АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 басты айырмашылығы ақиқат шындыққа табан тірейтіндігі.
Мақсаты – ортақ кҿзқарастар мен мүдделерді анықтау жҽне сенімділік
қалыптастыруға негізделген ҿзара түсіністікке қол жеткізу үшін екі жақты
қарым-қатынас орнату.
Міндеттері – адамдар арасындағы қарым-қатынас жолдарын жақсарту,
екі жақты ақпарат ағымы мен түсіністікті қалыптастыру ҽдістерін ҽзірлеу,
ұйымның басшылығын қоғамдық пікір турасында ақпаратпен қамтамасыз
ету;
- жұртшылықтың мүдделеріне қарай басшылықтың қызметін қамтамасыз
ету;
- бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау;
- ұйымның имиджін нығайту, т.б.
Паблик рилейшнз ҿзінің міндетін атқару барысында шын ақпаратқа
негізделеді, адамдарға белгілі бір кҿзқарасты ұстану, қайсыбір пікірлер мен
идеяларды қабылдауды ұсынады. Міндетті түрде екі жақты байланыс
тетіктерін жолға қоюды ұйғарады. Дамыған елдердің кҿбісінде Паблик
рилейшнз кез келген ұйымның қоршаған ҽлеуметтік ортасымен қарым-
қатынас тетігінің ажырамас бҿлігіне айналған.
PR қызметінің негізгі кезеңдеріне тоқталатын болсақ, бұл саладағы
жұмыстарды дайындық, негізгі жҽне қорытынды кезең деп үшке бҿледі.
1. Дайындық кезең: - мақсаттарды сараптау жҽне талдау;
- қоғамдық пікірді талдау;
- міндеттерді белгілеу.
Дайындық кезеңде басты кейіпкер болып табылатын жұртшылықпен
байланыс жҿніндегі маман мен жұмысты тапсырыс берушілері айқындалады.
Ең алдымен, жұмыс істеудің мүмкіндігі белгілі болады. Мҽселен,
демократиялық кҿзқарастағы адамның тоталитарлық мақсаттар үшін жұмыс
істейтіні анық. Сол үшін де бұл сҽтте қоғамдық игілік түсінігі абстрактілік
ұғымнан нақты ұғымға айналады. Мысалға, жалпы табиғатты қорғау, нақты
бір ҿзенді ластанудан қорғау, мектептегі балалар үшін тегін таңертеңгі ас
ұйымдастыру жҽне т.с.с. Сонымен бір мезетте PR жҿніндегі науқанды
бастаудың шарттары белгілі болады: қоғамдық пікірді талдаудың
қорытындысы қоғамның жоспарланған шараларды қабылдауға қаншалықты
дайын екендігін кҿрсетеді. Міндеттерді дұрыс қою PR жұмысының шешуші
бҿлімі. Ол ҽрі қандай технологияны (міндеттерді орындаудың ҽдісі) таңдауды
да белгілеп береді.
2. Негізгі кезең: - PR жҿніндегі науқанды жасау жҽне жоспарлау;
- ақпараттық себептерді ойластыру;
- істің табыстылығына тікелей ҽсері бар адамдармен, топтармен немесе
халықтың ҽлеуметтік топтарымен байланыс орнату;
- жарнама науқанын ҿткізу;