы-суығымен салыстыра отырып ұйқасты, үйлесімді 
түрде жеткізіп тұр. 
Қорыта айтқанда, этнолингвистика мен лингвомҽдениеттанудың жалпы 
тіл білімінде нақты сала болып қалыптасқан тұсында мақал-мҽтелдердің 
тілдік сипатын сараптап қана қою жеткіліксіз, олардың ұлттық 
ерекшеліктерін, этнолингвистикалық сипатын ашу – бүгінгі таңдағы ҿзекті 
мҽселелердің бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет