АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 - сҿйлеудің ҽртүрлі типтері жҽне стильдерін, түрлі-түрлі тілдік
құралдарды қолдана отырып, ҿз ойымен сҽйкестендіре білуі;
- ҿзінің ойын, сҿзін түзету, айтылғанды сҽйкестендіру, ауызша сҿйлеп
отырғанда тыңдаушының реакциясын кҿре білу.
Қоршаған ҽлемді тану жҽне тілдесудің маңызды құралы бола тұра тілді
үйретудің рҿлі ҽр адамның ҿміріндегі жҽне бүкіл қоғамдағы атқаратын
рҿлімен шарттастырылған. Мамандармен бірлескен ғылыми қызметті жүзеге
асыруда жҽне ҿзінің пациенттерімен кҽсіби қатынасын жоғарылату құралы
ретінде, соңғы ақпараттарды, білімді алу құралы ретінде студенттер де орыс
тіліне соншалықты мұқтаж. Білікті мамандарды даярлауда ғана емес, сондай-
ақ олардың рухани жҽне адамгершілік жағынан дамытуда, тҽрбиелеуде орыс
тілі қазақ аудиториясында үлкен рҿл атқарады. Орыс тілін оқыту
шығармашылық ойлай алғыштықты, ҿз бетінше білім алуды жҽне ҿздігінен
дамуға ұмтылуды, мҽдениетаралық байланыстағы кҽсіби-іскерлік қабілетін
арттырады, тілдік тұлға тҽрбиелейді, коммуникативтік құзырлылықтың
қалыптасуын белсендендіреді.
Ақпарат ағымында ХХІ ғасырдың қазіргі қоғамына қабілеттілігі бейім,
ақпаратты тудыратын жҽне түсіне қабылдайтын шығармашылық тұлға қажет.
ЖОО-да орыс тілін меңгеру студенттің оқу үрдісінде қалыптасатын
қажетті дағдысына, оның интеллектісінің дамуына байланысты десек, бұл
орайда сҿйлемге талдау жасаудың атқаратын рҿлі маңызды.
Талдау қисыны дегенде біз дҽлелдеуді үйрету – бҽрінен бұрын талдауды
үйрену, ойлағыштықты оқыту үдерістерін іздеу жҽне дҽлелді құрастыру деп
түсінеміз. Бұл сондай-ақ талқыланып жатқан сұрақ бойынша ҿз позициясын
ұстануға жҽне ҿз ойын жинақтай алуына, тҽуелсіз шешім қабылдауына,
дҽлелдер тудыру, жаңа сұрақтар қою, талқылау қабілеті, дҽлелдерді ойлап
табу жҽне олардың қисынын тұжырымдау, ҽңгімелесушіні тыңдай білу
қабілеті болып табылады.
Қандай да бір талдаудың түсіндірмесін немесе бір басты ойдың
(тезистің)
ақиқаттылығы
негіздемесінде
басқаша
пайымдамада
(дҽлелдемесімен) талдаудың мҽні жасалады. Орыс тілін оқыту үдерісіндегі
талдаудың мақсаты студенттердің сҿйлеуге деген зерделі кҿзқарасы, біреудің
ҽңгімесін тыңдай білуі жҽне ҿзінің ҽңгімесін дҽлелді құра білу, пікірталасты
сауатты түрде жүргізу тҽрбиесі болып келеді.
Талдаудың негізгі қызметін ерекше коммуникативтік тапсырма ретінде
анықтау қажет – сҿзге дҽлелді сипат беру, қарым-қатынастың қисыны мен
қоршаған ҽлемнің құбылыстарының арасын бейнелеп кҿрсету.
Ҽңгімелесу (талдау) – бұл қандай да бір ойдың ауызекі мазмұндамасы,
түсіндірмесі, растауы. Талдау сҿйлеудің (сҿздің) маңызды түрі: біреудің
немесе біреулерді бір нҽрсеге сендіру (кҿзін жеткізу) үшін талдай, шешім
қабылдай, қисынды ойлай, дҽлелдей алуы керек.
Ҽңгімелесу (талдау) мҽтінінде ҽдетте үш бҿлім ерекшеленіп тұрады:
- Тезис (кез келген ойдың айтылуы);