Жеке адамның қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін, қоғамда табысқа жету үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйренуі, бойына сіңіруі
Әлеуметтену
Әлеуметтену - әлеуметтік ролдер мен мәдени нормаларды игеру үрдісі. Бұл үрдіс адамның жеке, даралық бейнесін қалыптастырады.
Әлеуметтену үрдісіндегі адамның басты өмірлік циклі:
Тәрбиелеу – жеке адам мінез-құлқы мен санасына мақсатты әсер ету.
Есею – адамның 10-20 жас аралығындағы әлеуметтік-саналық қалыптасуы.
Өсу – адам денесінің физиологиялық қалыптасуы
Фералды адамдар
Социобиологиялық зерттеулер аумағында фералды адамдар түсінігі бар. Бұндай адамдар әлеуметтік оқшаулану (изоляция) кесірінен пайда болады. Бұлар әлеуметтенудің бастапқы кезеңінде әлеуметтік ортадан әртүрлі себептер кесірінен оқшауланып қалған адамдар. Фералды адамдар қоғамның толыққанды мүшесі бола алмайды.
1. Адам өз ортасында сөйлей білуге, мінез-құлық ережелеріне, әдет, салт-дәстүрге, ойлай білуге, мәдени ережелерге үйренеді. Мұның барлығы әлеуметтену үрдісін құрайды.