АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 шатастырады жҽне мҽтіннен алатын ҽсерін азайтады. 4 – офсет – аппақ болу
деген мағынаны білдіреді. Контраст (қарама-қарсылық): 1 – жақсы бет
безендіру, 2 – контрасты жақсы пайдалану. 3 – бір бетте бір немесе екі күшті
факторлар болуы керек (колонтитул жҽне фотосурет). 4 – ақ түсті мҽтінге
қара фон қолдану. Тепе-теңдік: 1 – қарапайымдылық пен контрасттан басқа,
тепе-теңдік те ҿте маңызды рҿл атқарады. 2 – беттегі тепе-теңдік. 3 –
ассиметриялық бет безендіру жақсырақ нҽтиже береді. "Мизанпажда" мҽтінді дұрыс реттеу ең маңызды болып табылады. Кез
келген бет ҽрлеуші мҽтіндерді орналастырып жатқанда мҽтін пішіндерінің
тҿрт негізгі жолының бірін таңдауы тиіс. Олар: сол жақтан блок қою, оң
жақтан блок қою, ортадан жҽне екі жақтан блок қою болып табылады. Сол
жақтан блок қою ең кҿп қолданылатын тҽсіл.
Сондай-ақ, иллюстрацияларды да дұрыс қолдану үлкен мҽнге ие.
Фотосурет қолданып жатқан кезде тҿменде берілген сұрақтар мен ережелер
ҽрдайым мизанпажшының санасында сайрап тұруы қажет. Сонымен олар:
Фотосуреттегі қандай элемент ақпаратты толық ашып бере алады?
Қайсы бір элементтер қажет емес?
Ең драмалық жҽне қызықты кҿрініс қалай табылады?
Ең ашық жҽне анық фотосуретпен ең жақсы контрастты қалай сақтап
қалуға болады?
Газет-журнал бетіне қойылатын фотосурет ақпараттық мҽтінді
қайталамауы керек.
Кҿбінесе үлкен жҽне жалғыз сурет ақпаратты жақсы суреттейді.
Беттегі артық элементтер оқырманды шатастырады.
Маңызды факторлар газет бетінің ортасында болуы керек.
Ең басты ережелердің бірі, суретпен ақпараттың біртұтастығы.
Тақырып пен мҽтін кей кездерде суреттің ішіне қойылады. Бірақ
мұндай кезде негізгі фон ашық түсте болуы керек.
Бет безендіруші хатшы фотосуретті орналастыруда маман болуы
керек.
Түрік баспасҿзінің кҿркемделуінде бірінші бет маңызды саналады. Сол
себепті де бірінші бетті газеттің витринасы деп таниды. Сондықтан да
бірінші бетте мына факторларға назар аударылуын мұрат етеді: 1. Газеттің
шапкасы ең маңызды фактор. Шапка – оқырмандарға түсінікті болуы керек.
Газет атынан да үлкен тақырып болса, шатастырады. 2. Шапка жанынан бос
жер тастау оны айқындайды жҽне есімнің алға қарай шығуын қамтамасыз
етеді. 3. Шапка үстінде хабар немесе маңызды ақпараттарды сипаттау
үлгілері болуы мүмкін. 4. Бірінші бет, оқырманға газеттің ішкі мазмұны
туралы мҽлімет беруі керек.
Газет макетімен жұмыс жасау маңызды саналады. Заманауи газет бетінің
редакторы, макетсіз жұмыс істемейді. Егер жақсы ҽрленген газет бетіне қол
жеткізгісі келсе, міндетті түрде алдымен жоспарлау қағазына жобасы
жасалып алынуы керек. Осылайша газет бетінің оқырманның назарын тарта