АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 оқыту элементтерін түрлендіріп, мақсатқа сай ретімен табысты кҿздеп
пайдалану ҽдістер жиынтығы.
Технологиялықтың критерийі – шама-шарқы, негізгі ҽдіснамалық
талаптары:
1) тұжырымдамалық;
2) жүйелілік;
3) үдерістің қисындылығы;
4) үдерістің барлық жүйесінің ҿзара байланысы;
5) үдерістің тұтастығы;
6) тиімділігі;
7) қайта шығарылуы, жаңа элементтерді ендіріп, дамытылуы.
Педгогикалық технологиялар ҿз кезегінде былайша жіктелінеді:
1) басымдық мақсаттары мен міндеттеріне қатысты;
2) оқытуда қолданылатын ұйымдастыру формасы бойынша;
3) басымдық берілетін ҽдістер жҽне басқа ерекшеліктеріне байланысты.
Қазіргі дидактика бойынша технологиялар кҿптігіне байланысты оларды
жіктеу арқылы жүйелеу, топтау жасалуда:
1) олардың қолдану деңгейі бойынша;
2) философиялық негізі бойынша;
3) білімдерді игерудің жетекші тұжырымдамасы;
4) білім беру мазмұнындағы ерекшелік сипаты;
5) оқытудың ұйымдастыру формасы;
6) оқыту ҽдісіндегі ерекшелік;
7) білім алушылардың категориясы.
Педагогикалық технологияларды жіктеудегі мақсат, негіздеме білім
алушының білім беру стандартына, талаптарға сай білімі, іскерлігі жҽне
дағдысы терең, тиянақты болып, ҿздігінен дамытуға қалыптастыру, бірінші
негіздеме. Екінші негіздеме – ол дидактикалық бағыты – топтық немесе жеке
жұмыс істеу формасы. Үшінші маңызды негіздеме шҽкірт жҽне ұстаз
белсенділіктерін арттыру, ең басты мақсат бҽсекелестікке барынша қабілетті
жастарды тҽрбиелеу, кредиттік технология бойынша оқыту педагогикалық
технологияны оқу-тҽрбие үдерісіне мақсатты енгізуді қажет етеді [4].
«Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі
тиіс» – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан
халқына жаңа онжылдық – жаңа экономикалық ҿрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» Жолдауында. Жолдаудың сҿзі – ҿмірдің ҿзі – уақыт талабы –
білім беру кеңістігіне жол ашу.
«Білім жүйесін модернизациялау барысында бізге мынадай шараларды
жүзеге асыру маңызды. Біріншіден, оқыту үдерісіне заманауи ҽдістеме мен
технологияны енгізу». Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев
Университеті мен интеллектуалды мектептер табысты жұмыс істеуде» – деп
атап ҿтті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Ҽлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты