1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет66/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
паблисити бюросы жұмыс істей бастады. Ал 1904 жылы Пенсильвания 
штатында паблиситидің жеке офисі ашылды. Алғашқы PR бюросы 1912 
жылы Америкада телефон-телеграф бірлескенде құрылды. 1918 жылы 
Иллинойс штатында, ал 1922 жылы Нью-Йорк университетінде PR курсы оқу 
жоспарына енгізілді [1].
1923 жылы Зигмунд Фрейдтің бҿлесі Э.Бернауздың «Crystalling Public 
Opinion» («Жұртшылық пікірін кристализациялау») аталатын PR туралы 
алғашқы кітабы жарық кҿрді. 1930 жылдың бас кезінің ҿзінде PR АҚШ-тың 
ірі компанияларында кеңінен таралып, менеджменттің жеке функциясын 
анықтады. 200-ге жуық Американың Университеттері колледждері PR 
үйретумен айналысады. 1948 жылы АҚШ-та PR қоғамы құрылды. 1948 жылы 
Ұлыбританияда қоғамдық пікір институты (Institute of Public Relations) 
құрылды. Қазіргі таңда бұл ассоциация түрлі 65 мемлекеттің мамандарын 
біріктіреді. Ұлыбританияда үлкен рҿлде PR-дың ірі ұйымы – орталық ақпарат 
агенттіктері атқарады [2]. Елімізде де бүгінгі таңда ПР мамандарын 
ҽзірлейтін оқу орындар бар. Демек, паблик рилейшн мамандарына қоғамда 
сұраныс бар деген сҿз. 
PR ҽлемде жеке қызмет түрінде, сондай-ақ ғылым ретінде ХХ ғасырдың 
алғашқы онжылдықтарынан қалыптаса бастады. Ал, Кеңестік Одақ елдерінде 
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында аталмыш саланың жұмысы айқын 
байқалды. Неміс сарбазының етігі шекарадан аттаған 1941 жылдың 22 
маусымынан соғыс қимылдары тоқтаған 1945 жылдың 9 мамырына дейін 
суық ақпарат таратқан «Совинформбюро» батыстың кҽдімгі пиар 
құрылымдары сияқты жұмыс істеді. Соғыстан кейін КСРО Сыртқы істер 
министрлігі осы үрдісті жалғастырды деуге болады. Осы кезеңде құрылған 
Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да ғаламдық жҽне аймақтық мекемелермен 
жедел хабар алмасу үшін министрліктің баспасҿз бҿлімінің жұмысы 
жандандырылды. Сол кездегі сҿз саптауға сҽйкес социалистік жҽне 
капиталистік елдердің журналистерімен қоян-қолтық аралас-құраластық 
орнап, қаламгерлер ел арлаған сапарларға – пресс-турларға жиі шығатын 
болды.
ХХ ғасыр ортасынан PR-технологиялар ҽртүрлі салаларда – саяси 
компанияларды жүргізуден ҿз халқының арасында, қала берді халықаралық 
деңгейде мемлекеттің имиджін қалыптастырып кҿтеруге дейінгі аралықта 
қолдана бастады.
Экономиканың жаһандануы жағдайында елдің жағымды имиджін 
қалыптастыру экономикалық ҽріптестік пен экономикалық жағдайдың 
жақсаруына тікелей ҽсер ете білді. Ҿйткені мемлекетке жҽне оның 
агенттіктеріне сенімнің артуына жҽне халықаралық қарыз-несие саласында 
елеулі жеңілдіктер алуға септігін тигізеді.
Сонымен қатар PR-технологиялар ҽртүрлі елдермен ҿз құндылықтар 
жүйесі мен ҽлемдік қауымдастықтың саласында ықпалын (мҽдени жҽне 
экономикалық) арттыруда белсенді түрде қолданыла бастады.


73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет