1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет67/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
PR-кампанияны жүргізудің стратегиясында RACE: R (research) жүйесі 
қолданылады – міндетті қою жҽне талдау; A (action) – жалпы бағдарламаны 
жҽне тұжырымдаманы жасау; С (communication) – алға қойылған мақсаттарға 
жету жолында коммуникативті байланыстар орнату; Е (evolution) – кері 
байланысты қамтамасыз ету, нҽтижелерді қорытындылау жҽне түзетулер 
енгізу.
PR-технологиялардың: (promotion) – үгіт-насихат – талап етілген бағытта 
қоғамдық пікір қалыптастыру; (publicity) – сҽйкес БАҚ-да жағымды 
ақпараттың пайда болуына жағдай жасау; (public information) – жұртшылыққа 
хабарландыру; (media relation) – саяси іс-ҽрекетті ақпараттық сүйемелдеу; 
(brainwashing) басын айналдыру – ҽсер етудің қарқынды түрлері; сыбыс 
тарату.
Ал бұл термин қаншалықты дұрыс қолданылып жүр деген мҽселеге 
келер болсақ, онда кҿптеген пікір қайшылығына тап боламыз. Мҽселен, 
посткеңестік елдерде PR термині алғашқы түсінігі сайлауды, насихатты еске 
түсіреді, себебі кеңес ҿкіметі кезінде коммунистік идеологияның негізгі 
құралдары ретінде насихат құралдарын, ұрандарды пайдаланған болатын.
БАҚ-тың ҿкілдері PR-ды жарнаманың бір бҿлігі деп қарастырса, кей 
зерттеушілер бұл ұғымға 600-ден аса анықтама беріп, PR-ды жарнамадан да 
ауқымы кең деп мҽлімдейді. Дегенмен, PR ұғымын ҽр ел, ҽр зерттеуші ҽр 
басқа қолданса да, мақсаты біреу деп түсіндіреді. PR, ең алдымен, мемлекетті 
басқарудың тиімді жүзеге асыру институттарының бірі ретінде 
демократияның дамуына ҽсер етіп, қоғамды ақпараттандырудың кеңеюіне 
септігін тигізеді.
PR қызметі тиісті салаға мамандана отырып, тек қана ұйымның немесе 
қауымдастықтың лоббишесінің, продюсерінің, саясаткерінің, қоғамдық 
қызметкерлерінің ойдағыдай жұмыс істеуіне жағдай туғызуы тиіс. Сонымен 
бірге кейбір PR қызметкерлері ҿзін, ҿздерінің қызмет етіп отырған саласының 
тікелей мамандары ретінде де кҿрсетеді. Ҽдетте олардың кҿпшілігі бір 
мезгілде ҽрі журналист, ҽрі редактор, ҽрі продюсер, ҽрі менеджер ретінде 
газет жҽне теледидарда жалпы бұқаралық коммуникация саласында қызмет 
етеді. Ұйымның алдына қандай мақсат қойылатынына байланысты оның 
табысқа жетуіне тікелей мұрындық болатын белгілі бір адамдармен
ҽлеуметтік топтармен байланыс орнату жҿніндегі жоспарлары жасалады.
Негізгі мағынасында PR қызметі арқылы сенім мен ҿзара түсіністік 
тудырып, билік пен қоғам арасында кҿпір құруға арналған. PR-қоғам мен 
билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену, 
қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады.
PR-дың жарнамадан ерекшелігі жарнаманың барлық түрі қоғам үшін 
маңызды бола бермейді. Жарнама тұтынушының тұрмысқа қажетті жеке 
пайдасы үшін қызмет етуі мүмкін. Ал PR болса, қоғамға тигізетін ҽсердің 
алғышарттарын кҿздейді. Яғни PR-менеджмент басқару функциясы болса, ал 
жарнама – маркетинг функциясын атқарады. Ал PR-дың үгіт-насихаттардан


74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет