НЕГІЗГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ Мақалада паблик рилейшнздың қалыптасуы мен даму тарихы туралы айтылады. Америкадан бастау алған PR-дың қазіргі таңдағы қоғамдағы орны мен рӛлі. Жұртшылықпен байланыстың негізгі элементтері, технологиялары мен мүмкіндіктері, мемлекеттік билік пен PR-дың ӛзара байланысы, қоғамда пікір қалаптастырудың ерте дәуірдегі іздері зерделенеді. «Рublic relations» және Томас Джефферсон мен Айви Лидің ғылыми тұжырымдары. Кілт сӛздері:public relations, пиар, PR, RACE, research, action,
communication, evolution, promotion, publicity, public information, media
relation, brainwashing, паблик рилейшнз, функция, маркетинг.
Бүгінгі таңда халыққа, оқырманға «пиар», «пиар жасау» деген сҿздер
таңсық емес. Бұл ағылшынның «public relations» деген сҿзінің қысқарған
нұсқасы – «PR», яғни «пиар» деп оқылады. Қазақша баламасы –
«жұртшылықпен байланыс», «қоғаммен байланыс».
Қоғамдық ой-пікірге ҽсер ету ерте дҽуірде-ақ пайда болды. ХХ ғасырда
қоғамда қызмет түрлерінің ҿсуі, ақпарат таратудың техникалық құралдары
дамуы, қоғамдық пікірге ҽсер ету тҽсілдерінің ҿрістеуі PR-дың жеке-дара
ғылым ретінде қалыптасуында үлкен рҿл атқарды. Қоғамды басқаруда PR
элементтерінің қызметі бүкіл адамзат тарихында ҿмір сүріп келеді жҽне ҿмір
сүре береді. Оның қызметінің түпкі образдарын Ежелгі Греция мен Египетте,
Шығыста, Римде жҽне т.б. елдерден кезіктіруге болады. Сондай-ақ біздің ата-
бабаларымыздың заманында да бұл сала жұмас жасаған. Ерте кезеңдерде
«пиаршылардың» міндетін жыраулар, сал-серілер, ақындар жүргізіп келген.
PR (public relations) біріккен сҿзі ҽлемде бірінші рет 1807 жылы пайда
болды. Оны тарихқа енгізген АҚШ Президенті Томас Джефферсон болды. Ол
бұл ұғымға аталған жылы конгресте ҽзірлеген жетінші жолдауында
түсініктеме берді. Джефферсонның ойы бойынша пиардың негізгі мақсаты –
адамдарды дұрыс таңдау жасауға сілтеу болатын. Ал, бұл ұғымның
мағынасын жҽне дұрыс қолданысын 1906 жылы Айви Ли «PR
ерекшеліктерінің декларациясы» атты еңбегінде ашып жан-жақты
мағлұматтар берген.
ПР-ды туғызған Америка елінде 1900 жылы Гарвард университетінде